Тақырыбы: Үшбұрыш және оның түрлері
|
Мақсат:
|
|
Жаңа білім
|
• Үшбұрыш және оның түрлерімен танысу. Оның қалай белгіленетінін үйрену. Үшбұрыштың элементтерімен танысу. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарымен танысу.
|
Жаңа түсінік
|
• Бір түзуде жатпайтын үш нүкте және осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны үшбұрыш деп атайтынын түсіну.
|
|
Қолданым әрекеті
|
•Үшбұрышты және оның түрлерін жақсы ұғып, есептерде ажырата алып, оларды шығаруға пайдалану.
|
Талдау әрекеті
|
• Үшбұрыштың қалай түрлерге бөлінетінін және оның түрлерін талдау.
|
Шығармашылық әрекет
|
• Үшбұрыштың түрлерін шынайы өмірде де анықтай білу.
|
|
Бағамдау әрекеті
|
• Үшбұрыш және оның түрлерін қорытындылау.
|
Сабақ құрылымы:
|
|
І. Ақпарат алмасу (10 мин.).
ІІ.Алғашқы бекіту (5 мин.).
ІІІ.Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV.Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V.Бағамдау-бағалау (5 мин.).
|
Сабақ типі: фронтальді, жұптық, топтық.
|
Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік.
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
•оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
•фигура, нүкте, кесінді, түзу, сәуле, үшбұрыш,элемент,
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
• тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу.
|
Ақпарат көздері:
|
|
1. Ж.Қайдасов, Г.Досмағанбетова, А.Абдиев “Геометрия” 7сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012.
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
• оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады
|
Үй тапсырмасы:
Үшбұрыштың әрбір төбесінде неше сыртқы бұрыш болады.
Үшбұрыштың сыртқы екі бұрышы 1000-қа және 1500-қа тең. Үшінші сыртқы бұрышын табыңыз.
|
САБАҚ БЛОКТАРЫ
|
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу
|
|
Тақырып жоспары:
Кіріспе:
Үшбұрыш
Үшбұрыштың белгіленуі
Үшбұрыштың элементтері
Үшбұрыштың ішкі бұрыштары
Слайдтар:
1-слайд Үшбұрыш және оның түрлері
|
2-слайд
Осы тақырыпты оқу барысында үшбұрыш туралы білімдеріңді кеңейтіп,тереңдете түсесіңдер;үшбұрыштың барлық түрлерін үйреніп, анықтай алатын боласыңдар.
|
3-слайд
Анықтама. Бір түзуде жатпайтын үш нүкте және осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны үшбұрыш деп атайды.
|
4-слайд
Бір нүктеде жатпайтын әртүрлі А,В,С нүктелері берілсін. АВ, ВС, СА кесінділерін жүргізсек, АВС үшбұрышы пайда болады. Үшбұрыш деген сөздің орнына “∆” белгісі қолданылады. Сонда “АВС үшбұрышы” деген сөз ∆АВС түрінде жазылады.
|
5-слайд
А,В,С нүктелері үшбұрыштың төбелері;
АВ, ВС, СА-қабырғалары;
∠ВАС-үшбұрыштың АС және АВ қабырғаларының арасындағы бұрышы, ∠АСВ, ∠СВА да бұрыштары деп аталады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |