Тақырыбы: Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары



бет1/2
Дата08.10.2019
өлшемі0,82 Mb.
#49399
  1   2
Байланысты:
mughalim-kz-56b63bdbb5c27



Мекен-жайы:

Батыс Қазақстан облысы,Бөрлі ауданы,Березов ауылы

Конторский переулок №11,  Индекс: 65797

Березов мектеп-балабақша кешенінің математика пәнінің мұғалімі

Киясова Канслу Нуртазаевна  тел:87055904799

Эл.почта:  kanslu_k84@mail.ru

Тақырыбы:Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары

(5-сыныпқа арналған факультативтік курс)

Түсінік хат

Қазіргі дәуірде математиканың негізін меңгеру жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің бірден – бір негізгі элементі болып табылады.

Математиканың практикалық пайдасы, оның адам тәжірибесінде күнделікті меңгерілетін қарапайым түсініктерден бастап, ғылыми және техникалық идеялды дамыту үшін сандық қатынастарды қамтитын пән болып келуінің шарттарынан шығады.
Білім беру үрдісінде қазіргі заман талабы-оқушының жан-жақты іс-әрекеттік қабілетін кеңейтіп, жалпы өмірлік,кәсіби компетенцияларын дамыту және қалыптастыру үшін математикалық білім беру сапасын арттыру мәселесіне тірелетіні анық.

Математикалық білім сапасын арттыру үшін оқушылардың ізденіс жағдайында жұмыс жасауын қамтамасыз ету бағытында:

-оқушыларға математика мазмұнының теориялық негіздерін меңгерту, танымдық тапсырмалар арқылы шығармашылыққа баулу;

-оқушылардың математикалық есептер шығару дағдыларын дамыту мақсатында есепті шығару жоспарын құру,есепті шешудің тиімді тәсілдерін іздестіру,есеп шығару жоспарының әрбір логикалық қадамын талдау;

-оқушының есеп шығару шеберлігі арқылы оның математикалық танымдық дамуын және әрекетінің белгілі бір сапасын анықтау;

-оқушылардың математика пәнін оқуда саналы жауапкершілік қатынастарын тәрбиелеу

әдістемелеріне көңіл бөлінеді.

Курстың мақсаты:


  1. Оқушының жан - жақты тұлға ретінде,әр түрлі тапсырмалар арқылы даму деңгейін анықтау;

  2. Пәнге деген қызығушылығын арттыру,оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастыру;

  3. Натурал сандарға амалдар қолданудың өзге түрлерін қарастырып,жұп және тақ,жай және құрама сандарды түсіне білу;

  4. Әрбір тақырыптарға сәйкес логикалық есептерді шығару;

  5. Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге амалдар қолдана білу;

  6. Пайыздарға берілген есептерді шығара білу.


Курстың міндеті:

  1. Тапсырмаларды орындау барысында игерген түсініктері мен іскерліктерін дамыту;

  2. Оқушыларға сандардың бөлінгіштігін пайдалана отырып, ауызша есептеуді үйрету;

  3. Логикалық ойды жетілдіруге арналған есептерді шығара отырып танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру;

  4. Оқушыларды күрделі есептерді шығаруға машықтандыру;

  5. Алған білімдерін кеңейту,есептеу барысында шешімдерін тез таба білуін арттыру.



Күтілетін нәтиже:

  1. Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдануды нығайтады;

  2. Сан мен фигуралар арасындағы байланыс,математикалық софизмдер туралы түсінік қалыптасады;

  3. Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді көбейту мен бөлудің, қосу мен азайтудың тиімді тәсілдерін меңгереді;

  4. Пайызға берілген әр түрлі есептерді шығаруды үйренеді;

  5. Оқушылардың шығармашылық қабілеті артады;

  6. Қызықты тапсырмалар орындау арқылы логикалық ойлауы дамиды;

  7. Ептілік пен шапшаңдыққа үйренеді.


Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдарының мазмұны мен құрылымы.

5- сынып

Курс 5 бөлімнен тұрады: Арифметика сыры атты бөлімде:натурал сандарға амалдар қолданудың өзге түрлері және оларға қолданылатын қасиеттері, теңдеулер мен өрнектерді ықшамдауға берілген.Қызықты геометриялық фигураларда бұрыштар,аудан және периметр арқылы шығарылатын есептер.Логикалық ойлауды жетілдіру математикалық софизмдер мен бөлінгіштің қасиеттері,олимпиада есептерінің түрлерін қарастыру.Керемет бөлшектер жай бөлшектер мен ондық бөлшектер туралы және оларға қолданылатын амалдар,қасиеттері.Пайыздарға берілген есептер:пайыз және есептерде қолданылатын пайыздар туралы түсінік,шығару жолдары.



  1. Арифметика сыры. (7сағ)

Әр түрлі тапсырмалар арқылы балалардың даму деңгейін анықтау. Сандар сыры. Сандар тізбегі. Математикалық фокустар. Сан мен фигура арасындағы байланыс. Суретке қарап,есептер мен теңдеулер құрастыр. Сынақ сабақ.

  1. Қызықты геметриялық фигуралар. (3 сағ)

Бұрыштар. Бас қатырғыш формула. Сынақ сабақ

  1. Логикалық ойлауды жетілдіру. (6сағ)

Математикалық софизмдер. Олимпиада есептері. Сұйықтарды құю есебі. Екі таңбалы сандардың 11-ге көбейту ережесі және натурал сандардың 6-ға,15-ке,45-ке бөлінгіштік белгілері. Қалжың есептер.Көңілді сұрақтар.

  1. Керемет бөлшектер.(14 сағ)

Жай бөлшектер. Есептер шығару. Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу және азайту. Халық есептері. Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту және бөлу. Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер. Сынақ сабақ. Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді қосу және азайту. Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу. Есептер шығару. Қызықты есептеулер. Сынақ сабақ.

  1. Пайыздарға берілген есептер.(4сағ)

Пайыз. Пайыздарға берілген бірнеше есеп түрлері. Өмірде жиі кездесетін пайыздар. Қорытынды сабақ
«Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары» атты факультативтік сабағының

күнтізбелік- тақырыптық жоспары. 5-сынып



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Күтілетін нәтиже

1.Арифметика сыры . 7сағ

1.

Әр түрлі тапсырмалар арқылы балалардың даму деңгейін анықтау.

1

Сабаққа қызығушылығы оянады,білімге деген сенімі нығайып, ынтасын артады. Сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысын түсінеді, сандардың басқа да пәндерде қолданылатыны туралы біледі.

2.

Сандар сыры.

1

3.

Сандар тізбегі.

1

4.

Математикалық фокустар.

1

5.

Сан мен фигура арасындағы байланыс.

1

6.

Суретке қарап,есептер мен теңдеулер құрастыр.

1

7.

Сынақ сабақ.

1

2.Қызықты геметриялық фигуралар 3 сағ

8.

Бұрыштар.

1

Логикалық ойлау қабілеттері дамиды.

Қиялы мен зейіні қалыптасады



9.

Бас қатырғыш формула.

1

10.

Сынақ сабақ

1

3.Логикалық ойлауды жетілдіру 6сағ

11.

Математикалық софизмдер.

1

Пәнге деген ынтасы артады,өз білімін тереңдетеді.Арифметикалық амалдарды орындай отырып,математикалық сауаттылығы артады.

Есептеу дағдылары қалыптасады.




12.

Олимпиада есептері.

2

13.

Сұйықтарды құю есебі.

1

14.

Екі таңбалы сандардың 11-ге көбейту ережесі және натурал сандардың 6-ға,15-ке,45-ке бөлінгіштік белгілері.

1

15.

Қалжың есептер.Көңілді сұрақтар.

1

4.Керемет бөлшектер 14 сағ

16.

Жай бөлшектер.

1

Жай бөлшектер мен ондық бөлшектер туралы мәлімет алады және оларға амалдар қолдануды үйренеді. Қызықты есептер шығару барысында логикалық қасиеттері дамып,шапшан есептеуге үйренеді.Өз бетімен жұмыстануға баулиды.

17.

Есептер шығару.

1

18.

Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу және азайту.

1

19.

Есептер шығару.Халық есептері.

1

20.

Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту және бөлу.

1

21.

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер.

2

22.

Сынақ сабақ.

1

23.

Ондық бөлшектер.

1

24.

Ондық бөлшектерді қосу және азайту.

1

25.

Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу.

1

26.

Есептер шығару.

1

27.

Қызықты есептеулер.

1

28.

Сынақ сабақ.

1

5.Пайыздарға берілген есептер 4сағ

29.

Пайыз.

1

Жалпы өмірдегі жиі кездесетін пайыздарды емін-еркін есептеуді үйреніп,практика жүзінде іске асырады.

30.

Пайыздарға берілген бірнеше есеп түрлері.

1

31.

Өмірде жиі кездесетін пайыздар.

1

32.

Қорытынды сабақ

1


САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ

5-сынып. 2-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Сандар сыры.

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың бойында ұлттық дүниетанымын қалыптастыру.

ә) Экономикалық-саяси ұлттық тарих деңгейін және білім деңгейін арттыру.

б) Оқушыларды жан-жақты ізденушілікке баулу.шығармашылық жұмыс жасауға үйрету.



Күтілетін нәтиже:

Сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысын түсінеді, сандардың басқа да пәндерде қолданылатыны туралы біледі.



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Жұмбақ шешу:

Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кеде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейтіп те аламыз.  (сандар)

III. Ой қозғау: (Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыз)


  1. (2*1) 3=4

  2. (3*2) 1=2

  3. (7*4) 2=5

  4. (4*3) 5=? Жауабы: 6





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет