Жарақаттардың белгілері: Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б. Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы. Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек Жараланудағы бірінші көмек Жаралануда бірінші көмек көрсетудің негізгі мақсаты қан ағуды уақытша тоқтату ( байлау, таңу, жгут салу) және инфекцияның түсуінің алдын алу (таңбаны қояр алдында жараның шеттерін йод ерітіндісімен тазалау) болып есептеледі. Жараға таңғышты қояр алдында дененің осы жеріндегі киімдерді немесе аяқ киімдерді шешу қажет. Киімдерді қосымша жара түсіріп алмай, абайлап шешу керек. Оларды тігісінен кескен мақұл. Таңғышты қоярда жеке таңғыш пакетін пайдаланған дұрыс. Қан ағуды уақытша тоқтату және тасымалдау иммобилизациясын жасап науқасты емдеу мекемесіне алыа бару керек. Дәрігерге дейінгі көмекті мейірбике немесе фельдшер көрсетеді. Егер бірінші көмек оқиға болған жерде дұрыс көрсетілген болса, онда еш нәрсені қайтадан істеудің қажеті жоқ, науқасты арнаулы емдеу мекемесіне апару қажет.Жәрдем көрсетілмеген немесе дұрыс істелмеген жағдайда, жара бар жерді кең ашып, жараның шетіндегі жүнді қыру және шеттеріне йод жағу, сырттан түскен денелерді алып тастау, жгутты қайталап салу және асептикалық таңғыш қойылуы қажет. Кейін науқасқа сіреспеге қарсы сары су жіберу, оны арнаулы емдеу мекемесіне жөнелту керек. Жарақат механизмі мен жара алу сипатына байланысты қандай жаралар болады? Жарақат механизмі мен жара алу сипатына байланысты қандай жаралар болады? Жарақат — сыртқы жағдайдың әсерінен орган мен тін қызметінің бұзылуы. Жарақат әр түрлі жағдайдың (химия, физика, механикалық, т.б.) әсерінен пайда болады. Осыған байланысты Жарақат бірнеше түрге бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |