Тақырыбы Кіріспе. Мақсаты



бет1/22
Дата05.11.2016
өлшемі3,49 Mb.
#1019
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




8 сынып Әдебиет

Тақырыбы

Кіріспе.

Мақсаты

Қазақ әдебиеті қызметі туралы ұғымдарын қалыптастыру арқылы сабаққы қызғушылықтарын арттыру

Күтілетін нәтиже

Әдебиет қызметі туралы ұғымдар қалыптасады, топпен жұмыс істеуге үйренеді

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам,Миға шабуыл,Конвер- сұрақ әдісі, Ойлан тап,Эссе

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер,

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-4 дейін санау арқылы топқа бөлу

Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту.

Әр топқа бағалау парағын таратып беру.

Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар таратып беру

«Сандарды бейнеле» ойыны

арқылы психологиялық ахуалды жақсарту



Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Фигуралар арқылы топтар өзара бағалайды.

Әртоп өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылымен бейнелеу.


Білу

Миға шабуыл

Интерактивті тақтаға «Қайталау–оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі,


Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.

Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.


Түсіну

Қазақ әдебиеті» Постермен өткен тақырыпты қорғау




Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап отаға топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды



Қолдану

«Конверт-сұрақ» әдісін қолдану

Сабақта қолданылатын әдіс оқушыларды сыни ойлауына ықпал етеді. Мұнда әр бала, өз ойын айтып,шығармашылығын қалыптастырады. Ол дегеніміз – бала бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ұйымдастырушы рөлін атқарады. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттері сабақ үстіндегі проблемалық сұрақтарды шешу кезінде, бір сұраққа бірнеше нұсқада жауап берумен және ситуациялық жағдайлардан жол тауып шығу әрекеттерінен байқалады.


Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу, өткен сабақтарды қайталау

Топпен жұмыс жасау



Талдау

Ойлан тап

Әр топқа тапсырма бойыншатапсырмалар таратылады

Әр топтан оқушы шығып жаттығулар орындайды

Жинақтау

Қазақ әдебиетінің мәні туралы Эссе

Білім туралы топ бойынша Эссе жазу, жинақтайды, бір-бірін бағалайды

Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізу

Бағалау

Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату



Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек

Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды

Рефлексия

Екі жұлдыз , бір тілек

Стикерлерді толтыру

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)

ББҮ кестесін толтыру



Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.

Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу.

«Менің Отаным Қазақстан»тақырыбына кітапша , альбом жасау.








Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Муса

Маржангуль



8- сынып

оқушының саны



Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск №5-орта мектебі




13.03.2015

№ 309- дәрісхана

Сабақтың атауы

Тақырыбы: Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесі

Сілтеме

Қазақ әдебиеті Авторлары: Қансейіт Әбдезұлы , Гүлмира Даулетқазықызы Рыскелдиева, Сәуле Чапайқызы Тұрсынғалиева

Әдістемелік ңұсқау, сабақ жоспары



Жалпы мақсаты


Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,

оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу; шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізіп, өз пікірлерін қорғай білуге дағдыландыру, дүниетанымын кеңейтіп, көркем шығармаларды оқуға қызығушылығы мен белсенділігін арттыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу;



Міндеттер


1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау


Мұғалім үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау



Сабақтың түрі,

әдіс- тәсілдері



Аралас сабақӘңгімелесу, топтастыру, ой шақыру, салыстыру,

АКТ әдісі,жеке, топпен жұмыс



Сабақтың көрнекілігі

әдістемелік құралдар, үлестірмелі материалдар, қосымша әдебиеттер, маркер, слайд

Күтілетін нәтиже

Жазушының өмірі мен шығармашылығына туралы білім алады. Шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын түсінеді.

Өз білімдерін қолдана алады. Қорытынды шығарады.



1.Ұйымдастыру

кезеңі


-Сәлемдесу; 3 топқа оқушылар топтастырылады. Оқушыларды сабақта топбасшысы және өзін – өзі бағалайды.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: мұғалім немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Тақырыбы:Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесі


1. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй жұмысын тексеру «Сандар сөйлейді» ойыныбойынша

Топпен жұмыс

1. 1936, 1956,1958-1962 жылы, 1965, 1981

2. 1954, 1956, 1967, 1968

3.1969,1983,1990, 1998

Оқушылырды топбасшысы бағалату;



Даталар бойынша оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасайды.

1. Оқушылар ауызша орындайды.

2. Оқушылар топпен кезек-кезек жауап береді.

Оқушылырды топбасшысы бағалайды.



Қызығушылықты ояту

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой шақыру әдісі бойынша

-Балалар,сендердің ойларыңша қаздар қайда қайтуы мүмкін?

мекеніне

Көлге


Қаздар

қайтып барады

ұясына
Жылы жаққа балапанына

Туған жеріне

Оқушылырды топбасшысына бағалату;



Оқушылар өз ойларын топтастырады.

Оқушылырды топбасшысы бағалайды.



Мағынаны тану

3. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Проблемалықсұраққою.Топпенжұмыс \Үлестірмеліқағаз\

ІІ слайд. Әңгіме мазмұнын ашу, тақырыбы, идеясын ұғыну сұрақтары:

1-топ

1. Жолға шыққан қарт қайда сапар шегіп келеді? Оның сапар шеккеніне неше күн өтті?



2. Асудың ұшар басының табиғаты қандай екен?

3. Қарттың жол азығы қандай?

4. Неліктен жолаушы қиын да болса төте жолды таңдады?

2-топ


5. Қуғыншыдан қауіптенбей, жолаушының көкжалдан қорқуы неліктен? Қарт көкжалдан қалай құтылды?

6. Өзеннен өтіп демалып отырғанда адамның қу басын көрген ол құдайға не деп жалбарынды?

7. «Өрттен қалған қу томардай болып жалғыз қалдым» деуінің мәнісі не?

8. Қарттың басты өкініші неде деп ойлайсың?

3-топ

9. Немересімен үйрек атуға барғанда қаздар туралы айтқан әңгімесінің түйіні не, қарт күрсінісі нені аңғартады?



10. Неліктен жолаушы шекара сызығын қыл көпірдей сезінді?

11. Туған жер топырағын аттаған қарттың сезім күйін, сағынышын, қуанышын автор қалай суреттеген?

12. Байтас қартты туған жерге жетелеген қандай құдірет, қандай күш

1- топ


Байтас қартқа мінездеме беріңдер.Оның мінезінен қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?


Шығарма

ның аты


Авторы

Кейіпкері

Іс-әрекеті

Адами қасиеті

«Қаздар қайтып

барады»


Қабдеш

Жұмаділов



Байтас қарт

Жолға шықты,қасқырмен алысты,

туған жерге асықты,шаршады,

қажыды,отбасынан айырылды,

немересін бақты,шекарадан асты,

туған жеріне жетті.


Қайсар,қажырлы,төзімді,

туған еліне деген сағынышы

басым,рухы биік,адал жан.


2-топ

Әңгіменің басты кейіпкері Байтас қарт арманына жетті деп ойлайсыңдар ма? Дәлелдеңдер.(Оқушылардың пікірі былайша өрбиді)




Жетті

Жеткен жоқ

Байтас қарт қырық жыл бойы күткен арманына жетті.

Ата-бабасы қалған,кіндік қаны тамған туған жеріне,өз үйіне келіп шамалы болса да ұйықтап,демін алды.

«Енді өліп кетсем де арманым жоқ» деді.


Байтас қарт арманына жеткен жоқ.Себебі жат жерде оның жақын адамдары қалды.Өзі туған еліне келгенімен,бір өзі қалай өмір сүрмекші?Оның үстіне артынан ит жетек-

теген шекарашылар түскен жоқ па?


3-топ


Шығарманы құрылысына қарай талдаңдар.Әңгімеде кездесетін жер-су, тау аттарын теріп жазыңдар. (Оқушылардың жауабы былайша түзілді)

Етікші, Тарбағатай, Күргейтас, Тентек Халдай, Айнабұлақ,

Арғанаты, Көкшілік, Нұра.

Басталуы

Жалғыз жортқан жолаушы және жолда көрген қиыншылықтар



Байланысы

Ойға оралған өткен күн немесе жалғыз немере – Төлеутай



Оқиғаның дамуы

Кінәсіз тағылған айып, күтпеген қасірет



Шарықтау шегі

Қырық жыл бойы көкірек түкпірінде жатқан ұзақ сапар



Оқиғаның шешімі

Тұмардың ішінен термен байланып қалған бір уыс қиыршық топырақ түсті жерге. Бұл осыдан қырық жыл бұрын жат өлкеге аттанарда туған жерден түйіп алған топырақ еді.

Оқушылырды топбасшысына бағалату;


Оқушылар әңгімені мазмұндап, өз ойларын айтып шығады.

Оқушылар дәптеріне тапсырмаларды орындайды, әңгімелейді.

3-топ

шығарманы құрылысына қарай талдап, әңгімеде кездесетін жер-су, тау аттарын теріп жазады.



Тақтаға шығарманы құрылысына қарай талдағандарын жазады.
Оқушылырды топбасшысы бағалайды.

Ой толғаныс

4. Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті

- Балалар, жазушы Әкім Тарази Қабдеш аға туралы «Қабдеш тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан - тәнімен нәзік сезінетін жазушы» деген болатын.

Сондықтан әңгімедегі ерекше орын алып, сезімге әсер ететін табиғат көрінісі жазушы тілімен:

1- топ

а) Тау, өзен, таңның атқан көрінісі қалай суреттелгеніне назар аудар. Сөйлемдер құрылымын байқа және кестені толтырту:



Көріністер -----------------------әңгімеден мысалдар

1. Тау көрінісі

2. Өзен көрінісі

3. Таңның көрінісі

2- топ

ә) Төмендегі сөздерге өз сөздерімен түсінік береді.



Титығы құру –

Таңдай жібітіп, талшық қып келе жатқаны –

Көзі шырадай жану –

Қан қақсау –

Бармағын шайнау –

Тілі аузына сыймау –

Жігері құм болу –

Ет жүрегі езілу –

Қайырымы тию –

Тырнағын жібіту –

Жыртылып айрылады –

Өзегі тала қоймаған –

3- топ

б) Бейнелі сөз тіркестерін ізде және нені бейнелейтінін жаз:



Бейнелі сөз тіркестері, сөйлемдер Нені бейнелейді?

1. Жаз жәрмеңкесі тарап, қоңыр күз қонақтаған.

2. Қарт сезімі бұрауы жеткен домбырадай тырсылдап, шертіп тұр. Жаз өтіп, күз келгені

3. Жыртқыш аңдай өкіріп, долдана ағып жатыр.

4. Өне бойы ағаштай сіресіп қалыпты.

5. Сай - сала үңірейіп, жұтып қоятындай болып тұр.

6. Тағы бір түн қанатын жайып келе жатты.

7. Өрттен қалған қу томардай болып қалды.

8. Ауылдастарының тырнағын жібітіп, сорпа - судан кенде қылған емес.

9. Бейне бұрауы таусылған ойыншықтай буын - буыны босап, өне бойы салдырап бос қалды.


Топтастыру әдісі

Әңгіменің «Қаздар қайтып барады» деп аталу себебін қалай түсінесіңдер?

(Сабақ басындағы ассоциациялық аймаққа қайта оралу)

Қасиеті сіңген туған жерін жат елде жүріп бір сәтте ұмыта алмай туған жерге оралған қандастарымыз қаншама! Мұртаза Бұлытай, Майра Мұхамедқызы, Шұғыла Сапарғалиқызы сынды қандастарымыз туған еліне келіп еңбек етуде.

(Үнтаспадан Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалып тұрады, бейнетаспадан қолдарында Қазақстанның туы бар шетелдік қазақтардың туған жерге келіп жатқаны көрсетіледі).Тағдыр талайымен жер шарының түкпір - түкпірінде, атап айтқанда, 55 елінде біздің қандастарымыздың жүргендігін «Көші - қон демографиясы» зерттеген екен.

Қандастар

АҚШ - та 14 000 Украинада 15 000

Түркияда 25 000 Тәжікстанда 10 000

Иранда 12 000 Өзбекстанда 1550 000

Моңғолияда 100 000 Ресейде740 000

Қырғызстанда 45 000 Қытайда 1 500 000

Оқушыларды топбасшысы бағалайды.



Оқушылар мәтіндік талдауды топпен орындайды.
1- топ

а) Тау, өзен, таңның атқан көрінісі қалай суреттелгеніне назар аудар. Сөйлемдер құрылымын байқа және кестені толтырады.

Көріністер -----------------------әңгімеден мысалдар

1. Тау көрінісі

2. Өзен көрінісі

3. Таңның көрінісі

2- топ

ә) Төмендегі сөздерге өз сөздерімен түсінік береді.



Титығы құру –

Таңдай жібітіп, талшық қып келе жатқаны –

Көзі шырадай жану –

Қан қақсау –

Бармағын шайнау –

Тілі аузына сыймау –

Жігері құм болу –

Ет жүрегі езілу –

Қайырымы тию –

Тырнағын жібіту –

Жыртылып айрылады –

Өзегі тала қоймаған –

3- топ

б) Бейнелі сөз тіркестерін ізде және нені бейнелейтінін жаз:



Бейнелі сөз тіркестері, сөйлемдер Нені бейнелейді?

1. Жаз жәрмеңкесі тарап, қоңыр күз қонақтаған.

2. Қарт сезімі бұрауы жеткен домбырадай тырсылдап, шертіп тұр. Жаз өтіп, күз келгені

3. Жыртқыш аңдай өкіріп, долдана ағып жатыр.

4. Өне бойы ағаштай сіресіп қалыпты.

5. Сай - сала үңірейіп, жұтып қоятындай болып тұр.

6. Тағы бір түн қанатын жайып келе жатты.

7. Өрттен қалған қу томардай болып қалды.

8. Ауылдастарының тырнағын жібітіп, сорпа - судан кенде қылған емес.

9. Бейне бұрауы таусылған ойыншықтай буын - буыны босап, өне бойы салдырап бос қалды.


Әңгіменің «Қаздар қайтып барады» деп аталу себебін өз сөздерімен түсіндіреді.

Оқушыларды топбасшысы бағалайды.


Бағалау

5. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылырдың бағалау парағындағы ұпайларын есептейді және бағалайды. Рефлексия.

Үйге тапсырма

6. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой-пікір білдіру: «Сен туған жерге деген махаббатыңды қалай жеткізер едің?» шығарма жазып келу.

Күнделікке жазады.


Каталог: uploads -> doc -> 02bf
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет