Тақырыбы Кіріспе. Мақсаты



бет11/22
Дата05.11.2016
өлшемі3,49 Mb.
#1019
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

Тұрмағамбет Ізтілеуов – белгілі ақындардың бірі, аудармашы. 1882 жылы 9 шілдеде Қызылорда облысының, Қармақшы ауданының, Ленин атындағы кеңшарда (қазіргі Тұрмағамбет ауылында) дүниеге келген. Алғаш рет білімін Алдашбай Ахуннан оқып, сауатын ашқан. Бұқара қаласында әуелі «Мир арабов» медресесінде (1896-1899 жылдар аралығында ), кейін « Көкелташ» медресесінде (1896-1905жылдар аралығында) оқыған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеретін. «Көкелташ» медресесінде тәжіктің классик жазушысы Садриддин Айнимен достасып, студенттер арасында қабырға газетін шығарып тұрған. Өзі медреседе оқып жүріп, Қарақалпақ елінде бала оқытқан. Осы тұста, «Шәкірттеріме», «Ұстаз ұсынысы», «Шөлмек» өлеңдерін жазған.

1905 - 1925 жылдары ауыл мектебінде мұғалім, 1936-1937 жылдары Қазақстан халық ағарту комиссариатында ғылыми қызметкер қызметін атқарған, 14 жасында «Қара қоңыз» тұңғыш мысал өлеңін, 18 жасында «Мәрді дихан» атты алғаш дастанын шығарған. Нәзиралық дәстүрмен шығыстық сюжеттерді негізге алып, «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз», «Рауа бану» сияқты оннан астам дастан жазған.Т. Ізтілеуовтің шығармаларының негізгі тақырыбы – білім - ғылымды («Балаларыма», «Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын», “Ұлдарыма», «Абайды оқығанда»), адамдық пен ізгілікті («Адамдық іс», «Жақсы мен жаман», «Қабанға қарсы ұмытылма ер дегенге», «Толымды жігіт») және сатиралық («Құрбанғалиға», «Бар» мен «Жоқ», «Ал» мен «Бер», «Бірге туған», «Құлжан биге», т.б.) өлеңдерді насихаттау болды. Ақынның сөз өнерінің өміршеңдігін өнеге еткен өлеңдеріне «Назым», «Сөз берсем жөндеймін деп бұзасыңдар», «Әр елдің бар бұлбұлы», «Жоқ деме, маза өлеңде», «Жырыңды жаз өрмелеп», т.б. жатады. Сондай- ақ, «Атаңның әуелінде белінде едің», «Адам» атты діни-философиялық жырлары мен бұрын баспа бетін көрмеген «Хазіретті Омардың хикаялары», «Пендесін Алла жеткерер», «Бұйрық» өлеңдерінде ол өзінің суреткерлік таланты мен дін ілімінің білгірі, терең психологиялық танымының иесі екендігін танытты. Т.Ізтілеуов табиғат тақырыбында да «Жыл келді», «Сыр бойы», т.б. өлеңдер жазды.

Ол жазбаша айтыстың дамуына өзіндік үлесін қоса отырып, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі болды. Т. Ізтілеуовтің жазба айтыстарын діни айтыс («Тұрмағамбет пен Ермұрат айтысы»), хат айтыс («Тұрмағамбет пен Жүрсеннің айтысы», «Тұрмағамбет пен Әбдікәрімнің айтысы»), жұмбақ айтыс («Тұрмағамбет пен Шәді төренің айтысы»), мысал айтыс («Көк құтан мен шымшық») деп жіктеуге болады. Т.Ізтілеуов бастаған ақындар тобы халықтық игі үрдістердің бірі – топтық өнер жарысын қалыптастырды. «Алты ақынның өмірі туралы айтысында» поэтикалық пікір жарысы философиялық сұхбат түрінде жалғасса, Шәді төремен жұмбақ айтысында адамның жас ерекшеліктері табиғаттың түрлі құбылыстарына, жан-жануарлардың түрлі қасиеттеріне теңестіріліп жасырылды.

Ол ақындарға аралық сөз айтып, бітістіруші би- шешен де бола білген. «Тұрмағамбеттің өзіне тән бір жаңа жанрды атауымыз керек. Ол – Тұрекеңнің өзге ақындардың айтыстарына айтқан аралық сөздері», - дейді бұл туралы академик М.Қаратаев. Омар мен Таубайдың Жүсібіне, Омар мен Нұрмаханға, Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіпке, Кете Жүсіп пен Даңмұрынға арнаған аралық сөздері ақынның адамгершілік ұстанымын дәйектейді.

Ақын 1936 жылы Фирдоусидің «Шаһнамасын» қазақ тіліне еркін аударма жасаған (40 мың жол). Бұл шығарманы кезінде М. О.Әуезов, С.Сейфуллин, Т.Жүргенов, т.б. жоғары бағалаған. Туындының «Рүстем – Дастан» аталатын бөлімі 1961 жылы, «Шаһнама, “Рүстем – Дастан» деген атпен толықтырылған нұсқасы 2004 жылы жарық көрген. Өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «Қасиетті Қармақшым», «Ғасырлар толқыны» жинақтарына енген. Зерттеуші М.Байділдаев Т.Ізтілеуовтің ел аузында жүрген жырларын, тапқырлық сөздерін жинастырып, «Назым» деген атпен 1972, 1982 жылдары жарыққа шығарды. Ө.Күмісбаев Т.Ізтілеуовтің «Рүстем – Дастанын» жүйелі түрде қарастырып, парсы тіліндегі «Шаһнамамен» салыстыра зерделеді. Ұ.Жаңбыршиева ғылыми зерттеу еңбегінде ақын шығармаларының жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып, поэтикалық сөз жүйесін саралады. Ақын қолжазбалары Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және Өнер институтының қолжазба түрінде мәтінтану бөлімінде сақтаулы. 1980 жылы Тұрмағамбет Ізтілеуовке туған жерінде ескерткіш орнатылды. Қармақшы ауданындағы бұрынғы Ленин кеңшарына, бір көшеге ақынның есімі берілді. Жалшылықта жүріп күн кешкен кіші жүздің Кете еліндегі Ізтілеу кедейдің баласы Тұрмағамбет қазіргі Қызылорда облысының, Қармақшы ауданында 1882 жылдың ,9 маусымында дүниеге келген. Жасынан оқуға ойы сергек, әкесі ерте өліп жетім қалған жігері бар бала, ауылдағы мұсылман мектебінен алғаш білімге қанағаттанбай, таудай талаппен оқу іздеп Орта Азияға аттанды. Белгілі жазушы, көрнекті ғалым Садриддин Айнимен бірге Бұхара қаласындағы «Көгелташ» медресесін бітіріп шығып, 1905 жылы туған жеріне келіп, өз ауылындағы жаңадан ашылған мектепте сабақ беріп, жиырма жылдай мұғалім болды. Тұрмағамбет іргесін қалаған сол оқу орны қазіргі Қармақшы ауданындағы №29 қазақ орта мектебі. Ұстаздығымен, ақындығымен өскен ортасында адал еңбек еткен Тұрмағамбетті 1935 жылы республикадағы үкімет орны Алматыға қызметке шақырып алды. Содан бастап, өмірінің ақырына дейін Қазақ ССР оқу ағарту халық комиссариатында ғылыми қызметкер болып істеді. Ол 1939 жылдың 15 мамырында қайтыс болды. Тұрмағамбеттің шығармашылығы сан алуан. Ол поэзияның барлық жанрында да қалам тартқан адам. Сауатты болғандықтан ерте кезден-ақ Абай шығармаларымен жақсы таныс болған («Абайды оқығанда» деген өлеңін 1910 жылы жазған). Революциядан бұрын аты шыққан ақын кеңес тақырыбына арнап бірқатар шығармалар жазған. Шығыс тақырыбына батыл барып, байсалды еңбек те жасаған (поэмалары : «Мәрді диқан», «Рауа бану», «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз», т.б.) қазақ ақындарының бірі деп Тұрмағамбетті атаймыз. Әсіресе оның ақындығының шыңы – қазақ әдебиетінің қазынасына қосқан Фирдоусидің «Шахнамасының» 40 мың жолдық аудармасы. Бұл күрделі еңбектің бір бөлімі – «Рүстем-дастан» болып, 1961 жылы өз алдына жеке кітап болып көп тиражбен басылып шықты.

Бекітемін: 8- сынып әдебиет пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары 3.11.2015ж



Сабақтың тақырыбы:

«Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлер тағдыры мен поэманың көркемдік ерекшелігі

Сабақтың мақсаты:

Шәкәрімнің озық туындысының идеялық мазмұнын ұғындыру, кейіпкерлер іс — әрекетіне оқушылар арқылы баға бергізу. Поэманың негізгі кейіпкерлері, қайғылы аяқталуы, сол кездегі заңдылыққа қарсы келмеу. Мәтінге сүйене отырып нақты дәлелдер арқылы анықтау.Жақсы мінез құлықтарын үлгі ете отырып, адамгершілік-ке, достыққа, мейірбандылыққа баулу.Поэманың композициялық сюжетін дамуын жанарлық сипатын, көркемдігін талдауды сұрақ - тапсырмалар ұсыну арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Ойын жүйелі хабарлай білуіне жіті көңіл бөлу.

Күтілетін нәтиже:

поэманың кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне баға бере алады.поэманың сюжеттік ж\е композициялық ұүрылысын анықтай алады.өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам,Компазициялық талдау,Жигсо, Топтастыру

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Мазмұны

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Нәтиже

Ұйымдастыру 1 мин

Психологиялық ахуал туғызу.


Оқушыларға бүгінгі күнге деген сәттілік тілектер айтқызу.



Амандасу. Сыныптағы

оқушыларды түгендеу.

Оқушыларды ортаға шығарып, жақсы тілектер айтқызу.


Мұғаліммен амандасады.

Жоқ оқушының себебін айтады.

Бүгінгі күнге деген тілектер айтады.


Жүздері жарқын ,жайдарлы болды.

Үй тапсырмасы

Сұрақ –жауап,жаттау

Шәкәрім

туралы кім не біледі?

Әнет баба, Мәмбетейлерді ақын кім деп таныстырады, олардың Қалқаман мен

Мамырға қандай туысқандық қатысы бар



« Әнет баба арғынның ел ағасы, әрі би, әрі молда, ғұламасы. Орта жүзге әділ

екен, сол кезде тоқсан беске келген жасы» деп Әнет бабаны таныстырады. Ал Мәмбетей

мен Кішік ағайынды бірге туған адамдар, Кішіктен Әнет, Әйтеке тарайды. Ал

Мәмбетейден Мамырдың әкесі туады. Әйтекеден Олжай, Байбөрі, Қалқаман туады. Сонда

Қалқаман мен Мамырдың әкелері немере ағайынды кісілер.


поэманың мәнін түсінген

Миға шабуыл

І топ. Шығарманың мазмұндау жоспарын құрып, жоспар бойынша қысқаша баяндау.

ІІ топ. Шығарманың композициялық құрылымын жасау, әдеби-теориялық ұғымдарды

дәлелдеу.


Жетелеуші сұрақтар қоя арқылы тақырыпты ашу.

Бұл шығарманың тақырыбы мен идеясы не болды?

- Тақырыбы: Кіршіксіз, адал махаббатты дәріптеу, қазақ халқының әлеуметтік болмысын суреттеу. Идеясы: Қоғамның әділетсіздігіне, ел билеушілердің озбырлығына қарсылық.

- Балалар, осы поэманың басты кейіпкерлері кімдер?

- Әнет баба, Көкенай, Қалқаман, Мамыр т.б.


1. Қалқаман мен Мамырдың аталары

2. Еркекшора Мамыр

3. Бастыңғы

4. Екі жастың шешімі

5. «Қалқаман мен Мамырдың дауындай» мақалы

6. Төркіндеп келген Мамырдың жайы

7. Қалқаманға шығарылған үкім

8. Елден кеткен Қалқаман

1. Басталуы..Тобықты руының таралуы.

2. Байланысуы.Қалқаман мен Мамырдың бір-бірімен кездесуі.

3. дамуы.. Қалқаман мен Мамырдың бірін-бірі ұнатуы. Бастаңғы.

4 . оқиғаның шарықтау шегі. Мамырдың өлімі. Мәмбетейлер мен Тобықты руының жанжалдасуы

5. шешімі. Қалқаманды оққа байлау. Қалқаманның елден кетуі. Жоңғар шабуылы.


шығарманың құрылысы туралы білді.

Мағынаны тану




Кейіпкер дегеніміз не? (Көркем шығармада жан-жақты толық суреттелетін негізгі тұлға)

- Мінездеме дегеніміз не? (шығарма кейіпкерінің мінез-құлқы, бойындағы қасиеті)

- Шығарма кейіпкерлерін мына кесте бойынша анықтайық.




Шығарма кейіпкерлері

Кейіпкерлердің іс-әрекеті

Кейіпкерлерге мінездеме

Қалқаман







Мамыр







Әнет баба







Көкенай









Кейіпкерлердің іс-әрекеті

Үйге тапсырма

қайталау

І-топ. Поэма мазмұны бойынша тест құрастыру. (10 сұрақ)

ІІ-топ. «Шынайы махаббаттың қос шынары» тақырыбында шығарма жазу.

Екі топқа да поэмадан үзінді жаттау.


күнделіктеріне тапсырманы жазып алады.




Рефлексия




2 жұлдыз, 1тілек. Алма ағашына жабыстыру

Өздеріне сабақтың ұнаған сәттерін стикерге жаздырамын.






Шығарма кейіпкерлері

Кейіпкерлердің іс-әрекеті

Кейіпкерлерге мінездеме

Қалқаман







Мамыр







Әнет баба







Көкенай







Поэма 1882 жылы жазылған. 1912 жылы Семейдегі Жәрдем баспасында жарық көрген. Оқиға болған жер – Сыр өңірі. 1722 жылы қазақтың Ақтабан шұбырынды қарсаңындағы қилы кезең суреттеледі.

Қосымша түсінік. Әнет баба Кішікұлы (1628-1723) – ежелгі Шыңғыстау өңірінен шығып, қазақ мемлекетін құруға белсене қатысқан тұлғалардың бірі. Әнет баба – Әз Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, оның кеңесші болған, «Жеті жарғыны» құрастыруға қатысқан атақты жеті бидің бірі. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын руы. Ол әділгімен, діндарлығымен аты шыққан. Ұлы бидің сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи мазарына жерленген.

(«Қазақтың ұлттық энциклопедиясы»)

Топтық жұмыс.

І-топ. Поэма шумақтарын өлең құрылысына талдау.

(Жырдың алғашқы шумағы)

Өткен іс ойға күңгірт, көзге танық,-------------11 а

Көрмесе де білгенге бәрі қанық.-----------------11 а

Мың жеті жүз жиырма екінші жыл, ------------11 б

Қазақтың Сыр бойында жүргені анық.---------11 а

(Жырдың соңғы шумағы)

Хан Шыңғыс деген тауда тұрмыз біз де,-------11 а

Егер де іздесеңдер, сонан ізде.--------------------11 а

Тобықтыда Құнанбай қажы десе,-----------------11 б 11 буынды, 2 бунақты,

Басты кісі біледі Орта жүзде.----------------------11 а қара өлең ұйқасы

Бекітемін: 8- сынып әдебиет пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары 10.12.2015ж



Сабақтың тақырыбы:

Ш.Құдайбердіұлы. «Қалқаман-Мамыр» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

Ақын өміріне қысқаша шолу, поэманың тақырыбы мен идеясын ұғындыру.Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

Күтілетін нәтиже:

Оқушы поэманы оқу арқылы салт-дәстүрді, тарихты біледі; олардың тарихқа қосатын үлесі мол екенін айта келе олардың бойына сенімділік пен жауапкершілікке баулу.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам,Компазициялық талдау,Жигсо, Топтастыру

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Мазмұны

Тапсырмалар

Қолданылатын әдіс- тәсілдер

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Нәтиже

Ұйымдастыру 1 мин
Психологиялық ахуал туғызу.

Оқушыларға бүгінгі күнге деген сәттілік тілектер айтқызу.





Амандасу. Сыныптағы

оқушыларды түгендеу.

Оқушыларды ортаға шығарып, жақсы тілектер айтқызу.


Мұғаліммен амандасады.

Жоқ оқушының себебін айтады.

Бүгінгі күнге деген тілектер айтады.


Жүздері жарқын ,жайдарлы болды.

Үй тапсырмасы

Сұрақ –жауап,жаттау

Бастама- сұрақ- кейінгі әрекет

1.Абай Құнанбаев кім? 2.Шығармаларын ата?Абай өлеңді неліктен үлкен өнер деп атаған?

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді.

өлеңнің мәнін түсінген

Миға шабуыл

ой шақыру стратегиясы «Адамдық борышың» өлеңін айтып беремін.

сұрақ -жауап

Жетелеуші сұрақтар қоя арқылы тақырыпты ашу.Сіздерге бұл өлең таныс па?Мұнда не туралы айтылған



Берілген сұрақтарға оқушылар жауап береді.

Шәкәрім өмірі мен шығармашылығын білді.

Мағынаны тану

тапсырма беру

джиксо әдісі

берілген тапсырманы топта оқып, мағынасын талұылайды.спикер ортаға шығып мазмұндайды.

Оқушылар топпен, жұппен бірге бірлесе отырып анықтайды.

поэманың мазмұнын білді.

Сабақты бекіту

тапсырмалары


1. Шәкәрім кім? Ол туралы не білесіңдер? Қандай шығармалары бар? Шәкәрімге Абай қалай әсер етті?

2. «Қалқаман – Мамыр» поэмасы суреттелген



кезеңде қазақ халқының жағдайы қандай еді? Ақынның бұл кезеңді жырға қосуда қандай мән бар?3.Қалқаман мен Мамырдың аталары кімдер?4.Мамырды неге еркек шора дейді.5.Көкенай кім?6.Онымен Әнет баба неге санасады.Әнет баба қандай үкім шығарды.Қалқаман неге Бұқарға кетті.

Берілген сұрақтарға оқушылар бірлесе отырып жауап береді.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.

Белгілі бір шешім шығаруды білді.

Үйге тапсырма

мазмұндау




мазмұндау

Күнделіктеріне тапсырманы жазады.




Рефлексия

2 жұлдыз, 1тілек. Алма ағашына жабыстыру




Өздеріне сабақтың ұнаған сәттерін стикерге жаздырамын.

Сабақтың сәтті және сәтсіз сәттерін стикерге жазады.




Каталог: uploads -> doc -> 02bf
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет