Тақырыбы: «Сиқырлы сандық.» Мақсаты



Дата31.03.2018
өлшемі93,6 Kb.


Конисова Маржан Нурлановна,

№42 «Толағай» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.

ОҚО Шымкент қаласы, Қаратау ауданы




Тақырыбы: «Сиқырлы сандық.» 
Мақсаты: Балалардың тілдік қорларын дамыту. Балаларды қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере білуге үйрету, тілдік қорын молайту.Буын туралы түсінігін кеңейту.

Дамытушылығы: Баланың ойлау есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі Балаларды достыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері: Сұрақ жауап,түсіндіру.

Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлері,суреттер ,жемістер,ойыншықтар.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті .

Балаларды шеңберге жинап,шаттақ шеңберін айтқыза отырып келген қонақтармен амандасу.

Шаттық шеңбері 

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп апайды қарашы.

Бәріңізге ізетпен

Иіліп сәлем береміз

Сәлеметсіздерме! Здравствуйте! Hello!

Тәрбиеші: Балалар бізде қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Күз айларын атаңдаршы.

Балалар: қыркүйек, қазан, қараша

Тәрбиеші: балаларға әдемі сандықты сиқыршы жібергенін айтып көрсетеді. Бұл сандық өте сиқырлы, ғажайып, әрбір тапсырма мен ойынның шартын орындасақ, сиқыр көрсетеді. Тапсырмаларды орындап, сиқырларды көргілерің келе ме?

Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар сиқырлы сандыққа қиылған суреттер салып жіберіпті, осы қиындының құрастырып, ойынның шартын орындасақ сиқырлы болатынын айтыпты. Құрастырамызба?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: балалар бірінші қиындыда сұрақтар берілген екен.

Сұрақ-жауап:

Әріп дегеніміз не? 
Әріпті көреміз жазамыз. 
Дыбысты естиміз айтамыз. 
Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай? 

Дауысты дыбыстар қалай айтылады? 


Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгілінеді? 
Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? 
Дауыссыз дыбыстар қандай текшемен белгіленеді? 
Ойын: «Өз үйін тап». 

Ойын шарты: дауысты және дауыссыз дыбыстарды өз үйіне орналыстыру.

Екінші қиындының тапсырмасы: сиқырлы сандықтың ішіндегі «Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемі» кітабымен жұмыс жасау (өтілген әріптерді қайталап, суреттерге қарай отырып сөйлем құрау)
Тіл ұстарту жаттығуы  
Ар-ар-ар түрлі-түсті шар. 
На-на-на қыста ойнаймыз шана. 
Ра-ра-ра ұшып жүр ара. 
Ға-ға-ға ұшты қарға

Сергіту сәті (әуенмен орындау)  


Қиындының төртінші тапсырмасы
Жұмбақ: 

Үстелдің үстінде балаларға таныс заттар жатыр. Бала заттардың ішінен жұмбақтың шешуін тауып, жауабын қазақша, орысша, ағылшынша тілінде айтады. 


1. Өзі ағашта өседі, қызыл-сары, көк болады. 
2. Дөңгелек жерге ұрсаң секіреді. 
3. Өзі қорқақ, секіреді, сәбізді ұнатады. 
4. Тәтті, кішкентай қағазға оралған. 
5. Жабайы аң, орманда мекендейді. Үлкен, балды жейді. 

5-қиындының тапсырмасы. 


« Дүрбі» ойыны. 
Дүрбі алысты жақын етіп көрсетеді ендеше қолымызды дүрбі қылып ертегілер еліндегі ертегілерді көрейік.

Бұл қай ертегі (сұрақ-жауап арқылы)

Тәрбиеші қиындылардың барлығын құрастырып, ненің суреті шыққанын сұрайды. 
Балалар, тапсырмаларды орындап, қиындыны құрастырдық, енді біздің сандығымыз бізге қандай сиқырын көосетеді екен? Тәрбиеші қиындыларды сандыққа салып одан бүтін бауырсақ суретін шығарады. 
Ойын «Бауырсақ». 
Балалар шеңберге тұрады, бауырсақты бір- біріне беріп төмендегі тақпақты айтады. 

Ей бауырсақ, бауырсақ, 


Қайда кеттің домалап. 
Дәміңді көргім келеді, 
Қуып жетем мен сені. 

Тақпақ біткен кезде бауырсақ кімнің қолында қалса, сол бала бауырсаққа арнап бір сөйлем айтады, немесе сұрақ қояды. 

Тәрбиеші: бауырсақ қай ертегіде кездеседі?

Балалар: Бауырсақ ертегісінде .

Тәрбиеші: ендеше осы бауырсақ ертегісін үстел үсті театры арқылы сахналап берейік.

Бауырсақ ертегісі.


Қорытындылау. 


-Балалар, бізге кім сандық жіберген? 
-Біз тапсырмалар мен ойын шарттарын орындап, қиынды суреттен ненің суретін таптық?  

Бауырсақтың суретін сандыққа салып,ыдыстағы пісірілген бауырсақты шығарады.



Оқу қызметті сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
Балаларды мадақтау. Балалардың көңілдері көтеріледі. 



Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу