Денсаулықты сақтау үшін мыналарды орындауың қажет: • жеке бас гигиенасын сақта; • күн тәртібін орында; • денешынықтырумен айналыс; • дұрыс тамақтан • ағзаңды шыңда • белсенді және көңілді бол.
III. Денсаулық сақтау шаралары.
Қимыл белсенділігі Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.