Тақырыбы: Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім



бет5/5
Дата27.04.2022
өлшемі19,39 Kb.
#141020
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тәрбие сағаты

І жүргізуші: Студенттер, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.
Студент: Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі – оның бақыты оның қуанышы.
Студент: Туған тіліңді мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп өсе түсуіне, еңбек сіңіру әрбір қазақ отбасының жүрегі.
Студент: Халықтың қуаты – тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.


ІІ жүргізуші:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,
Туған тілім шұбарланба жарқыра.
Тарихымда таланттылар көбейсін,
Бас иемін ата-баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап,


Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап,
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ – деп кезекті әнге береміз.

Ән «Рух пен тіл»


Орындайтындар: Кешю тобы
І жүргізуші:
«Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!» атты ашық тәрбие сағатымызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тітім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін – деп Әбділлә Тәжібаев жырлағандай біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.


ІІ жүргізуші:
Қалың елім, қазағыма қорған бол,
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол.
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек нағыз ұлттық тұлға бол! – деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Құрметті қонақтар, сіздерді Тілдер мерекесімен тағы да құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүрекпен ниетімізді білдіреміз. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет