Тақырыбы: Күй анасы-Дина
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Күйшінің өмірімен, шығармашылығымен толық таныстыра отырып, күйді тыңдау,
Тәрбиелілігі: - Дина әжеміздің күйлерін,шығармаларын оқушыға түсіндіру. Күйдің шығу тарихын білу. Халық өнерпаздарын құрметтеуге, өнерін бағалауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: - Күй анасының «Арнау күйлерімен» таныстыру. Оқушының ән айту, жаттау дағдыларын қалыптастыру. Берілген өлеңнің мағынасын түсіну, дұрыс жаттау, білімдерін арттыру.
Берілген әндерді орындап, өз беттерімен жұмыстану, машықтандыру
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, үнтаспа, баян, домбыра аспабы,
Күтілетін нәтиже: Күйші туралы толық мағлұмат алады, шығарманы талдау жасай алады; Қарым-қатынас орнайды.Ой толықтырады, білімдерін дәлелдейді.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, ББҮ стратегиясы, қойылым,
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту: Музыкамен амандасу.
-Саламатсызба, балалар!
-Саламатсыз ба!
Музыка сабағында қалай отыру керек екенін еске түсіреміз.
- Көңіл-күйіміз қалай? Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба? Құралдарымызды шығарып, сабағымызды бастайық.
« Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен «Мен жақсы оқушымын, мен әдептімін !» деп 2 рет қайталаңдар. Бір-біріңе қарап, жымиыңдар!»
-Балалар, біз өткен сабақта кіммен таныстық?
-Балалар, Күй дегеніміз не?
-Күй тартатын адамды біз кім дейміз?
- Біз осы 1 тоқсан бойына қандай өнер адамдарымен таныстық?
-Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей т.б
- Осы күйшілердің ішінде кімдер біздің жерлесіміз?
-Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы.
-Құрамнғазының ұстазы кім?
-Ұзақ.
-Ендеше балалар, Құрманғазы да бір күйшінің ұстазы екен. Ол да шәкірт тәрбиелеген.
Демек, Құрманғазының шәкірті-Дина Нұрпейісова.
II Мағынаны тану
Олай болса біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз Күй анасы -Дина Нұрпейісова.
Дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жады мен жаңа тақырыптың атын жазып қояйық.
-Балалар сіздер Дина Нұрпейісова туралы не білесіңдер?
-Қане, тақтадағы плакатқа білетінімізді жазып, кестені толтырайық.
-Дина Нұрпейісова туралы не білгілерің келеді?
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
Күйші
Домбыра аспабында ойнайды
Күй тартады
|
Қандай күйлері бар екенін,
Қай жерде дүниеге келгенін,
|
|
- ия, ендеше, үйрендім кестесін сабақ соңында толтыратын боламыз.
- Олай болса оқулығымызды ашып, Дина туралы берілген мәтінді оқиық.
Оқулықпен жұмыс: (2-3 оқушы мәтінді оқиды)
-Дина кім екен?
-Қай жылы қай жерде дүниеге келген?
- Қанда күйлері бар екен?
-Ұстазы кім?
-Олай болса балалар, Құрманғазы атаның Динаны іздеп келіп батасын берген сәтінен қысқаша қойылым көріп жіберейік.
Қысқаша қойылым (Құрманғазының Динаға домбырасын аманат етіп батасын беруі)
Достарыңызбен бөлісу: |