Тақырыбы: «Еркіндігім-елдігім, Тәуелсіздік теңдігім»



Дата11.01.2017
өлшемі30,31 Kb.
#7072
Тақырыбы: «Еркіндігім-елдігім, Тәуелсіздік теңдігім»

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Егеменді еліміздің туын жоғары ұстайтын болашақ азаматтарды тәрбиелеу. Отанын, туған жерін құрметтеуге деген сезімге баулу.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, плакаттар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы



  1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг

  1. Қазақстан Республикасының Әнұран орындалады.

  2. Рухани әңгіме / орындыққа сан жабыстырылған оқушылар тұрып «Отан» туралы әңгіме айтады/

  3. Сұрақ-жауап

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы қай жылы бекітілді?

1992 жылы 4 маусымда

Қазақстан Республикасының әнұранының әнін жазған кім?

Ш.Қалдаяқов

Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы қай жылы бекітілді?

2007 жылы 30 наурыз

Қазақстан Республикасы қандай қазба байлығына бай?

Мұнай


Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады?

1991 жылы 1 желтоқсан

Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды?

1992 4 маусымда

Елтаңбаның авторлары кім?

Ж. Мәлібеков

Ш.Уәлиханов

V.Барлық оқушыларға өлең шумақтары таратылады /мәнерлеп оқиды/

Шұғылалы таңымыз,

Қазақ жері бағымыз.

Қойнауынан мөп-мөлдір

Сусындайды жанымыз.

Тәуелсіз елім Отаным

Сен мен үшін қымбатсың

Күн нұрындай төгілген

Жанға жайлы шуақсың.

Туған жерім арайлым,

Көзім тоймай қараймын.

Ешбір мекен тең келмес,

Киеліге балаймын.

Отан деген Атамекен,

Атамекен туған ел

Отан-ана, Отан-үлкен



Қазақстан –туған жер.

  1. Мақал мәтелдерді аяқтау

  1. Ел мен жер егіз

  2. Ел іші алтын бесік

  3. Көптің күші көлдей,

Көшіп жүрген елдей

  1. Ел жаусыз болмас,

Жер таусыз болмас

  1. Ауылым – алтын бесігім

  2. Елу жылда ел жаңа

  3. Ит тойған жеріне,

Ер туған жеріне

  1. Отан – оттан да ыстық.

  1. Жылдар сөйлейді

  2. Эссе жазу «Мен - өз елімнің патриотымын»

  3. Қорытынды

Тарихта Есімханда болды ескі жол,
Тұсында Қасымханның бар қасқа жол.
Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы,
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз

Мүғалім сөзі: Азат елдің білікті, білімді, жігерлі, азаматтары болыңыздар! – деген тілекпен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Еркіндігім – елдігім, Тәуелсіздік – теңдігім» атты кешімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет