Тақырыбы: Стресс және оның алдын-алу жолдары



Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#96196
Байланысты:
Стресс және оның алдын-алу жолдары

Тақырыбы:

Тақырыбы:

Стресс және оның алдын-алу жолдары

Тыңдаушы: Тұрлан Аслан Оразбекұлы


Санамыздан мықтап орын алған әлеуметтік-психологиялық және экономикалық өзгерістерде көрініс тапқан көкейкестесті мәселелерімізбен бірге ХХІ ғасырға да еніп барамыз. Қазіргі халық денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени-әлеуметтік болып табылады. Осы заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының денсаулығына теріс әсерін тигізуде. Жұмыссыздықтың өршуі, отбасылық қатынастардың тұрақсыздануы, зорлық-зомбылықтың жүгенсіз насихатталуы қоғамның жүйкесін тоздырып, адамдар арасында әртүрлі аурулардың белең алуына жағдай жасап отыр. Бұл өз кезегінде стрестік жағдайды үдете түсуде. Бұл сөздің ағылшын тілінен аудармасы «кернеу, қысым» дегенді аңғартады. Алғаш рет стресті ғылыми тұрғыдан сипаттаған канадалық ғалым Ганс Селье болатын (1936).

2.Негізгі бөлім Стресс – кез-келген сыртқы әсерге тәннің жауап қайтаруы болып есептеледі. Яғни, стресс тосын жағдайда қанға қажетті гармондарды жедел іске қосу, басқа да көптеген физиологиялық процестерді қайта құру арқылы тәнге сыртқы әсерге тойтарыс беруі үшін өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалану.


Күнделікті өмірдегі стресс аймағы П.Т.Вонг бойынша
Ортаңғы ішкі шаршыда «мен күші», «ақыл-ой күші», психикалық энергия немесе ішкі ресурстар деп аталатын біздің тіршілік етуіміздің мәні белгіленген. Ол өмірлік дағдарыстарды индивидке жеңуге көмектеседі және стреске қарсы тұру интенсивтілігін анықтайды. Бұл ресурстың төмендеуі стреспен байланысты әр түрлі бұзылыстарға, мысалы, үрей, қорқыныш, орын таба алмаушылық депрессияға ұшырауына әкелуі мүмкін. Келесі бөлім – тұлғаішілік стресс. Көптеген біздің сыртқы әлемге талаптарымыз және олардың бізге әсері осы стресс түрімен байланысты.
Тұлғаралық стресс бөлімі белгілі бір өмір салаларымен өзара байланыс жасайды. Себебі, әр адамға өз әрекетінде әр түрлі әлеуметтік сұрақтарды шешуге тура келеді, өзге адамдармен әрекеттесу және оның бағалауы біздің қабылдауымызға, уайымдауларымызға, жағдайларға және сыртқы әлем құбылыстарына қатынасымызға елеулі ықпал жасайды. Көптеген өмірлік мәселелер адамдар арасындағы қатынастың проблемасы болып табылады.
Тұлғалық стрестің индивид не жасап жатқанына және оған берілген мысалы, ата-ананың, ерінің, қызметкердің ролін және т.б. әлеуметтік ролдерді қалай жүзеге асырады және бұзатын уақытта онымен не болатынына қатынасы бар. Ол денсаулықтың бұзылуы, жағымсыз әдеттер, сексуалдық қиындықтар, қартаю, зейнетақыға кету сияқты құбылыстармен байланысты көрінеді.
Жанұялық стресс өзіне жанұя ішіндегі барлық қиындықтарды қосады. Ол-үй ішіндегі жұмыс, тектер арасындағы қарама-қайшылық, жанұядағы ауру немесе өлім, ішімдік, ажырасу және с.с.
Еңбектік стресс көбіне ауыр жұмыс күшімен, жұмыс нәтижесін қадағалаудың жоқтығынан, ролдік анықсыздықтан және ролдік қарама-қайшылықпен байланысты. Жұмыс қауіпсіздігін нашар қамтамасыз ету,еңбекті әділетсіз бағалау, оның ұйымдастырылуының бұзылуы стресс пайда болуының көзі болуы мүмкін.
Қоғамдық стресс адамдардың үлкен топтары бастан кешетін проблемаларға жатады. Мысалы, экономикалық тоқыру, кедейшілік, расалық қысым, банкрот болу және дискриминация және т.б.
Экологиялық стресс қоршаған ортаның экстремалды жағдайларының ықпал жасауымен негізделеді. Бұндай ықпалды күту немесе оның нәтижесі – ластанған ауа және су, қатал ауа райының жағдайы, нашар көршілер, дыбыстың жоғары деңгейі және с.с.
Қаржылық стресс түсіндіруді қажет етпейді. Есепті төлеу мүмкінсіздігі, қарыз алудағы қиыншылықтар, жұмыс нәтижесінің жалақы деңгейімен сәйкес келмеуі, қосымша қаржылық шығындар, осы және басқа да себептер стресс пайда болуына әсер етеді.
Тұлғаішілік стресс детальды қарастыруды қажет етеді. Ол бірінші жағынан оған жеткілікті көңіл бөлінбегеніне байланысты болса, екінші жағынан, ол әртүрлі өмірлік оқиғаларды жобалауы мүмкін және оған қатынас ерекшеліктеріне ықпал жасап және индивид мінез-құлқына әсер ететініне байланысты.
спортпен
3. Сергітетін массаж
Стресстің алдын - алу жолдары
Қорытынды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет