Жасанды тістер . Медицина ғылымының ерте заманғы жаңалықтарының бірі екендігін археологиялық қазба жұмыстарынан білеміз. Алғашқы жасанды тістер ағаштың кейбір қатты түрлерінен, өгіз, піл сүйектерінен жасалған. Осы күнгі ең әдемі де берік материал — фарфор. Оның эстетикалық қасиеті жоғары әрі гигиеналық талғамға сай. Соңғы жылдары пластмассадан істелген тістер арзандығымен және жасалу жолының ыңғайлылығымен көп қолданылады. Сондай-ақ тот баспайтын болат, алтын қорытпасынан және металды керамикалық тістер әдемілігімен және беріктігімен ерекшеленеді.
Ғалымдардың пікірі
Ғалымдар жоқтан бар жасауды үйреніп келеді. Жасанды тісті барынша мінсіз етуде ағылшын ғалымдарының еңбегін атамай өтсек әділдік болмас еді. Қаралушының тіс үлгісін пайдалана отырып жасалған гибридтің адамның табиғи тісінен өзгешелігі жоқ. Ғалымдар болашақта ауру тістер мен түсіп қалған тістердің орнына жаңа әрі тірі тіс қою мүмкін болады деп болжапты. Тіс жиегінен алынған жасушалары мен тышқан эмбриондары бойынша жасалып шыққан «гибридті тіс» зертханалық тышқанның жағында өсіріліпті. Зерттеушілер адам жағында дәл осылай тіс өсіру мүмкін болатын болса – бұл жаңалық ғылымдағы басты жаңалық болады деп сенеді. Соңғы бірнеше жылда ғалымдар ауру немесе түскен тістің орнына фарфор қалбырын темір қысқыштар арқылы қондыру мәселесімен айналысқан екен.