Тақырыбы: «Елім деп соғар жүрегім»



Дата08.01.2017
өлшемі59,58 Kb.
#6472
Алматы облысы Жамбыл ауданы

«Ынтымақ ауылындағы орта мектеп» КММ



Тақырыбы: «Елім деп соғар жүрегім»

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Абдукаликова З.А.

8 - сынып

Ынтымақ, 2016




Өзін-өзі тану
Мұғалім: Абдукаликова З.А.

Мерзімі: Сынып: 8

Тақырып: Елім деп соғар жүрегім

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: Отансүйгіштік, ізгілік, жақсы көру


Мазмұны

Ресурстар:

Сабақтың мақсаты: «Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Міндеттері:

  • Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру;

  • Отанның жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру;

  • Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу




Оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта

«Күн нұры»

әуені, видео, А4, газет, желім, қайшы, аудио


Сабақтың барысы:

Ескертулер

  1. Ұйымдастыру кезеңі: - сәлемдесу;

  • оқушыларды түгендеу

Жағымды көңіл-күйге келу: «Күн нұры»

-Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын!


Қане, бәріміз біздің аспандағы нұрын шашып тұрған Күнге ұқсап отырайық.Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
-Мұғалім: Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды.Күнннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді – ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа, Отанымызға жылы сәулемізді сыйлап, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады. 
Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?

Релаксация жасау

Үй тапсырмасын тексеру:

Қ. Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» шығармасын оқып келеді.

Мәтіннің мазмұны «Шынжыр» әдісі арқылы сұралады. Яғни, мәтіннің мазмұнын әрбір оқушы бір сөйлемнен айту арқылы мазмұндайды . Бірінші оқушы бастайды, келесі оқушы оқиға желісін шатастырып алмай, кезегімен айтуы тиіс, осылайша кезекпен жалғаса береді.


&16, 64-66б. Оқу

«Шынжыр»


Әңгімелесу:

Қарияның туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?

Қарияның туған жердің топырағын жерге қайтаруының себебін қалай түсіндірер едіңдер?

Туған жердің қасиеті дегенді қалай түсінесіңдер?

«Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі?

Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры неде жатыр деп ойлайсыңдар?

«Қалам алмақ» әдісі арқылы оқушылардың пікірі сұралып, сұрақтар талқыланады.


Сұрақ-жауап

«Қалам алмақ»



Жағымды ой-пікір (дәйексөз):

Дәйексөзді кітаптан оқушы дауыстап оқиды.

«Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді, ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес»

М. Шаханов

Дәйексөздің мағына сұралып болған соң, мұғалім оқушылардың сөзіне қорытынды жасайды.




Дәйексөзді   дәптерлеріне  жазып  алады.

Кітаппен жұмыс



Мұғалім сыйы:

«Қарақшы Демир» туралы аңыз-әңгіме айтылады. Әңгіменің шарықтау шегіне жеткенде «Стоп-кадр» әдісі бойынша әңгіме тоқтатылып, оқушылардың пікірі сұралады. Оқушылардың нұсқасы тыңдалған соң, әңгіменің соңы түпнұсқа бойынша баяндалады.

Анықтауыш сұрақтар қойылады.


«Стоп-кадр»

Шығармашылық жұмыс:

Отанға деген сүйіспеншілік, құрметтеріңді қалай білдіріп жүрміз деп ойлайсыздар? Ендеше, шығармашылық жұмысты бастамас бұрын «Бәсеке» телехикаясынан үзіндіні тамашалайық. 0,56 мин. видео көрсетіледі.

Тапсырма:

1-топ: Сахналау (бүгінгі сабақтан түйгендерін, сахналық көрініс арқылы көрсетеді).

2-топ: Б. Момышұлының «Біздің туған жеріміз, тіліміз, салт-дәстүріміз ата-бабадан қалған мұра емес, ол келешек ұрпақ алдындағы қарызымыз» қанатты сөзін негізге ала отырып, болашақ ұрпаққа хат жазады.

3-топ: Сабақтың қорытындысын жасайтын түйінді ой айту. Ол үшін балаларға газет, желім, А4 қағазы, қайшы беріледі. Түйінді ойдың сөздерін газеттен қиып алып, құрастырулары қажет.

4-топ: Эдвард де Бононың «МПИ» («ЖЖҚ») әдісі арқылы сабақтың «-», «+» және «қызықты» сәттерін атап, анализ жасайды.


Видео – 0,56 мин. сахналау, хат жазу, мозаика, «МПИ» («ЖЖҚ»)

Үй тапсырмасы:

«Туған жерді сүю міндет» тақырыбында фото-альбом жасап келу.

(Туған жерді, елді, Отанды сүюге үйрететін тәрбиелік мәні бар әңгіме, ертегі, мысал және т.б. құрап, оның әрбір сюжетін сурет арқылы бейнелеп көрсету)

фото-альбом



Топпен ән айту

Сөзі: Е. Жақыпбековтікі

Әні: Б. Есебаевтікі

«Жамбыл ауданы»

Қастекте туса жігіттің небір бөрісі,

Жамбылда туған жігіттің небір серісі.

Қатар жатқан ел Қарақыстақ пен Аққайнар,

Ардақты жұрт қой ағалар келіп ат байлар.


Жерің-ай сенің, Ұзынағаш пен Қарғалы,

Өзіңде туған адамның бар ма арманы?

Көзіме ыстық елімнің осы бар маңы,

Сағынып сені салмасам әнге болмады.

Қайырмасы:

Туып өскен аймағымсың,

Қалай айтып тауысайын.

Оралсам да ай толтырмай,

Аңсаймын-ау, аңсаймын.

Аяулы елім,

Киелім менің,

Алақаныңнан самғадым.


Ақындар елі,

Батырлар елі,

Жасай бер, Жамбыл ауданы!
Майтөбе, Бұрған –

Жайлауым сенсің жайнаған.

Сүйінбай, Жамбыл –

Жапырағымыз жайнаған.


Асқақтай берші,

Ардақты Жамбыл ауданы,



Өмірі – өлең, тарихы терең бойлаған.



ән айту

Каталог: uploads -> doc -> 119b
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
119b -> Сабақтың тақырыбы: Кескіндеме. Сабақтың мақсаты
119b -> Дарынды оқушыларды айқындаудың ең тиімді жолдары 1-слайд


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет