2.1 Рәміздер тарихы
Елтаңбаның ескі бейнесі тотемдік тайпа қорғаушыларының немесе алғашқы қоғамдық рудың қорғаушылары болған жануарлар бейнесі болды.Елтаңбалардың алғашқылары жанұялық және рулық белгілер - славяндарда байрақтар және түріктер мен монғолдарда таңба болды.Түркілердің таңбалары алғаш 5-ғасырда шықты.Қытай жазбаларында: «далада басқалардың малдарымен араласып кетпеу үшін немесе басқалар алып кепеу үшін түркілер үй жануарларына белгі салған».Таңба – тайпалардың қоныстануын анықтаған, тастардағы белгілер тайпалардың елтаңбасы болды.
Алғашқы таңба қойлардың құлақтарына, аттарға салынған белгілер және т.б. иесінің елтаңбасы болды. Кейін ендер баспа статусын алды. Біздің ғасырымызға дейін 111 мыңжылдықта шумер мемлекетінің елтаңбасы болған. Ол – арыстанның басы мен бүркіт болды. Сондай - ақ: Египеттің жыланы, Персияның бүркіті сияқты елтаңбалар да белгілі. Византияның елтаңбасы екі басты бүркіт болды. Тарихшы А. Левандовтың ойынша, алғашқы елтаңбалар қазіргі мағынасында крестік жорықтар заманында пайда болған. Олар ескі тотемдік символдар орындаған функцияларды атқарды, олар әскерлерді алыстан бір - бірін тануға көмектесті. Олар ашықтығымен және қарапайымдылығымен ерекшеленеді.
Қазақтардың ата - бабалары – түркілер өздерінің байрақтарында қасқырды бейнелеген, ал кейбірлері қасқырдың басымен бейнеленген.Түркі геральдиканың өзгешелігі туралы өз кітабында Шакарим толық айтып береді «түріктердің, қырғыздардың, қазақтардың және хандық әулеттердің шежіресі» қазақ халқы қазіргі кезге дейін өз рулық символдарын сақтап қалды.
1991 жылдың 16 желтоқсаны біздің республикамыздың тарихында мәңгі айрықша мәні бар күн ретінде қалды. Бұл күн - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні болып жарияланды. Республиканың алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты мәжілісте мемлекеттік эмблемаларды жасауға конкурс жариялады.
6
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туының сандық ерекшелігі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туында адалдық пен тазалықты бейнелейтін көкшіл түс ортасында өзінің жылуын шашқан күннің 32 сәулесіненжылу алған бостандықты сипаттайтын, әрқашан биікте болуға ұмтылған, барлық орталық Азияны қанатына сыйғыза жайып қалықтаған тәуелсіздік символы құс патшасы-дала қыраны бейнелеген. Күннің, сәуленің, қыранның және оюдың бейнелеулері – алтын түсті. Тудың ұзындығының еніне қатынасы – 1: 2. Күн сәулесі орналасқан шеңбер диаметрі тудың енінен 2,22 есе кем, күннің өз шеңбері енінен 3 есе кем, ал әр сәуленің доғасы тудың енінен 50 есе кем. Ағаш саптарын біздің арғы аталарымыз табиғат және әлем құрылымы туралы өздерінің білімдерін шифрлаған сиқыршылық код - тік жолақ ұлттық оюмен өрнектеген. Толық 4 оюдың біреуінің ұзындығы ту енінен 5 есе, ал оюдың шеткі бөліктерінің ұзындығы осы ою ұзындығынан 2 есе кемдікте орналасқан. Оюлардың орналасуында осьтік симметрия сақталған. Қыран қанаты құлашы жарты шеңберді өрнектейді.
Достарыңызбен бөлісу: |