Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында, интелектуалды дамытушы ойындардың қызметі



Дата20.04.2022
өлшемі29,96 Kb.
#140063
Байланысты:
Баяндама№1


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті
«Педагогика және психология» кафедрасы
Баяндама

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында, интелектуалды дамытушы ойындардың қызметі












Орындаған: «Мектепке дейінгі оқыту

және тәрбиелеу» мамандығының

ІІ курс студенті Манатова. Ә.Т















Орал 2021 жыл


Интеллект дегеніміз не? Интеллект (лат intellectus-таным,ұғыну,аңдау) - жеке тұлғаның ақыл - ой қабілеті. Ақыл - ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе,қазіргі кезде оған барлық танымдық үдерістер кіреді. Жеке тұлғаның ақыл - ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Интелект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны.
Интеллект-ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге,реттеуге,оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.
Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект – адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект – ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:

  • оқуға деген қабілеттілік; қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.
    Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері:

  • абстрактылы интеллект,

  • ересектер зияты,

  • нақты интеллект,

  • кристалданғая интеллект,

  • қарапайым интеллект,

  • жануарлардың зияты,

  • жасанды интеллект.

Интеллектті диагностикалау интеллект коэффициентімен жүргізіледі.
Интеллект даму кезеңдері туралы Ж.Пиаже теориясы:

  1. Сенсемоторлы интеллект 0 - 2 жас. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарымен жасалған іс - әрекеттер. Баланың іс - әрекеті топтама құрайды.

  2. Операцияға дейінгі интеллект 2 - 8 жас. Баланың тілі шығып,оның жасаған іс - әрекетінің нәтижесі еріксіз ойлаумен байланысты. Бұл кезең 2 фазаға бөлінеді.

  • Тіл шыққаннан бастап 1,5 - 4 жасқа дейін.

  • Когнитивті құрылымдардың қалыптасуы. 4 - 7 жасқа дейін.

  1. Тиянақты операция кезеңі 8 - 12 жас. Байқау елестету топтамасы интеллектуалды операциялардың пайда болуымен сипатталады.

  2. Формальды оперциялар кезеңі 12 жастан бастап логикалық операциялар топтамасы.

Интеллектуалды дамыту ойындары. Интеллектуалдық дамыту ойындары балалардың түсіну және қабылдау қабілетін, ақыл - ойын дамытуға, түсінік-ұғымдарын қалыптастыруға, білімді терең меңгеруіне игі ықпал етеді. Интеллектуалдық дамыту ойынының негізгі құрылымдық ерекшелігі – ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесінің қатаң сақталуы, педагогтың ойынды ұйымдастыруға даярлығы, баланың жас және жеке даму қабілеттерінің ескерілуі.
Ақыл - ойды тереңдетуге бағдарланған интеллектуалды ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді, қолданып көргенін, танып- білгенін есінде сақтайды. Нәтижесінде қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді, тұрмыс пен қызмет түрлерін ажырата бастайды. Еңбекке деген қарым - қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір - біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.
Ақыл - ойын дамытатын ойындарды меңгерген балалар логикалық ойлауының жоғарғы дәрежесімен, математикалық шешімдер қабылдай білуімен, талдау жасай алуымен ерекшеленеді. Пішіндер мен түстерді ажырата алуы, салыстыра білуі қабілеттері дамып, қабылдауы мен танымы кеңейеді.
Интеллектуалдық дамыту ойындарында балалар талдау (тұтасты жеке бөліктерге ойша бөлу), жинақтау (бөліктері тұтасқа ойша біріктіру), салыстыру (ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу), жүйелеу (заттарды, құбылыстарды топтарға бөлу) сияқты ойлау тәсілдерін меңгереді.
Интеллектуалдық ойындардың педагогикалық - психологиялық негіздері. Ойынның баланың интеллектуалдық дамуына ықпал ету мүмкіндігі педагогика ғылымы саласында жан-жақты қарастырылып, ойын әрекеті оқу әрекетінің жетекші формасына айналған. Ойын, ойыншық сөздері ой сөзімен тікелей байланысты, сөйтіп, ойнау біруақытта ойлаумен әрекеттеседі. Ойын – бұл қарым - қатынас, өмірлік тәжірибе жинақтау құралы. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: “Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы мүмкін емес” – дейді. Өйткені кез келген адам бала кезінен өмір әлеміне ойын арқылы кіріп, дүниені ойын әрекетімен тани бастайды. Қоршаған дүние туралы түсінік ойын арқылы қалыптасады. Л.Выготский: «Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайында білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады – дейді. Бұл өмір тәжірибесінен алынған. Ойын – бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынмен өседі, оның жан-жақты дамуына тікелей ықпал етеді. Ол – баланың миын жаттықтыратын, әрі тынықтыратын негізгі жаттығу.
Мағжан Жұмабаев: «Ойын – баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болуы керек, бақылау деген сөз – қарауылда тұрған солдаттай қабағыңды түйіп, қарап тұр деген сөз емес, олай тұрсаң бала ойынына кірісуші болма!»- деп ескертеді. Ойнап отырған баланың назарын басқаға аудару оның ойын бөлгенің деп түсіну қажет. Бұл жөнінде ұлы педагог К.Ушинскийдің «Ойын баласын ойын үстінде үйрет» – дейді. Ойын қызметін зерттеуші С. Тарасовтың пікірінше: «Ойын – бұл еркін және ерікті іс-әрекет. Бұйрық бойынша ойын, бұл ойынға жатпайды. Ойын – бұл күннделікті өмірде бір уақыт аралығында әрікті іс - әрекетпен айналысуға арналған, өзіндік бағыты бар әрекет». Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазады: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін, еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады». А.М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» – десе, А.С.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» – дейді. Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин сияқты белгілі психолог ғалымдар: «Ойын баланың өзіндік өмірі» – деген ортақ тұжырым жасайды. Ал біздің халық даналығы: «Ойлы бала, ойыннан өседі» – дейді. Сондықтан ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойындардың педагогикалық мәні де осында. Ойын арқылы оқыту бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырады. Грузин педагогы Ш.А.Аманошвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ол өз Балаларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті – баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Сөйтіп ойын арқылы оқыту нәтижесінде белгілі бір тақырыптар бойынша топтастырылған дидактикалық ойын пайда болады. Берілген ойындарды қолдану іс - әрекеттерінің әсерлілігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттердің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан мұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс - әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір - біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі - тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл - қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс - әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс - әрекетке бағдарлайды. Біртіндеп заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар туралы және олармен ақыл - ой тұрғысынан іс - әрекет жасауды ойлауды үйренеді. Қорыта айтқанда, ойын баланың жасына, қабылдауына, түсінігіне қарай күрделене түрлене отырып, оның ақыл-ойын дамытатын мақсатқа бағдарланады. Нәтижесінде баланың есею кезеңінде өзімен бірге дамитын интеллектуалды ойындар жүйесі құрылады. Мұндай ойындар адамдардың өмір тәжірибесінде үлкен маңызға ие. Ал бүгінгі заман талаптарынан туындаған, баланың интеллектісін дамытып, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға тікелей ықпал ететін ойындар әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып әзірленіп, олардың бірыңғай талаптарға негізделген жүйесі құрылуда. Оларды баланың жасына сәйкес ақыл-ойын дамытатын интеллектуалды ойындар кешені деп атауға болады.
Интеллектуалдық дамыту ойыны – баланың мектепке дейінгі жасынан бастап, танымдық қабілеті мен әлеуметтік дағдыларының негізін қалайтын, білім алу және тәрбие процесіндегі жетекші іс - әрекеттің түрі, өмір құбылыстарының бірі, сондай-ақ баланың ақыл-ойын қалыптастыруға бағытталған әсерімен ерекшеленетін әрекет. Мұндай ойындар барысында:
– әлеуметтік топта оның рөлі мен тәртіп ережесі игеріледі;
– топтың, ұжымның, сондай-ақ баланың тұлғалық және жеке даму мүмкіндіктері қарастырылады.
Интеллектуалдық ойындардан күтілетін нәтижелер:
– баланың ақыл – ойы дамиды;
– сөздік қоры молаяды, ойын еркін жеткізуге талпынады;
– тілдік қарым-қатынасқа еркін араласады;
– қоршаған ортаны танып білуге қызығушылығы артады;
– ұжымдық іс-әрекетке бейімделеді;
– еңбеккке тәрбиеленеді;
– бірлескен ұжымдық дағдылары жинақталады;
– әр баланың ақыл-ой деңгейі, өзіндік мінез-құлқы қалыптасады;
– бәсекелестікке, тапқырлыққа, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиеленеді.
Осы күтілетін нәтижелер баланың жас ерекшелігіне сәйкес және жеке даму кезеңдеріне қарай бөлінеді. Сәйкесінше интелектуалдық дамыту ойындары баланың осы жүйе бойынша қабілетіне, қабылдауына қарай топталады, жинақталады, қарапайымнан күрделіге қарай жүйеленеді.
Қорыта айтқанда, аталған ойындар кешені баланың қиялын, бейнелі ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілетін дамытады. Құрбыларымен бірлесіп ойнауға, өзара қарым-қатынас жасауға үйренеді.Интеллектуалдық дамыту ойыны – әлеуметтік қызмет, ол – баланың жасына қарай, өзін қоршаған ортаны танып білуге, оны өзгертуге құштарлығын арттыратын құрал. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоршаған ортаны құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады, оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Интеллектуалдық дамыту ойынының түрлері мен қызметі.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын - оқу қызметі, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, математикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б.Ал интеллектуалдық дамыту ойындары – балалардың ой - өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын молайтады. Оларды іденімпаздыққа ынталандырады, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді. Баланың белсенділігі артады, ойынның келесі күрделі кезеңіне өтуге талпынады.Ойынды түрлендіру әрі тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Ойыншы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.
Оқу ісі – әрекетінде қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Дидактикалық ойындар.

  2. Шығармашылық ойындар.

Заттық ойын – қоршаған заттар мен балалар ойыны барысында бала оларды тиісті орында пайдалануды үйренеді.Рөлдік ойындар – бірлескен топтық ойын барысында балалар өздерінің арнайы жасаған көріністік жағдайларында өздеріне түрлі әлеуметтік рөлдерді алатын ойын.
Символдық ойын – шындық символдар белгілер түрінде белгіленіп, ал әрекеттер абстрактылы,символдық формада орындалатын ойын. Құрылыс ойындары процесінде педагог балаларды бақылауға, құрылыстардың бір өлігін басқа бөліктерінен ажыратуға, салыстыруға, ара қатынасын, құрылыс тәсілдерін есінде сақтап, елестеуге, іс - әрекеттің жүйелігіне назар қоюға үйретеді.
Интеллектуалдық дамыту ойындарының жүйесі мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың алған білімін бекітуде, тың ойлау, мәселені шешу, топ құра алу және шығармашылықпен ойлауға баулиды.Әр ойын түрлі алаңда логика құруға бағыттайды. Стратегиялық ойындарда ойын құруды, өзгерген жағдайларға қарай жаңа жоспар құру және қарсыласының ойын анықтауды үйренеді. Сонымен қатар, стратегиялық ойындарда қарсылас болуға лайық деңгейде жетіледі. Жүйенің қолданылуымен Балалар қоғамға пайдалы, әлеуметтік бағыты мықты және тіл байлығы мол тұлға болып қалыптасады.
Жүйеде қолданылатын ойындар Балалардың: жоспарлау, өлшеу, зеректік, мәселені шешу жолдарын қарастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді байқау, сын тұрғысынан ойлау және зерттеушілік қырларын дамытады. Топтық ойындар әлеуметтік ортаға бейімделуге көмектеседі. Мұндағы басты мақсат – әр баланың өзін жақсы танып, қабілеттерін, қызығушылығын, әлсіз тұстарын байқау қабілетін үйрету. Орта құрып, ережелерде тұрақталатындай өзін бейімдеуге үйрету. Балалардың жаттығу барысында өзін басқа балалармен салыстыру және бейімділіктерін байқауға мүмкіндік жасау. Басынан өткен жағдайларға қарай қиялдауына көмектесу және қиялын жалғастыратындай жұмыстар ұсыну. Педагогтар үшін әр ойын оқу қызметі тәрізді арнайы дайындықты қажет етеді.Сонымен, интеллектуалдық дамыту ойыны баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан да интеллектуалды ойындардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор.
Интеллектуалдық дамыту кешені дидактикалық ойындар негізінде құрылған. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Олар – оқыту мақсаттарын іске асыруға арналған арнаулы ойындар.
Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Интеллектуалдық дамыту ойындарының ерекшелігі – оның әрекеттік сипатында. Мұнда балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді. Интеллектуалдық дамыту ойындары педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың құралы болып табылады. Педагогикалық ойынның айырмашылығы алдыға қойған мақсаты мен міндеті бар, оқу - танымдық бағыттылығымен сипатталатын құнды ерекшеліктерінің болуында. Олар әр түрлі:
а) баланың жас ерекшелігіне;
ә) мақсатқа;
б) ұйымдастыруына;
в) мазмұндық ерекшелігі ескерілген, т.б.
Интеллектуалдық дамыту ойынының нәтижесі – қандай жолмен болса да ұту емес, баланың білімді игеру, ақыл – қызметін дамытуда, өзара қарым –қатынас. Интеллектуалдық дамыту кешені сенсорлық тәрбие мен ақыл – ой қабілетін дамыту үшін қажет. Интеллектуалдық дамыту ойындарының жүйесін құруда әлемдік тәжірибелер зерделеніп, озық деп танылғандары іріктелді.
Интеллектуалдық дамыту ойындарына қойылатын талаптар:

  1. Ойынға берілген уақыт баланы жалықтырмайтындай болуы;

  2. Тақырып аясынан ауытқымай, оның ережесі қатаң сақталуы;

  3. Ойынға қажетті материалдар алдын ала даярлануы;

  4. Ойынның балаға беретін білімдік және тәрбиелік мәні;

  5. Баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етуі керек.

Интеллектуалдық дамыту ойыны баланың ынта-ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуаты қайнар көзі болатын білім беру әдісінің бір түрі.
Интеллектуалдық дамыту ойындарын қолданғанда оның мынадай шарттарға сәйкес болуын қатаң ескеру қажет:
– ойынның балаларға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;
– баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етеді;
– өтіліп отырған материалдарға қызығушылығын туғызуы;
– оқу - тәрбие үдерісінің мақсатын іске асыруда балаға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыруға көмектесетіндей болуы тиіс;
– тілдік материалдарды салыстыра алуы және қорытынды жасай білуі;
– балалардың қоршаған ортамен таныстырудағы рөлі.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



    1. ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты, 2012 ж (2016 жылы жаңартылған)

    2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, 2016 ж.

    3. Аймауытов Ж. «Тәрбиеге жетекші», Қызылорда. – 1926 ж

    4. Аймауытов Ж. «Жан жүйесі», Қызылорда,. 1929 ж

    5. Выготский Л.С. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка дошкольное образование (Пр.). – 2005. – №5.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет