Тақырыбы Кіріспе. Мақсаты



бет3/22
Дата05.11.2016
өлшемі3,49 Mb.
#1019
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Бекітемін: 8- сынып әдебиет пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары 16.02.2016ж



Сабақтың тақырыбы:

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік- сезіммен өлең өрген жыр пырағы- Мұқағали туралы деректерді пайдалана отырып, поэманың идеясы мен тақырыбын, көркем бейне, поэтикалық тілі туралы білімдерін кеңейту және поэма мазмұнын ұғындыру.

Дамытушылық- оқушылардың ой-өрісін, танымдық қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік – Табиғат-ананы сақтай отырып, туған жерді қадірлеуге, халқымыздың салт-дәстүрін сақтай отырып, елжандылыққа баулу.Ақын шығармаларын жатқа білуге тәрбиелеу


Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылар поэманың мазмұнымен танысады.2. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бере алады.3. Топта өз ойларын, көзқарастарын қорғай алады.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам,Компазициялық талдау,Жигсо, Топтастыру

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Мазмұны

Тапсырмалар

Қолданылатын әдіс- тәсілдер

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Нәтиже

Ұйымдастыру 1 мин

Психологиялық ахуал туғызу.


Оқушыларға бүгінгі күнге деген сәттілік тілектер айтқызу.


топқа бөлу. «Ана», «Аққу», «Табиғат»





Амандасу. Сыныптағы

оқушыларды түгендеу.

Оқушыларды ортаға шығарып, жақсы тілектер айтқызу.


Мұғаліммен амандасады.

Жоқ оқушының себебін айтады.

Бүгінгі күнге деген тілектер айтады.


Жүздері жарқын ,жайдарлы болды.

Ой қозғау

Сұрақ –жауап,жаттау

Аққу, қызыл кітап суреті слайд



Мұқағали туралы не білеміз? Мұқағалидың өлеңін кім жатқа айтады?(өлең оқу)

Балалар, мына суретке көңіл бөлсек Аққу құсы туралы не білеміз қандай құстардың тобына жатады? Екі суреттің қандай байланысы бар?



-Поэма дегеніміз не? «Аққулар ұйықтағанда»поэмасымен танысамыз.

Жетелеуші сұрақтар қоя арқылы тақырыпты ашқызамын.



Оқушылар білгендері бойынша жауап береді.

әңгіменің мәнін түсінген

Мағынаны тану

джиксо

джиксо әдісі бойынша оқушыларды 1,2,3,4 бөліп оқуға тапсырамын.1-1,2-2,3-3,4-4 келіп талдап,өз ортасына барып түсіндіреді.

берілген тапсырманы топта оқып, мағынасын түсіндіреді.

Оқушылар топпен, жұппен бірге бірлесе отырып анықтайды.

поэманың идеясын түсіне білді.

шығармашылық жұмыс

Проблемаға шығу.

Зерттеу жұмысын ұсынады.

  1. «Аққу» тобына:

Аққудың рең әсемділігін білдіретін сөзді табу

  1. «Табиғат» тобына:

Ананың аққуды ату кезіндегі әрекетін поэмадан табу

  1. «Ана» тобына

Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай көрсетілген тұсын табу




поэмадан дәлелдер келтіреді.




Сабақты қорыту




Табиғат жанашырлары туралы ойым...










Үйге тапсырма

мазмұндау

«Жетім көл аққулары» - эссе жазу.мазмұндау

қайталау

Күнделіктеріне тапсырманы жазады.




Рефлексия

2 жұлдыз, 1тілек. Алма ағашына жабыстыру



Өздеріне сабақтың ұнаған сәттерін стикерге жаздырамын.

Сабақтың сәтті және сәтсіз сәттерін стикерге жазады.




Бекітемін: 8- сынып әдебиет пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары 23.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы:

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» қорытынды сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік- сезіммен өлең өрген жыр пырағы- Мұқағали туралы деректерді пайдалана отырып, поэманың идеясы мен тақырыбын, көркем бейне, поэтикалық тілі туралы білімдерін кеңейту және поэма мазмұнын ұғындыру.

Дамытушылық- оқушылардың ой-өрісін, танымдық қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік – Табиғат-ананы сақтай отырып, туған жерді қадірлеуге, халқымыздың салт-дәстүрін сақтай отырып, елжандылыққа баулу.Ақын шығармаларын жатқа білуге тәрбиелеу


Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылар поэманың мазмұнымен танысады.2. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бере алады.3. Топта өз ойларын, көзқарастарын қорғай алады.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам,Компазициялық талдау,Жигсо, Топтастыру

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Мазмұны

Тапсырмалар

Қолданылатын әдіс- тәсілдер

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Нәтиже

Ұйымдастыру 1 мин

Психологиялық ахуал туғызу.


Оқушыларға бүгінгі күнге деген сәттілік тілектер айтқызу.


топқа бөлу. «Ана», «Аққу», «Табиғат»





Амандасу. Сыныптағы

оқушыларды түгендеу.

Оқушыларды ортаға шығарып, жақсы тілектер айтқызу.


Мұғаліммен амандасады.

Жоқ оқушының себебін айтады.

Бүгінгі күнге деген тілектер айтады.


Жүздері жарқын ,жайдарлы болды.

Ой қозғау

Сұрақ –жауап,жаттау

Аққу, қызыл кітап суреті слайд



Мұқағали туралы не білеміз? Мұқағалидың өлеңін кім жатқа айтады?(өлең оқу)

Балалар, мына суретке көңіл бөлсек Аққу құсы туралы не білеміз қандай құстардың тобына жатады? Екі суреттің қандай байланысы бар?

-Поэма дегеніміз не? «Аққулар ұйықтағанда»поэмасын талдаймыз.


Жетелеуші сұрақтар қоя арқылы тақырыпты ашқызамын.



Оқушылар білгендері бойынша жауап береді.

әңгіменің мәнін түсінген

Мағынаны тану

шығармашылық жұмыс

Зерттеу жұмысын ұсынады.

«Аққу» тобына:Аққудың рең әсемділігін білдіретін сөзді табу

«Табиғат» тобына:Ананың аққуды ату кезіндегі әрекетін поэмадан табу

«Ана» тобына.Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай көрсетілген тұсын табу






поэмадан дәлелдер келтіреді.




Сабақты қорыту




Табиғат жанашырлары туралы ойым...










Үйге тапсырма

мазмұндау

«Жетім көл аққулары» - эссе жазу.мазмұндау

қайталау

Күнделіктеріне тапсырманы жазады.




Рефлексия

2 жұлдыз, 1тілек. Алма ағашына жабыстыру



Өздеріне сабақтың ұнаған сәттерін стикерге жаздырамын.

Сабақтың сәтті және сәтсіз сәттерін стикерге жазады.



Бекітемін: 8- сынып әдебиет пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары 9.02.2016ж



Сабақтың тақырыбы:

Т. Ахтанов «Күй аңызы»

Сабақтың мақсаты:

Шығарманың авторы Т. Ахтановтың өмір жолы мен шығармашылығын тануға жетелеу. Күйдің шығу тарихын білу. Кейіпкерлер әлеміне сипаттама бере білу.

Күтілетін нәтиже:

Жазушы өмірі туралы білгендерін ортаға сала алады, ақпаратты өз бетінше меңгере алады,оның шығармаларының тәрбиелік мәнін түсіне біледі, сыни ойлай білуге үйренеді. Кейіпкерлер арқылы оқушы бойына жақсы қасиеттер қалыптасады.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам,Компазициялық талдау,Жигсо, Топтастыру

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Мазмұны

Тапсырмалар

Қолданылатын әдіс- тәсілдер

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Нәтиже

Ұйымдастыру 1 мин

Психологиялық ахуал туғызу.


Оқушыларға бүгінгі күнге деген сәттілік тілектер айтқызу.





Амандасу. Сыныптағы

оқушыларды түгендеу.

Оқушыларды ортаға шығарып, жақсы тілектер айтқызу.


Мұғаліммен амандасады.

Жоқ оқушының себебін айтады.

Бүгінгі күнге деген тілектер айтады.


Жүздері жарқын ,жайдарлы болды.

Үй тапсырмасы

Сұрақ –жауап,жаттау

1. Ахтанов туған өңір қалай аталады? (Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы).

2. Ұстаз болуды армандаған жас жігіт Алматы қаласына келді. Сонда ол қандай жоғарғы оқу орнына түсті? (ҚазПИ-ге).

3. Оқуды неге аяқтай алмады? (себебі, соғыс басталып кетті де, Ахтанов майданға аттанды).

4. Сол кезде жазушы қаламынан жауынгерлерге рух беретін мақалалар жазылып, майдандық газеттерде жарияланды. Ұлы Отан соғысындағы суреттерді қандай романында берді? («Қаһарлы күндер»).

5. Көркем аудармамен де айналысты. Кімдердің шығармаларын аударды? (Пушкиннің, Толстойдың, Горькийдің, т.б.).

6.Ботасы өлген аруаны Естемес күйшіге қалай әсер етті?



Бүгінгі сабақ бойынша оқушыларға сұрақтар қоямын.

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді.

әңгіменің мәнін түсінген

Миға шабуыл

ой шақыру стратегиясы


Т. Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінде «Нар идірген» күйінің шығу тарихымен танысамыз. «Күй» деген сөздің шығу тарихы әр алуан. «Күй» деген түбір сөзден өрбіген алуан мағыналы сөздер бар екен. (Оқушылар өздері тауып келген бірнеше сөздерін ортаға салады).

Олар қандай сөздер:

Күйік – отқа, суға күйген жердің орны;

Күйіну – қайғыру, бір нәрсеге уайым шегу;

Күй – адамның белгілі бір сезім сәті;

Күй – қазақтың аспапты музыкасы;

Күйші – аспапты музыканы ойнайтын адам;

Күйле – домбыраның құлақ күйін келтіру;

Күйлі – адамның тұрмыс жағдайының жақсылығы.


Жетелеуші сұрақтар қоя арқылы тақырыпты ашу.



Берілген сұрақтарға оқушылар жауап береді.

ойшылдарды білді.

Мағынаны тану

түсіндіремін

1.топқа Екі жолаушының портретін суреттеген жерді тауып оқу.

2.топқа Жаңылдың портретін табу.



берілген тапсырманы топта оқып, мағынасын түсіндіреді.

Оқушылар топпен, жұппен бірге бірлесе отырып анықтайды.

өмірі мен шығармашылығын білді.

Сабақты қорыту




Қазақ халқының күнкөрісі төрт түлік малы. Төменгі сыныпта өткен төрт түлікті атасымен еске түсірейік.

«Жүк ауырын нар көтереді», - дейді. Ендеше Ойсылқараға арналған өздерің үйден жинастырып келген мақалдарыңды ортаға салыңдар.













Үйге тапсырма

мазмұндау

мазмұндау

қайталау

Күнделіктеріне тапсырманы жазады.




Рефлексия

2 жұлдыз, 1тілек. Алма ағашына жабыстыру

Тест құрастыру

Өздеріне сабақтың ұнаған сәттерін стикерге жаздырамын.

Сабақтың сәтті және сәтсіз сәттерін стикерге жазады.




Бекітемін: 8- сынып әдебиет пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары 25.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы:

Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы

Сабақтың мақсаты:

тарихи драмада бейнеленген адамдар тағдыры арқылы өмір шындығын, автор идеясын ұғындыру, образдар жүйесіне талдау жасау дағдыларын жетілдіру.

Күтілетін нәтиже:

қазақ халқының ашаршылық жылдарындағы қайғылы кезеңдері мен тарихи бастан кешкен қасіретін таниды;

-оқушылардың өз бетімен ізденіп оқуы мен шығармашылық дағдылары қалыптасады. Тарихи драманың мазмұнын, автордың идеясын ұғынады.



7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.+++++++++++++++++++++++++++++


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам,Компазициялық талдау,Жигсо, Топтастыру

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Мазмұны

Тапсырмалар

Қолданылатын әдіс- тәсілдер

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Нәтиже

Ұйымдастыру 1 мин

Психологиялық ахуал туғызу.


Оқушыларға бүгінгі күнге деген сәттілік тілектер айтқызу.





Амандасу. Сыныптағы

оқушыларды түгендеу.

Оқушыларды ортаға шығарып, жақсы тілектер айтқызу.


Мұғаліммен амандасады.

Жоқ оқушының себебін айтады.

Бүгінгі күнге деген тілектер айтады.


Жүздері жарқын ,жайдарлы болды.

Үй тапсырмасы

Сұрақ –жауап,жаттау

Мұқағали туралы не білеміз?Қара өлеңнің хан тәңірі деп неге атаймыз?Қандай шығармаларын білесіңдер?

Бүгінгі сабақ бойынша оқушыларға сұрақтар қоямын.

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді.

әңгіменің мәнін түсінген

Миға шабуыл

ой шақыру стратегиясы


Шерхан Мұртаза кім?

Қандай шығармаларымен таныссыңдар? Жазушы «Бесеудің хаты» драмасына қандай тарихи оқиғаны арқау етті?

Ашаршылық дегенді қалай түсінесіңдер?

Қалай ойлайсыңдар, бұл қасіретке қазақ халқы қалай ұшырады?Кім кінәлі?



Жетелеуші сұрақтар қоя арқылы тақырыпты ашу.



Берілген сұрақтарға оқушылар жауап береді.

ойшылдарды білді.

Мағынаны тану

түсіндіремін

1.топқа Екі жолаушының портретін суреттеген жерді тауып оқу.

2.топқа Жаңылдың портретін табу.



берілген тапсырманы топта оқып, мағынасын түсіндіреді.

Оқушылар топпен, жұппен бірге бірлесе отырып анықтайды.

өмірі мен шығармашылығын білді.

Сабақты қорыту




Драманың маңыздылығы неде деп ойлайсыз?
2.топ.Оқу барысында қандай сезімде болдыңыз?











Үйге тапсырма

мазмұндау

мазмұндау

қайталау

Күнделіктеріне тапсырманы жазады.




Рефлексия

2 жұлдыз, 1тілек. Алма ағашына жабыстыру

Тест құрастыру

Өздеріне сабақтың ұнаған сәттерін стикерге жаздырамын.

Сабақтың сәтті және сәтсіз сәттерін стикерге жазады.




Бекітемін: 8- сынып әдебиет пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары 1.03.2016ж

Сабақтың тақырыбы:

Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы

Сабақтың мақсаты:

Жазушы өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік, шығарма тақырыбы мен композициясына талдау жасау.

Күтілетін нәтиже:

оқушылардың өз бетімен ізденіп оқуы мен шығармашылық дағдылары қалыптасады. Тарихи драманың мазмұнын, автордың идеясын ұғынады.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам,Компазициялық талдау,Жигсо, Топтастыру

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Мазмұны

Тапсырмалар

Қолданылатын әдіс- тәсілдер

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Нәтиже

Ұйымдастыру 1 мин

Психологиялық ахуал туғызу.


Оқушыларға бүгінгі күнге деген сәттілік тілектер айтқызу.





Амандасу. Сыныптағы

оқушыларды түгендеу.

Оқушыларды ортаға шығарып, жақсы тілектер айтқызу.


Мұғаліммен амандасады.

Жоқ оқушының себебін айтады.

Бүгінгі күнге деген тілектер айтады.


Жүздері жарқын ,жайдарлы болды.

Үй тапсырмасы

Сұрақ –жауап,жаттау

Шерхан Мұртаза кім? Қандай шығармасын білесіңдер?


Бүгінгі сабақ бойынша оқушыларға сұрақтар қоямын.

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді.

әңгіменің мәнін түсінген

Миға шабуыл

ой шақыру стратегиясы


Қандай шығармаларымен таныссыңдар? Жазушы «Бесеудің хаты» драмасына қандай тарихи оқиғаны арқау етті?

Ашаршылық дегенді қалай түсінесіңдер?

Қалай ойлайсыңдар, бұл қасіретке қазақ халқы қалай ұшырады?Кім кінәлі?


Жетелеуші сұрақтар қоя арқылы тақырыпты ашу.



Берілген сұрақтарға оқушылар жауап береді.

ойшылдарды білді.

Мағынаны тану

түсіндіремін

1.топқа 1-7 сурет

2.топқа 8-13 сурет



берілген тапсырманы топта оқып, мағынасын түсіндіреді.

Оқушылар топпен, жұппен бірге бірлесе отырып анықтайды.

өмірі мен шығармашылығын білді.

Сабақты қорыту




1.Драманың маңыздылығы неде деп ойлайсыз?

2. Драмадағы Ғ.Мүсірепов қандай адам?

3.Сталин туралы не білесіңдер?











Үйге тапсырма

мазмұндау

мазмұндау және «Елім -ай» тақырыбына шығарма жазу

қайталау

Күнделіктеріне тапсырманы жазады.




Рефлексия

2 жұлдыз, 1тілек. Алма ағашына жабыстыру



Өздеріне сабақтың ұнаған сәттерін стикерге жаздырамын.

Сабақтың сәтті және сәтсіз сәттерін стикерге жазады.




Тарих толқынында туған халқымыздың көрмеген азабы мен қасіреті кемде-кем. Солардың бірі өткен ғасырдың 30-шы жылдарында қазақ халқының туған Отанында тұрып, жаппай ашаршылыққа ұшырауы еді.

Ұжымдастыру ұранымен жүргізілген қызыл коммунистердің сойқан жүгенсіз әрекеттерінен болған алапат оқиға-тын ол. Бұл жәйт көркем әдебиетте өшпестей болып таңбаланып қалған. Солардың бірі жазушы, публицист Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» деп аталатын драмалық пьесасы. Сонда ашаршылыққа араша түскен Алаштың бес асыл азаматтары кімдер еді? Енді осыларды тарқатып айтып көрейік. Бірінші Ғабит Мүсірепов – шаруаның баласы, кейін аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, академик жазушы, қазақ әдебиетінің классигі. Мұташ Дәулетқалиев Оралдағы Басқұншақ тұз өнеркәсібі жұмысшысының баласы. Мәскеудегі Плеханов атындағы университетте оқыған, СОКП Орталық Комитетінің хатшысы болған Сусловпен бірге оқыған азамат. Үшінші Расул Ғатаулин – Қарағанды шахтерінің баласы, кейін Қарқаралы губерниялық комитетінің екінші хатшысы, Алматыдағы кадрлар мектебінің директоры болған абзал жан.

Төртінші Қ.Қойшыбаев – Қарағанды жұмысшысының баласы. Бесінші – Е.Алтынбеков мұғалімнің перзенті. Осы бесеудің бәрі де Орынбор рабфагында оқыған азаматтар.

«Бесеудің хаты» біздің үйде 1932 жылы 4 желтоқсанда жазылды», деп еске алатын Мұташ Дәулетқалиевтің зайыбы Азғар Нұриденқызы Дәулетқалиева. Азғар апай 80 жастан асқан шағында дүниеден озған. Осы әңгімені жеткізгені үшін алғысымызды білдіріп, жатқан жері жайлы болсын демекпіз.

Бұл бесеуге кейін сталинизм жендеттері зорлық-зомбылық көрсетіп, әңгіртаяқ ойнатты. «Халық жауы» деген жалған жаламен соттап жер аударды. Мысалы, Мұташ Дәулетқалиев Семейдегі абақтыға қамалды. Күйеуін іздеп барған Азғар Нұриденқызы екі баласымен жұмыстан шығарылды.

Туған халқын, оның болашағын қорғап, бас бостандығынан айырылған азаматтардың рухы мәңгі жасай берсін. Олардың өмір тарихы туралы толық деректерді зерттеушілер, зиялы азаматтар жазып, толықтыра жатар деген үмітпен осы әңгімемді аяқтаймын..Хат жазған бесу кім?

(Мүсірепов, Ғаттауллин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев) Хаттың авторлары — жазушы Ғабит Мүсірепов (1902—1985), Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин (1903—1938), Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков (1904—1954) пен Мұташ Дәулетқалиев (1904 — 1982), Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев (1906 — өлген жылы белгісіз) қуғынға ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады. [1]

1932 жылы 4 шiлдеде БК (б) П Қазақ өлкелiк комитетiнiң бiрiншi хатшысы Ф.И.Голощекинге бiр хат келiп түседi. Қазақстан ауыл шаруашылығының астаң-кестеңiн шығарып, қорасында «ашатұяқ қалмаған» қарапайым халықтың қырылғанына қарап ләззаттанып отырған басшы хатты ашып қалғанда-ақ өрт сөндiргендей түнерiп кетедi. Хаттың қысқаша мазмұны мынадай едi:

Ф. Ордер

Шындықты бұрмалап, жоғары жаққа «Кеңестер елiнде бәрi керемет!» деп есеп берiп келген Өлкелiк комитеттiң төбесiнен жай түсiрген бұл хатты жазған бесеу кiм едi? Тарихшы не болмаса өздiгiнен iзденетiн аз ғана топ болмаса, барша бұқара бүгiнде «Бесеудiң хатын» да, оны жазған бесеудi де ұмыт қалдырғандай. Тiптi қазақ тарихында сондай бiр оқиғаның болғанын да, оның трагедиялық ақырын бiлмейтiндер де бар. Шыны керек, хабары бар деген өзiмiздiң де бiр Ғабеңнен басқасының атын бiлгенiмiз болмаса, затын түстеп бере алмаймыз. Ал ақиқатында бес том кiтап жазуға лайық «бесеу» мiне мыналар:

1. Кеше ғана бiр қойдың етiн бiр-ақ асып жеп, қымызды сабасымен iшетiн халықтың ендi бүгiн бiр уыс бидайға зар болып, аштықтан қырылып жатқанына бейжай қарай алмаған жазушы Ғабит МҮСIРЕПОВ басында Мұташ Дәулетқалиевке ғана осыны қолға алу керектiгiн айтып, сыр бөлiссе керек. Содан екеуi түнделетiп бiрде Мұтағаңның, бiресе Ғабеңнiң үйiнде бас қосып, тiптi жарларына да тiс жармай, құпия түрде хат мәтiнiн әзiрлеуге кiрiседi. Хат дайын болғанда, қатарларына тағы Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков пен Қадыр Қуанышевтар қосылады. Сонымен, бесеудiң басын қосқан – жазушы Ғабит Мүсiрепов.

2. Ал ендi Ғабеңмен бiрге хат мәтiнiн әзiрлеген Мұташ ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ кiм едi? 1904 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданының Тайбұрат деген жерiнде дүниеге келген ол 1923 жылы Орынбордың рабфагында жазушы Ғабит Мүсiрепов, Сәбит Мұқанов, Бейiмбет Майлиндермен бiрге оқыған. Содан кейiн Мәскеудегi Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бiтiрiп, елде түрлi салада басшылық қызметтер атқарған Мұташ Дәулетқалиев хат жазылған тұста КомВУЗ-дың (кейiннен жоғары партия мектебi болған) ректоры қызметiнде болған екен. Голощекин қанша тiсiн қайраса да, олардың көзiн жойып жiберуге құдiретi жетпей, тек “оппортунистер” деп қудалауға ұшыратады. Сол себептi Мұташ ағамыз Арал қаласы парткомының бiрiншi хатшысы қызметiне “жiберiледi”. Одан қайтадан Алматыға келiп, Қазақ өлкелiк комитетiндегi мәдениет бөлiмiн басқарады. Бұл қызметте де шыдатпай, Қордай аудандық партия комитетiне хатшы боп кетедi. Әйтеуiр, 1935 жылы Қазақстаннан кетiп, «көзi жоғалғанша» Голощекин оның соңына әбден түскен екен. 1938 жылы Мүкең “халық жауы” деген жаламен ұсталады…1982 жылы Алматы қаласында өз ажалынан дүниеден озған.

3. Үшiншi тұлға – сол тұста Қазақ мемлекеттiк баспасының меңгерушiсi қызметiн атқарған Мансұр ҒАТАУЛИН. Ол 1903 жылы Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданы Нысамбай ауылында туылған. Сол тұстағы құрдастары секiлдi ол да алғаш ауылдағы шiркеу мектебiнен сауаттанып, содан соң бiлiмiн Астрахань гимназиясында жалғастырады. Алғай-Ембi темiржол құрылысын салуға атсалысқан Мансұрды уезд бөлiмi 1925 жылы Саратов малдәрiгерлiк институтына жiбередi. Бiрақ отбасын асырау iсi жалғыз өзiне қарап тұрғандықтан, ол оқуын тастап, «Еңбекшi қазақ», «Лениншiл жас» газеттерiне мақала жазумен айналысады. Содан кейiн саяси iстерге етене араласқан Мансұр Тиатұлы да халықтың басына төнген қасiретке қарсы тұруды азаматтық парызына баласа керек. «Бесеудiң хатынан» кейiнгi бұл кiсiнiң тағдыры 1937 жылғы репрессияға ұласады. Сонда ату жазасына кесiлiп бара жатқан жанкештi азамат жанындағы өзiнiң серiктерiн нұсқап: «Бұлардың еш жазығы жоқ. Мен – жаумын. Менi соттаңдар, жалғыз өзiмдi. Бiрақ мен де халық жауы емеспiн, мен – өз халқымның жауының жауымын. Мен ондай дертке 1932 жылы аштықтан әбден ашынып, көздерi қарауытқан, сөйтiп, адамға пышақ ала ұмтылған халқымды көргенде ұшырағанмын», – деп салады. Бұл оның соңғы сөзi едi. Осыдан кейiн Мансұр Ғатаулиндi атуға алып кетедi.

4. Есiмiн көпшiлiк бiле бермейтiн әрi дерегi де аз «бесеудiң» бiрi – Емберген АЛТЫНБЕКОВ. 1904 жылы туылған бұл азамат жайлы қолдағы бар дерек – оның 1925 жылы Коммунистiк партияға мүшелiкке қабылданып, ал хатты жазған кезде Мұташ Дәулетқалиев басқаратын Коммунистiк жоғары оқу орнында оқу iсi жөнiндегi проректор болғандығы жайлы ғана дерек.

5. Қадыр ҚУАНЫШЕВ 1906 жылы туылған. 1930 жылдан бастап Коммунистiк партияның мүшесi болған ол дәл сол тұста Қазақ АССР Мемлекеттiк жоспарлау комиссиясының энергетика секторының меңгерушiсi қызметiн атқарыпты.

Қазақ тарихындағы алапат аштық кезеңiн арнайы зерттеген тарихшылардың бiрi де бiрегейi – Талас Омарбеков. «Бәлкiм, сол кiсiнiң қолында осы «Бесеудiң хатына» қатысты құжаттар мен авторлардың суреттерi бар шығар» деген оймен бiз ғалымға хабарластық.

БК(б)П Өлкелiк комитетiне, Голощекин жолдасқа

...«Бүгiнгi Қазақстан – бұл 163 миллион сомның товарлы өнiмiн беретiн, 40 миллион малы бар өлке», – деп жаздыңыз Сiз, Голощекин жолдас, 1930 жылы «Октябрь революциясының жеңiстерi» деген мақалаңызда («Қазақстанның 10 жылдығы» атты жинақ). ...Бiрақ қазiр, Сiздiң мәлiмдемеңiзден кейiн 2 жыл өткен кезде Қазақстанда мал шаруашылығы саласында мал басының қисапсыз кемiп кеткенi әмбеге аян болып отыр: 1930 жылғы мал басының 1/8 бөлiгi (40 миллионнан 5 миллион) ғана қалды. Тек байлар мен кулактардың ғана емес, тек жекеменшiктi орташалар мен кедейлердiң ғана емес, сонымен бiрге, негiзiнен алғанда, колхоздар мен колхозшылардың (iшiнара совхоздардың да) қоғамдастырылған және қоғамдастырылмаған малы да осындай зор шығынға, сұрапыл қырғынға ұшырады...

... Мал басының қисапсыз кемiп кетуi мен көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық (қыстың екiншi жартысынан бастап) жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс?.. Нағыз көзбояушылар, көпiрме жоспарлар жасаушылар, оның үстiне өздерiне жүктелген нақты iс басқара алмаған, көзбояушылықпен «бәрi де жақсы» деп тұжырымдап, өнеркәсiп саласындағы жетiстiктерге арқа сүйеген, сөйтiп, осынау елеулi мәселелерге жұртшылық назарын әлсiреткен жер органдары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерi одағының мүшелерi неге бүкiл жұртшылық алдында сабақ боларлықтай сазайын тартпайды?

Ғабит МҮСIРЕПОВ

Мұташ ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ

Мансұр ҒАТАУЛИН

Емберген АЛТЫНБЕКОВ

Қадыр ҚУАНЫШЕВ

3716 1

Пернекул Мынжасарова



маған қатты ұнады

22.02.2016 20:04:39

Жауап беру

Для добавления комментариев авторизируйтесь на сайте либо войдите через социальную сеть

ВКонтакте

Facebook


Google

Twitter


Бекітемін: 8- сынып әдебиет пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары 4.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы:

Т. Ахтанов «Күй аңызы»

Сабақтың мақсаты:

Аңыз, күй туралы төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіру, шығарма идеясын ашу, әңгіме мұратын ұғындыру; Аңыз және күй аңызы түрлерін ажырата білуге үйрету, оқушылардың ойын, тілін дамыту;оқушылардың өнерге деген эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, өнерге, өнер адамына деген құрмет сезімін қалыптастыру, халқымыздың мәдени мұрасының дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:



7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам,Компазициялық талдау,Жигсо, Топтастыру

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Мазмұны

Тапсырмалар

Қолданылатын әдіс- тәсілдер

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Нәтиже

Ұйымдастыру 1 мин

Психологиялық ахуал туғызу.


Оқушыларға бүгінгі күнге деген сәттілік тілектер айтқызу.





Амандасу. Сыныптағы

оқушыларды түгендеу.

Оқушыларды ортаға шығарып, жақсы тілектер айтқызу.


Мұғаліммен амандасады.

Жоқ оқушының себебін айтады.

Бүгінгі күнге деген тілектер айтады.


Жүздері жарқын ,жайдарлы болды.

Үй тапсырмасы

Сұрақ –жауап,жаттау

Бақтығұл монологы,портрет, «Ұлы жазушы» шығарма



Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді.

өлеңнің мәнін түсінген

Миға шабуыл

ой шақыру стратегиясы


Ән-жырды бәріміз тыңдаймыз.Күй туралы не білеміз?

Күйші деген кім?Күйшілерден кімдерді білеміз?



Жетелеуші сұрақтар қоя арқылы тақырыпты ашу.



Берілген сұрақтарға оқушылар жауап береді.

ойшылдарды білді.

Мағынаны тану

түсіндіремін

Қазақтың саз аспаптары - ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. үй жанры - қазақ музыка шығармаларының ішіндегі ең ірі жанырының бірі. Ал аңыз туралы, оның түрлері туралы сызбадан көруге болады.

Аңыз


Тарихи (Кенесары, Жошы хан, т. б.)

Топанимикалық(Жер - су атауына байланысты)

Шежірелік(ру, тайпа, жүз)

ДЖИГСО әдісі: Әр топқа тақырыптағы бөлімдерді бөліп оқу беріледі.Әр топ оқыған бөліміне тақырып қояды.


берілген тапсырманы топта оқып, мағынасын түсіндіреді.

Оқушылар топпен, жұппен бірге бірлесе отырып анықтайды.

өмірі мен шығармашылығын білді.

Сабақты бекіту

сұрақ -жауап

1.Тахауи Ахтанов қай жылы,қай жерде дүниеге келген?2.1956 жылы жарық көрген тұңғыш кітабы қалай аталады?(Қаһарлы күндер) 3.Қазақ халқының қандай ұлттық аспаптары бар?(Домбыра,қобыз,шаңқобыз,дабыл, дауылпаз,сазсырнай,т.б.) 4. Күй дегеніміз не? 3) Күйдің қандай түрі бар? 5. Күйші дегеніміз кім? 6. Қазақты қандай күйшілерін білесіңдер? 7. Аңыз дегеніміз не?

сұрақтар қоямын

оқушылар жауап береді.




Үйге тапсырма

мазмұндау

мазмұндау

қайталау

Күнделіктеріне тапсырманы жазады.




Рефлексия

2 жұлдыз, 1тілек. Алма ағашына жабыстыру




Өздеріне сабақтың ұнаған сәттерін стикерге жаздырамын.

Сабақтың сәтті және сәтсіз сәттерін стикерге жазады.



Тахауи Ахтанов (1923—1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқарауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мендраматургия.


Шығармалары. Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы". 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Дала сыры" повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, "Боран" романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.

Бекітемін: 8- сынып әдебиет пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары 2.02.2016ж



Сабақтың тақырыбы:

«Қараш-қараш оқиғасындағы» кейіпкерлерді талдау

Сабақтың мақсаты:

Шығарма мазмұнын толық талдау, басты кейіпкер Бақтығұлдың іс - әрекеті арқылы сол кездегі кедейлер тартқан әлеуметтік теңсіздікті ұғындыру.Оқушыларға проблемалық ситуациялар тудыру барысында олардың ойларын еркін айтуға, әр кейіпкердің іс - әрекетіне орай өз бағасын беріп, талқылауға, өзіндік тұжырым жасауға үйрету. «Қараш-Қараш оқиғасы» повесіндегі образдар бейнесіне талдау жасау арқылы прототиптік бейнесін айту арқылы тарихи деректерден мағлұмат беру, кейіпкерлер арқылы оқушы бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Ақын өмірі туралы білгендерін ортаға сала алады, ақпаратты өз бетінше меңгере алады, ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсіне біледі, сыни ойлай білуге үйренеді. Кейіпкерлер арқылы оқушы бойына жақсы қасиеттер қалыптасады.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам,Компазициялық талдау,Жигсо, Топтастыру

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Мазмұны

Тапсырмалар

Қолданылатын әдіс- тәсілдер

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Нәтиже

Ұйымдастыру 1 мин

Психологиялық ахуал туғызу.


Оқушыларға бүгінгі күнге деген сәттілік тілектер айтқызу.





Амандасу. Сыныптағы

оқушыларды түгендеу.

Оқушыларды ортаға шығарып, жақсы тілектер айтқызу.


Мұғаліммен амандасады.

Жоқ оқушының себебін айтады.

Бүгінгі күнге деген тілектер айтады.


Жүздері жарқын ,жайдарлы болды.

Үй тапсырмасы

Сұрақ –жауап,жаттау

1. Тектіғұлдың өліміне кім кінәлі?

2. Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?

3. Бақтығұлдың өш алу жолындағы алғашқы әрекеті неге сәтсіз аяқталды?

4. Оның Жарасбайға бару себебі неде? Болыс оны қандай мақсаттарға пайдаланды?

5. Бақтығұлдың ақ жолдан таюына не себеп болды? Әділдік іздеп жүріп әділетсіздікке тап болу мүмкін нәрсе ме?

6. Билер Бақтығұл үшін қандай шешім шығарды? Осыдан кейінгі Бақтығұлдың өмірі қалай өрілді?

7. Бақтығұл Сәлменді емес, неге Жарасбайды өлтірді?

8. Бақтығұл Жарасбайды өлтіргеніне өкінді ме? Не үшін?

9. Оқиға не себепті «Қараш - Қараш» деп аталды?

10. Намысқой, өр мінезді Бақтығұлдың өзгенің жетегінде жүрген сорлы, бейшара жанға айналуының себебі неде деп ойлайсыңдар?

11. Сенің ойыңша, хикаят соңы қалай аяқталады? Өз шешімің.


жетелеуші сұрақтар қойып отырамын.

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді.

әңгіме мазмұнын түсінген

Миға шабуыл

ой шақыру стратегиясы


Адами қасиеттер

Б-батыл да, батыр болған

А- аңқау, аңғал

Қ- қайсар да, қайратты ер

Т- табанды, төзімді

Ы-ызалы( жауына ызалы)

Ғ- ғаламат күш иесі

Ұ- ұстамды

Л- лайықты


Жетелеуші сұрақтар қоя арқылы тақырыпты ашу.



Берілген сұрақтарға оқушылар жауап береді.

Бақтығұл мінезін білді.

Мағынаны тану

түсіндіремін

І топ: Хикаяттан басты кейіпкердің портретін тауып, ондағы жазушы қолданған бейнелі сөздер арқылы жазушының шеберлігін дәлелдеп айту.

ІІ топ: Бақтығұлдың монологын оқып, ондағы жазушы қолданған көркем образды сөздерді табу.

ІІІ топ: Табиғатты суреттейтін тұсты мәтіннен тауып, жазушы оны кейіпкердің жан дүниесімен қалай астастыра алғанын дәлелдеу.


берілген тапсырманы топта оқып, мағынасын түсіндіреді.

Бақтығұл – еркіндікті аңсаған намысшыл қазақ

Бақтығұл – кек алушы күрескер

Бақтығұл – Сәлмен мен Жарасбайдың құрбаны

Бақтығұл – қорғансыз сорлы


Оқушылар топпен, жұппен бірге бірлесе отырып анықтайды.

өмірі мен шығармашылығын білді.

шығармашылық жұмыс

топтық тапсырма

Шығармаға композициялық талдау

Оқиғаның басталуы -

Оқиғаның дамуы -

Оқиғаның шиеленісуі -

Оқиғаның шарықтау шегі -

Шешімі –


шығарманың құрылысын анықтау

шығарма құрылысын анықтай алады.




Үйге тапсырма

мазмұндау\шығарма

шығарма

«М. Әуезов – ұлы жазушы»

Күнделіктеріне тапсырманы жазады.




Рефлексия

2 жұлдыз, 1тілек. Алма ағашына жабыстыру




Өздеріне сабақтың ұнаған сәттерін стикерге жаздырамын.

Сабақтың сәтті және сәтсіз сәттерін стикерге жазады.




Каталог: uploads -> doc -> 02bf
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет