Тақырыбы: Жер сілкінісі мен су тасқыны кезінде қалай қорғануымыз керек?
Мақсаты:Білімділік: төтенше жағдайлар, зілзала апаттары жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру.
Дамытушылық: балалардың ой–өрісін, тілін дамыту.
Тәрбиелеу: балаларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс–тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ–жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.
Керекті құралдар: тақырыпқа сай слайд.
Дамытушылық: Топпен жұмыстануға дағдыларын дамыту.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап, көрнекілік ,
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақтасы, өрт сөндіру құралдары.
Сабақтың барысы:
I . Ұйымдастыру амандасу , сабаққа қатысатын кісіні айтып кету
(Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді)
Балаларға жұмбақ жасыру:
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдатып дабылын ол қағып тұр,
От жағып, дабыл қағып тұрғанында,
Сабалап төмен қарай су ағып тұр.
- Ол не екен балалар? (найзағай ,жаңбыр)
- Балалар жаңбыр, найзағай – олар табиғи құбылыстарға жатады екен. Табиғи құбылыстар әр түрлі болып келеді. Жаңбыр жауса жерге шөптер шығады, шаң – тозаң болмайды. Алайда жаңбыр көп жауса, адамға келтірер зияны көп болмақ. Балалар бүгін біз осы табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы әңгімелеспекпіз.
Достарыңызбен бөлісу: |