Тақырыбы: Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретіндегі жалпы түсінігі



бет9/10
Дата05.11.2016
өлшемі2,96 Mb.
#759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тақырыбы: Өзін-өзі тану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу

Мақсаты: болашақ мамандардың бойында адами қасиеттерді қалыптастыру.

Тірек ұғымдар: ақыл, қайрат, жігер талап, терең ой, “кемелдену”, “ізгілік” т.б.

Жоспар.



  1. Ізгілік тәрбие негіздері.

  2. Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымдарында жүзеге асады.

  3. Өзін-өзі танудың отбасы тәрбиесіне ролі.

  1. Данышпан Әбу - насыр әл-Фарабидің пікірі бойынша, бір халық екінші халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі. Әл-Фараби өзінің әлеуметтік, этикалық көзқарастарының кіндігіне адамды алады. Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық пайдалы қызметін жеке бақытын жасай алады. Музыканы, тіл білімін және логиканы педагогикалық ғылымға біріктіре отырып, осы арқылы Әл-Фараби дара тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуындағы тәрбие мәселесіне айтарлықтай мән берген.

Тұлғаны тәрбиелеу, оған кешенді білім беру, машықтануға дағдыландыру және мүмкіндікті дамытудың тарихы әріде жатыр. Алғашқы адамды тәрбиелеу процесі тіпті алғашқы қауымдық құрлыста қалыптасты десек те қателеспейміз. Себебі, алғашқы құрылған жанұя ондағы бала тәрбиесі бертін келе ашылған мектептер, бұлардың барлығының объектісі ол дара тұлғаны қалыптастыру тәрбиесі. Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өздігінен пайда болып, жасалмай, тұлғаны қалыптастырып оны өмірге дайындаудың және оған қажетті қоғамдық сана мен қасиеттері дамытудың құралы болып табылады. Осыдан келіп тәрбие заңдылықтары, оның сипаты мен әдістемелік негіздері тәрбиелік қызметтің өзінде ғана көрінбей, әлеуметтік тұлға сипатына ие, адамның даму және қалыптасу заңдылықтарына негізделеді.

Қазіргі қоғамда тұлғаның дамып қалыптасуында рухани - өнегелі тәрбиенің жетіспеушілігі айқындалуда. Өзін-өзі тану дегеніміз-ол өзін тану, өзінің ішкі дүниесін тану, сол арқылы өзін-өзі тәрбиелеу, өзінің көзқарасын қалыптастыру, өзін-өзі сезіну және өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі тану негізінен педагогтар дайындайтын мамандықтарға қажетті ілім болып табылады. Себебі, оқытушы және оқушы арасындағы байланыс кезеңінде мұғалім баланың ішкі дүниесін көріп және оның ішкі қуатын сезініп, сол арқылы табиғи түрде оны дамыта білуі қажет. Жан дүниесінің жалпы ағынымен таныс болу, әр адамның өз жан құбылыстарымен танысып, зерттеуге пайдасы бар. Өйткені, жан жүйесінің мақсаты: жалпы адамның жан құбылыстарын, олардың қатынасын, себебін тексеру. Бірақ, жалпы адамдарда тиісті жанның қасиеттерінен басқа, әр адамға қас, өзгеше сипаттар да бар. Адам өзін және өзгелерді ұғыну үшін ғылымнан жол басшылық керек. Ондай жол басшы болуға жарайтын ғылым “Өзіндік таным” пәні адамның жан жүйесінің ішкі дүниесіне жол ашатын, ішкі толқыныстар мен сезімдерді жеке адамдар өзгешелігін зерттейтін ғылым. Рас, бұл курс әлі жас, жеке адамда болатын алуан-алуан мінез қасиеттерін түгел тексеріп, ішкі күш, қуат пен жан заңдарын түгел ашты деуге болмайды. Бұл бөлімнің болашағы алдында. Бірақ жас та болса әр адамның өзгеше сипаттары мен сан қилы қырларын тексеріп, жеке адамды дамытуға бұл бөлімнен көмек табылады. Өзімізді бақылау, сынау үшін қақ жарылуымыз керек. Өзімізді ірі сыншының, ірі сыналатын заттың орнына қоя білуге үйрететін бұл ғылымның саласына өзіңді өзің тани отырып сол арқылы өз бойыңдағы шығармашылық белсенділікті арттыруға икемдейтін модельдер қалыптастыру артық етпейді. Ал, өзіндік танымның шығармашылық белсенділігін ХХ ғасырдың ұлы ойшылдары Сай Баба және Ошо былай сипаттап көрсетеді «шығармашылық белсенділік бұл өзіндік танымның жетем деп көздеген жұлдызды мақсаты», яғни өзіндік таным арқылы шығармашылық белсенділікті қалыптастыру керек. Себебі, шығармашылықта дамыту үшін адамда топтың бөлшегі емес, оны жеке тұлға ретінде бөліп алып қалыптастыру қажет. Өзінің көзқарасы жоқ топтың немесе қоғамның меңзеуімен жүретін, солардың идеасын қайталаумен жүретін адамның бойында шығармашылық белсенділігі болмайды. Шығармашылық дегеніміз-жеке “меннің” бостандығы, еркіндігі. Өзіндік таным шығармашылығы дамыған адам, кез -келген құбылысты ерекше көреді. Олар өзгелерге естілмейтін дыбысты жанымен сезініп, ішкі дүниесі жүрегі арқылы қабылдап, өзгеден ерекше естиді. Көрініс, құбылыс, дыбыс, ой іс -әрекет қарама- қайшылықтарынан үндестік, гормония, тұтастық өзара байланысын тауып, оны өз алдына бөлек ешнәрсеге ұқсамайтын қайталауы жоқ, шығарма ретінде дамытады.



  1. Отбасы тәрбиесінің мазмұны демократиялық қоғамның басты мақсатымен анықталады, яғни, жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Отбасы денелік және психикалық жағынан сау, адамгершілік, интеллектуалдық, дамыған, болашақ еңбектік, қоғамдық және отбасылық өмірге даяр тұлғаны қалыптастыруға міндетті. Отбасы тәрбиесінің мазмұнының құрамдас компоненттері: денелік (салауатты өмір салты, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, спортпен айналысу, организмді шынықтыру), адамгершілік (мәңгі адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу - сүйіспеншілік, адалдық, борыш, әділеттілік т.б.), интеллектуалдық (оқушылардың біліммен сусындауына, оқуға деген сұраныс-ты тәрбиелеуге ата-аналардың қатысуы), эстетикалық (балалардың талантын және дарындылығын, өмірдегі әсемдік туралы білімдерін дамыту), еңбек /болашақ еңбекқор адамның негізін қалыптастырады/ тәрбиесі. Олар экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білім берумен толықтырылады.

Отбасында балаларды тәрбиелеудің әдістері - бұл ата-аналардың балалардың санасына және мінез-құлығына мақсатты бағытталған педагогикалық әсердің тәсілдері. Олардың өздерінің ерекшеліктері бар: нақты қылықтарға негізделген және тұлғаға үйлестірілген, сәйкестендірілген балаға жекелік әсер; әдістерді таңдау ата- аналардың педагогикалық мәдениетіне байланысты (тәрбиелеу мақсатын түсінуі, ата-аналар рөліне, отбасындағы қатынастар стиліне т. б.).

Отбасы тәрбиесінің әдістері: сендіру (түсіндіру, ақыл-кеңес, иландыру); жеке өнеге; мадақтау (мақтау, сыйлық, балалар үшін қызықты перспектива); жазалау (достықтан бас тарту, рақаттылыққа рұқсат бермеу, денелік жазалау). Кейбір отбасыларында педагогтың кеңесі бойынша тәрбиелеушілік ситуациялар қолданылады.

Отбасында тәрбиелік міндеттерді шешуде әртүрлі құралдар баршылық: сөз, ата-ана беделі, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүр, қоғамдық пікір, отбасының рухани және моральдық ахуалы, күн тәртібі, әдебиет, спорт, мейрамдар, символ, атрибуттар, т.б.

Қазіргі қоғамда барған сайын отбасы дағдарысы көріне түсуде және одан шығудың жолы әлі де бұлыңғыр. Дағдарыстың бір көрінісі



Дағдарыстың себептері: елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы, қоғамдық өмірде мәдениетінің төмендігі, отбасында әйелге көп жүктеменің түсуі, ажырасудың жоғары пайызы, ұрпақ арасындағы тартыстың асқынуы, отбасы мен мектептің байланысының нашарлауы т.б.

Отбасының тәрбиелік әсерін арттырудың жолдары: отбасындағы қатынасты гуманизациялау, мектеп, діни ұйымдардың және отбасының бірлескен қызметі, гуманитарлық фондылармен, қоғамдармен жұмысын үйлестіру т.б.

Тәрбие көзделген әрекет-қылық (поведение) типін қалыптастыруы міндетті. Тұлға тәрбиелілігі түсінік, ұғымнан көрінбейді, ол адамның нақты іс-әрекетімен бағаланады. Бұл тұрғыдан іс-әрекет ұйымдастыру мен қылық қалыптастыру тәрбие процесінің өзегі ретінде қарастырылады. Аталған топтағы әдістердің бәрі тәрбиеленушілердің практикалық іс-әрекетіне негізделген. Мұндай іс-әрекетті басқару үшін педагог оны құрамды бөліктерге - нақты істер және қылықтарға жіктейді.

Қажетті тұлға сапаларын қалыптастырудың жалпыланған әдісі - жаттықтыру. Балада қалыптасатын қылық, әрекеттің қай-қайсысы да жаттығып, дағдыланудан. Балаға басқалардың қалай жазатынын әңгімелеп, жазуға, атақты күйші өнерін көрсетіп, домбыра тартуға үйрету мүмкін емес. Тәрбиеленушіні мақсатты бағытталған белсенді әрекетке ынталандырмай, жоспарланған мінез бітісін де орнықтыруға болмайды. Жаттықтыру мәні - талап етілген әрекеттерді көп мәрте қайталаумен автоматты орындалу дәрежесіне жеткізу. Жаттығулар нәтижесі - тұлғаның бекіген сапалары: әдеттер мен дағдылар.

Жаттықтыру істерінің тиімділігін келесі шарттар анықтайды: 1) жаттығулар жүйесі; 2) олар мазмұны; 3) түсініктілігі мен жеңілдігі; 4) көлемі; 5) қайталау жиілігі; 6) бақылау мен түзету; 7) тәрбиеленушілердің тұлғалық сапалары; 8) жаттығулардың орындалу мерзімі мен орны; 9) жеке-дара, топтық, ұжымдық жаттығулар формасы; 10) жаттығу сеп-түрткілері мен оған деген ынта себептері. Жаттығулар жиілігі, көлемі және жетіскен нәтижелер арасында тікелей тәуелділік бар: жаттығу неғұрлым көп орындалса, олар жәрдемімен қалыптасушы сапалар дамуы да соғұрлым жоғары келеді. Бұл тәуелділік тұлғалық ерекшеліктерімен реттеліп отырады. Бірдей тең деңгейлі сапаны қалыптастыру үшін әр оқушының орындайтын жаттығуларының саны әрқилы: бір бала көзделген сапаға аз санды жаттығудан жететін болса, екінші біреуінде ондаған, жүздеген жаттығу әрекеті қажет. Сапа неғұрлым күрделі келсе, оған байланысты әдеттерді қалыптастырып, тұрақтандыру үшін соғұрлым көп жаттығу орындап, көп мәрте қайталау керек.

Жаттығулар жүйесін жоспарлауда тәрбиеші, ең алдымен, өз тәрбиеленушілеріне қандай дағдылар мен әдеттерді қалыптастыруы қажет болатынын ойластырып алғаны жөн. Жаттығулардың көзделген қылық-әрекетке сәйкес болуы (адекватность) - әдісінен баланың өмірлік қажетті, мәнді және пайдалы дағдылары мен әдеттері қалыптасады. Сондықтан жаттығулар қалай болса, солай ойдан шығарылмай, өмірден алынуы тиіс. Бірінші кезекте жалпы адамзаттық ізгілі сапалар тұрғызушы жаттығулар пайдаланылады.

Тұрақты дағдылар мен әдеттер қалыптастыру үшін жаттығуларды мүмкін болғанша ерте жастан қолданған дұрыс. Жас организм қай әсерді де тез қабылдайды. Әдеттенген адам өз сезімін басқара біледі, құмарлықтарына тоқтау береді, өз ниеттерін басқалар мүдделерімен салыстырып, бағалай алады. ұстамдылық, өзіндік бақылау, ұқыптылық, тәртіптілік, қатынас мәдениеті - бәрі де тұрақтанған әдеттер негізінде туындайтын ізгілі адам сапалары.

Жаттықтыру әдістерінің тиімділігіне себепші маңызды шарттардың бірі- біртұтас жаттығулар жүйесінің біртіндеп күрделеніп баруы. Кіші сынып оқушыларында мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруда, келесідей шамалап түзілген ілгерілі жаттығулар жоспарын ұсынуға болады.

Гуманистік тәрбиеде де қатаң әдістер қолданылады. Бірақ әңгіме оны қалай пайдалануда. Осындай шешімді әдеттердің бірі - талап. Тәрбие барысындағы талап тәрбиеленуші әрекетінің ынталылығын көтеруге не оны тежеуге қажет талаптар тікелей не жанамалы болып келеді. Тікелей талап - анық, дәл, нақты. Жанамалы талапта әрекетке келтіретін талаптың (кеңес, өтініш, сенім, қолдау, құлақ-қағыс және т.б.) өзі емес, ал сол талаптан туындайтын психологиялық жағдаяттар: толғаныс, күйзеліс, мүдде, ұмтылыс. Жанама талаптар арасында аса көп қолданылатындары:

Кеңес-талап. Бала санасына ықпал жасаумен педагог қойған талаптың қажеттігін, пайдасын түсіндіреді. Мұндайда кеңестің қабылдануы не қабылданбауы педагог беделіне, оның оқушымен қатынасына тәуелді.

Ойын талап. Әрқандай талаптарды қою үшін тәжірибелі мұғалім баланың ойынға құштарлығын пайдаланады. Бала ойынды қызығушылықпен орындай жүріп, өзі байқамай талаптарды да қабылдайды. Бұл талап әдісінің өте ізгілікті және тиімді формасы, бірақ оны қолдануда аса жоғары педагогикалық шеберлік қажет.

Сенім талап. Мұндай әдіс, әдетте, сыйластық жайлаған ортада іске асады.

Өтініш талап. Педагог пен тәрбиеленуші арасында достық, жолдастық қарым-қатынас болған жағдайда өз тиімділігін береді.

Үйретіп көндіру - көзделген сапаны жылдам әрі жоғары деңгейде қалыптастыру үшін қолданылады. Кейде бала мұндай талапты ауырсынады, өжеттікпен қарсы шығады. Солай болса да, көндіру баланың өзі үшін қажет. Гуманистік педагогика адам құқына қарсы қатаң әдістерді қолданудан аулақ, дегенмен орынды жерінде бұл әдісті жұмсарта, басқа әдістермен, әсіресе ойынмен бірлестіре пайдаланғанды жөн санайды. Үйретіп көндіру және оны ойынмен бірлестіру бала табиғатына сай келеді.

Үйретіп көндіру тәрбие процесінің барша кезеңдерінде де тиімді, бірақ бала дамуының алғашқы сатысында әбден қажет. Бұл әдісті пайдалану шарттары:


  1. Тәрбие шарттарын екі тараптың да анық, дұрыс түсінуі. Егер тәрбиеші алдына қойған көндіру мақсатының мәнін, пайдасын жете пайымдамаса, онда әдіс баланы түгелдей бағындырумен орындалады. Баланың өзі нені қажетсінетінін түбегейлі түсінген жағдайда ғана әдіс өз нәтижесін береді.

  2. Қандай да талапқа көндіруде, айтар ойыңызды сөзбен анық, түсінімді өрнектеңіз, ерекше пікіріңізді «олай бол да, солай бол» деп қайырмаңыз. Дұрысы «Көршіңе сәлем берсең - ол да жылы сәлемдеседі», «Салақтың болашағы жоқ, тырнағы өскен, құлағы кір - адам шоршытады» сияқты насихат жолымен ұғындырған жөн.

  3. Әрбір уақыт аралығына қонымды, оқушы мүмкіндігіне сай әрекет жоспарлаңыз. Асығыстық мақсатты жақындатпайды, керісінше, алыстатады. Алғашында дәл орындауға, кейін тез орындауға үйретіңіз.

  4. Қалай орындалуын, одан болар нәтижені көрсете біліңіз. Салақтық пен тазалықты, ұқыптылық пен салғырттықты нақты мысалмен көрсете түсіндіріп, бала жанын қозғаңыз, өз тәрбиесіздігінен ұялып, оқушыны өзінің келеңсіз әрекетінен жеркенуге мәжбүр етіңіз.

  5. Көндірудің бірізді - параллель схемасын қолданыңыз. Егер тұлға сапаларын біртіндеп, кезегімен тәрбиелейтін болсаңыз - уақыт жеткізе алмаймыз. Барша сапаларды параллель де қалыптастырып болмайды. Сондықтан, қай сапалар өзара табиғи байланысты болатынын анықтап, оларды бірқатар тәрбиелеңіз, екіншіде қай сапа қандай қасиетке негіз боларын біліп алып, оларды бірінен соң екіншісін қалыптастырыңыз.

  6. Көндіру тілектестік пен мүдделілікке негізделген, бірақ бірқалыпты қатаң, үздіксіз бақылау бар жерде нәтижесін береді. Бақылау оқушының өзіндік бақылауына ұласуы қажет.

  7. Көндірудің педагогикалық тиімді нәтижесі ойынмен бірге

келеді. Бала белгілі қағидаларды ойын барысында еш зорлықсыз-ақ, өз қалауымен орындайды. Көндіру үшін баланы ойынға тартудың себептері: 1) қажетті іс-әрекет мақсаты оқушылар үшін тартымсыз болса; 2) мақсатқа жету жолы іс логикасына орай баланы

жалықтыратын, қолайсыз болса.

Тапсырыстар беру - балаларды ұнамды қылық-әрекеттерге жетелеудің тиімді жолы. Тапсырыстар түрі әрқилы: сырқат жолдасынан хабар алып, оның оқуына жәрдемдесу; қамқорлыққа алынған балабақшаға ойыншықтар дайындау; сынып бөлмесін мейрамға безендіру және т.б. Қажетті сапаларды дамыту үшін де тапсырмалар қолданылады, мысалы, нақтылығы мен ұқыптылығы кем балаларға - дәл әрі орынды жасау әрекеті, шыдамсыздарға - байсалдылық талап ететін жұмыстарды тапсырып тәрбиелеуге болады. Тапсырыстың орындалуын ежелеп, түсіндіріп жатудың қажеті жоқ.

Тәрбиелік жағдайлар - арнайы жасалған шарттарға орай тәрбиеленуші іс-әрекеті мен мінез-қылығын қалыптастыру әдісі. Тәрбиелік жағдайлар (ситуация) тиімділігін көтерудің екі жолын еске ұстаған жөн:



  • жағдай жалған, жасанды болмай, нақты өмірде кездесетін қарама-қарсылықтары мен қүрделіліктерден құралуы тиіс. Тәрбиеші әдейі жағдай туындатушы шарттарды түзеді, ал ситуациялар табиғи қалпында өтуі тиіс. Мектеп өмірі мұндай ситуацияларға бай: «Оқушы

  • мұғалім», «Оқушы - жол тәртібінің сақшысы», «Оқушы - ертеңгі серуен басшысы» және т.б. тосын жағдайлар. Мұғалім ескертпесін күткен тәрбиеленуші оған алдын ала дайындалады, ал әрекет тосын болса, көп жағдайда бала мұғалім айтқанына көнеді. Оқушының тосын қылығына мұғалім кеңпейілділік, қайырымдылық танытуы лазым. Бірақ бұл жағдайдағы басты шарт: бала мұғалім әрекетін дұрыс түсініп, оны әлсіздік, сенімсіздік демей, жоғары адамгершілік тұрғысынан қабылдауы тиіс. Қай жағдайда да мұғалімнің ситуация дамуына тікелей араласпағаны жөн.

Аталған әдіс басқа тәрбие әдістерінің баршасымен тығыз байланысты.

Тұлға мінез-қылығын қалыптастыру әдістері тәрбиеде өте қажет. Олардың бәрі тәрбие процесінің өзегін құрайды. Атап айтсақ, бұл әдістер: жаттықтыру, талап, көндіру, тәрбиелік жағдайлар (ситуациялар).




Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Ізгілік тәрбие негіздеріне сипаттама беріңіз?

  2. Тұлғаны тәрбиелеу, оған кешенді білім беру, машықтануға дағдыландыру және мүмкіндікті дамытудың тарихына сипаттама?

  3. Отбасы тәрбиесінің мазмұнының құрамдас компоненттерін ата?

  4. Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымдарында жүзеге асу жолдары?.

  5. Өзін-өзі танудың отбасы тәрбиесіне ролі.



№15-дәріс

Тақырыбы: Әрқашан мейірімділік жолмен жүр.

Мақсаты: студенттердің бойында шынайы таза сезім қалыптастыру, әлемге қайы-рымдылық, шынайы махаббат негіздерін орнату ұғымдарын бекіту.

Тірек ұғымдар: мейірімділік, қайырымдылық, тазалық, “сабырлылық”, ”әсерлі”, “әдепті”, “білім”, “өнер”, “кәсіптік икемділік” т.б.

Жоспар.



  1. Өзін-өзі тану адамгершілікті өрбітеді.

  2. Биік құндылықты таңдау жолы.

  3. Өзін-өзі тану моделі.

  1. Студенттің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін- өзі тәрбиелеу үрдісін қолдаушылар (Ш. Амонашвили, Унадзе, В.В. Краевский, С.Назарбаева, Х.Г. Шерьязданова, З.Б. Мадалиева, т.б.) олардың бойында төмендегі қасиеттер мен сапалардың пайда болуына ықпал ететіндігін айқындайды:

  • жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық;

  • интелектуальдық сипаты: ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық өріс-өресі, терең танымдық, өзін-өзі сыни ойлау қабілеті;

  • ашықтық, сабырлылық, табандылық, мейірбандық;

  • өз көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық, көмек көрсетуге даярлық;

  • болашаққа көзқарас сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне, адамгершілік қасиетіне сыни көзқарас, өзінің адами даму сапасына жоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі дамытуға, өздігінен білім алуға қажеттілігінің болуы;

  • өз мамандығы бойынша студенттер өздерінен адамгершілікке жатпайтын олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға ұмтылуы; --студенттердің моральдық жігерлік сапасы;

  • рухани-адамгершілік тәрбиені алу мақсатына талпыныс;

  • өзін-өзі бағалау және сыни тұрғыдан өзін түзетуге талпынысы;

  • өз-өзіне шынайы әділ баға беруге ұмтылысы;

  • өз қылықтарын саралап ақылға жеңдіру нәтижесінде адами қасиеттерді дамытуға ұмтылыс жасау.

Адамгершілік эмоциялық сапалар: нақтылық, өзге жанын түсінуге ыңғайлылық, шыдымдылық, бірбеткейлік, қуатты, ізетті, намысшылдық.

Әлемге деген көзқарастар сапасы: барлық дүниені сүйе білу, патриотизм, ізгілік.

Тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, оның өзіндік “Менін” анықтау мәселесі А.Комбс, М.Розенберг, С. Мецер, Ф. Куолтер, К. Паркер, Т. Кейт, Р. Бернс, Харрис және т. б. ғалымдардың еңбектерінде орын алған.

Өзін-өзі тану, біздің түсінігімізше, ең алдымен адамның жалпы тануының бір ерекше түрі объектісі таным субъектісінің өзі болатын танымдық іс-әрекет. Өзін-өзі танудың мақсаты - адамның өзі туралы өзінің іс-әрекет субъектісі ретіндегі -шынайы мағлұмат алуы. Бұл жерде танымның объектісі мен субъектісі - бір ұғым, бір құбылыс, өзін-өзі тануды танымдық іс-әрекет ретінде қарастыра келе, біз оның тиімділігі көп жағдайда жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның белсенділігінің өзін-өзі тану үрдісіне қаншалықты бағытталғандығына тәуелділігін атап көрсеткіміз келеді. Бұдан өзге, қандай да болмасын іс-әрекет секілді, өзін-өзі тануда да көптеген танымдық іс-әрекет пен операциялар арқылы жүзеге асады. Олардың ішіндегі ең негізгілері- сараптау, жинақтау, салыстыру, сәйкестендіру және бағалау операциялары. Өзін-өзі тану, сонымен қатар, сыртқы ортаны тану арқылы да әсіресе, яғни, сезім, қабылдау, өзін-өзі қадағалау, ойлау секілді үрдістерді тану арқылы да іске асады. Өзін- өзі танудың негізгі бастаулары - іс-әрекет және қарым-қатынас. Өзін- өзі тану үрдісінде адамның іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзі туралы бітімі қалыптасады, тұлғаның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасы ашылып, оның өзін-өзі бағалауының әділдігі сарапқа түседі, сараланады.

Қарым-қатынас үрдісінде өзін өзге адамдармен салыстыру іске асады, өзіне өзге адамдардың берер бағасы пайымдалады. Бірінші кезекте әлеуметтік сынға жиірек түсетін және іс-әрекеттің табыстылығын анықтайтын қабілеттер мен қасиеттер саласына түседі.

Сонымен, “Өзін-өзі тану”- адамның өзінің іс-әрекет субъектісі ретіндегі өз тұлғалық ерекшеліктерін біртіндеп түсіну үрдісі. Бұл үрдістің нәтижесі - “Мен” образының түрлі аспектілерінің қалыптасуы.

Тәжірибе көрсеткендей тұлғаға сырттан әсер ету арқылы тәрбиелеу үнемі жетістікке қол жеткізе бермейді. Өйткені ол кейде жағымды, кейде кереғар әсер етуі тіпті кей жағдайда тұлғаны ешқандай әсерсіз қалдыруы мүмкін. Ал, егер сырттан тәрбиелеу тұлғаға жоғары талап қою арқылы тұлғаның ішкі жан дүниесіне әсер етіп, оның ішкі өзгерісіне септігін тигізсе ғана, өз тағдыры үшін ойланып, әрекет ете бастаса ғана ол нағыз тәрбие заңдылығы болып табылмақ. Мұндай жұмыс дамытушылық, қалыптастырушылық ықпал жасайды.

Тәрбие үрдісінде тұлғаға жоғары талап қоюшылықпен бірге педагогтың тәрбиелік ықпалында өзара құрмет, сенім, мейірімділік және ізгіліктік көзқарас, педагог пен тәрбиеленуші тұлғаның қарым- қатынастар сипаты тұлға бойында белгілі бір ішкі толғаныстарды есепке алу және оның іскерлігі мен дамуына тікелей әсер етуді біртұтас жүйе ретінде қарастыру мәселесі В.А.Петровский, И.Ф.Исаев, М.И.Ситникова, И.Б.Котова, Е.Н.Шиянов, Ю.М.Орлов еңбектерінде орын алған.

Дегенмен, бүгінгі тәрбие үрдісінде тұлғаны ізгілікке тәрбиелеу жолдары қарастырылғанмен, оған өз бетімен бағыт алу, өзін-өзі адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке, өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері, ұйымдастыру бағыттарын әлі де болса талдап, нақтылау қажеттілігі туындап отыр.

Өзін-өзі тәрбиелеу - қалыптасқан идеалдар мен сенімдерге мойындалып қойылған мақсаттарға сәйкес жекелік өзгеріске бағытталған адам әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу адамның даму кезеңін, санасын анықтайды, өз қылықтары мен өзгелердің қылықтарын салыстыра отырып қорытынды шығара алатындығын болжайды. Адамның өзінің әлеуеттік мүмкіндігіне қатынасы, өзінің кемшіліктерін көре білуі адамның есейгендігін көрсетеді және өзін- өзі тәрбиелеу орталығының дәнекері болады.

Қазіргі қоғамдағы белсенді өмір сүрудегі жеке тұлғаның тәрбиесін ең алдымен әрбір тұлғаның өз-өзіне деген үлкен талап қоя білуі өз ісіне жауапкершілікпен қарауы, сонымен қатар бойындағы ізгі қасиеттерді дамытудағы саналы іс-әрекетін Л.И. Рубинский, А.И.Кочетков, А.К.Громцева, М.А.Донцев, М.Ш.Сагаутдинова т.б. ғалымдардың зерттеулерінен көруге болады. Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін әр түрлі қырынан қарастыра отырып Л.И. Рубинский өзін- өзі тәрбиелеуді “адамның өзін-өзі өзгерту мақсатындағы іс-әрекеті” деп көрсетеді. А.И. Кочетков өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін тек жеке бастың қызығушылығынан емес, қоғамдық талаптардан да туындайды деп таниды.

Зерттеу өзін-өзі тәрбиелеудің өзін-өзі тану, өзін-өзі ұмтылдыру, өзін-өзі өзектілеу әдістері арқылы жүзеге асырылды.

Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасу жолын өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі тану үрдістерінен бөліп-жарып қарауға болмайды. Өзін-өзі тану ұғымына психологиялық тұрғыда “Адам жаны өзін-өзі тек өз іс-әрекеттері үстінде ғана тани алады, оның өзі туралы білімі, сыртқы табиғат құбылыстары туралы білік секілді, қадағалаудан құралады”- деп келесі тұрғыда түсініктеме беріледі.

Сонымен, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуі дегеніміз - тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі, өз мүмкіндіктерін толығымен пайдалана алуы, рухани тазаруы, өркениеттің мыңдаған жылдар бойы жинақтаған адамгершілік құндылықтарына өздігінен тартылуы.



  1. Жан-жақты жетілген студент тұлғасы өзіне деген жоғары талаптарымен, оның ішкі өзін-өзі бақылауымен ерекшелінеді. Тұлғаның өзін-өзі бақылай, бағалай, түзей және өзін-өзі ұстай алуы - биік мәдениет пен жетік парасатылықтың көөрсеткіші өзін-өзі бақылаудың көмегімен нақтылы мінез-құлықтың, қарым-қатынастың, іс-әрекеттің өз мақсаттарына сәйкестігі әркез сарапталып отырды.

Тұтастай алғанда көптеген авторлардың пікірі бойынша, тұлғаның өзін-өзі тануы - студенттің өзін-өзі тәрбиелеуінің, өз білімін жетілдіру мен өз тұлғасының өсіп-жетілуінің қажетті шарты Декарттың дәлелдеуіне сүйенсек, өзін-өзі танудан өткен жемісті жұмыс жоқ, бірақ бұл үшін көрегендік пен ержүректік қажет,. “Өзін- өзі адам ретінде зерттеп - білмеген адам өзге адамдарды да терең зерттей алмақ емес”.

Студенттердің педагогикалық қызметінің табыстылығы әркез олардың өзін-өзі көтеріңкі бағалауымен, өзі туралы ұғымдарындағы бұлыңғырлықтың, түсініксіздіктің жоқтығымен және олардың бейімделуге деген жоғарғы қабілеттілігімен ұштасып, сабақтасып жатады. Бұл тұлғаның өзін-өзі бағалау қызыметінің қажеттілігін дәлелдеді. Өзін-өзі бағалау әрбір тұлғаға өз тиімді стилін тауып, оны дамытуға мүмкіндік береді.

Д. Доуэрти және К.Паркер студенттердің өзін-өзі бағалауы олардың экстраверттілігі мен нейротизміне тәуелді екендігін анықтады. Студенттердің өздерін қоршаған ортасы олардың көбінесе интроверттікке бейімделуіне ықпал етеді, ал интраверттердің экстраверттерге қарағанда өзін-өзі бағалау шамасы төмендеу, қалыпты эмоциялық деңгейдегі студенттен нейротизмнің жоғары деңгейіндегі студенттің өзін-өзі бағалауы жоғарырақ.

Болашақ педагог өміріндегі өзін-өзі көтеріңкі бағалаудың маңызы туралы А. Комбс, М. Розенберг, Р. Бернс және т.б. еңбектінде келтіріледі.

Тұлғаның өзін позитивтік тұрғыдан қабылдауы оның қызметінің тиімділігінің маңызды факторларының бірі ретінде тұлғаның көтеріңкі “Менінің” дамуына әсер етеді. Өзіндік “Менмен” мен тиімді оқыту арасында айқын байланыс бар. Тиімді оқытудың қажетті шарттарының бірі- тұлғаның өзінің жеке және өз біліктілігіне деген сенімділік деңгейі. Сынып ішінде өзін сенімді сезіне отырып студент өз кемшіліктері мен оқушылардың кемшіліктерін оңай, тез ұғынады. “Өзінің бойында әділдік, шынайылық, өз тұлғасының құндылығы сезімі бар және оқушыларға позитивтік көзқараспен қарауға әзір тұлға оқушылардың өзін-өзі түсінуі мен олардың тұлғалық қалыптасуына тиімді ықпал ете алады, оларды өзіне сенуге үйретеді, құндықтарды жеңіп, оқудағы өз мүмкіндіктерін толықтай қолдауға үйретеді. Алайда түрлі зерттеулердің нәтижелері /Бернс/” тұлғаның мұндай маңызды қасиеттерінің даму деңгейі төмендігін көрсетті.

Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса, оның қолынан өзге адамдарды танып түсіну және оларға нақты көмектесе алу келмейді. Қоғадық дамудың өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсетін әрбір адам өзін- өзі тануын тереңдетуі шарт, бірақ Джерсиидтің байқауынша, бұған жеткілікті мөлшердегі жүректілік қажет, өз рефлексиясының нәтижелері қандай болса да, оларды әділ түрде қабылдауға мүмкіндік берерлік белгілі мөлшердегі объективтілік қажет.

Студент тұлғасының өзін-өзі тануы білім беру жүйесінде жетекші мақсаттардың бірі дәрежесін алуы қажет. Студенттің “Менін” позитивтік өзгерту қазіргі таңда педагогика мен психологияға деген гуманистік көзқарастың бірден-бір маңызды саласы, оқыту мен тәрбиелеу ісіне қатысы бар әр адамның өзін-өзі адамгершілік рухани дамытуын қамтамасыз ететін басты құралы. Болашақ маманның өзін- өзі дамыту қағидаларын меңгеруі қажет, әйтпесе ол өзгелерге бұл процесте қажетті көмек бере алмайды.

Оқытудың тиімділігі тұлғаның психикалық дүниесінің жалпы үйлесімділігіне, әсіресе оның “Менінің” көтеріңкілігіне, позитивтілігіне тәуелді. Сондықтан студенттің тұлғалық дамуының сипаты мен өз бойындағы адамгершілік рухани құндылықтарының мән-маңызы оның академиялық жетістіктерінің маңызынан кем емес.

Сөйтіп, педагогикалық жоғары оқу орындарының бағдарламаларындағы өзін-өзі тану мен өзгелерді түсінудің алар орнын, маңызын айтып жеткізу мүмкін емес, себебі “болашақ маман алдымен біреуді, сонан-соң бір нәрсеге оқытады”.

Өзін-өзі дамыту тұлғаны өзгеден дараландыратын басты ерекшелік. Дүниені өзінше түсіну, сезіну адамдарды өзгелерден ерекшелендіреді. Осыдан туындайтын тәрбиенің мақсаты - студент өзінің даралық сипатын дамытып, бойындағы ерекшелігін өзгеге көрсетуі және оны басқаға үйрете білуі керек. Болашақ ұстаздарды өз бойындағы өз даралығына сенуге баулу, олардың қайталанбас даралық сипатына құрмет білдіру, осы қасиеттерді студенттің санасында орнықтыруы оқытушының бірден-бір мақсаты болуы тиіс. Сонда ғана оқытушы өз міндетін біршама орындап шығады. Студент өзінің даралық сипатын түсінуі арқылы өзін-өзі танып білуге, өзін-өзі дамытуға, шығармашылыққа, жағымды қарым-қатынас орнатуға жол ашады. Болашақ ұстаздар әрдайым өз қабілеті, жетістігі туралы ойлауы тиіс.




№ 1 -ші сурет. Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде

студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің құрылымдық моделі.

Модель мазмұнында студент тұлғасының өзін-өзі зерттеу барысында тұлғаны қалыптастыру үшін өзіндік сапаларының деңгейлерін анықтау, іріктеу, құру, стандарттау, түзету әрі қарай эксперимент барысында диагностикалық болжам арқылы дамыту өзін-өзі басқарудың педагогикалық шарттары мен әдістемесі беріледі, оны жүзеге асыру студенттердің тұлғалық қалыптасуының өзін-өзі басқаруының жаңа қоғамға сай тәрбиеленуінің сапасын көтереді.

Оқу-тәрбие үрдісінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуімен, студентке оқытушының өзін-өзі басқаруға жағдай туғызуымен ғана шектелмей, студент дайындығының жан-жақты дамуын, олардың бойында, қоғамдық талаптар алдындағы жауапкершілігін, білім алуға, ғылымға, техникаға, өнерге ұмтылысын, тұлғалық өзін-өзі дамыту арқылы адамгершілік құндылықтарға өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымдық жүйесін жасау мәселесінің жаңа жолдарын анықтады.

Модель бойынша бұл үрдіс студенттің жеке тұлғалық қасиеттердін дамытуды көздеу, сол арқылы олардың жауапкершілігін арттыруда, өзін-өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін пайдалану жолдары мен педагогикалық шарттарының орындалу бағыттары жүйеленіп сипатталды.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Рухани-адамгершілік құндылықтар анықтамасына түсінік беріңіз?

  2. Модель мазмұнынын сипаттаңыз?

  3. Адамгершілік эмоциялық сапаларға не жатады?

  4. В.А.Петровский, И.Ф.Исаев, М.И.Ситникова, И.Б.Котова, Е.Н.Шиянов, Ю.М.Орлов еңбектеріне ғылыми шолу жасаңыз?

  5. “Өзін-өзі тану” анықтамасына сипаттама беріңіз?

№16-дәріс



Тақырыбы: Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің құрамы

Педагог – тәрбие беру басымдылықтарының негізгі жолсерігі. Тәрбие үрдісінің ақырғы нәтижесі оның кәсіби-тұлғалық қасиеттеріне байланысты. Мейірімділік, кішіпейілділік ортасы, педагогикалық қолдауды күшейту, балаларға белсенді сенім арту – бала тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасуының негізін қалаушы жағдайлар. Тәрбиеленушілерге жүргізілген сауалнамалардың нәтижесі бойынша олар, ең алдымен, басқа адамдардың бойында мейрімділік, сүйе алу қасиеттерін бағалайды. Достық, адалдық, ақ жүректік, қайырымдылық, көпшілдік, адамдарға құрмет сезімі, жауапкершілік, өзін-өзі құрметтеу сезімі де маңызды болып табылады.

Әрбіп педагог өзінің оқушыларының қандай болғанын тілесе, өзі де сондай болуы тиіс. Бұл кәсіби іс-әрекетте құзыретті әдісті іске асыруға мүмкіндік береді.
Ұстанымдар:


    • өз-өзіне сенім – бұл өмірдің негізі;

    • педагогтың әсері саналы стратегиялық мақсатқа бағынуы тиіс;

    • кәсіби рефлексия, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуға қабілеті;

    • балалардың өзін-өзі көрсетулерінің алуан түрлілігіне дене және сөз реакцияларының вариативтілігімен жауап беру қабілеті;

    • психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгеруі, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру;

    • а жарқындылық және балалармен қарым-қатынас жасаудың табиғи дарыны, жан жүрегімен қызмет етуге дайындылығы.

Өзін-өзі тану мұғалімінің этикасы:



  • педагог өзін-өзі тануға, өзін-өзі жеңуге және өзін-өзін өзгертуге дайын және қабілетті болуы керек;

  • баланы сөзсіз қабылдау;

  • баланың тұлғасын және өмірлік тәжірибесін құрметтеу;

  • Өзінің іс-әрекетін құпиялыққа негіздеу;

  • без-келген жағдайда баланы жақтау, қорғау, өйткені баланың үлкендерге қарағанда қателесу құқығы бар;

  • жылы, шынайы өзара қарым-қатынастың дамуына ықпал ету;

  • баланың сеніміне мұқият қарау. Балалардың құпияларын сақтай алу;

  • балалар мен әріптестеріне мейірімді, сабырлы, шынайы бола білу;

  • балалардың оңды көріністерінде жетістік жағдайын құру;

  • бшық көзқараспен қарап, күлімсіреуді, мақтауды, қолдауды, жылы сөздерді, ақыл айтуды пайдалану;

  • баланың мәселесін шешуде басымдылық балаға берілетінін есте сақтау;

  • баланың мәселені ұғынып, жағдайдан шығу үшін лайықты жолдарды іздеуі үшін жағдайлар жасау;

  • баланың қайталанбас бірегейлігін мойындау, оның өзекті және ықтималды мүмкіншіліктерін ашуға ықпал ету;

  • сезімдерді көрсету мен тәрбиешінің мінез-құлқында шынайылықты, ашықтықты, адалдықты сақтау;

  • тыңдау және мән беру, көру және бақылау қабілеті, бағаламай, сынамай, тек өзінің көзқарасы түрғысынан (мұғалімнің емес) түсіне алу;

  • зиянын тигізбеу.

Істеуге болмайды:



  • қайсыбір ағымға немесе бағытқа жататын белгілері бар ала-құла, ашық-шашық киімдерді киюге болмайды. Киім елеусіз, жылы түстен болуы тиіс;

  • сөйлесу кезінде көзіңізге қара көзәйнек кимеңіз – көздер қарым-қатынас жасауда маңыхды рөл атқарады;

  • танысуды жылдамдатпаңыз, алғашқы кездесуде бала туралы барынша көп біліп алуға тырыспаңыз. Бірден көптеген сұрақтар қоймаңыз – алдымен өзіңіз туралы, өзіңіздің жұмысыңыз туралы әңгімелеңіз;

  • танысудың алғашқы кезінде отбасы, мектеп, тұратын жері, уыт заттарды пайдалануы, жеке бас мәселелері секілді тақырыпта сұрақтар қоймаңыз. Одан да баланың пікірі бойынша көмекті қажет ететін басқа балалар туралы әңгімелескен жөн;

  • алғашқы кездесуде бірден балаға көмек беруге тырыспаңыз (көмек көрсетем деп қыстамаңыз) - жұмысыңыз бойынша өзіңіз көмек сұрасаңыз жақсы болады;

  • жасөспірімге аяушылық сезіміңізді көрсетпеңіз, бұл кемсітушілік болып көрініп, сіз бен баланың арасын алшақтатуы мүмкін;

  • көмектесу қолыңыздан келмесе, уәде етпеңіз;

  • өтірік айтапыңз, алдамаңыз, шынайы емес мәліметтерді ешқашан хабарламаңыз. Өтірік ерте ме, кеш пе, бәрібір ашылып қалады, бұл сіздің беделіңізге нұқсан келтіріп, баламен және оның достарымен арақатынасыңызға кері әсерін тигізеді;

  • ешқандай «саяси ойындарды» жүргізбеңіз: біреуге қарсы ешкіммен бірікпеңіз, әрқашан бейтарап болуға тырысыңыз;

  • ешкімді ешқашан кінәламаңыз және сөкпеңіз – баланы осы қалпында қабылдаңыз. Оның көзқарастарына, мінез-құлқына, сыртқы түріне сабырлы болыңыз. Бір нәрсе туралы өзіңіздің пікіріңізді сабырлы және дәлелді айту керек;

  • баланың пікірлеріне немқұрайлы қарамаңыз – керісінше, ол сіздің қызығушылығыңызды, оның пікіріне деген құрметіңізді сезінуі керек;

  • баланың сұрақтары мен тілектерін назарсыз қалдырмаңыз – егер жауабыңыз болмаса, бірден айтыңыз;

  • баланың сөзін бөлмеңіз, аяғына дейін тыңдауға тырысыңыз;

  • азғыруға бой бермеңіз – ауытқушылық, азғындыру мінез-құлқының себебін түсінуге тырысыңыз;

  • араларыңызды қысқартпаңыз және алшақтатпаңыз, ол әрқашан орынды болуы тиіс. Баланың сізді басынып алуына жол бермеңіз. Дөрекілікке дөрекілікпен жауап бермеңіз, әрқашан сыпайы және сабырлы болыңыз;

  • бір сұрақты талқылау отырып алмаңыз. Балаға қызықты болуы мүмкін тақырыптар өте көп;

  • арзан бедел үшін ешқашан балаға темекі, сыра бермеңіз – бұл заңға қайшы келеді. Ең бастысы, сіз – салауатты өмір салтын уағыздаушы екеніңізді ұмытпаңыз;

  • ғибрат айтпаңыз – сіз тек бала мен әлеуметтік ортаның арасындағы көпірсіз, баланың таңдау жасауына мүмкіндік беріңіз;

  • блаға немесе жасөспірімге өзіңіздің ортаңызды қыстамаңыз. Егер сізден сөйлескісі келмесе, қинамаңыз. Сіздің оны көруге әлі де уақытыңыз болады;

  • қатал бағадан қашыңыз. Сөйлегенде әрқашан сыпайы, әрі әдепті болыңыз (жауласқан топтар, басқа бала, ата-аналар туралы). Сіздің олардың өмірін сынауға құқығыңыз жоқ;

  • балалардың арасындағы дау-дамайларда олардың рұқсатынсыз (келісімінсіз) әділқазы рөлін атқармаңыз;

  • жұмысыңызға байланысты күйзелістеріңізді жасырмаңыз – мәселелі жағдайларды әріптестеріңізбен талқылауға тырысыңыз;

  • балалармен қарым-қатынаста талапты, зілденген дауыспен сөйлепеңіз. Әрқашан ымыраға келуге тырысыңыз, қарым-қатынасты құрылымды диалогқа ауыстырыңыз.

Тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап беріңіз.



  1. Өзін-өзі бағалау деңгейіңізді анықтаңыз.

  2. Аталған ұстанымдардың қайсысы Сізге жақын?

  3. Бір парақ бетінің сол жағына педагогқа қажетті қасиеттерді, оң жағына болдыруға болмайтын қаситеттерді жазыңыз.

  4. Өзіңізге тән қасиеттердің астын сызыңыз. Талдаңыз.

  5. Зерделеңіз.

Чем проповедь выслушивать, мне лучше бы взглянуть.

И лучше проводить меня, чем указать мне путь.

Глаза мои внимательны, заметят без труда:

Слова порой запутаны, пример же никогда.

Тот лучший мой учитель, кто веру в жизнь провел.

Добро увидеть в действии – вот лучшая из школ.

И если мне все показать, я выучу урок,

Понятней мне движенье рук, чем быстрых слов поток.

Я, может, и поверю хорошим словесам.

Но будет лучше посмотреть, что делаешь ты сам.

Вдруг я неправильно пойму прекрасный твой совет,

Зато пойму, как ты живешь: по правде или нет [3].

Мектепте және балабақшада өзін-өзі тану пәнінің мақсатын толыққанды іске асыру үшін ерекше сенімділік, ашықтық, құрмет және толеранттылық атмосферасы құрылады. Сабақ кезінде балалар әріптестік етуге, ойлануға күрделі өмірлік жағдайларды шешу жолдарын іздеуге үйренеді. Бұның бәрі баланың тұлғалық өсуіне, өзін-өзі тануына, өзін-өзі іске асыруға көмектеседі.

Сабақтарда мұғаліммен, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде ашық диалог жүргізіледі, адамзаттық қарым-қатынас әлемі зерделенеді, өмірлік бақылаулармен алмасады, қоғаммен практикалық өзара әрекеттестік дағдылары дамытылады. Оқыту үрдісінде түрлі интерактивті формалар, әдістемелік тәсілдер мен жаттығулар пайдаланылады: қуаныш шеңбері, өзімен-өзі жалғыз болғанда, әңгімелесу, рөлдік ойын, топтық өзара әрекеттестік, жағдайларды шешу, жобалық іс-әрекет т.б.

Оқыту мен тәрбие берудің қазіргі заманға сай, дәстүрлі және дәстүрліге жатпайтын интерактивті формалары мен әдістерін жетік меңгерген мұғалімге ерекше рөл беріледі.
№ 17-дәріс

Тақырып:__Педагогтің_жеке_тұлғасы.'>Тақырып: Педагогтің жеке тұлғасы.


  1. Мұғалімнің жеке тұлғасының бағыты.

  2. Жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері.

  3. Мұғалімнің педагогикалық ептілігі.

  4. Педагогикалық этика.




  1. Мұғалімнің жеке тұлғасының бағыты.

Ғаламды білім берудегі мұғалімнің жеке тұлғасы – дегеніміз ол мәдениетті жеткізуші, оның атқарушысы оның мұрагері және әлемдік педагогикалық тәжірибенің жасаушысы болмақ. Әлемдік стандарттар бойынша – қазіргі заманғы мұғалім - ол шығармашылықты жеке тұлға, ол проблемалық-педагоикалық және критикалық ойды игерген, ол көпвариативтік бағдарламаны құрушы, алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибеге жәнебілім берудің жаңа технологиясына сүйенген, оларды ол нақты педагогикалық жағдайларда диагностикалық мақсатты рефлекция бойынша іске асырушы. Педагогтың әлеуметтік позициясы жалпы білім беру мектептеріндегі көзқарасынан, сенімнен және құндылықтық бағыттары арқылы қалыптасқан. Олардың негізінде кәсіби даярлау барысында педагогикалық кәсіпке оның мақсаты мен педагогикалық әрекетіне деген мотивациялық-құндылықтық қарым-қатынас құрылады.

Қазіргі заманғы мұғілімнің алдында сыртқы әсерді жеңуге қабілетті, және өзінің жеке стилінің арқасында әлемдік педагогикалық ғылым мен практиканы жеткізу үшін оның нақты тәуелсіз және жауапты тұлға екенін көрсететін ғылыми болжамдарды жеңу міндеті тұр.

Педагогикалық қызмет шындығында «жалпылық сипатта». Ол «оқытушылық-оқушылық» феноменіңнің онтологиялық сипатта екенімен түсіндіріледі, оныз адамзаттың өзінің өмір сүруі, адамдық мәдениеттің дамуынң өзі мүмкін емес. Қандайда бір тіпті күнделікті жұмыстың өзінде адамдық қандайда бір әрекетке , операцияларға, оны орындау ретіне, нәтижеге жетуге, оны жетілдіруге үйрету керек. Қандай болмасын әрекетте жұмыста оықтатын адам мен оқитын адам болады. Біріншісі соңғыны оқытушы, педагог болады. Қандай да болмасын басқа адамммен қарым-қатынас жасайтын кәсіби істе педагогикалық аспект бар.

Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен білім берудің жүйесін тиімді тіүрде іске асыру оқытушының жеке ұлоғасына тікелей қатысты болады. Ол ең басы болап табылатын мынандай жекелік қасиеттерге көңіл аударады.

Біріншіден, балаларды олдар қандай болса солдай жақсы көру. Тіл алмайтын, тіл алғыш, түсінігі мол, түсінігі аз, жалқау және жақсы балалардың барлығын бірдей жақсы көру керек. Балаларды жақсы көру мен оларға деген қайырымдылық көзқарас оларға қатты сөз айтудан сақтандырады, олардың өздерін бағалауын төмендетпейді және жеке баланың жетістігіне ғана қуанудан сақтайды.

Екіншіден, балаларды түсіне білу және олардың жағына шыға білу, олардың жұмысын мәселесн дұрыс қабылдап, түсіне білу. Олардың көзқарастарын сыйлай білу. Балаларды түсіну – оларды өз билігімізге көндіру емес, олардың бүгінгі күнгі өміріне сүйене отырып олардың ертеңгі өміріне дән себу. Баланың уайымын түсіну, оның сезімін және талпынысын сезіну, бала өзін тәрбиелеу барысында педагогпен жақтас болса тәрбие де маңызды болады.

Үшіншіден, оптимист болу керек, тәрбие берудің күшіне сену керек. Бұл жерде оқытушы қолын алдына салып баланың өзінің түсінігі оянғанша тосып оыратын филантропикалық оптимизм туралы айтып отырған жоқпыз, оның санасын дамытуға кірісіп кету туралы айтып отырмын. Бұл жерде педагог баланың ішкі сезімін танып сезініп – ол арқылы оны тәрбиелеу жолдарын іздеуді айтып отырмыз.

Төртіншіден, Оқытушының бойында барлық адамдарға ұнайтын жақсы қасиеттер болу керек, қаталдық, байсалдылық, қарапайымдылық, шынайылық, интелегенттік, сезімталдық және өмірге құштарлық.

Осындай мұғалім болуға талпыну өте маңызды. Ол – бала мен өткен өмірдлің және қазіргі заманғы ұрпақ арасындағы рухани құндылықты жеткізуші. Осы құндылықтар, білім, моральдық-эткалық норма балаларға таза күйінде жеткізлмейді, ол мұғалімнің жеке тұлғалық сипатында болады, оныңбағасымен жеткізіледі. Гуманды педагог балаларды білімге тарта отырып оларға өзінің мінезін де береді, олардың алдында адамдықтың үлігіс ретінде көрінеді. Бала үшін білім тек қана мұғалім арқылы ғана беріледі, оның мұғалімге деген махаббаты арқылы көрінеді, ол арқылы білімге есік ашады, қоғамның моральдық құндылықтарын иегереді. Бастауыш мектеп жасында бала үшін ең үлкен бедел ол –мұғалім.

Кәсіби компонетті деп мұғалімнің педагогикалық әрекеті толығымен жоғары деңгейде жүргізілетін жағдайды айтуға болады, педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімнің жеке тұлғасы қалыптасады, оның барысында оқушыларды оқыту мен білім берудің жоғары деңгейіне қол жеткізіледі.

Психологтар педагогтың субъектілігінің келесідей қасиеттерін бөліп қарастырады:


    1. психофизиологиялық (жеке) субъектінің қасиеттері (задаткалар);

    2. ептілік;

    3. бағыттылық;

    4. кәсіби-педагогикалық білім мен ептілік.

Жеке тұлғаның бағыттылығы – ол әрекеттің, қылықтың,адамның барлық өмір сүруі барысындағы барлық әрекеттерінің мотивациялығы, оның негізі қажеттілік, қоғамдық талаптар т.б.

Педагогикалық бағыттылық—оқытушының оқушыларға деген қызығушылығы арқылы сипатталады, әр түрлі педагоикалық міндетті шешу барысындағы шығармашылықтық көзқарас, өзінің педагогикалық кәсібіне деген қызығушылығы, онымен айналысуға деген бейімділігі, кәсіби өзін-өзі тану деңгейі арқылы сипаталады. Өзін-өзі тану – мұғалімнің педагогикалық өзін-өзі ұстауын, оның формасын, ережесін танумен байланысты процесс; кейбір кәсіби эталлондарды тануы мен өзін соларен қатар өзін-өзі бағалау арқылы қатар қюды сезінуі арқылы келетін процесс.

Педагогикалық бағыттылықтың түрлері (Н.В. Кузьмин бойынша)


  1. нақты педагогикалық;

  2. атүсті педагогикалық;

  3. жалған педагогикалық.

Педагогикалық қызметтің басты мақатына қол жеткізуге бағытталуы – жеке тұлғаның жан-жақты, гормонды түрде дамуы гуманикалық болып табылады.

Педагогикалық қызмет гуманикалық бағытта болуы керек.Ол педагогтың барлық әрекеттерінің жеке тұлғаның, баланың, оқушының, үлкен адамның нақты қызығушылығына тәуелді екенін көрсетеді. Педагог тек қана сауатын ашып қана қоймай басқа адамдарды да тәрбиелейтін әрекеттер ұйымдастыруы керек, және де ол қоршаған ортамен адамның өзінің ішкі қақтығысы мен келіспеушілігін тудырмауы керек.



  1. Жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері.

Педагогикалық әрекеттің тиімділігіне мұғілімнің жеке қасиеттері маңзды болып табылады. Мұғалмнің барлық жеке қасиеттері кәсіби маңызды болмақ. Жақсы оқытушы – ең бірінші жақсы адам: ұқыпты, адал, қайырымды, шыншыл т.б. Мұғалімнің жеке тұлғасының кәсіби-маңызды қасиеттері кәсіби-педагогикалық қызметке көп әсер етеді әне педагогтың жеке стилін көрсетеді. Педагогтың негізгі педгогикалық қасиетін көрсететін қасиетін атауға болады, олар кәсіби-маңызды.

1) Доминантты педагоикалық қызметті тиімді іске асырудың мүмкін еместігін көрсететін қасиет:

- әлеуметті белсенділік- кәсіби-педагогикалық саладағы қоғамдық мәселелерді шешуге әзірлік.

- мақсаттылық - өзінің жеке қасиеттерін алға қойылған педагогикалық міндетті шешуге бағыттай білу.

Байсалдылық- қандай да болмасын педагогикалы жағдаяттарда өз қылығын бақылай білуі.

Оқушылармен жұмыс істеуге тартылуы;

Экстремалды жағдайларда саспау;


  • тартымдылық- рухани бірлік, тартымдылық пен талғам;

  • адалдық;

  • әділдік;

  • заманына сай болу- оқушылырдың мұғілімді өз заманына сай екенін мойындауы;

  • гумандылық;

  • эрудиция;

  • педагогикалық такт – жалпы адамзаттық норманы балалармен қарым-қатынас жасау нормаларын олардың жеке және жастық ерекшеліктерін сақтау;

  • толеранттылық – балалармен жұмыс істеу барысындағы шыдамдылық;

  • педагогикалық оптимизм.

2) Перифериялық қасиеттер – қызметтің тиімділігіне шешуші әсер етпейтін қасиет.

Алайда оның жетістікке жетуіне әсер етуші:



  • қайырымдылық;

  • -ашықтық;

  • қалжыңды түсіну;

  • әртістік;

  • көрегендік (өмір тәжірибесінің болуы);

  • сыртқы тартымдылық.

3) Педагогикалы еңбектің тиімділігін төмендететін теріс қылықтар:

  • бас июшілік («сүйіктіні» бөліп қарау немесе керсінше);

  • байсалдылығының жоқтығы – өзінің психологиялық жағдайын бақылай алмау;

  • өш алушылық - оқушылармен есеп айырысу;

  • өзін жоғары ұстау - өзінің оқушылардан артықтығын көсету;

  • жігерсіздік- ұмытшақтық, жинақтылығының болмауы.

  1. Кәсіби-қол жетпеушілік қасиеттер оқытушының кәсіби жарамсыздығына әкеліп соқтырады

  • жалпыға қауіпті болып саналатын жаман қылықтарының көптігі (арақ ішу, анаша шегу т.б.);

  • адамдық тазалығының болмауы;

  • қол жұмсау;

  • дөрекілік;

  • принциптерінің болмауы;

  • білім беру мен тәрбиелеу барысындағы компетенттігінің болмауы;

  • жауапкершілігінің болмауы.

Сонымен қазіргі заманғы педагогтың кәсіби маңызды жеке қасиеттерін білуі және оның кәсіби қызметі барысындағы рөлі әрбір оқытушының өз қасиеттерін дамытуға тырысуына әсер етеді, ол ең соңында келіп балалармен оқу-тәрбие беру жұмыстарын сапалы жүргізуге әсер етеді.

  1. Мұғалімнің педагогикалық ептілігі

Педагогикалық ептілік оқытушының әр түрлі әрекетерінің бірлігін көрсетеді, олар педагоикалық әрекеттермен қатысты болады, оқытушының жеке-психологиялық ерккшеліктеріне әсер етеді және де оның пәндік-кәсіби жарамдығын көрсетеді.

Негізгі дидактикалық жоспар бойынша барлық педагогикалық ептіліктер мына түрлерге бөлінеді:



  1. оқытушының білімін жеткізе білуі. Жаңа педагогикалық жағдаяттар барысында білім беру және тәрбие беру жолдарын табуы;

  2. әрбір педагоикалық жағдайларда жаңаша шешімдер таба білу.

  3. Педагогикалық білімнің және идеяның жаңа элементтерін құра білу оларды нақты педагогикалық жағдайда қолдану.

Педагогикалық ептіліктер (А.К.Марков бойынша).

1.Топ. Психлолгиялық-педагоикалық ептілік:

а) педагоикалық жағдаятты басқара білу

- педагоикалық жағдаяттағы мәселені көре білу;

педагогикалық міндетті қою барысында оқушыға бағытталу;

түсініксіз жағдайда оптималды педагоикалық шешім қабылдай білу;

қиын педагогикалық жағдаяттан абыроймен шыға білу.

б) «Неге үйету керек» Топтамасы.

- оқу материалының мазмұнымен жұмыс істей білу (психологиялық-педогоикалық әдебиеттің жаңалықтарынан хабардар болу);


  • оқу пәнінің негізгі ойларын бөліп алу;

  • оқу пәнін жаңарту;

  • ақпаратты педагогикалық интерпретацияға бейімділік (түсіндіру), БАҚ түсетін материалдардан;

  • оқушылардың бойына жалпы білім беретін және арнайы ептіліктер мен дағдыны қалыптастыру;

  • пән аралық байланысты іске асыру,

в) «кімді оқыту керек» шағын топтамасы

- оқушыларды диагностирлей білу;

- оқушының үлгерімі мен жеке қасиеттерін айыра білу;

- оқушылардың мүмкін деген қиындықтарын көре білу оларды жою шаралары;

- оқу-тәрбие беру ұмысын жоспарлау барысында оқушылардың мотивациясын ескеру;

- үлгерімі нашар және үлгерімі жоғары оқушылармен жұмыс істей білу.

с) «қалай оқыту керек» шағын топтамасы.

- білім беру мен тірбие берудің тәсілдерін мен формаларын таңдай білу;

- оқушы мен мұғалімнің оған жіберетін күші мен уақытын есепке алу;

- оқушыларға жеке және дифференциялы түрде қарауды қолдану;

- педагогикалық міндетті шешудің бірнеше жолдарын таба білу;

- психологиялық-педагогикалық білімді және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қолдана білу;

- өз еңбегінің нәтижесін диагностикалай білу;

-оқушылардың қиындықтарын өзінің қате себебінен таба білу.

2. Қарым-қатынас орната білу ептілігі топтамасы:

- қарым-қатынас жасауда өзініңқарым-қатынас жасаушыың ішкі қорын қолдануын іске асыруы үшін және қарым-қатынас барысында психологиялық дұрыс жағдай қалыптастыру білу;

- басқа адамның көзқарасы түсіне білу;

- оның жеке басына қызығушылық көрсету;

- әсер етуді арттыратын көздерді қолдана білу (әдістер риторикалар);

басшылық етудің демократиялық стилін көп қолдану;

оқушыға алғысын білдіру және өз қателігін мойындай білу.


  1. Педагогтың жеке тұлғасының өзін-өзі көрсету тобы..

  • өзінің педагогикалық ептілігін іске асыру және дамыту ептілігі;

  • өзінің эмоциялық жағдайын басқара білу;

  • шығармашылық ізденісті іске асыра білу;

  • өзінің кәсіби дамуының перспективасын сезіну (өзінің күшті жақтарын бекіте білу, және әлсіз жақтарын жоя білу).

  1. Оқушының жекелік дамуын болжау, оны бағалай білу. Тобы.

  • оқушының білім сипатын анықтай білу (әркет ету жағдайын, өзін өзі бақылауын, оқушыға көмек беру түрін және оны қорғау себебін білу т.б.).

  • мұғалімнің оқушының тәрбиелілігін және тәрбиеге көнетіндігін анықтау;

  • оқушының жеке тұлға екенін көре білу;

  • оқушының әлсіз жақтарын дамытуға жағдай жасау.


4. Педагогикалық этика.

Педагогикалық әрекетті іске асыру барысында оқытушы оқушының еке тұоғасына жан-жақты көп факторлы түрде әсер етеді.Ол тәрбиеленушінің құндылықтардың оларға деген көзқарасытың берілуі негізінде олардың әлеуметтік позициясын қалыптастыруға әсер етеді. Өзін-өзі ұстау үлгісіне әсер етеді. Ол осындай әсер барысында және пелагогтың педагогикалық әсер етуін іске асыра алуының арқасында олардың одан арғы әрекеттестікері байланысты болады. Қызметтестік және баланың қоршаған ортамен өзара әрекеті.

Баланың жеке тұлғасына әсер ете отырып және балалармен өзара әрекеттесе отырып оқытушы үнемі баланың ішкі әлемімен байланыс жасайды. Бұл байланыс өте жауапты және педагогтан кәсіби терең білім мен ептіліктен басқа жалпы мәдениетті болуын, адамгершілігінің мол болуын талап етеді. Сондықтан мұғалімге педагогикалық білім алу барсында негізгі кәсіби-педагогикалық этика негізін білу қажет.

Педагогикалық этиканың элементтері педагогикалық қызмет пайда болғанннан бюастап бар. Педагогикалық этика талаптары мен оны бағалаудың алғышарттары мақала түрінде болды. Мәтелдер мен жазылмаған нормалар мен ережелер түрінде болды Одан кейін педагоикалық процесттің адамгершліктік аспектілері педагогикалық әдебиеттерден көрініс тапты.

Спарта. Балалармен қарым-қаынас барысындағы қатулық пен қаталдық- құлдармен қатаң қарым-қатынас жасайтын өжет адамдар тәрбиелеу. Тәрбие беру барысында адамгершіліктік қарым-қатынас жасауға М.Монтень, Я.А. Коменский, .Ж.Ж. Руссо, К.Гелвецкий, Д.Дидро, И. Песталоцци т.б. ататы ойшылдар В.Г. Белинский, К,Д. Ушинский, Л.Н.Толстой, А.С.Макаренко, Ш.А.Амонашвили т.б. көп көңіл бөлді.

Педагогикалық этика – ол жалпы этиканың құрамды бөлігі, ол философияның ең бір көне саласы, ол адамдардың өміріндегі адамгершіліктік мәселені зерттейді, қайырымдылық пен қаталдыққа анықтама береді, адам аралық қарым-қатынстар мәселесін зерттейді осы қарым –қатынастардың нормаларын мен ережелерін қалыптастырады.

Педагогикалық этиканың негізгі категориялары:

Педагогикалық адалдық – ол моралдық сана түсінігі. Ол педагогикалқ қызмет барысындағы адамдық өзара қарым-қатынасты реттейді. Ол педагогикалық процестегі барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасын олардың ережелері мен міндеттерн қамтиды.

Кәсіби педагогикалық парыз – ол әрбір оқушының педагогикалық процеске қатысушының адамдық қасиеттерін мүлтіксіз құрметтеуге бағыттау. Тәрбиеленушінің құрметтелуін және оған деген талаптың бірлігін іске асыруды нақтылайды.

Кәсіби әділдік адамға өзі барлқ педагоикалық процеске қатысушылар тарапынан жеңіп алған сыйын көрсетудің нормативтік талаптарын көрсетеді.

Мұғалімнің кәсіби ақыл-ойы- ол өзінің парызын өз оқушыларының қоғам алдындағы алдындаы жауапкершілігін субъективті түрде сезінуі.



Педагоикалық этиканың мақсаты тұтас жүйе ретіндегі оқытушының жеке тұлғасының адамгершіліктік мәдениетін қалыптастыру. Оған этикалық ойлау, сезім мәдениеті, ойын, білімін, сезімін іске асыру барысындағы моральдық тәжірибесінің өзін-өзі ұстау мәдениетін оларды күнделікті нормаға айналдырудағы әрекеттерін көрсетеді.

Сонымен, педагогикалық такт – ол оқытушының өзін-өзі ұстаудағы жекелеген фактілері емес оның оқытушының адамгершілігінің бар екенін және қайырымды екенін білуіндегі өзндік стилі.



Негізгі әдебиет: 2,7,8,11

Қосымша әдебиет: 2,6,7,8.

Сұрақтар:



  1. Мұғалімнің жеке тұлғасының бағыты қандай?

  2. Жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері қандай?

  3. Мұғалімнің педагогикалық ептілігі дегенді қалай?

№18-дәріс



Тақырып: Педагогтың кәсіби компетенттілігі.


    1. «Педагогтың кәсіби компетенттігі» түсінігінің негізі.

    2. Педагогтың кәсіби компетенттігі құрылымы.

    3. Мұғалімнің теориялық дайындығының мазмұны. Педагогикалық ептілік топтамасының сипаттамасы.


1. «Педагогтың кәсіби компетенттігі» түсінігінің негізі.

«Педагогтың кәсіби компетенттігі» түсінігі негізі. Компетенция ретінде лауазымды тұлғаның жеке мүмкіндіктері қарастырылады, оның қандайда бір шешім қабылдаудағы немесе өзінің қандай да бір білімі мен ептілігінің арқасындағы біліктілігі, ептлігн (білімі, тәжірибесін) мүмкіндігін айтамыз.

Педагогтың кәсіби біліктілігі түснігі оған өз бетімен және неғұрлым тиімді түрде педагогикаық міндетті шешуге мүмкіндік беретін мұғалімнің, тәрбиешнің жеке мүмкіндіктеін көрсетеді. Ол үшін педагогикалық теорияны білу керек, оны тәжірибеде қолдануға дайын блу керек. Сонымен мұғалімнің педагоикалық компетенттік ретінде оның теориялық білімінің бірлігін және педагогикалық әрекет абрысында оны практикалық түрде қолдану білуін айтамыз.

Қажетті психологиялық-педагоикалық білім мазмұны мемлекеттік білім беру жоғары білім бойынша стандарттары арқылы анықталады жән тиісті оқу бағдарламасына нақтыландырылады.

Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім – қажет, алайда кәсіби компетенттік жағдайы жеткіліксіз.
2. Педагогтың кәсіби компетенттігінің құрылымы.

Құрылым педагогикалық ептілік арқылы ашылады да одан арғы әрекетердің бірлігін көрсетеді, олардың жартсы автоматтандырылған болуы мүмкін (ептілік), олар теориялық білімге негізделген және педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған.

Мұғалімнің кәсіби компетенттігінің моделі оның теоретикалық және практикалық дайындығының бірлігі ретінде болады.

В.А. Сластенин педагогикалық ептіліктің 4 тобын ашып көрсетеді:

1) нақты процестегі мазмұнды тәрбие беру барысында немесе нақты педагогикалық міндет барысында «ауыстыру алу»: жаңа білімді белсенді түрде игеріп алу үшін жеке тұлғаны және ұжымды зерттей білу және осы негізде ұжымды дамытуды және жекелеген оқушыларды дамытуды жобалау, білім берудің, тәрбие берудің және дамыту міндеттерін нақтылау және алғышарттарды анықтау.

2) Логикалық түрде аяқалған жүйені қолданысқа енгізу оны құра білу: білім беру-тәрбиелеу міндеттерін кешенді жоспарлай білу, оны ұйымдастырудың формасын, әдістері мен құралдарын таңдай білу.

3) Тәрбие берудің компоненттерімен және факторларымен өзара байланысын айыра білу оны анықтау; қажетті жағдай жасау (матриалдық, моральдық-психологиялық, ұйымдастырушылық, гигеналық т.б.); оқушының жеке тұлғасын жандандыру, оны объектіден субъектіге айналдыратын оның әрекетін дамыту, өзара әрекетті ұйымдастыру және оны дамыту; мектептің ортамен байланысын қамтамасыз ету, сыртқы жоспарланбайтын әсерлерді реттеу.

4) педагогикалық әрекеттің нәтижесін есепке алу және оны бағалау: білім беру процесін сараптау; доминирлеуші және педагогикалық міндеттерге бағынышты кешенді анықтау.


3. Мұғілмнің теориялық дайындығының мазмұны. Педагогикалық ептілік тобының сипаттамасы.

Оқытушыың теориялық дайындығының мазмұны педагогикалық түрде ойлана білудің жалпыланған ептілігіне дайындығы болып табылады, ол педагогтың аналитикалық, прагностикалық жобалық рефлексивтік ептілігінің болуы.

Аналитикалық ептілік бірнеше жеке ептіліктерден тұрады.


  • педагогикалық құбылысты сараптай білу;

  • әрбір элементті басқалармен байланыста қорыта білу;

  • педагогикалық теориядан қаралып отырға құбылысқа сәйкес келетін ережені, заңдылықты, табу;

  • педагогикалық құбылысты дұрыс диагносикалау;

  • доминирлеуш педагогикалық міндетті қалыптастыру;

  • оны шешудің оптималды жолдарын қарастыру.

Болжамдық ептіліктер білім беру процесін басқарумен байланысты және мұғалімнің санасында басқару субъектісі болып табылатын оның міндеттерімен байланысты. Педагогикалы болжау негізді және педагогикалық процестің логикасын толық білуге, жастық жән жекелік дамуы заңдылығына сүйенеді.

Педагогикалық болжау мұғілімнен моделдеу, гипотеза ұсыну, ойша эксперимент, экстраполирлеу т.б. талап етеді.



Жобалау ептіліктері білім беру процесінің жобасын жасау арқылы жүзеге асады.

Рефлексивті ептіліктер педагогтың бақылау-бағалау әрекетін іске асыру барысында қолданылады, ол өзіне бағытталған мына түрлерді қолдануды меңзейді

  • алынған нәтижелерді біріктіру негізіндегі бақылау;

  • әрекеттің болжанған нәтижесі негізіндегі бақылау, ол ойша жоспар құру арқылы орындалған.

  • Сұрақтарды түсінікті және әсерлі етіп құрау;

  • БТҚ-ын тиімді қолдану ( білім берудің техникалық құралдары), ЭЕТ (электронды есептеу маашиналарын) және көрнекі құралдарды (кесте, диаграмма, графика, суреттер);

  • Оқушылапдың оқу материалдарын меңгеру түрін және меңгеру сипатын жедел үрде диагностикалау;

  • Материалды түсіндірудің логикасы жедел түрде өзгерту (қажет болған жағдайда).

Дамыту ептіліктеріне мыналар жатады:

  • жеке оқушлардың, кластың «жақын арадағы даму зонасын» анықтау;

  • оқушылардың сезімі мен ерік-жігерін дамыту барысында проблемалық жағдаяттар құру;

  • бұрын алған блімдерін қолдануды талап ететін мәселе туғызу.

Жеке ерекшеліктердің дамуына жағдайлар жасау, осы мақсатты іске асыру т.б.

Бағытталған ептіліктер тәрбиеленушілердің моралдық-құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған және олдардың ғылыми танымына, оқу әрекетене тұрақты қызығушылығын көрсетуіне, жеке ептіліктеріне сәйкес келетін кәсіби әрекетін көрсетуге; өзара шығармашылық әрекетті ұйымдастыруға бағытталған.

Мұғалімнің коммуникативтік ептілігі – ол өзара байланысқан ептіліктердің бірлігі және педагогикалық ептіліктің дағдының техникасы.

Прецептілік ептілік, қарым- қатынас жасаудың бастапқы кезеңінде көрініп басқаларды толығырақ түсінуге бағытталған (оқушыны, мұғілімді, ата-ананы). Ол үшін басқа адамның құндылықтылық бағытын білу керек, ол оның идеялы арқылы, қажеттілігі мен мүддесі арқылы көрінген. Одан басқа оқушының өзі туралы түсінігін білу керек, ол нені қабылдайтынын және неге қарсы болатынын білу керек.

Прецептілік ептілікті «енгізу» барырысында аоылған оқушылар туралы мәліметтер педагогикалық қарым-қатынас жасаудың жетістігін көрсетеді.

Педагогикалық түрде тіл табыса білу коммуникативтік шаьуыл жасаумен байланысты, яғни өзіне төрт әдіс арқылы көңіл аудартумен байланысты (В.А. Кан-Калик бойынша).



  • Тілдік вариант (оушыға вербалды түрде тіл қату);

  • Белсенді түрде ішкі үзіліс (көңіл бөлуді талап ету);

  • қозғалысты-белгілік вариант (кестені ілу, көрнекілікті ілу, тақтаға жазу т.б.);

  • Аралас вариант, үш алдыңғы элементтер кіреді.

Педагогикалық әрекетті жетістікпен іске асыру үшін мұғалім қандайда бір қолданбалы ептліктердің біреуін жетік білуі керек: көркем (ән айту, сурет салу, музыкалық аспапта йнау т.б.); ұйымдастырушылық, әркім де игере алады (бірнеше спорт түрі, туризм инструкторы, экскурсовод, лектор-үгіттеуші, үйірме жетекшісі т.б.).

Негізгі әдебиет: 3,4,7,9.

Қосымша әдебиет: 3,5,6,7.

Сұрақтар:

1.«Педагогтың кәсіби компетенттігі» түсінігінің негізі қандай?


  1. Педагогтың кәсіби компетенттігі құрылымы қандай?

№ 19-дәріс



Тақырып: Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі.

  1. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің негізі.

  2. Өзін өзі бағалауды қалыптастыру.

  3. Өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандырушы факторлар.




  1. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің негізі.

Өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби өзін-өзі жетілдіру жұмысына кіріспес бұрын бастаушы мұғалім ең алдымен өз жұмысының қандай бір мерзіміне сараптамасы болуы керек, оның дұрыс бағалануына және өз жұмысын одан әрі жетілдіруге деген жетекшісінің ұсынысы болуы керек.

Өзінің әрекетінің қорытындысын сараптай отырып мұғалім рефлекция жасайды онсыз білім беру процесінің заңдылығын түсіну мүмкін емес, педагогикалық шеберлікке бастайтын қозғалыс жоқ.

Кәсіби өзін-өзі дамытудың бастапқы компаненті өздігінен білімін көтеру болып табылады, біз бұл жерде «мақсатты түрдегі жалпы адамдық құндылықтарды әдістемелік және арнайы білім арқылы, кәсіби ептілігі мен дағдысы арқылы игеру бойынша педагогтың танымдылық әрекеті».

«Орыс оқытушыларының оқыушысы» деген атақ алған К.Д. Ушинский оқытушы оқу барысында ғана өмір сүреді деп санаған, қазіргі кезеңгі белгілі ғалымдардың бірі Д.С. Лихачев жастарға «Үнемі оқу керек. Барлық ірі ғалымдар тек қана біреуді оқытып қойған жоқ өздері де оқыды. Оқуды тоқтатқан күні – оқыта да алмайсың. Себебі білім үнемі өсіп жетіліп отырады » деген.

Өзін-өзі жетілдіру білімі мен тәжірибесі өзін-өзі тәрбиелеудің алғышарттарын құрайды, ол өз кәсіби жекелігін дамытудағы үш бағытын меңзейді:

А) өзінің жеке-қайталанбайтын ерекшелігін педагогикалық әрекеттер талаптарына бағыттау;

Б) кәсіби компетенттігін үнемі арттырып отыру;

В) жеке тұлғаның әлеуметтік-адамгершіліктік басқа да қасиеттерін үнемі арттырып отыру.

Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу, ол басқа да әрекеттер сияқты өзінің негізгі күрделі жүйесі, мотивтері, белсенділік мотивтері бар. Әдетте мұғалімдердің өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші мен көзі жетілуге деген қажеттелік арқылы түсіндіріледі. Алайда бұл қажеттілік қажеттілік арқылы талаптар арасындағы қарсылықты шешуді құрамайды. Оқытушыға ұсынылатын Талаптар «өзін өзі ынталандырады немесе оқытушыны осы қарама-қайшылықты шешетін қандайда блмасын әрекеттті олдануға итермелейді».

Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу негізінде оқытушының әрекеті негізіндегі сияқты мақсат пен мотив арасында қарама-қайшылық туындап отыр. Мотивтің мақсатқа қара жылжуын қамтамасыз ету - өзін-өзі тәрбиелеуге деген нақты қажеттілік деген сөз.Оқытушының өзн-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілгі одан әрі жеке белсенділгі арқылы көрініп отырады (сенімі; парызын сезіну, жауапкершілік, кәсіби адалдық, дұрыс бағалай білу т.б.).




  1. Өзін-өзі бағалауды қалыптастыру.

Ғылым өзін-өзі бағалаудың екі тәсілін көрсетеді. Біріншісі өзінің қызығушылығын қол жеткен нітижеге жатқызу, екіншісі - әлеуметтік салстыру, қоршаған ортаның өзі туралы ойын әлеуметтік түрде салыстыру. Осы тәсілдрді қолдану барысында үнемі адекватты өзін-өзі бағалау туындай бермейді. Аздаған үйреніп қалушылық өзн-өзі жоғары деңгейде бағалауға әкеліп соғуы мүмкін тек қана алдына жоғары міндеттер қоятын тәрбиешілер ғана қиындықтарға жолығады.Шығармашылықпен жұмыс істейтін оқытушыны қанағаттандыра алмайды.

Өзін-өзі бағалаудың негізгі тәсілі (оның ішінде болашақ) - өз нәтижелерін жеке тұлға идеялымен, тәрбиеші-оқытушының әрекетімен салыстыру осындай жұмыстар алғашқы курстан басталуы керек. Кәсіби идеялды қалыптастырудың ең қарапайым және сенімді тәсілі ол - әлеуметтік әдебиеттерді өз бетімен оқу, атақты педагогтар өмірімен өз идеялын табу мақсатында танысу. Бұл оны өзін-өзі тәрбиелеуге деген жағдайдың тиімді түрі. Осы бағытта еліктеуге тұрарлық ерік жігері мол адамның идеялы тиімді рөл атақарады.

Өзін-өзі дұрыс бағалау мен дұрыс есеп беруге жеке күнделік жүргізу де жатады, бұл жерде өзін-өзі тәрбиелейтін субъект өз ептіліктерінің дамуын қадағалай алады.


  1. Өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандырушы факторлары.

Өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыратын сыртқы факторларға педагогикалық ұжым, мекепті басқару стилі мен бос уақыт факторы жатады.

Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу прцесі мүлдем жеке түрде. Алайда одан үш өзара байланысты деңгейді таңдап алуға болады.;



  • өзін-өзі ану;

  • Өзін-өзі жоспарлау;

  • өзара әрекет ету.

Кәсіби өзін-өзі тану еріктік дамуды меңзейді, эмоционалдық саланы, темперамент пен мінезді, танымдылық прцестерінің ерекшеліктерін меңзейді (қабылдау, түсінік, қиялдау, ойлау), сөйлеуді, және адам қасиеті ретіндегі көңіл қоюды меңзейді.

Жеке тұлғаның дамуындағы өзін-өзі жоспарлау процесі өзінің өзіндік жекелігін жетілдіруі туралы болжамын іске асыру.

Өзін-өзі тәрбиелеудің жоспарын құруға әдетте «өмір ережесі» жүйесі алғышарт болады, ол ақырындап жеке тұлғаның өзін ұстауы мен әрекетінің приниптерін айналады. Мысалы ешқашан ешқайда кешігіп бармау; ешкімге «иә» немесе «жоқ» деген сөзбен жауап бермеу – жауап берудің басқа формаларын іздеу; ешкімге көмек беруден бас тартпау т.б.

Өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасымен қоса өзін түзету бойынша жоспар құру жұмысын да атап айтуға болады: ұзақ мерзімге арналған максимум-жопар және қысқа мерзімге арналған минимум-жомпар (бір күнге, бір жұма неесе бір айға).

Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысын енді ғана бастаған тәжірибесі жоқ адамдарға неғұрлым қарапайым жоспар ұсынылады ол үш тараудан тұрады: өзін-өзі тану және өз білімін көтеру; жоғары оқу орнының оқу материалдарын игеріп алу; өзін-өзі тәрбиелеу.

Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысының мақсатын дұрыс қою үшін өзінің әлсіз және күшті жақтарын білу керек яғни өзін-өзі толық тану керек. Өзін-өзі танудың маңызды әдістерінің бірі - өзінің дұрыс және теріс тәжірибесін сараптау. «қиындықтар қателіктерінің төлі» тәжірибесі –ең дұрыс оқытушы, үйретуші, ол қымбатқа түседі алайда, өзінен сабақ алады. Екінші әдісі өзіңді таны- өзіңді басқамен салыстыр.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет