Тақырыбы: кітап − білім бұЛАҒЫ



Дата10.10.2020
өлшемі41,72 Kb.
#64117

Тақырыбы: КІТАП − БІЛІМ БҰЛАҒЫ
Мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапты күтіп, оны таза, ұқыпты пайдалануға үйрету.
Көрнекілігі: Кітап туралы жазылған плакаттар, кітаптар қоры, сызба.
Жүргізу әдісі: Ойын, сұрақ − жауап, көрнекілік, әңгіме, кітапханаға саяхат.
Барысы: І. Психологиялық дайындық

Шеңбер бірі бірімен танысады.
− Оқушылардың назарын аудару.
− Кітап туралы мақал − мәтелді хормен айтқызу «Кітап − көп ақылдың құйылған көлі». Мағынасын ашып беру.
ІІ. Негізгі бөлім.
а/ Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ә/ Сұрақтарға жауап алу.
Балалар, мынау нелер? (кітаптар, бірі ескі, бірі жаңа)
Бұл кітаптарда нелер жазылған? Осы кітап біздерге керек пе? Неге?
б/ Біздің елімізде бірде бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы мемлекеттік маңызы бар «Білім туралы» Заң қабылданған. Елімізде кітап шығаруға көп көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде мектеп оқушыларына оқулықтар тегін беріледі. Оған көптеген қыруар ақша жұмсалады. Оқулықты, көркем әдебиетті күтіп ұстай білейік, оларды басып шығаруға аға − апаларымыздың көп еңбегі кетті.

Дильназ:
Саған білім жемісін
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді.
Орманшы ағаштарды кеседі.
Машинист ағашты тасиды
Зауыт қағаз басады
Ғалымдар, Суретшілер
Әріп терушілер
Назира:
Оқулықты мектебің
Берер саған теп − тегін
Білмейсің ау, сен бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.

в/ Кеңестер, үнемі есте сақтап жүру керек.
☺Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.
☺Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.
☺Кітап беттерін жыртпа.
☺Кітапқа сурет салма, жазба.
☺Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.
☺Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам салма.

г/ Тірек − сызбамен жұмыс.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
а/ Мектеп кітапханасына қонаққа бару.
Кітаптар да адам сияқты: өмірге келеді, өмір сүреді, қартаяды, өледі. Олар да біз сияқты ауырып қалуы мүмкін. Ауырған жағдайда оларды емдеу қажет. Сол үшін де кітаптарды аялап ұстауымыз керек. Бүгін біз кітаптарда қонақтамыз. Бізді қоршап тұрған кітаптар. Ол − кітапхана. Кітапханада өз өзіңді қалай ұстау керек?
1. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені, басқа адамдарға кедергі келтіресіңдер.
2. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын естен шығарма.
3. Кітапты уақытында қайтар. Өйтпесе, басқа оқушы күтіп қалады.
4. Кітапты жоғалтып алма.

ә/ Сұрақтарға жауап алу.
б/ Кітап − жан айнасы. Адал досың. Кітаптың да арманы бар. Ол − лас, ұқыпсыз оқушылардың қолына түспеу. Білімге қызығатын, ұқыпты балалардың қолына түссек екен деп армандайды.

Қызылегіс негізгі мектебі

КІТАП − БІЛІМ БҰЛАҒЫ

/1-4 сынып/

Ойын-сұрақ


Кітапханашысы: Жакишева С.А.



2017-2018 оқу жылы
Каталог: arc -> attach -> 513
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі
513 -> Сабақтың түрі: әңгіме. Сабақтың әдісі: түсіндіру сұрақ-жауап. Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет