Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»
Мақсаты:
1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясын жүзеге асыру жағдайында өскелең ұрпақтың патриотизмін және тағаттылығын тәрбиелеу, рухани-адамгершілігін қалыптастыру. «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясында сөйлеген сөздердің түйінді ойларымен таныстыру.
2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас
Көрнекіліктері:слайд, мерекелік шарлар, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» деп аталады.
— Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай сөздер түседі. (Кластер құрастыру)
(Оқушылардың сөздік қорын бақылау үшін әр оқушыға бір-бір сөйлем құрату)
ІІ. Негізгі бөлім.
Оқушыларды Гимнның әр жолы арқылы 4 - топқа және ата-аналарды 1 топқа бөлу.
1)Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
2)Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
3)Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
4)Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
1 - топ: Мәңгілік ел
2 - топ: Ата Заң
3 - топ: Ассамблея
4-топ: Білім
5-топ: Отан (ата-аналар)
Әр топ өз төсбелгісін қорғайды.
2-тапсырма. Мақал-мәтелдер
Әр топ өз атына сәйкес мақал-мәтелдер айтып жарысу.
1 - топ: Мәңгілік ел/ел,елдік,болашақ/
2 - топ: Ата Заң/әділдік, азаматтық, құқық,билік/
3 - топ: Ассамблея/бірлік, ұлт, ынтымақ, татулық, достық/
4-топ: Білім/ғылым, білім, кітап,ақыл/
5-топ: Отан /Қазақстан, туған жер, Отан/
3-тапсырма.Сұрақ-жауап
1) ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
2)Еліміздің бас қаласы
3) ҚР Президенті
4) ҚР туының авторы
5) ҚР елтаңбасының авторлары
6) Әнұранымыздың авторлары
7) Қазақ хандығы қашан құрылды? (1465 - 1466 ж.)
8) Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымын ата. (ауыл – ата - аймақ – ру – арыс – ұлыс – жүз – хандық)
9) «Ханталапай» қандай дәстүр? (Хан сайлағанда малын бөліп алу дәстүрі)
10) «Жеті жарғы» заңдар жинағы қай ханның тұсында жасалды? (Тәуке)
11) Жоңғарларға соққы беріп, мемлекет ретінде тарих сахнасынан жойылуында үлес қосқан хан. (Абылай)
12) Қай ханның тұсында қазақ жері кеңейіп, қазақ халқы 1 млн.-ға жетті? (Қасым)
13) Ұлы Отан соғысына қанша қазақстандық аттанды?
(1 млн. 200 мың)
14) Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алған кім? ( Ж. Елеусізов.)
15)ҚР Ассамблеясы қашан құрылды? (20)
16) ҚР қолданыстағы Ата Заңы қай жылы қабылданды?(1995)
17) Президент Н.Ә.Назарбаевқа заң жүзінде «Елбасы» деген атақ Конституцияға қай жылы енгізілді? (2010жыл)
18)ҚР-да қанша этнос өкілдері тұрады? (140)
19)ҚР «Тіл туралы Заңы» қашан қабылданды? (1989)
20)Ата-ана мен баланың құқықтары мен міндеттері Ата Заңның қай Заңында көрсетілген? (Неке және отбасы)
Мұғалім:
Балалар, Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.
4-тапсырма.Тақырыпқа байланысты бір шумақ өлең шығарады.
Тілек.
Әр топ атынан Қазақстанға арнап тілек айту.
Хор: «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді)
Қорытынды.
Мәңгілі Ел - Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы. Бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып, біз Отанымыздың көкбайрағын нық ұстаймыз. Оны Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата желбіретеміз. Бұл - біздің мәңгілік ұстанымымыз! – дегендей Елбасы толғауына өз үлесімізді қосамыз.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
– дей отырып, құрметті ата-аналар, оқушылар осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |