Қабыну лимфа тамырлар арқылы таралып, жаңа ошақтарды түзейді. Сөйтіп, жаңа туберкулез ошақтары (Абрикосов ошақтары) пайда болады. Алғашқыда бронхо- пневмониялық ошақтар экссудатты қабыну түрінде өтеді, бірақ көп ұзамай ошақты тіннің қабыну реакциясы продуктивті болады. Патоморфологиялық тұрғыдан жаңа туберкулез ошақтары – сегменттерде анықталады. Жаңа ошақ алғашқыда, анатомиялық жағынан панбронхит казеозымен бронх түтігінде көрінеді және бронх айналасындағы тінде лимфоциттер шоғырланады.
Ошақты созылмалы туберкулез кезінде ошақтағы казеоз дәнекер тін капсуласымен қоршалған.Туберкулездің өршу кезінде грануляция қабатының пайда болу нәтижесінде капсула кей жерлерде екі қабаттан тұрады, ол жасушалық элементтермен инфильтрацияланған(Ашофф-пуль)ошақтары. Лимфацитарлы инфильтрация лимфа тамырларының қабырғасында, бронхтарда, альвеола аралық қалқада, ошақты қоршаған паренхимада блады.