Тақырыбы: «Ұстаз ұлы тұлға» Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата18.02.2017
өлшемі128,61 Kb.
#9991
Күні:

Тақырыбы: «Ұстаз - ұлы тұлға»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Білім беру, білімді қалыптастыру. Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қомай, оларға тың мәліметтер, беріп білімді қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу.
3. Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, әдептілікке баулу. Ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ - жауап, пікір талас.
Көрнекілік құралдар: Буклет, ұлағатты сөздер, ұлы ұстаздардың суреті (Ы. Алтынсарин, А. Батұрсынов).
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
Мұғалім сөзі:
Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Қазақ мектебінің болашағы туралы М. Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.
Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлең жолдарын білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік.
Балалар өлең оқиды.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Мұғалім деген - ерекше тұлға дар шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген - аяулы адам асыл жан,
Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын.
Мұғалім сөзі: Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Енді алдын ала берілген тапсырма бойынша сендер үйден “Ұстаз - ұлы тұлға” деген тақырыпқа шығарма жазып келу керек болғансыңдар. (Балалар өздері жазған шығармаларын оқиды).
Проблемалық сұрақтар:
Ал, балалар бір минутқа өзімізді мұғалімбіз деп есептейік. Осы сыныпта отырғандарыңның барлығың әр пәннен беретін мұғалімсіңдер. Балалар сендерге мынандай сұрақ.
1. Сендер сабақ түсіндіріп жатқан кездеріңде артқы партада отырған балалар сендермен жағаласып сөйлесіп отыр делік. Сөйлесіп отырғанына қарамастан жан - жағын жайпап, сабақ тыңдап отырған балаға да тиісіп тыңдауға мүмкіншілік бермейді. Осы жағдайда ұстаздар не істер едіңдер?
2. Сендер ұстаздар ашық сабақ өткізбекші болып жатырсыңдар. Алдын ала балаларға тапсырма беріп қойғансыңдар. Тіпті ертеңгі сабаққа қатынасатын завуч, директорды шақырып қойғансыңдар. Енді осылардың дайындығын тексеріп көрейінші деп тексерген сәтте сыныптағы балалардың көбісі дайын емес. ертең ашық сабақ. Сыныптағы балалардың біреуі сіз берген тапсырмаңызды жоғалтып алдым десе, енді біреуі ертең сабаққа келмеймін дейді. Ал, ұстаздар осы бір жағдайда балаларға қанда шаралар қолданасыңдар.
3. Енді ұстаздар сендер балаларға диктант жаздырғалы жатырсыңдар делік. Диктантты оқып беріп енді жазғызғалы жатқан сәтте бір оқушы тұрып, апай мен қаламсабымды ұмытып кетіппін, енді біреуі жазғым келмейді деген сәтте ұстаздар осы оқушыларға қандай шара қолданар едіңдер.
Бұл проблемалық ситуациядан шыға алдыңдар балалар. Балалар сендер жаңа мұғалімнің рөлінде болдыңдар. Сонымен балалар мұғалімнің жұмысы оңай ма екен? Келесі кезекте мұғалімге басқаша көзқараспен қараймыз деген түйіндемеге келдіңдер ме?
“Ұстазым” әні орындалады. Барлық оқушының орындауында.
Сабақты бекіту: Балалар бүгінгі сабағымыздан қандай ой түйіндедік?
(Балалар ойларын айтады.)
«Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға»- деп, ұлы Абай айтқандай, балалар ұстаздарың ешқашан сендерге үйретуден жалықпасын, сендер үйренуден жалықпаңдар деп сабағымызды аяқтаймыз.

«Малтабар орта мектебі» КММ

«Ұстаз – ұлы тұлға»

( тәрбие сағаты )

Дайындаған: Калиева А.У.

2015жыл


Күні:

Cабақтың тақырыбы: « Бала қауіпсіздігі»
Мақсаты: балаларға өмірлеріне қауіпті үшкір. өткір заттардан, электр приборларынан, тұрмыстық химиялық заттардан, дәрілік заттардан сақтану жолдары туралы мағлұмат беру.
Көрнекілігі: дәрілік заттар, кір жуатын заттар, ұшы өткір заттар суреттері
Сабақтың барысы:
Мұғалім
: Әр адам өз отбасын түрлі қауіптен сақтауға тиіс. Қауіптің түрлері көп. Мысалы: газдан сақтан. Ол тез тұтанғыш, жарылғыш зат. Тіпті түссіз, көзге көрінбейді. Газ өте улы. Сондықтан газдан аулақ бол!
Тілін алып кішінің де кәрінің,
Көңілінен шығып жүрмін бәрінің.
Ата - ананың айтқан сөзін тыңдауды,
Әдептілік белгісі деп таныдым.
Міне балалар, ата - аналардың көмегімен ғана газды пайдалануға болады. Слайдтар көрсетіледі. Балалар үйде тұрмыстық заттарды аналарымыз қолданады. Тұрмыстық заттарды атайықшы. Нелер жатады? Ыдыс, кір жуатын нтақтар, жуынатын сабындарымыз бен сусабындар т. б. Слайд көрсетіледі. Балалар тіпті біздің ауырған кезде ішетін дәрілеріміз шектен тыс қолдансақ, ол өте қауіпті болады. Балалар денсаулық туралы тақпақтар айтады.
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,
Үшеуімен болады бақытты өмір»- демекші сергіту жаттығуларын жасасақ.
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір,
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай - ақ.
Келесі өмірімізге қауіпті нәрсе – электр құралдары. Үйдегі үлкендердің көмегімен ғана ол құралдарды пайдалануымызға болады. Балалар осы сақтық шараларын орындамасақ, тіпті өрт шығу қаупі орын алады. Балаларға бейне - ролик көрсетіледі. Ал енді жұмбақ жасырайын.
Үйде тұр бір жұлдыз,
Ол барда түн – күндіз.
(электр лампасы )
Енді тақпақтар тыңдасақ.
Электрсыз,
Шырағым,
Болмай - ақ қой шүбәлі,
Теледидар,Үтік те -
Барлығы істен шығады.
Тату өскен баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Нанға кетсе анамыз,
Үйде өзіміз қаламыз.
Қане кім тапқыр екен? Слайд көрсетіледі. Артығын тап. Неге?
Ал балалар бүгінгі сабақтан өздеріңе қандай пайдалы кеңестер алдыңдар?
Қорытынды.

«Малтабар орта мектебі» КММ

«Бала қауіпсіздігі»

( тәрбие сағаты)

Дайындаған: Калиева А.У

2015жыл.


Күні:

Тақырыбы: «Отбасы бақыты бала деген»

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата ана,ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Көрнекілігі: Отбасы туралы мақалдар, нақыл сөздер
Түрі: дөңгелек үстел, пікір алмасу
Барысы:
1 Кіріспе сөз
2 Танысу жаттығуы
3 Ой қозғау
4 Сөйлемді жалғастыру
5 Бүгінгі менің ойым
6 «Жанұя» ойыны
7 Қорытынды
1 Кіріспе сөз
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде «Ата-ана тәрбиедегі басты тұлға» атты ата-аналар апталығы аясында класта өткелі отырған «Отбасы бақытты ол....» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер! 
Ата-ананың тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы баптап бақпасаң.
Жамандықтан қақпасаң
Қадірден жұрдай қасқа боп.
Кешкенің өмір босқа тек- дегендей баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші ата ана
Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата бабамыздың қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.
Балаң жақсы тәрбиелі болса, о дүниеде Алла Тағаланың алдында бұл дүниеде адамзат арасында да жүзің жарқын болады дейді сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед хадистерінің бірінде, біздің балаларымыз әлі жас шыбық тәрізді, түбі нәрлі болса, мәуелі болып өседі, нәрі әлсіз болса, жапырағы қураған ағаш тәрізді білімсіз, ғасыр індетіне айналған азғындық жолына түсіп, соның құрбаны болуы өсуі үшін ата-аналардың азаматтық борышы өте зор.
2 Танысу жаттығуы
Ата-аналар мен оқушылар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады.
Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
3 Ой қозғау: Ата-аналарға арналған сұрақ
Балаңыздың білім алуына көп көңіл бөлесіз бе?
Ұстаздарға арналған сұрақ
Баламен қарым қатынаста ата ананың қызметі сізді қызықтыра ма?
Оқушыларға арналған сұрақ
Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың?
4 Сөйлемді жалғастыру
Бүгінгі сіздерді «Отбасы бақытты ол....» деп аталатын тақырып төңірегінде ойымызды топтастырып, әрі қарай жалғастырайық /оқушыларға да ата аналарға да мына ойларды жалғастыру беріледі/
Ата-аналарға
Отбасы бақытты ол....
Келешектегі отбасымның бақыты үшін мен....
Оқушыларға
Бақыт дегеніміз не....?
Борыш дегеніміз не...?
5 «Бүгінгі менің ойым» деп аталады. Оқушыларға мынандай сұрақтар беріледі.
Ой мама, қойыңызшы осы, сіз оны түсінбейсіз?
Мұны дұрыс істеген жоқсың, сол үшін анаң ұрсып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, дұрыс істемегені үшін сен кінәлісің бе?
Ата аналарға сұрақ
Балаңыздың «ой, қойшы мама» деген сөздері сізге ауыр тие ме?
Сенің кез келген жақсы ісің үшін алған қуанатын да анаң, кез келген дұрыс емес ісің үшін ренжитін де анаң. Ана жүрегі енді ғана қауызынан ашылар гүл. Сенің бір ауыз сөзің гүлдей болған ана жүрегін тырнап алуы мүмкін. Ана жүрегі ренішті де, ауруды да, қайғыны да бәрін бәрін көтереді. Бірақ әрбір тырнаудың ізінен мәңгілікке жара қылып кетеді осыны ұмытпа. Оқушылар сендерге осы жерде айтылған сөздер тек анаға арналады, яғни әкені ренжітуге болады деген ой тумасын, анасын сыйлаған бала әкесін де сыйлайды.
Енді оқушыларға алфавит бойынша әріптерді қойғанда шығатын сөздердің бірнешеуі беріледі.
Мына сандардың астында бір әріп тұр, соны тауып сөйлетіп көрейік.
Қадірменді оқушы, ата-анаңа ақыл қосар ақылшы екеніңді, қиындығы жеңілдетер көмекші екеніңді яғни ертеңгі күнгі үміті екеніңді ұмытпа. Әрбір отбасы бақыты сол отбасынан құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты.
1 8 1
10 28 23 8 5 38
18 2 11 38 14
20 18 37
10 1 23 1 16 1 17 1
Тапсырма жауабы: әрбір тұрған сан алфавит бойынша сандардың ретін береді. Сонда «Ана жүрегі нәзік гүл, оны жаралама» деген сөз шығады.
6 «Жанұя» ойыны
1 Балаңыздың туған күні?
2 Сынып жетекшінің толық аты жөні?
3 Балаңыздың парталас көршісі кім?
4 Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
5Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6 Балаңыз кеше қандай баға алды?
7 Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8 Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
9 Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
10 Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
11 Балаңызға ашуланғанда ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
12 Балаңыздың ең жақын досы кім?
Құрметті ата-аналар, оқушылар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңыз сұралады.
7 Қорытынды: Қадірменді ата-ана Макаренконың «Біздің балаларымыз біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие бұл бақытты қарттық, нашар тәрбие бұл біздің болашақтағы сорымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз» деп айтқандай бақытты қарттық көргіміз келсе, балаларымызды жақсылап тәрбиелейік.

«Малтабар орта мектебі» КММ

«Отбасы бақыты бала деген»

(Тәрбие сағаты)

Өткізеген: Калиева А.У

2015жыл.



Күні:

Тақырыбы: «Тілім менің-тірлігімнің тірегі».
Мақсаты
: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру.
Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қабырға газеті, ақын-жазушылардың суреттері..
Әдісі: Мерекелік іс-шара.
Барысы:
Мемлекеттік Гимн орындалады.
Жүргізуші:
Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде.
1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Тілім менің-тірлігімнің тірегі» атты мерекелік іс-шараны ашық деп жариялаймын!


Тілім менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің, тілім менің-тірлігім!
Әрине, тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық.
1-оқушы: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».Ғ. Мұстафин.

2-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқөының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов.


3-оқушы: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М. Әуезов.
4-оқушы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы.
5-оқушы: Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырына
Ақ көңілмен тарта аларсың, сен тілім.
Ән: «Анамның тілі»

Жүргізуші : Тілім менің тірегім, дінім менің,


Тілсіз қандай болады күнім менің.
Өз халқыма жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің
6-оқушы: Мұхтар Шаханов. «Төрт ана».
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы, айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасиетті болса да.
Төрт анаға әнін жолдай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Жүргізуші: Қазағым тіліңменен жана берші.
Әуендетіп, әніме сала берші.
Мәңгі даңқың түспесін-қазақ тілі.
Көкейімде жатталып қала берші.

Ән: «Қазағым».


Жүргізуші: Тіл! Тіл-құрал! әсіресе, егер ол өз ана тілін немесе туған тілің болса. әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты ұлттық тілді қорғау-біздің міндетіміз.
7-оқушы: ана тілім-тірлігімнің тірегі,
Тілмен ғана кірер адам реңі.
Тілсіз қоғам-өлі мынау дүние,
Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім-әрекетім азығы,
Бар ғаламды танушылық қазығы,
Ой-сананың өсуінің күәсі,
Ғасырлардың кейінгіге өз үні.
Жүргізуші: Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Ән: Абайдың әні: «Сегізаяқ».

Жүргізуші: «Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.


О, адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоқыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.
Ән: «Ана тілін сүйеміз»
Қорытындылау.

«Малтабар орта мектебі» КММ

«Тілім менің тірлігімнің тірегі»

(тәрбие сағаты)



Дайындаған: Калиева А.У

2015жыл.
Каталог: F3689512BDDBB434
F3689512BDDBB434 -> Ііі. Сурет салу, көрме ұйымдастыру
F3689512BDDBB434 -> Сабақ мақсаты : Оқушыларға темекінің зияны, оның таралу тарихы және темекі түтінінің
F3689512BDDBB434 -> Сабақтың тақырыбы: Кесіндіге есептер шығару. Сабақтың мақсаты
F3689512BDDBB434 -> Сабақ тақырыбы: Сабақ мақсаты
F3689512BDDBB434 -> Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) Сабақтың мақсаты: Білімділік
F3689512BDDBB434 -> Сабақ жұмысының есебі 16-желтоқсан мерекесіне орай 1сыныбында ата-аналармен бірге
F3689512BDDBB434 -> «Наурыз- жыл басы»
F3689512BDDBB434 -> Ырыбы: «М ені ң ма қ танышым-мемлекеттік р ә міздерім»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет