Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті»


«Таныс болайық!» жаттығуы



бет2/10
Дата17.01.2022
өлшемі79,72 Kb.
#129386
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тренинг ұстаздар

«Таныс болайық!» жаттығуы
Мақсаты: Өзін таныстыру, ұжымға бейімделу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағытталу.

  • 2 - жаттығу «Кездесу»
    Ішкі және сыртқы шеңбер жасап тұрған мұғалімдер бір - біріне қарап жұптасып тұрады. Жүргізушінің белгісімен қозғала бастайды (сыртқы шеңбер оңға, ішкі шеңбер солға жайлы әуенмен айналады. Әуен тоқтаған кезде олар да тоқтайды.)
    Әр жұпқа тапсырма беріледі.
    А) Сіздер ұзақ уақыттан соң кездестіңіздер, бұрын өте жақын болмағанмен, жақсы қарым - қатынаста болдыңыздар. Өз сезіміңізді көрсетіңіз…
    Ә) Бала кезде жақын дос болдыңыздар. Біреуіңіз басқа қалаға кеткен едіңіз, бір жылдан соң кездестіңдер…
    Б) Сіздің алдыңызда тұрған адам өте ұялшақ, ал оны маңызды да қиын кездесу күтіп түр. Көңілін орнықтырыңыз.
    В) Мына адам сен үшін өте жағымды іс істеді. Сен оны біліп тұрсың…
    Г) Мына адамның керемет ерлігі туралы (рекорд жасады, өлімнен құтқарды) жақында ғана білдің. Міне, енді кездестіңдер.
    Д) Мына адамның жолы болмады, бұл – әділетсіздік. Сыр бермей - ақ тұр, ал сен оның ең жақын досысың, оның қандай күйде екенің түсінесің…

  • «Әріптер сөйлейді» жаттығуы

    Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізушінің қолындағы әріптерден өзіне ұнаған әріпті таңдап алады. Жүргізуші сұрақ қояды. Қолындағы әріптен басталатын сөзбен жауап беруі қажет.

    • Әдістеме: «Менің мінезім»
      Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.
      Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі.
      Әр бөлікке төмендегі жануар,аң, құс аттарын жазып шығады.
      Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу, Қарлығаш,
      Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі, Тасбақа,
      Жылан, Балық.
      Соңында 1. Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында, 4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады.

    Жауабы:
    1. Түйе- шыдамды
    2. Жылқы- тектілік
    3. Сиыр- өкпелегіш
    4. Қой- жайдарлылық
    5. Ешкі- ұйымдастырушылық
    6. Ит- адалдық
    7. Мысық- биөрісі басым адамдар
    8. Тауық- шығармашыл
    9. Қаз- тазалық
    10. Аққу- сезімтал
    11. Қарлығаш- бауырмал
    12. Үйрек- ұқыптылық
    13. Бұлбұл- әнді жақсы көретін
    14. Арыстан- қайратты
    15. Қасқыр- жігерлі
    16. Түлкі- бейімделгіш
    17. Маймыл- әртістік қабілеті бар
    18. Қоян- елгезек
    19. Тауешкі- талғамы жоғары
    20. Тасбақа- мейірімді
    21. Жылан- салқынқанды
    22. Балық- еркіндікті қалайды
    Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет