Тақырыбы: Жоғарғы оқу орнындағы педагогикалық үрдісті ұйымдастыру түрлері және олардың дидактикалық дамуы Пән: Жоғарғы мектеп педагогикасы Семей қаласы, 2020 Мазмұны
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жоғарғы оқу орнындағы педагогикалық үрдісті ұйымдастыру түрлері және олардың дидактикалық дамуы
Пән: Жоғарғы мектеп педагогикасы
Семей қаласы, 2020
Мазмұны 1. Жоғарғы мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік
1.1 Лекция - оқытуды ұйымдастырудың формасы
2. Практикалық және семинар сабақтардың мақсат, міндеттері
3. Студенттердің өз жұмысы және оны ұйымдастыру
1. Жоғарғы мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік Педагогикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру үшін жоғары мектептегі оқыту процесінің дамуы мен мәнін, құрылымын, қисынын (логикасын) түсіну маңызды. Ол үшін оқыту процесінің негізгі құрылымдық бөліктерін бөліп алу қажет.
Окыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында окушыларға білім беру міндеттерін шешу.
Оқыту процесінің құрылымдьң компоненттері мыналар:
Оқыту - екі жақты процесс - оқыту және оқу.
Оқыту - қоғамдық қарым-қатынастың субьектісі ретінде адамды дайындау қажеттілігінен туындаган әлеуметтік негізделген процесс. Бұдан шығатын қорытынды - оқытудың әлеуметтік қызметі әлеуметтік талаптарға сәйкес тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны калыптастырудың негізі, қайнар көзі - әлемдік мәдениет, адамзаттьщ ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық байлығы.