1 Дәріс мазмұны
ППОӘ-нің пәні мен міндеттері.
Қазақстанда және шет елде қазіргі білім берудің дамуы.
Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
Тақырыбы: Педагогика курсының құрылымы.
2 дәріс мазмұны: Педагогиканың ғылым және оқу пәні ретінде даму тарихы.
1. Ғылым және оқу пәні, олардың өзара байланысы және ерекшеліктері.
2.Педагогиканың оқу пәні ретіндегі негізгі даму кезеңдері.
3.Педагогиканың оқыту пәні ретінде дамуы.
4. Шет елдеріндегі педагогика курсы.
Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
Тақырыбы: Педагогика курсының мазмұны.
3 дәріс мазмұны:
1. Педагогика курсының мазмұнын құрудың негіздері.
2. Педагогика курсының мазмұнына жалпы сипаттама.
3. Педагогиканы оқыту процесі.
4. Оқыту және кәсіби тәрбие.
Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
Тақырыбы: Жоғары мектеп дидактикасының негіздері
4 дәріс мазмұны:
Дидактика туралы жалпы түсінік.
Оқытудың мәні, құрылымы және қозғаушы күштері.
Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
Тақырыбы: Жоғары мектептегі оқу үрдісін ұйымдастыру формалары.
5 дәріс мазмұны
ЖОО дәріс оқытудың дидактикалық цикліндегі басты бөлік.
Дәріс құрылымы, оның бөліктері және қойылатын талаптар.
ЖОО жүйесіндегі дәріс формасының дамуы.
Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
Тақырыбы: Педагогиканы оқыту технологиясы.
6 дәріс мазмұны:
Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар.
Оқытудың инновациялық технологиясы.
Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
Тақырыбы: Педагогиканы оқыту принциптері
7 дәріс мазмұны
Педагогиканы оқыту принциптері, оларға сипаттама
Жоғары кәсіби білім беруде жалпы дидактикалық принциптерді жүзеге асыру ерекшелігі.
Оқытуды интенсивтендіру туралы түсінік.
Мәселелі оқыту.
Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
Тақырыбы: Колледждерде, жоғары оқу орындарында педагогиканы оқытудың формалары мен әдістері.
8 дәріс мазмұны:
Форма, оқыту формасы,
Әдіс, оқыту әдісі, тәсіл ұғымдар.
Оқыту формасының әртүрлілігі, оның дамуы.
Семинар, практикалық және лабороториялық сабақтың ерекшелігі.
Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
Тақырыбы: . Оқыту үрдісінде студенттердің сыни және шығармашылық ойлауын дамыту.
9 дәріс мазмұны:
Студенттерде сыни ойлауды қалыптастыру
Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
Тақырыбы: Педагогиканың жалпы негіздері мен педагогика мамандығына кіріспе бөлімінің әдістемелік ерекшеліктері.
10 дәріс мазмұны:
„Педагогиканың жалпы негіздері” бөлімнің мәні. Курстың мақсат, міндеттері.
Пән бойынша университетке арналған типтік және оқу-жұмыс бағдарламалары
Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
Тақырыбы: Педагогиканың жалпы негіздері мен мамандыққа кіріспе бөлімінің әдістемелік ерекшеліктері.
11 дәріс мазмұны:
Курс бойынша практикалық сабақтардың өзгешеліктері.
«Тұлғаның дамуы, тәрбиесі және әлеуметтенуі» тақырыбына сипаттама.
«Тәрбиенің мақсаты» тақырыбына әдістемелік сипаттама.
Тақырыбы: «Дидактика» бөліміне әдістемелік сипаттама
12 дәріс мазмұны:
1.Тараудың мазмұны.
2.»Білім беру мазмұны» тақырыбына әдістемелік сипаттама.
3. «Оқыту процесінің мәні» тақырыбына сипаттама.
4. «Оқытудың заңдылықтары және принциптері» тақырыбын оқыту.
5.Тараудың басқа тақырыптары.
6. Мемлекеттік стандартта көрсетілген кәсіби жоғары білім берудің мазмұны мен әдістемелік сипаттама.
Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
Тақырыбы: : «Тәрбие теориясы» тарауына әдістемелік сипаттама.
13 дәріс мазмұны
Тәрбие теориясы мен әдістері.
Ұжымды қалыптастыру мәселелерін зерттеу.
3. Оқу әрекетінің топтық түрі оқытудың интенсивтендіру факторы ретінде.
Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
Тақырыбы: Оқытудың инновациялық технология жағдайында студенттердің өзара әрекеті негізінде дамыту.
14 дәріс мазмұны:
Интерактивті оқытудың педагогикалық және психологиялық негізі
Интерактивті оқыту әдістері.
Топтық жұмыс әдістемесі.
Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
Тақырыбы: Педагогикалық өзара қарым-қатынастың үрдісі
15 дәріс мазмұны:
Педагогикалық өзара қарым-қатынастың үрдісі
Педагогикалық өзара қарым-қатынастың стильі
Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
Семинар сабақтарына қажет әдістемелік нұсқау.
Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау.
Дөңгелек үстел. Дәріс семинар сабағының материалына негізделген ашық әңгіме ұйымдастыру. Әңгімен барысында мәселені шешудің тиімді әдісін қарастыру. “Дөңгелек үстел - өз ойын еркін айта білу. Жүргізуші нақты мәселе жөнінде жоспар жасайды. Мақсаты: таңдап алынған тақырыпты талдауға қатысушылардың көңілін аудара білу”.Сонымен “дөңгелек үстел” әдісін студенттерге де қолдануға болады. Ол әдіс оқушылардың өз ойын әдемі, реттеліп жинақталған түрде нақты дәлелдермен қалыпты темпте жеткізіп, сөйлеу барысында белгіленген мәдениет пен шарттардан аспай, ресми тұлға ретінде өздерін сезіне білу, ұқсап бағуға үйретеді.
Үлкен шеңбер әдісі: Жұмыс үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.
Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарын жазады.
Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.
“Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады.
Аквариум әдісі- балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.
Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері. Мәселені жан-жақты талдап тиімді қотынды шығарулары керек.
Пікірталас әдісі жеке тұлғаның интеллектуалды дамуын, оның әлеуметтік белсенділігінің артуына ықпалын тигізеді. Оның себебі пікірталаста алынған тақырыпқа дайындық барысында студенттер талқыланатын мәселелерге қатысты зерттеу жүргізіп, көптеген ақпаратпен таныса алады. Бұл өз ретінде олардың өзіндік пікірлерін қалыптастыруға, өз ойларын қарсыластарының көзқарастарымен салыстыра отырып, ойын барысында қорғауға үйренеді. Пікірталас жастардың жан-жақты білімдерін жетілдіріп, мәдениет деңгейлерін көтереді. Басқа адамдарға түсіністікпен қарап, олармен санасуға үйретеді, әрі шешендік өнерге баулиды.
“Миға шабуыл”, “ойға шабуыл” (мозговая атака) немесе “миға батыл әрекет” (мозговой штурм) әдісі ұжымдық тапсырмаларды шешуде идеяларды өңдеу әдісі болып табылады. Бұл әдістің мақсаты – шығармашылық тапсырмаларды шешу барысында қалыпты ойлау инерциясынан айырып, мүмкіндігінше айрықша жаңа идеяларды тудыру.
Бұл әдістің негізгі принципі мен ережесі – қатысушылармен ұсынылған идеяларды сынау, қақпалау және мысқылдауға мүлдем тыйым салынады. Әдіс нәтежиесінің сәттілігі пікірталастың жүргізушісіне тікелей байланысты болып келеді.
Әдіс ұзақтығы әдетте 15 минуттан 1 сағатқа дейін болуы мүмкін. Идеяларды таңдау арнайы адамдармен, 2 кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде жалпы ұсынылған идеялар арасынан ең рационалды идеялар таңдап алынса, екіншісінде солардың ішінен шығармашылық тапсырмалар мақсатын қанағаттандыратын ең оптималды нұсқасы таңдалынады.
Кеңес беру. Кеңес беру техникаларын қолдана отырып кеңес беріледі. Студенттер жұпқа бөлінеді. Жұптың бір мүшесі «клиент» және екінші мүшесі «психолог-консультант ролінде болады». «Клиент» роліндегі студент «психолог-консультант роліндегі» студентке өмір тәжірибесінен алынған проблемасын шешуде көмек алу үшін консультантқа келеді. 30 минут кеңес беру процессіне арналады. 20 минут кеңес беру нәтиежесін топта талдауға арналады.
“Іскерік ойын” әдісі. Бұл әдіс өзінің жоғары дәрежелі біргіп жұмыстануда оқушылардың индивидуалдық үйлесімділігімен ерекшеленеді. Бұл әдіс негізінен еліктеу, сипаттау, көрсету, образға кірудің көмегі арқылы студенттердің бойына басқарушылықтың шеберлігін қалыптастыруда үлкен үлесін қосады.
Интеративті оқыту жүйесіндегі салыстырмалы жаңадан енген әдіс бұл – тренинг. Осы аталған әдістің жаңадан қолдануға енуі, біріншіден, Батыс Еуропа елдерінде кіші топ, яғни тренинг топтарында психологиялық түзету жұмысын жүргізуге арнайы қарым-қатынас ұйымдастырылуына қарамастан, бізде ол туралы ұзақ уақыт бойы көп нәрсе белгісіз болды. Екіншіден, ол психологияны оқытудағы студенттерді массалық оқыту да пайдаланылады. Бірақ кейін шынайы жағдаяттардағыдай сияқты әрекет жасауда сол әрекетің нәтежиелілігі үшін жауапкершіліпен қаралатын, ойындық немесе шартты түрдегі тренингтер кеңінен қолданылды. Әрекеттің жүру барысындағы әр қатысушының индивидуалдық жауапкершілігі – топтық әрекеттің жемісі, үлкен нәтежиелілігі, яғни үйлесімділігі.
мақсатты айқындау;
тренингтің сценарийлік жоспарын құру;
оқушылардың белсенді тренинке араласуын алдын-ала қамтамасыз ету;
өзін дайындау (сұрақ қоюы, айтылған жауаптарға әсерленуі, өз ойын айтуы немесе оқушылардың пікірін талап етуі, тренингтің қорытындылау кезеңінде неге және не үшін оқушыларды бағалау);
қатысушыларға рөлдерді дұрыс бөлу (олардың өздерінің ұсыныстарын ескеру).
№1 семинар тақырыбы: Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері.
1 семинар мазмұны:
Қазіргі білім берудегі интеграциялық үрдістер.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру
Әдістемелік нұсқау: “Миға шабуыл”
Тақырыбы: Педагогика курсының құрылымы.
2 семинар мазмұны:
Жоғары мектепте білім беруді ізгілендіру
Әдістемелік нұсқау: “Іскерік ойын” әдісі
Тақырыбы: Педагогика курсының мазмұны.
3 семинар мазмұны:
Кредиттік білім беру жүйесі.
Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек үстел.
Тақырыбы: Жоғары мектеп дидактикасының негіздері
4 семинар мазмұны:
Жоғары мектептегі әдістер
Оқыту әдістерінің классификациясы
Әдістемелік нұсқау: “Миға шабуыл”
Тақырыбы: Жоғары мектептегі оқу үрдісін ұйымдастыру формалары.
5 семинар мазмұны:
Дәріс мәтіні ақпаратты ұйымдастыру мен берудің құралы ретінде.
Дәріс мәтінін жобалау.
Дәріс мәтінін жеткізудің әдістемелік аспектілері.
Әдістемелік нұсқау: “Іскерік ойын” әдісі
Тақырыбы: Педагогиканы оқыту технологиясы.
6 семинар мазмұны:
Оқытудың техникалық құралдары.
Оқытудың ақпараттық технологиясы.
Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек үстел.
Тақырыбы: Педагогиканы оқыту принциптері
7 семинар мазмұны:
Іскерлік ойынның мәні мен принциптері.
Іскерлік ойынды ұйымдастырудағы принциптер.
Іскерлік ойын құрылымы.
Әдістемелік нұсқау: “Миға шабуыл”
Тақырыбы: Колледждерде, жоғары оқу орындарында педагогиканы оқытудың формалары мен әдістері.
8 семинар мазмұны:
Семинар сабақтың мақсаты мен рөлі.
Семинар құрылымы
Семинар формалары.
Әдістемелік нұсқау: “Іскерік ойын” әдісі
Тақырыбы: . Оқыту үрдісінде студенттердің сыни және шығармашылық ойлауын дамыту.
9-Семинар:
Шығармашылық ойлау критерийлары. Шығармашылық және интеллект.
Шығармашылық іс-әрекетті стимулдау әдістері.
Шығармашылық тұлға ұғымы.
Әдістемелік нұсқау: “Миға шабуыл”
Тақырыбы: Педагогиканың жалпы негіздері мен педагогика мамандығына кіріспе бөлімінің әдістемелік ерекшеліктері.
10 семинар мазмұны:
„Педагогикалық кәсіптің шығуы”, „ҚР-дағы білім беру жүйесі”, „Педагогикалық әрекет теориясы” ,„Педагогикалық әрекет теориясының құрылымы” тақырыптарына әдістемелік сипаттама.
Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек үстел.
Тақырыбы: Педагогиканың жалпы негіздері мен мамандыққа кіріспе бөлімінің әдістемелік ерекшеліктері.
Семинар мазмұны:
Қазіргі жоғары білім беруге іс-әрекеттік тұрғының мәселелері.
Қазіргі жоғары білім беруге іс-әрекеттік тұрғының перспективасы.
Әдістемелік нұсқау: “Іскерік ойын” әдісі
Тақырыбы: «Дидактика» бөліміне әдістемелік сипаттама
Семинар мазмұны:
Жоғары мектептегі педагогикалық бақылаудың негіздері
Педагогикалық бақылау формалары.
Бақылаудың ұйымдастыру принциптері
Әдістемелік нұсқау: “Миға шабуыл”
Тақырыбы: : «Тәрбие теориясы» тарауына әдістемелік сипаттама.
Семинар
Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру.
СӨЖ-ның сәттілігінің психологиялық-педагогикалық аспектісі.
СӨЖ жеке дараландыру.
СӨЖ жетілдіру.
Кооллоквиум.
Әдістемелік нұсқау: “Миға шабуыл”
Тақырыбы: Оқытудың инновациялық технология жағдайында студенттердің өзара әрекеті негізінде дамыту.
14 семинар мазмұны:
Топтық оқыту интерактивті әдіс ретінде негізі.
Топтық оқытуды ұйымдастыру жолдары.
Әдістемелік нұсқау: “Іскерік ойын” әдісі
Тақырыбы: Педагогикалық өзара қарым-қатынастың үрдісі
15 семинар мазмұны:
Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы мен кезеңдері.
ЖОО педагогикалық қарым-қатынас ерекшелігі.
Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек үстел.
ӨЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқау
Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.
“Мозайка” әдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі
Кезеңдер
|
Позициялар
|
Мазмұны
|
1 кезең. Жеке жұмыс.
|
А Б
В Г
|
Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.
|
2 кезең. Жұппен жұмыс
|
А <-> Б
В <-> Г
|
Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.
|
3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы)
|
А Б
| |
В Г
|
Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.
|
4 кезең. Топтық шешім қабылдау
|
А Б
\ /
/ \
В Г
|
Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.
|
Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді.
Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.
Бақылау жұмысы. Берілген сұрақтарға жазбаша түсініктерін жазу.
Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.
“Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық студенттер көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.
Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі
1 ОЖСӨЖ мазмұны:
Ғылым және оқу пәні, олардың өзара байланысы, ерекшеліктері.
Педагогика оқу пәні. Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні.
Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы
2 ОЖСӨЖ мазмұны:
Педагогиканы оқыту әдістемесінің жалпы және жеке бөлімдері.
Педагогиканың методологиясы (әдіснамасы).
Өткізілу формасы: Презентация стратегиясы
3 ОЖСӨЖ мазмұны:
Педагогика курсының мазмұнын қарастыру негіздері.
Курсты оқытудың мазмұныныа әсер ету шарттары.
Педагогика курсын қарастыруға байланысты негізгі көзқарастар (аксиологиялық, культрологиялық, жүйелілік т.б).
Педагогика курсын жетілдіру
Өткізілу формасы: Психологиялық консилиум
4 ОЖСӨЖ мазмұны:
Педагогикалық ғылымдар жүйесі мен педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы
ОЖСӨЖ мазмұны:
Үздіксіз білім беру мәселесі
Өткізілу формасы: Презентация стратегиясы
ОЖСӨЖ мазмұны:
Бағалау саясаты.Бағалау және баға.
Кредиттік жүйедегі оқытушы қызметінің ерекшелігі.
Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы
ОЖСӨЖ мазмұны:
Оқу іс-әрекет ретінде.
Ақыл-ой әрекеттері мен ұғымдарының қалыптасу кезеңдері.
Өткізілу формасы: Презентация стратегиясы
ОЖСӨЖ мазмұны:
Іс-әрекеттің бағдарлаушы негізінің типтері және оқу типтері.
Оқытудың белсенді әдістері.
Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы
ОЖСӨЖ мазмұны:
Оқыту принциптері оқытушылық қызметтің негізгі бағдары ретінде
Өткізілу формасы: Психологиялық консилиум
ОЖСӨЖ мазмұны:
Педагогикалық жобалау кезеңдері мен формалары
Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы
ОЖСӨЖ мазмұны:
Студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастыру үрдісіндегі педагогиканы оқытушының рөлі.
Өткізілу формасы: Презентация стратегиясы
ОЖСӨЖ мазмұны:
Болашақ мұғалімдердің кәсіптік білім, білік, дағдыларын қалыптастыруына тиімді әсер ететін шарттар.
Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы
ОЖСӨЖ мазмұны:
Мәселелік оқыту формалары мен құралдары.
Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы
ОЖСӨЖ мазмұны:
Эвристикалық оқыту технологиясы
Өткізілу формасы: Психологиялық консилиум
ОЖСӨЖ мазмұны:
Аудиториялық және аудиториядан тыс сабақ түрлері.
Жеке, топтық, топтаралық, ұжымдық оқыту формалары.
Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы
ОЖСӨЖ мазмұны:
Дистанциялық білім берудің негізгі принциптері мен аспектілері.
Дистанциялық білім беру технологиясы
Өткізілу формасы: Презентация стратегиясы
СООӨЖ мазмұны:
RWST стратегияларының негізі
Ұйымдастыру жолдарының ерекшелігі.
Достарыңызбен бөлісу: |