Артикуляциялық жаттығулар
Тіл бұлшықетіне арналған жаттығулар
Тәтті тосап. Біз анамыз дайындаған тәтті тосапты жақсы көреміз. Тосап тіл үйіреді. Тосап ерінімізге жұғып қалыпты.
|
Тілді ерінге қойып, ерінге жұққан тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатады. Бұл жаттығу 2-3 рет орындалады. Тосаптың орнына балды алуға болады.
|
2) Көңілді тіл.
а) Біздің ауызымызда Көңілді Тіл өмір сүреді. Оның үйшігі - ауыз. Көңілді, тентек Тіл бір орында отыра алмайды. Сондықтан ол үйшігінен шығып жан-жағына қарайды. Оң жағына қарайды, сол жағына қарайды.
ә) Көңілді Тіл күнде ертемен далаға шығып, жан-жағына амандасады.
Тілді сыртқа шығарып, ырғақпен оңға –солға, солға-оңға бұрады. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.
Достарыңызбен бөлісу: |