Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім! Мақсаты



бет2/3
Дата06.09.2023
өлшемі25,09 Kb.
#180329
1   2   3
Байланысты:
1 желтоқсан тәрбие сагаты

Рухани жаңғыруға тоқталу.
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.
Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық.
Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек.
Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр.
Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс.
Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр.
Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін.
Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.
«Кім көп біледі?» ойыны
1. Қ. Р - ның президентті кім?(Н. Ә. Назарбаев) 2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы) 3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған?(6 шілде, 1940 жылы туған) 4. Біздің елбасы қалай оқыды?(4 пен 5 - ке) 5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлургия) 6. Н. Ә. Назарбаев - тың бойында қандай қабілет бар?(адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам) 7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.) 8. Қ. Р - ның Мемлекеттік рәмізі қай жылы бекітілді?(4 маусым 1992ж.) 9. Қай жылы ұлттық теңгеміз енгізілді?(15 маусым 1193 жылы.) 10. Қ. Р - ның астанасы қай қала?(астана) 11. Астананың бұрынғы аттары қандай?(Целиноград, Ақмола.) 12. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?(1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 маусым.) 13. Ата Заң деген не?(Мемлекеттің негізгі заңы.)
14. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.) 15. Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?(әнұран, ту, елтаңба.) 16. Мемлекеттік туда не белгіленген?(күннің көзі, қыран, ою) 17. Қ. Р - ның туының түсі нені білдіреді? 18. Мемлекеттік рәміздердің авторларын білесіңдер ме?(әнұран: Н. Ә. Назарбаев, Қалдаяқов, Нажмиденов, елтаңба: Уалиханов, Малибеков.) 19. Әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?(9 орында) 20. Қ. Р - ның ұшқыштарын атаңдар?(Т. Аубакиров, Т. Мусабаев.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет