Тақырыбы: Кешенді қосылыстар. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Орындаған: Амангелдиқызы Әсем Тексерген: Азимбаева Гулбайра Ералиевна Алматы 2021



бет9/11
Дата11.02.2022
өлшемі77,93 Kb.
#131522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
химия сөж 14 апта (2)

Тотығу түрлері
Биологиялық тотығу – оксидредуктаза ферменттерімен катализденетін, тірі организмдегі тотығу-тотықсыздану реакцияларының жиынтығы. Ол тірі организм тіршілігінің негізін құрайтын энергия көзі болып табылады. Биологиялық тотығудың атқаратын маңызды қызметі организмдегі зат алмасу, дем алу, жасуша құрылымын құ-растыру, өсу процесіне қажет әр түрлі метаболиттерді – субстраттарды, коферменттерді, гормондарды және басқа заттарды түзу болып табылады.
Мұнай өнімдерінің тотығуы (автототығу), негізінен құрылысы әр түрлі көмірсутектер қоспасынан тұратын мұнай өнімдері тотықтырғанда әр түрлі оттекті қосылыстардың түзілуі. Органикалық қосылыстардың тотығуы – органикалық қосылыс молекуласына оттек атомдарын енгізу және сутек атомдарын одан бөліп шығару. Органикалық затқа тотықтырғыштың әсері тотығатын заттың табиғатына, температураға, катализаторға, реагенттердің концентрациясына, ортаның қышқылдылығына, т.б. байланысты.
Тотығу — су құрамындағы органикалық заттардың мөлшерін оттектің барлық тотықтану шығынымен білуге болады. 1 дм3 су құрамындағы органикалық заттардың оттекпен тотығуы 2,5—3 мг/дм3 болса, онда су құрамындағы органикалық заттардың өте көп мөлшерде болғаны және осыған байланысты зиянды бактериялар арқылы ауру жұқтыру мүмкіндігі арта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет