Бекітемін
Мектеп директоры:
С.Т Сүйесінова
___________
Новоишим қазақ орта мектебі
Тақырыбы: «Күн шуағын төккен – Ана»
«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты өнегелі-рухани онкүндігі аясында
Орындаған: кітапханашы Кусаинова Ш.К
2016-2017 оқу жыл
Тақырыбы:Күн шуағын төккен - Ана
Құндылығы: Дұрыс әрекет, сүйіспеншілік.
Қасиеттері: Мейірімділік, бауырмалдық, еңбек сүйгіштік.
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген сүйіспеншілік, махаббат достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
1.Әңгімелеу кітапханашы:
Біз бүгін 10 күндік апталық аясында «Күн шуағын төккен – Ана» «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның 76 жасқа толуына байланысты, оның өмірі мен және еңбек жолымен танысамыз.
Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым құрылыс жұмысшысы болып бастаған.Жоғары білімді экономист.
1992 жылдан бастап балаларға рухани, адамгершілік білім беру және тәрбиелеуге байланысты мәселелерді шешуге нақты көмек көрсететін «Бөбек» Республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Сара Алпысқызы –қоғамның, адамның рухани адамгершілік дамуы бойынша бірнеше кітаптардың авторы, бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама құрды 2006 жылы мамыр айында Мәскеуде адамзатты ізгі мұраттарына қызмет атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығы тапсырылды.
Сара Алпысқызы жалпы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың қайта өрлеу «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы болып табылды. «Өзін-өзі танудың» философиясына ұланғайыр үлес қосқаны үшін Шыңғыс Айтматов атындағы «Алтын» медальға ие болды. 2010 жылы аналар мен балаларды қорғаудағы, Қазақстанның жас ұрпағына рухани тағылымдық білім берудегі еңбегі үшін «Достық жұлдызы» сыйлығы табыс етілді, бұл марапатты тұңғыш рет Сара Алпысқызы иеленіп отыр.
2.Балаларға слайд көрсету.
3. Қорытынды
Сара Алпысқызының жүректен шыққан жылы сөзі адамды тебірентіп өзін-өзі тануына, өзін-өзі сыйлай білуіне,шын ниет,адал жүрекпен басталған істің нәтижелі болатынын ұғындырады.Әр адамның тұлғалық дамуы әркімнің өзіне, жасалған әрекетіне байланысты болады.Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге,ата-анасына,ең жақын адамдарына,жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық сенімді ізгілік қасиеттерін дамыта түседі.
4.
Соңғы тыныштық сәті.
Балалар енді бір сәтке тынышталып көзімізді жұмып, ішімізден Сара анамызға, өз аналарымызға, жақын адамдарымызға ең ізгі тілектерді тілейік. Ал енді көзімізді ашып, кім қандай тілек айтқанын тыңдайық.
Оқушылар жауаптары:
“Сара анамыз аман болсын”
“Жетім балалар азайсын”
“Мен анама денсаулық тілеймін ”
“Барлық жер бетіндегі ана мен бала бақытты болсын”
“Мен адамзатқа бейбітшілік тілеймін”
“Аспанымыз ашық болсын”
Достарыңызбен бөлісу: |