Тақырыбы: Халықтар достастығы



Дата15.09.2017
өлшемі292,6 Kb.
Тақырыбы: Халықтар достастығы

Мақсаты:
а) оқушыларға бірлік, достық, беріктік туралы түсіндіру.
б) көршілес мемлекеттер туралы түсініктерін дамыту, кеңейту.
в) оқушыларды достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Түрі: әдеби монтаж.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер жазылған плакаттар, көгершіннің суреті, кітап көрмесі т.б.
Барысы: Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Бауырласпыз, дос-туыспыз, біргеміз»- деп аталады.
Бүгін ТМД елдерінен Қазақстан Республикасына қонақтар келіп отыр.
(Алдын-ала отырғыштар қойылып, қонақтарды бір-бірлеп шақырамыз.)

1-оқушы. Россия таң шығынан жаралған,
Россия таң нұрынан нәр алған.
Россия аралықтар, өлшемдер,
Биік заңғар тұлғасының бәрі арман - деп ортаға Ресей елінен келген қонақта шақырамыз.

2-оқушы. Кім сүймейді ет жақынын туысын,
Украина –туысымның бірісің.
Тұрды биік туысымдай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын - енді ортаға Украина елінен келген қонақты шақырамыз.

3-оқушы. Белоруссия, сен көрмеген сын бар ма?
Сен басыңнан кешірмеген мұң бар ма?
Ең бірінші саған тиді жау оғы,
Сен бірінші соққы бердің мұндарға!- деп Белоруссия елінен келген қонақты шақырамыз.

4-оқушы. Қадірменді бір досымыз - өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің,- деп Өзбекістаннан келген қонақты шақырамыз.

5-оқушы. Онша үлкен болмаса да көлемі,
Азербайжан, Грузия таудың елі, көл елі.
Азербайжан, грузин, армян ағайын.
Тағы сені құшып сүйгім келеді - деп ортаға Азербайжан, Грузия мен армян елінен келген қонақтарды шақырамыз.

6-оқушы. Жырласа қырғыз, түркімен,
Молдаван, тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен.
Мерейлері жарасқан,- деп ортаға Қырғызстан, Түрікменстан, Молдавия, Тәжікстан елдерінен келген қонақтарды шақырамыз.
7- оқушы:
Ендеше Қазақстан Республикасы: 
Туымен тұғырлы, 
Елтаңбасымен елеулі, 
Әнұранымен айбатты. 

8- оқушы:
Құлақ түрем елімнің тынысына, 
Мақтанам, қуанамын табысына, 
Елбасы мен халқымыз аман болса, 
Айналар Орта Азия « Барысына»

Мұғалім: Барыс – биік тауларды мекендейтін, өзінің балалығымен, тектілігімен, мәрттігімен бағаланған аң. 
Елбасымыз барыс атауын текке қолданбаса керек.
Қазақстанды орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың « Қазақстан – 2030 » стратегиялық бағдарламасы бұл күнде құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті. 
Елбасының жолдауы – егемендіктің кілтін ұстап жастардың жарқын болашағына апарар алтын сүрлеу.

9- оқушы:
Біз намыскер – қазақ елі ұланымыз, 
Қорғайтын жерді оттан қыранымыз. 
«Талап, Еңбек Терең ой, Қанағат, Рақым» деп Абай атамыз айтқан ұланымыз.

10- оқушы:
Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ -
Тәуелсіздік төрінде. 

11- оқушы:
Өзіңдікі туың да,
От пен ауа суың да.
Жаса, Қазақстаным.
Белді бекем буын да.

12- оқушы:
Асқар тау да сенікі, 
Бақша бау да сенікі. 
Қалтқысыз дос пенен
Қатал жау да сенікі. 

13- оқушы:
Елімнің аты, жерімнің аты –
Өзіңмен биік, Республикам !
Жақсының аты, ғалымның хаты
Өзіңмен биік Республикам!

14- оқушы:
Білімді ұрпақ, білікті маман, 
Беделің сенің Республикам !
Болатын балаң, ары сау адам –
Мерейің сенің, Республикам!
15- оқушы:
Бәсеке деген оңай сын емес,
Ұшпасын бағың, Республикам!
Қазақтың атын, қазақтың затын –
Тұмар ғып тағын, Республикам!

16- оқушы:
Қазақстан! Туды алтын дәуірің, 
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Ұзақ болсын гүлденген бұл ғұмырың,
Тәуелсіздік құтты болсын айбыным!

17- оқушы:
Әуелі Отан – Ана алды, оттың басы, 
Ауыл алды аунаған шөптің қасы,
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы

Ән: «Елім менің».

18- оқушы: Мен өзімнің Қазақстандай елде туылып, осындай елде өсіп келе жатқанымды мақтан етемін. Жарқын болашақ күтіп тұрған менің елімде терең білім алып, Отаныма адал қызмет етіп, елімнің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.

19- оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді, 
Отан дейміз өсірген елімізді. 
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді. 

20- оқушы:
Отан, Отан !
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

21- оқушы:
Тауды көрсең күн көзімен таласқан
Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан. 
Менің байтақ Республикам таулары, 
Менің көгім мөлдіреген сол аспан.

22- оқушы:
Дала көрсең көк желекпен ұштасқан. 
Көлді көрсең секілді бір түнгі аспан. 
Менің байтақ Республикам даласы, 
Менің көлім теңізбен қол ұштасқан. 

24-оқушы:
Республика ! Ерікті ел – Қазақстан !
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір арыстан. деп жырлаған - дай тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан осы тәуелсіздігімізді қадірлей білейік.

Қандай ғажап ажарлы, аса көркем,
Қазақстан арайлы туған өлкем.
Одақтың ортан қолдай ұлысың сен,
Достығымен жарасып жайған өркен.

Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
Біздің Отанымыз- Қазақстан.
Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.
25-оқушы:
Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды.Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады. 
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Елтаңбам қандай тамаша!
Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.
1-оқушы:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым- жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр.
2-оқушы: 
Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан,күн- қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.
Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы.
Осынау өлкеде жас қала бас қалаға айналды.Келбетіне көрік қосты,келешегіне сенім әкелді. Зәулім үйлер көбейді, оқтай түзу даңғылдары ұзарды. Шаңырағы биіктеп,шаттығы әуелеген қала күннен өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені Астана шаһарына, Елордасы Астана қаласына айналды.Қазақстан Республикасының өмірінде бұлтөртінші астана.Алғашқы астанасы- Орынбор қаласы, екінші астанасы- Қызылорда қаласы, үшінші астанасы- Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып отыр.

3-оқушы:
Заман жаңа,ел жаңа,
Күлімдейді кең дала,
Өз Астанам- өз Ордам,
Сүйенерім сен ғана !
Далам! Кеңбайтақ.Сондықтан ғой,күмбір-күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда- «Ұшса құстың қанаты талады,шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауыайшылық, Қаратауы толғаған
4-оқушы:
Көрікті өлкеме қарашы,
Тізілген орман- тау, қаласы.
Алтай мен Атырау арасы,
Қазақтың кең- байтақ даласы.
Міне, Қазақстан Республикасына қош келдіңіздер. (Осы арада сәлемдеседі).
Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы».
Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан:
- Сенің ұлтың кім?
- Қырғыз.
- Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
- Менің өз елім – Қазақстан.
- Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз отаным деп білемің.
- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?
- Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді)
- Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
- (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!
- Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады).
- (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.

5-оқушы: Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың.
Ойын: «Хан талапай».
- Қазақтың жаңа жыл мейрамы?
- Ұлттық тағамдарды ата?
- Қазақтың ұлттық киімдері қандай?
- Ұлттық аспаптарын ата.
6-оқушы: Бірлігі мен ынтымағы халықтың, 
Көзімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсің, жайнай берсін жарық күн.
7-оқушы: Тірлігімен адам байлық жасады,
Бірлігімен асулардан асады.
Адал жандар жерананы қорғаңдар,
Абайлаңдар бейбітшілік жасағы.
Оқушы: Достық бізге тым ыстық,
Бірлікбайлық, ырысқұт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық
Сәлемдесу.
Енді еліміздің әнұранын орындайық.
(Бәрі орындарынан тұрып,қолдарын жүрек тұсына қойып, әнұран айтады).
Бұрын КСРО құрамында болған, кейін өздерінің тәуелсіздіктерін жариялаған республикалар –Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина басшылары 20 желтоқсан күні Алматыда бас қосты. 21 желтоқсан күні аталған тәуелсіз мемлекеттердің жетекшілері жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де Қазақстан Президентінің резиденциясына жиналды. Сағат 15.00-де бұрын дайындалған құжаттарды талқылау аяқталып, 11 тәуелсіз мемлекеттердің басшылары жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де тәуелсіз мемлекеттердің жаңа ұйымын құрғандары туралы хаттамаға қол қойды.

Алматыдағы кездесудің нәтижесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) дүниеге келді. Бұрынғы Кеңес Одағын ойға түсірмеу үшін жаңа шартта «одақ» деген сөз «достастық» сөзімен алмастырылды. Алматы кездесуінен кейін Кеңес Одағы іс жүзінде өмір сүруін тоқтатып, ресми құжатта айтылғандай, «Армения Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы (РФ), Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан Республикасы, және Украина тең құқықты негізде және жоғары дәрежеде Келісуші Жақтар ретінде Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығын құрды». Хаттамаға жоғарыда аталған Республикалардың басшылары, тиісінше Л. Тер-Петросян, А. Муталибов, С.Шушкиевич, Н.Назарбаев, А. Ақаев, М.Снегур, И. Каримов, Б.Ельцин, Р.Нәбиев, С.Ниязов және Л.Кравчук қол қойды.

Алматы кездесуінде қол жеткізген уағдаластықтың маңыздыларының бірі- ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісім болды. Оған сол кезде аумағында ядролық қаруы болған Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Украина басшылары қол қойды. Келісім бойынша оған мүше мемлекеттер ядролық қару жөнінде біріккен саясат қалыптастырып, ТМД мүшелерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болды.

Енді әр ұлт өкілі өз елін таныстырып өтеді.(елдің аты, астанасы, жер көлемі, халқының саны, шаруашылығы, ұлттық валютасы, ақын композиторлары т.с.с қысқаша айту керек).
Қазақстан-Еуразия құрлығында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 2,7 млн км. Халқы 14,9 млн адам. Оның 65,7% қазақтарды құрайды. Астанасы - Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ұлттық валютасы –теңге. Діні - ислам діні болып табылады.
Ендігі кезекті келген қонақтарға арнап ауылдың алты ауызын орындап берейін. (Қазақстан елшісі өз өнерін көрсетеді)
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Хормен: 
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша- бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

Рефлекциялық «Тыныштық сәті»
-Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да боладыАуаны терең жұтып терең тыныс алыңдарӨздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап бақытқа,махаббатқа толы таза ауаның бойларыңа толғанын сезінесіңдер.
Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Қазақша би немесе ән.
Ал енді келген қонақтардан қонақ кәде сұраймыз. (келген қонақтар өз өнерлерін көрсетеді).
Барлығы бірігіп ребус шешеді.

Балалар мынау ненің суреті? Одан бір әріп алып тастаймыз, әрі қарай шешеміз.
Шешуі: «Достық».
Тәуелсіздік туы бекем тұр Елім,
Жұмыр әлем жұдырықтай жүрегім.
Жаңа ғасыр,
Жаңа өмір
Жаңа жыл
Азаматтың арқала осы тілегін - деп тәрбие сағатымызды «Достық» әнімен аяқтаймыз.
(Бір-бірінің қолынан ұстап, қолдарын жоғары көтеріп айту).
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар.
Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу