Қорытындылау: Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқұқтық заңнамалар қабылданып, ел эканомиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойған. Ол жол – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білеміз.