IV.Математикалық және пәнаралық байланыстар:
Квадраттың қабырғалар санын 100-ге көбейтіңіз. (400)
Дөңгелек сөзінің әріптер санын 2-ге бөліп,5-ке көбейтіңіз. (20)
Шашбау сөзінің жартысына ка жалғауын қос.(шашка)
Бір жұмыртқа 4минутта піседі.Ал 5жұмыртқа неше минутта піседі?(4минут)
Кісібе жылдың ақпан айының соңғы күнінен 4 пен 5-тің көбейтіндісін айырыңыз.(9)
Тәуелсіздік күнін халықаралық әйелдер күніне көбейтіңіз.(128)
Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жасына 25-ті қосыңыз.(55)
Ұлы Отан соғысының басталған жылының цифрларының қосындысын табыңдар.(15)
Ең үлкен материктің әріптер санынан 4-ті шегеріңіз.(3)
«ля» нотасының ретіне квартет қатысушы мүшелерінің санын көбейтіңіз.(24)
V.Шығармашылық байланыстар-сандардың сырын ашу,яғни сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысы.
«Үш бәйтерек,үш би,үш қуат,үш асыл,үшбиік,үш жұрт»
Үш бәйтерек-І.Жансүгіров,С.Сейфуллин,Б.Майлин
Үш би-Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би.
Үш жұрт-ағайын жұрт,нағашы жұрт,қайын жұрт.
Үш қуат-ақыл,жүрек,тіл.
Үш асыл-көз,тіл,көңіл.
Үш биік-билік,дәулет,даналық.
Осыған байланысты 3санын математикамен байланыстыратын ұғымдарды атап кету:үшбұрыштарды шешу,үш перпендикуляр,3 санына бөлінгіштік белгілері,үшбұрыштың тамаша нүктелері т.с.с
«Бес арыс,бес ақыл,бес қару»
Бес арыс-Ж.Аймауытов,М.Жұмабаев,М.Дулатов,Ш.Құдайбердиев,А.Байтұрсынов.
Бес ақыл-талап,еңбек,ақыл-ой,қанағат,рақым.
Бес қару-мылтық,найза,айбалта,қылыш,садақ.
Осыған байланысты 5санын математикамен байланыстыратын ұғымдарды атау:Евклидтің V пастулаты........
VI.Сандар мен амалдар:
№1
4●(5●2)=40
1●(7●10)=70
8●(4●0)=0
7●(3●2)=? Жауабы:42
№2
(7▲3)=21
(5▲2)=10
(15■5)=3
(10■2)=5
40■(4▲2)=? Жауабы:5
№3
5♥(3♥9)=17
(8♥3)♥6=17
(6♥5)♥(7♥1)=19
(5♥2)♥(10♥3)=? Жауабы: 20
VII. Үй жұмысы:
«Жеті ата,жеті қазына,жеті ғалам» туралы білу. Сандар мен амалдарға есептер құрастыру
VIII.Қорытынды.
5-сынып. 3-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Сандар тізбегі.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың натурал сандар туралы алған білімдерін кеңейту.
ә) Оқушылардың ой-өрісін,танымдық қабілеттерін дамыту.
б) Есеп шығару кезінде оқушыларды шапшандыққа,ізгілікке машықтандыру.
Күтілетін нәтиже:
Натурал сандардың бірнеше түрдегі тізбектерін түсініп,практика жүзінде қолдана алады.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Жұмбақ шешу:
Нәрселерді санағанда,
Керек бізге ауадай,
Айтындаршы бұл қандай сан -
Жан-жағына қарамай. (натурал сандар,натуральные числа,real numers)
III.Есептер шығару:
№1 Дөңгелектегі сандарды анықта:
15 * 90: 18* 72+ 90;
700- 490: 70* 980+ 1000
№2 Сандар тізбегін жалғастыр:
2,3,4,5,6
7,10,13,16,19
95,90,85,80,75
?
а) 7,12,22,27,37
в) 90,97,104,111,118
б) 90,955,100,105,110
д) 87,80,73,66,59
е) 5,12,19,26,33
Жауабы: 87,80,73,66,59.
2,3,9,10,30,31
2,6,7,21,22,66
2,10,12,60,62,310
?
№3 Сандар тізбегін жалғастыр:
А) 2,4,20,22,110,112
В) 2,7,17,19,38,43
С) 2,4,6,30,150,152
Д)2,10,50,52,54,270
Е)2,7,12,24,48,96
Жауабы: 2,4,20,22,110,112
IV.Серігіту сәті«Қара жорға»
№4 Төмендегі сандар тізбегі белгілі бір ережеге сәйкес қойылған.Сол ереже бойынша сұрақ белгілерінің орнына қандай сандар сәйкес келетінің табыңыз.
Жауабы: 8,5,3
V. Өзбетімен есепте:№5
1,2,3,4,5,6,7,8,9 цифрларының орналасу ретін өзгертпей,олардың арасына нәтижесі 100-ге тең болатын етіп + және -,барлығы 3 таңба қойып шығыңыз.
Жауабы: 123-45-67+89=100
VI. Үй жұмысы:
№6 Төмендегі сандар тізбегі белгілі бір ережеге сәйкес қойылған.Сол ереже бойынша сұрақ белгілерінің орнына қандай сандар сәйкес келетінің табыңыз.
3 7 12 18 25 ?
VI.Қорытынды
Қорытынды:
«Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары» факультативтік сабағының бағдарламасы сыныпта жүргізілетін математика пәнімен байланыстырыла жас ерекшеліктерін ескеріле жайдан күрделіге қарай құрылған. Бұл жинақта берілген тапсырмалар оқушыларға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін жаттығулар , сонымен қатар алған білімдерін жаңа жағдайларда қолдана білуге , үйретуге бағытталған ізденіске жетелейтін тапсырмалар арқылы білімдерін толықтыра түседі.
Жинақта берілген тапсырмалар балалардың ғылыми көзқарасының негіздерін қалыптастыруға, танымдық қабілетін дамытуға, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға , оқуға және еңбекке баулуға септігін тигізеді.Сонымен қатар мұғалімдерге оқушымен ұжымдық және жекелей жұмыстануға , есептің әр түрлерін шығару дағдыларын қайталауға, түрлі тәсілдерді қолдана білуге, оқушының оқу материалын қаншалықты жақсы меңгергенін анықтауға тигізер көмегі зор.
«Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары» факультативтік сабағының бағдарламасы жоғары,яғни, 5-сыныпта сабақ беретін мұғалімдеріне арналады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
М.Я.Выгодский «Справочник по элементарной математике» Москва «Наука» 1979ж
«Достық» білім беру орталығының қазақ-түрік лицейлеріне дайындыққа арналған байқау сынақтары
«Математика және Физика» ғылыми-әдістемелік журнал №1-2007ж, №5-2011ж
А.В.Фарков «Учимся решать олимпиадные задачи»
Геометрия 5-11классы. Москва 2006
«Математика» жоғары оқу орындарына түсушілер үшін «ШЫҢ»Кітап2007
А.Е.Әбілқасымова «Қызықты математика» Алматы «Мектеп» 2007ж
Достарыңызбен бөлісу: |