Негізгі құндылықтарды таңдау білім беру парадигмасын айқындайды. - 1.Дәстүрлі-консервативті (білімдік) парадигма
- Дәстүрлі-консервативті парадигма негізін үш постулат құрайды:
- 1)білім беру негізінде базалық білімдер мен соларға сәйкес икемділіктер мен дағдылар жатуы керек.
- 2)білім беру жүйесі академиялық сипатқа ие болып, ғылымның негізгі салаларына бағдарлануы керек. Мектеп уақыт сынынан өткен, білім беру негізін құрайтын мәселелерге баса назар аударауы тиіс.
- 3)Этикалық құндылықтарға ерекше орын беріледі.
Технократиялық (аралық)
парадигма
Бұл парадигма ғылыми-техникалық революция құбылыстары мен деректерін қадағалау мен олардың салдарынан туындады. Оның негізінде ғылыми дәлелденген, тәжірибемен сынақтан өткен шындық туралы түсініктер жатыр.
Технократиялық парадигмадағы мұғалім ұраны: «Күш - білімде!».
Мұнда шынайылық өлшемі тәжірибе болып табылады. Бұл жағдайда білім нәтижесі «иә-жоқ», «біледі-білмейді», «меңгерген-меңгермеген» деп есепке алынады.
Бихевиористік (құлық) парадигмасы
Бихевиористік (құлық) парадигма негізінде психологиялық бағдарлану жатыр. Бихевиоризм – мінез-құлықты адамның сыртқы ортаның әсеріне реакциясы ретінде қарастыратын мінез-құлықтың психологиялық теориясы. Мұнда ішкі көңіл-күйге емес, сыртқы стимулға көбірек назар аударылады.
Бұл үлгіде мектеп балалардың мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында білім игеру жолы ретінде қарастырылады.
Гуманистік
(Феноменологиялық) парадигма
Басты назарда – оқушының дамуы, оның жеке мұқтаждықтары, тұлғааралық қарым-қатынастар. Түйіні: ізгілікті амал, тұлғалық өсуге көмек беру, өмірге дайындығына назар аудару.
Бұл амалдың негізінде даму, өзіндік даму, өзін-өзі көрсету, шфғармашылық жатыр.
Даму – оқушының берілген тапсырманы шешуде белсенділік пен дербестіктің жоғары деңгейіне өтуі.
Достарыңызбен бөлісу: |