Тақырыбы: Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретіндегі жалпы түсінігі



бет3/10
Дата05.11.2016
өлшемі2,96 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тақырыбы: Болашақ бүгіннен басталады.

Мақсаты: Құндылық, адамгершілік, адами қасиеттің бағасы, өмір сүру жолдары мен болашаққа дұрыс көзқарас қалыптастыру.

Тірек ұғымдар: Құндылық, адамзат бастаулары, отаншылдық, адамгершілік сапалар, адами қасиеттер, намыс, әділдік т.б.

Жоспар.



  1. Адамгершілік өмір бастауы.

  2. Қазақ философиясындағы өзін-өзі тану. Абай тағылымдары.

  3. Қазақ ағартушыларының ой-өсиеттері мен тұжырымдамалары.

  1. Адамгершілік адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аяушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық шыншылдық та адамгершілікке жатады. Осыдан келіп адамгершілік ұғымы ізгілік, гуманизмінің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда болатын қарым- қатынастар жүйесі мен қоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең мағынада қолданылады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек - адамгершілік қоғамдық қатынастардың дамуы мен тарихи-мәдени, рухани қажеттіліктің нәтижесі. Адамгершілік туа біткен қасиет емес. Адамгершіліктің моральдан айырмашылығы мораль сыртқы қоғамда жазылған заңдар мен нормалар жүйесін қамтып сырттай әсер ететін болса, адамгершілік адамның ішкі дүниесінде қалыптасады. Адамгершілік адамның ішкі еркінің сезімі. Адамгершілік принциптері бірлікте өмір сүру, бақытқа талпыну, мүдделерді үйлестіру мен ұжым болып жұмылудың, жоқ-жітік пен ауру- кемтарға, бала мен кәріге жәрдемдесудің қажеттігін сезіну мен мойындау сияқты факторлар негізінде қалыптасады деп ой түйіндей келе адамгершілік ұғымына келесі анықтама беруге болады. Адамгершілік дегеніміз - тұлғаның өз бойындағы негізгі ізгі сезімдер мен терең руханилықтан туындап, моралдық нормаларға бағынатын еркін қарым-қатынас жүйесі.

Адамгершіліктің көрніс табуы әрбір тұлғада әртүрлі. Себебі әр тұлға өзіне әртүрлі жеке өзінің құндылық мақсаттарын таңдайды. Соған бағыттап өз бойында рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады (Г.А. Брандт, А.М. Лобок).

  1. Қазақтың рухани мәдениеті қола дәуірінен қалыптасып, бірнеше тарихи кезеңдерден өтіп біздің халқымызға жетті. Көне түркілерден келе жатқан көшпенді ата бабамыздың негізгі рухани мәдениетінде дін арқылы бірлесу, топтасып қалың қол жинап елдің бірлігін сақтап отырған. Шапқыншылық кезеңдерде тек қана білектің күшімен емес, жүректің, діннің , өткір сөздің, ақыл-ойдың ұшқырлығымен халықты біріктірген. Содан білекті бірді жығар- деген нақыл сөзбен өсиет қалдырған. Қазақстан халқының үш ғасыр бойы рухани мәдениеті сонау сақ, ғұн дәуірі одан кейін жалпы түрікі, қазақ хандығы Рессей мәдениеті, Кеңес үкіметі кезеңдерінің тарихи мәдени даму қалыптарынан өтті. Осы кезеңдерде әрбір даму кезеңі өз кезегінде рухани мәдениеттің дамуына жолдар салды. Сақ, ғұн мәдениетінде көшпенді халықтың әдет ғұрпы қалыптасса, жалпы түркі дәуірінде көшпенді жартылай отырықшы халықтың мәдениеті, Рессей мәдениетінде бодандық, қазақ хандығында рулық, Кеңес үкіметі жылдарында жалпы адамзатты жеке ұлтты материалды үрдіс деп тану т.с.с рухани мәдениеттің негізгі кезеңдері өзгеріске ұшырап келер ұрпаққа жеткізіліп отырған. Қазақтар ерте заманнан бастап, Отанын сүю, қорғай білу соған рух жинап тұтастықты қамту ел бірлігін ұстау сияқты рухани адамгершілік мәдени құндылықтарды сақтаған. Қазақ халқының бүгінге дейін жетіп отырған негізгі рухани мәдени құндылықтарына:

  1. Атамекен, атакәсіп, атамұра ;

  2. Кісілік қасиеттеріне: дінге табыну, шаруашылық, өнеркәсіп өнеріндегі, ішкі дүниесіндегі қол жеткен табыстарын құндылық деп санаған.

  3. Отбасын сақтау; ата баба тарихы, шежірені білу, жеті атаны сақтау қазақтың отбасын сүттей ұйытуға, әрі қарай ата бабасының салып кеткен ізімен жүретін рухта тәрбиелеу;

  4. Сөзінде тұру, уәжде тұру, халықты жұмылдыратын өтімді сөз айту ұлт үшін маңызды құндылықтарға жатқан.

Арабтар ислам дінін Орталық Азияға алып келді. Мысалы, көк тәңірге сиыну наурыз мейрамын тойлау т.б. Сол кезде төбелерге шығып шыққан күнді күтіп, сол күнге сиынып, отбасының , халқының амандығын сұрау арқылы ұлы Жаратушығы сиыну, осы кезге дейін ұрысып, кикілжіңге келген, арасы алыстаған адамдарды жақындастырып табыстыру адамгершілік ізгілікке жол тауып отырған. Ислам дінін таратушы миссионер Қ.А. Яссауи ерлік, ел алдындағы ұят, абырой, тазалықты сақтауға шақырып отырған. Осының бәрі тоқырау заманында әсіресе Кеңестік заманның 20 жылдарында қазақтар өз рухани мәдениетінен бірте-бірте айрылып, дінде, тілде шұбарлылық пайда болып, рухқа шабуыл болғандықтан қазақтың рухы әлсіреп қалды. Әлеуметтік ортаның дамуы ғарышпен қарым-қатынас, өзге елдермен араласу қазіргі кезде егеменді елдігімізді алған шағымызда жастарымыздың рухани - адамгершілік мәдениетін жаңадан бұрынғы әдет ғұрып салт сананы сақтай отырып дамытатын рухани жаңартатын тәрбие керектігі өте айқын. Оған дәлел біздің зерттеулеріміздегі жоғары оқу орнындағы жүргізілген тәжірибе қортындысынан көруге болады.

“Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайлы қарайтын кейбір қоғам мүшелері, басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстағанымен шын мәнінде өмірде олай емес. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы - деп көрсетеді профессор С.Қалиев Қазақ тарихындағы ғұламалардың ой пікірлері жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға арналады. А.Йассауи, А.Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Ы. Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов, сияқты ұлы ғұламалар адамды аса жоғары құндылық ретінде бағалайды. Оны табиғаттың, тірі дүние дамуының керемет нәтижесі, сондықтан да ол керемет пен марапатқа әбден лайық деп түсіндіреді.

Ұлы Абай адам проблемасына, оның табиғи және әлеуметтік жақтарының арақатынасын, адамгершілік, кемелдену, гуманизм идеяларын өзгеше пайымдайтын сананы тудырды. Ұлы ғұламаның жарық дүниеге келген адам баласының маңдайына жазылған тағдыры жайлы, оның дүниеден алатын орны мен рөлі жайлы философиялық пайымдауға, сан қилы да күрделі адам болмысын жан-жақты әлеуметтік қарым - қатынасы адамдарды түзу жолға түсіреді-деп тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарына адамның адами қасиетінің дамуын негізге алып, келер ұрпаққа бір сөзбен “Адам бол!” - деген ойларынан нағыз адам болу үшін тек қана өзіңді тану арқылы сыртқы мәдениетке, тілге дінге мән бере отырып дамуға сол арқылы адамгершіліктің негізгі принциптері- қайырымдылық, биік талғам, шындық, әділдік негіздерін қабылдауға итермелейді немесе “Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның өзінің замандастарының бәрі кінәлі” деп рухани-адамгершілік құндылықтың келесі жағы қарым-қатынас құндылығын суреттесе, өзінің отыз жетінші сөзінде: Мен заң қуаты қолымда бар кісі болсам, «адам мінезін түзеп болмайды» деген кісінің тілін кесер едім немесе “Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады -деп келесі рухани-адамгершілік құндылықтарына мәдени- этикалық құндылықтардың мәнін ашып көрсетеді. ” Тағы бір сөзінде Абай «шынайы байлық бұл адамдардың бір-бірін және өзін терең түсініп, өзара түсіністік қалыптасқанда ғана адамдар үйлесімді тіршілік құрып, дами бастайды» - деп адам бойындағы ең жоғары қалыптасқан құндылықтар бұл олардың ішкі рухани дүниесінің байлығы мен асыл қасиеттерін көрсете білу екендігін дәлелдеп береді.

Адамның өзін-өзі тану арқылы адамгершілікті өрбітетін игіліктеріне:

  • сезім;

  • сана,

  • ой;

Тыныштық қуаты - жүректе, келісім қуаты - қайратты, ерікті, иманды кісіде.

Адамның кісілігі: - әсерлі, әдепті, табысты өнерінде;

Адамның ең биік қасиеті-Адам бола білу;

Биік қүндылыгы:

жан, тән, рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік; бостандық; бірігу идеясы; азаттық; даналық; ақыл, өнер, бедел ;

таза өмірдің бастауы, адамгершілікті өрбітетін бұл адам бойындағы келесі қасиеттер: адамшылық, адалдық, әділеттілік, білімділік, еңбекқорлық, терең ой, кісілік, рахымдылық, махаббат, арлылық, намысқойлық, сертке беріктік, татулық, тәуекелшілдік, имандылық т.б. жатады.

Ал осы адамгершіліктің дамуына кері әсерін тигізетін адам бойындагы негізгі қасиеттер: арамдық, азғындық, арызқойлық, сараңдық, сайқалдық, әділетсіздік, әдепсіздік, пәлеқорлық, өсекшілдік, надандық, менмендік, еріншектік, жалақорлық, залымдық, жылпыстық, қанағатсыздық, жиіркенішті мінез-құлық т.б. бөліп көрсетеді.

Абайдың рухани-адамгершілікті өрбітуге байланысты осындай көрсеткіші ақыл мен білім, рухтың тазалығын әрбір адамның санасына, тәрбиесіне пайдаланса, болашақ жастарымыздың ақыл- парасаттылығы мен ой тазалағы мүдделеріне сай келетініне көз жеткізуге болады

Абай ұғымына адамтануды өрбітетін негізгі игіліктер: сезім, сана, ой; адамдықты көрсететін қасиеттер мен құндылықтар: жан мен рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік. Құндылықтардың осы төрт тобы салыстырмалы түрде адамды өз-өзін тануға итермелейді, оны өз-өзімен табыстырады...» әрі қарай адам туғаннан ер жету және бүкіл өмірінде негізінен тәрбие арқылы өзгерістерге ұшырайды. Өмір қоршаған орта оның дамуына, қалыптасуына, дүниетанымына, өзін-өзі тануына әсер ететіндігі сөз болады.

  1. Жаңа дәуірдің, халықтың ұлттық сана сезімінің ояну дәуірінің жаршысы өзінің бүкіл қоғамдық - саяси әрі ағартушылық қызметі қараңғылық пен надандыққа, діни мұсылмандық фанатизмге қарсы қажырлы күреске өзек болған Ш. Уалихановтың моральдық идеяларының негізі - қазақ қауымындағы зұлымдыққа қарсы күресте, патша шенеуніктерінің, жергілікті билеушілердің жалған, әрі “жабайы” мінездеріне орай адам қасиеттерін сипаттайтын адамгершілік құндылықтарына:

  • “намыс”,

  • “әділдік”,

  • “парыз” т.с. түсініктерді өздерінің саяси мақсаттарына жетуде пайдалана отырып мәнін ашып берді.

Ағартушы-демократ, қоғамдық қайраткер әрі ойшыл, реалист- ақын, ғылым және озық жаңашыл педагог Ы.Алтынсарин, білім берудің толып жатқан мәселелерімен қатар халық ағарту ісінің рухани-имандылық негіздерін жасап, өз еңбектерінде мектеп пен отбасы тәрбиесінің моральдық негіздерін көрсетіп берді.

Адамгершілік адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Мораль адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде немесе адамзат индивидуумы дамуында, яғни филогенез бен онтогенезде пайда болады. Оған адамзат “Мені” қалыптасуының екі сатысы ықпал етеді: а) адамның әлеммен тұтастығын білдіретін, “Біз” феноменінен көрінетін адамның әлем мен өзге адамдардан ажырамастығын, дүниетаным бірлігін білдіретін культ (табыну) сатысы; ә) адам әрекеті мен адам индивидуалдығының әр алуандығы жағдайында мәдени формаларды іріктеуді білдіретін культура (мәдениет) сатысы [9]. Абай бүкіл шығармашылық күш-қуатын адамдық ақиқатты, адамдық болмысты іздеуге, адамға лайық өмірге ұмтылуға сарп етсе, оның ізбасарлары - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытұлы өздерін ұлы қазақ ойшылының шәкірттеріміз деп есептеп, оның ісін ілгері жалғастырды.

Қазақ ойшылдарының шығармаларындағы адам және қоғам мұраты проблемасын тарихи дамуына орай бірнеше кезеңге бөлуге болады. Оның біріншісі-Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау және тағы басқа да ақын -жыраулардың, ойшылдардың көзқарастары. Олар аталған проблеманы өмір салтымен, жер мұратымен, бостандық, теңдікпен, ел билеушілер мен төрелердің, батырлардың, қарапайым адамдардың жеке басымен, от басындағы қарым- қатынасымен, үлкендерге, әйелдерге деген құрметпен тікелей байланыстыра қарастырады. Мысалы, Асан қайғы Желмаяға мініп, ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер- қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын жерұйық қонысты іздеп, соған жетуді арман етеді. Сондай-ақ, ол халық үшін “Жерұйықты” іздеп табуға бар күш-жігері мен ақыл-ойын жұмсайтын адамды мұрат тұтқан.

Сонымен Абай адамның жан-жақты жетілуіне толық адам болуы үшін адамға ең керегі: “ақыл, қайрат, жүрек” деп, адамның ішкі дүниесіне үңілуге өзін-өзі тануға шақырады.

Өзін-өзі тану әдіснамасын зерделеу арқылы оқу үрдісіндегі тәрбиенің заманға сай бағыт бағдарын дүниетанымдық жаңа ұстанымдарын қалыптастыру білім беру жүйесіндегі жаңаша тәрбие беру қырларын ашу өзекті мәселенің бірі.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Студент хрестоматиясынан А.Құнанбаев қара сөздерінің мән-

мағанасын түсіндіріңіз

  1. Қазақ зиялы ағартушылардың еңбектеріндегі адамгершілік

ұғымын сипаттаңыз..

  1. Адамның өзін-өзі тану арқылы адамгершілікті өрбітетін

игіліктерін ата?

  1. Адамның биік цұндылыгына не жатады?

  2. Ш.Уалихановтың моральдық идеяларының негіз неде?.

  3. Абай қара сөздеріне шығарма жазыңыз.


№5-дәріс

Тақырыбы: Махаббат келбеті.

Мақсаты: студенттердің өзара сыйластық пен сыпайылыққа, сөйлеу мәдениетін дамытуға, үйлесімді қарым-қатынас, адамды құрметтеу, қарым-қатынаста шынайы болуды, жақсылық жасау, достықты қадірлеу, жолдасыңа көмек көрсету, өзара ұйымшылдық пен бірлікке т.с.с адамгершілік-рухани қадір-қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Тірек ұғымдар: “махаббат”, “қарым-қатынас”, “Отан”, “Ана”, “Туған Жер” т.б.

Жоспар.



  1. Жүрек мәңгі мекенім.

  2. Сезім сапаларының қырлары мен қарым-қатынас түсінігі.

  3. Рухани келісім ұғымына түсінік.

  1. Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін

Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етеді. Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс.

Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың нәтижелігі, олардың бойына биік адамгершілік мінез-құлық нормаларын сіңдіруге және моральдық сананың қалыптасуын жақсартуға ықпал етуші-нақты орта, объективті жағдай мен субъективтік факторларды /оқу-тәрбие процесі, қарым-қатынас, көзқарас, т.б./ үнемі есепке алып отыруға тікелей байланысты. Сондықтан да университет жоспарына еніп отырған бүгінгі “Өзін-өзі тану” тәжірибелік курсы және философия, мәдениеттану, саясаттану педагогика, психология пәндеріне қосымша арнайы курс, арнайы семинар, арнайы ғылыми конференция бөлімдер жанынан ашылған үйірмелер негізгі рухани-адамгершілі құндылық-тарын қалыптастыруды жүзеге асырудың негізі болып табылады.

Осыған байланысты, ел басымыздың: “Адамгершілік ұстанымдар ортаның өмір салтына сәйкес қалыптасуға тиіс. Біз қалыпты, дұрыс тәрбие алдық. Бізде көшеден бір таба нан немесе тұз сұрап алу, өзара көмектесу дәстүрі сақталған. Осынау адамгершілік қасиеттерді жоғалтуға болмайды. Ал, жаңа адамдық ұстанымдар жастар тәрбиесінен басталуы керек. Ол үшін Отанды, Қазақстандық құндылықтарды тәрбиелеу қажет. Осы орайда идеологиядан гөрі насихат туралы баса айтқан жөн. Адамдарды ұлтына, дініне, тіліне қарап бөлуге болмайды. Халықтардың достығы, теңдігі, өзара келісім мен сенім-біздің идеологиямыз осылар болуға тиіс”- дей келіп Елбасы мемлекеттік идеологияның, тәлім-тәрбиенің өзегі, негізгі діңгегі ретінде бес мәселені айрықша атап көрсетті. Олар: достық, ұлттық, идея мен мәдениет, діни төзімділік, халықты заңға бағынуға тәрбиелеу және Экономика. Осы міндеттер жүзеге асар болса, ол мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі болмақ”.

Рухани-адамгершілік құндылық тәрбиесіндегі басты нысана тұлғаны құрметтеу. Оның рух иесі, бойында Жаратқанның ұлы қуаты бар-Кіші ғарыштық әлем, ғарыштың тіршілік иесі екенін және дүние мен, әлеммен біртұтастығын саналы түрде түсініп, оған бой ұсынуы, оны мұғалім солай қабылдауы шарт.

Адамгершілік сапалары:

  • адалдық;

  • махаббат;

  • сүйіспеншілік;

  • парасаттылық;

  • ізгілік;

  • моральдық сана сезім.

Адамгершілік тәрбие беруде жеке тұлғаның әлдебір әрекетке баруына түрткі болатын сенімді туғызатын сана мен мінез-құлық қалыптасады. Олар өз кезегінде түрлі іс-әрекеттер арқылы көрніс тауып, тұлғаның өз қызметінде тікелей басшылыққа алынып отырады. Мұндай іс-әрекеттер мен себептер әрбір тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің сапасын ашып көрсетіп отырады.

Адамгершілік моральдық қадір - қасиеттеріне:

Қоғамға:

  • идеялық;

  • ұжымдық;

  • отаншылдық;

еңбекке, оның нәтижелеріне:

  • еңбекқорлық;

  • тәртіптілік;

  • ұқыптылық;

өзіне және өзге де адамдарға:

  • қайырымдылық

  • мейірімділік;

  • принциптік;

  • табандылық;

Әрине, адамзат тарихында пайда болған адамгершілікке байланысты көптеген категориялар - жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс, т.б. сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани - адамгершілік дүниесінің негізгі нысандары - үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде.

  1. Сезім күйлері (жайлы немесе жайсыз) адам өмірінің қалпына әсер етеді. Ішкі сезім, көңіл күйдің бұзылуы адамның адамдық негізгі қасиеттерінің көрінісіне өз әсерін тигізеді. Бұндай уақытта адам өз сезімін қолына ұстап басқара алатындай жағдайда болу қажет. Сонда ғана студент үшін жайсыздық туындап тұрса да ол басқа адамдармен қарым-қатынас уақытында өз сезімін қолға алып басқара алу негізінде өз күйін өзге адамға көрсетпей біркелкі дұрыс қарым- қатынас жасай алады. Осы арада педагог Н.В Данилов: «Егер сезім адамды басқаратын болса, онда бұндай жағдайда күйзеліс пайда болады» - деп суреттейді. Сол себептен біздер зерттеу барысында ішкі сезім күйін студенттің өзі басқара алатындай жағдай туғызу жолдарын “Өзін-өзі тану” сабағындағы жетістікке жету, сәтсіздіктен қорқу әдістерін реттеп отыруға қолдандық. Сезімді реттеу, бойындағы күйзелістік жағдайды тарқату, бұл үнемі өзін қандай күйде де (қатты ашулану, өкпелеу, шексіз қуану) үлкен шыдамдылықпен, өзін-өзі жеңе білумен ішкі және сыртқы әрекеттерге қарсы тұра алу төзімділігін қалыптастыруға өз әсерін тигізеді. Сезім толқыныстары адамның бойындағы ішкі және сыртқы өзгерістердің пайда болуына әкеліп соғады. Сыртында: адамның келбеті, тұрысы, ымдауы, ишараты, дем алуы, дауысының өзгерісі, көзінің қозғалысы, терінің түсі, күлуі, жылауы т.б. өзгерістерге әкеліп соғады. Ал ішкі өзгерістерге: - организмде ішкі секреция бездерінің бөлінуі, адреналиннің қанға көптеп шығуы, жүрек жүйесінің кеңеюі, қан ұюының күшеюі, ас қорыту жүйесінің жұмысының тежелуіне т.б. әкеліп соғады. Осы жағдайларды студент біліп қана қоймай, осы кезеңде сезім күйін қалай реттеу жолының әдістерін игере білуі оның рухани мәдениетінің дамуына, интелектілік жоғарлауына, адамгершілік сапаларының артуына тікелей ықпал жасайды. Бұл үшін әрбір студент өзін-өзі тану әдістері арқылы өзіндік сезім, көңіл күй, белсенділік диагностикасын өткізу арқылы бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамытуға бірден-бір әсер ететін өзіндік сезімін қалыпқа келтіріп, басқару жолдарын есепке алуды үйрету қажет. Өзін-өзі тәрбиелеу процесі үлкен ауқымды қамтиды. Тұлғаның интелектік дамуы, адамгершілік сапасын арттыру, білімділік, еңбексүйгіштік, еңбекке икемділік т.б. қамтиды.

О.М. Анисомованың көзқарасы бойынша “...өз бойындағы адами қасиеттерін тізіп шығып, әрі қарай бағдарлама жасау тұлғаның бойындағы адамгершілік сапалардың қалыптасуына ерекше әсерін тигізеді- деп сипаттайды. Олай болса педагогика пәнінен ұйымдастырылған арнайы семинарларда студенттің өз жеке басымен жұмысының ролін күшейтіп. Өзіне күнделік ашқызып, өз алдына жоспар құрғызу студенттің өз бойындағы төмен бағаға ие адамгершілік сапаларын дамыту жолдарына арналған бағдарлама жасау, студент бойындағы адамгершілік сапаларын дамытуға көмектеседі. Бұл жағдайда студенттер жекелеген адамгершілік сапалардың өз бойында дамуына өзін-өзі тәрбиелеу әдістері арқылы (өзін-өзі бағалау, бақылау, сынау, қадағалау, түзету, сендіру, көндіру т.б.) қол жеткізеді.

Жеке тұлғаны қалыптастырудың қазіргі жаңа тұжырымдамасы: тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігіне баса назар аударады. Ол ішкі және сыртқы факторлардың қарама-қайшылықтарын үйлестіре, кіріктіре отырып, өзін-өзі дамытуы керек. Ішкі дегеніміз адамның өзі, оның ішкі дүниесі, көңіл-күйі. Осы ішкі көңіл-күй әсері, Гегельдің айтуынша, сыртқы әсерге қарсы шығып оны жояды да өзінің ішкі рухани дүниесіне айналдырады.

Жеке тұлғаның адамгершілік тәрбиесіне ықпал ететін факторлар- қоршаған өмір құбылыстары, табиғат адамдар еңбегінің түрлері, қоғамдық , әлеуметтік қатынастар, экономикалық жағдайлар т.б. оның әр өсу кезеңінде мінез-құлқының тұлғалық болмысының, тәртібінің өзгеруіне, моральдық жағынан бекінуіне мүмкіндік жасайды. Бір сөзбен айтқанда тұлғаның қалыптасуына саяси экономикалық, рухани, моральдық факторларда әсер етеді, ал тұлғаның бітім болмысының мәні оның әлеуметтік сипатынан көрінеді.

  1. Адамгершілікке тәрбиелеу-белсенді үрдіс. Ол жастардың бойына биік адамгершілік қадір-қасиеттерді сіңіруді ғана емес, сонымен бірге олардың бойын жағымсыз қоғамға жат қылықтардан арылтуды талап етеді. Әсіресе, студенттің азаматтық бағдары, биік адамгершілік тұрқы, өмірлік белсенді позициясы, олардың патриотизмі, туған жерге деген етенелігі қалыптасып, өзін-өзі тану арқылы өз бойын жат қылықтардан аулақ ұстап, салауатты өмір салтын, биік адамгершілік нысандарын қалыптастырып, болашақта өз ісіне адал, жас ұрпақты биік мақсат мұраттарға талпындыратындай, үлгі-өнеге бола алатын тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік туады. Студенттердің бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру үшін рухани-адамгершілік нормаларының белгілі бір түрлерінің студенттердің бойында, атап айтқанда, іс-әрекет үстінде/рольдік ойындар, аутотренинг жаттығулар/, құрбы- құрдастарымен қарым-қатынас барысында, ұлтаралық қатынастағы басқа ұлт өкілдеріне деген, жалпы адамға деген құрмет пен сыйластық сезімдерінде, сондай-ақ биік адамгершілік қадір- қасиеттердің ең қарапайым нормалары болып саналатын әдептілік, қарапайымдылық пен сыпайылық, қайырымдылық, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету, моральдық сана тұрғысынан сапалығын үнемі байқап, реті келгенде өнегелік үлгі ретінде тұлғалық қасиеттерін құрметтеп, өзіндік ”Менін” көтермелеп отыру қажет. Бұл олардың болашақ мамандығында өз бойында қалыптасқан игі қасиеттермен жас ұрпақты осы тұрғыда терең тәрбиелеуге және оларды сүюге, құрметтеуге, өз ісіне өзінің қолға алған қандай-да бір жұмысын аяғына дейін тек қана биік адамгершілік тұрғыда жасауына мүмкіндік туғызады.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Адамгершілік сапаларына сиапаттама беріңіз

  2. Қазақ зиялы ағартушылардың еңбектеріндегі адамгершілік

ұғымын сипаттаңыз..

  1. Адамгершілік моральдық қадір - қасиеттерін ата?

  2. Адамның сезім күйлері (жайлы немесе жайсыз) адам өмірінің

қалпына әсер ете ме?

  1. Эссе тақырыбы: «Адамгершілікке тәрбиелеу-белсенді үрдіс»

  2. Адамгершілік қадір-қасиеттердің ең қарапайым нормаларын

атаңыз


№6-дәріс


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу