Тақырыбы: мамандық Әлеміне саяхат 9-11 сыныпқа өткізу



бет1/3
Дата08.11.2023
өлшемі40,5 Kb.
#190466
  1   2   3
Байланысты:
takyryby-mamandyk-alemine-sayakhat-11-synyp-5430226980f00


Тақырыбы: МАМАНДЫҚ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ 9-11 сыныпқа өткізу
Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Әдісі:
тренингтер, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс



І. Кіріспе.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.
1. Тренинг. «Сенің ерекше қабілетің»
Бір-бірімізге тек қана бір жақсы қабілетімізді жазайық. Оқушылар, сыныптастарының арқасында ілінген ақ қағазға, оқушының өзі байқаған жеке қасиетін жазады. Мысалы: ұйымшыл, белсенді, іскер, өнерлі.
ІІ. Негізгі бөлім
2. Тақырыпқа кіріспе.
Слайдпен Абайдың бір шумақ өлеңі көрсетіледі, дыбыспен оқылады.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан. (Абай Құнанбаев)
Сұрақ-жауап.
1. Ұлы ақын Абай Құнанбаев осы өлеңі арқылы бізге қандай ой тастап тұр?
2. Адамның өмірден өз орнын таба білуі дегенді қалай түсінесіңдер? 2 минут
Жүргізуші психолог: Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі.
Ал осы мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар?
Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен.
Сонымен «Ми шабуылы» - ой қозғауы бастайық: Жалпы сұрақ 3 минут

  1. Мамандық дегеніміз не?

  2. Мамандықты меңгеру үшін не қажет?

  3. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

  4. Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?

  5. Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

  6. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?

  7. Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?

  8. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет