Тақырыбы: Саяси қақтығыс Қабылдаған: Ережепова.Р.Г Орындаған: Саматқызы.Ш Тобы: Фин-20-1
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті
Саяси қақтығыс - саясат субъектілерінің саяси мәртебе мен институттарды, әлеуметтік тәртіпті сақтау немесе өзгерту, түрлендіру мақсатындағы билік үшін теориялық және іс-жүзіндегі күресі.
Саяси қақтығыс ұғымы әлеуметтік-саяси күштердің, саяси қатынас субъектілерінің теке-тірестері өтетін ерекше саяси жағдайды білдіреді. Сонымен бірге, саясат әлемінің ажырамас бір бөлігі, оның қозғаушы күші. Бұл тек саясаттану ұғымы емес, сонымен бірге саясат теориясының тілі, саясаткердің ойлауүлгісі.
Саяси қақтығыстар саяси-мемлекеттік билікті жүзеге асыру мен бөлісу үрдісіндегі әр түрлі әлеуметтік-кәсіби, этноконфессиялық және басқа да топтар мүдделерінің сан алуандылығынан туындайды. Саяси қақтығыстардың шығуы саяси саладағы мәртебелік-рөлдік құрылымның сатылығымен байланысты; саяси құқықтар мен бостандықтарды бөлудегі теңсіздік; саяси өмірге қатысу деңгейлері мен түрлері; саяси мәдениеттегі айырмашылықты көрсетуімізге болады. Саяси қақтығыстар пәні -билік, өкілеттілік, т.б.
Саяси қақтығыстар өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңде қақтығыстарға негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін.
Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды.
Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырық қатірейтін саяси шиеленістердің шығу зандылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. жетілдіруді де қарастырады.
Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр-түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады, дегендерін істейді. Дарендорф: «Бұл қайшылық әрқашан болған және бола бермек, сондықтан Маркстің коммунистік қоғамда таптар, дау-дамайлар болмайды деуі бекер сөз» дейді. Шиеленістің екінші себебіне кажеттілік, мұктаждыктың, талап-тілектің өтелмеуі немесе канағатгандырғысыз өтелуі жатады.
Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни, т. б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын айқындайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалды деп ұғады. Мысалы, Ресейдің кейбір халықтары, Солтүстік Ирландиядағы католиктер, Канададағы Квебек провинциясы, Испаниядағы баскілер және т.с.с.
Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс адамдар, топтар арасында пайда болған дау-дамайлардьі уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді.
Саяси қақтығыстарды шешудің жолдары: 1. Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.
2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.
Сонымен саяси шиеленістер қоғамның дамуына тән қасиет. Олардың жекелеген түрі ғана қиратып, бүлдіруге әкеледі. Олай болмау үшін өсіп келе жатқан дау-дамай, кикілжіңдерді дер кезінде ашып, реттеген, одан да жақсысы олардың алдын алған ләзім.