Тақырыбы: Табиғаттағы уран. (Уранның пайдасы мен зияны) Бағыты


Мақсат біреу-ақ: көрініп тұрған қауіптің алдын алу



бет9/10
Дата24.04.2024
өлшемі304,5 Kb.
#201283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
10-d181d18bd0bd
ТЖБ 7 сынып, Nowadays, аза стан м ражайлары ж не оларды м дени м раны са тауда ы р лі, Есимжанова. Научная терминология (2), Инвестициялық жобаларды бағалау тақырыбына есептер, Дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістері, Лекция 3 Аргимбаева, биохимия қан мен лимфа, 3 кл қмж муз
Мақсат біреу-ақ: көрініп тұрған қауіптің алдын алу. «Ақылды адам басқалар жіберген қатеден үйренеді, ақылы аз адам өз қатесінен үйренеді, ал ақымақ жаратылысынан үйренуге қабілетсіз, бір басқан тырманың басын он рет басып, миы аузына түсіп өледі», деген нақыл сөз бар ел арасында.
Біз талқылап отырған мәселеде қазақтар үшін ақылы аз болу былай тұрсын, ақылды болу да жеткіліксіз. Бұл жерде тек қана дана болу қажет. Даналық қатердің алдын алады. Неше мың жылдық тарихы бар қазақ халқы қатердің алдын алып, даналық көрсетеді деп сенемін.
Қазақстан Республикасының жер қойнауында әлемдегі барланған уран қорының 19% шоғырланған – бұл шамамен 1,5 млн. тоннаға тең. Ел аумағындағы анықталған ондаған уран кен орындарының әрқайсысы қалыптасу және практикалық маңызы жөнінен әрқалай. Геологиялық ұстанымы, генетикалық белгілері және аумақтық ерекшеліктерінің ортақтығы оларды мынадай алты уран кеніші ауданы құрамында алып қарауға мүмкіндік береді: Шу-Сарысу, Сырдария, Солтүстік Қазақстан (Көкшетау), Маңғышлақ (Каспий маңы), Кіндіктас-Шиелі-Бетпақдала (Балқаш маңы және Іле.
Сырдария уран кеніші ауданы. Уранның түзілуі қабаттың тотығуы зонасындағы аймақтық майданға байланысты. Аудандағы уран қоры бүкіл Қазақстан қорының 20 % құрайды. Уран өндірісі жерасты шаймалау әдісімен, Солтүстік Қазақстан (Көкшетау) және Оңтүстік Қарамұрын кен орындарында жүргізілуде.


Қорытынды
Табиғат аясының экологиясын қорғау.

Бүгінгі таңда күллі әлем жаңа технологияларды барлық салаға енгізіп, ғылыми-техникалық озық жобаларға басты назар аудара бастады. ХХІ ғасыр атом ғасыры, яғни атом электр стансаларына сүйеніп, электрлендіру проблемасын түпкілікті шешуге сеніммен қадам басатын, адам көңілі алаңдамайтын, оны бейбіт мақсатта ғана пайдалану мәдениеті оянатын кезең болатын шығар. Әрине, 1986 жылғы қасіретті жарылыстан кейін атом электр стансасы (АЭС) туралы сөз бола қалса, елдің өре түрегеліп, “бізге АЭС керегі жоқ. Чернобыль қайталанбасын” дейтін қатаң ұстанымын түсіністікпен қабылдауымыз керек. Сол бір қайғылы оқиғадан кейін жүрек шайлыққан, көңіл күпті, қорқыныш басым. Шошынған жан секемшіл әрі үркек. АЭС десе болды, қарсылық сезімі бойды билеп жатады.


Бірақ, ендігі заман басқаша. Қазақстан да жаһандық жаңалықтарға үрке қарамай, небір жаңа бастамаларды қолдап, жаңа технологияларды енгізуге батыл ұмтылып келеді. Әсіресе, атом энергетикасы саласын дамытуға деген құлшынысын ғылыми негізде өрбітуде. Біздің елімізде ең маңызды, мемлекеттік деңгейдегі мәселелер қазіргі уақытта іскерлікпен жүзеге асырыла бастады. Осы ретте, Үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлініп, әр кеңес сайын атқарылған жұмыстар сараланып, нақты шешімдер қабылдау үшін ұсыныстар мен тапсырмалар беріліп тұрады. Бүгінде басты назар аударып отырған көкейкесті тақырып – атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану арқылы, жоғары ғылыми технология негізінде ядролық кластерді дамыту. Себебі, әлемдік үрдіс атом энергиясын пайдалануды осы заманғы экономиканың қарқынды дамушы саласы ретінде айқындап отыр. Бұл бағытта көңіл толарлық бірқатар ірі-ірі жобалар бар.
Мысалы, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі “Қазақстан Республикасында Атом энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасының” жобасын әзірлеу үстінде. Әлемде алдыңғы орынға шығып, бүгінде жаһандық табыс көзіне айналып отырған пайдалы саланың бірі - уран өндіру. Біздің елімізде соңғы кездері уран өңдеу, қайта өңдеу, сондай-ақ уран өнімдерін шығаруда тұрақты өсім байқалуда. Атап айтқанда, 1997 жылмен салыстырғанда уран өңдеу — 4,9 есе өсті, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш – 4360 тоннаны құрады. Нақты дерек көздеріне сүйенсек, қазіргі уақытта еліміз уран қоры жөнінен әлемде екінші орында болса, ал уран өндірісі бойынша алғашқы үштіктің сапында. Ал, 2010 жылға қарай “Қазатомпром” ұлттық атом компаниясы осы сала бойынша әлемде өзінің орнын ойып тұрып алмақшы, яғни бірінші нөмірлі компания болуды алдыға мақсат етіп қойған. Оған негіз жоқ емес. Бұл кезеңде Қазақстанның ұлттық атом компаниясы уран өндірісін 17,8 мың тоннаға жеткізуді жоспарлауда. Қазірдің өзінде компания жылына 5,2 мың тонна уран өндіріп отыр. Осының өзі еліміздің атом энергетикасын дамытуға бағыт алғандығын аңғартады. Қазірде Ресей сияқты алып елде уран қоры 615 мың тонна көрінеді. Ресейлік кен орындарынан уран өндіру рентабельді бола түскен. Өйткені, әлемде уранның 1 килограмы 100 АҚШ долларына бағалануда. Уранға деген әлем елдері ұмтылысының сыры осында жатса керек. Сонымен, уранды кең көлемде өндіруді арттырудың тағы бір себебі бар, ол – атом саласын дамытуға қатысты жәйт. Мысалы, “Росатом” 2030 жылға дейін 40 жаңа атом энергоблогы құрылысын аяқтауға бел буып отыр. Бұл осы кезеңде атом стансаларында электр энергиясын өндіру үлесін 16 пайыздан 25 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, осы кезең аралығында 40-тан 60-қа дейін энергоблокты шетелде салу жоспарланған. Бүгінде 10 ресейлік атом электр стансасында 31 энергоблок пайдаланылуда. Өткен жылы оларда 149,4 миллиард кВт сағат электр энергиясы өндірілген, бұл Ресейдің жалпы электр энергиясының шамамен 16 пайызын құрайтынын білдіреді. Бұнымен тоқталып қалмай, ресейлік атомшылар сегіз энергоблок тұрғызуда, оның үшеуі Ресейде, ал бесеуі шетелде салынбақ. Міне, көрдіңіз бе, көршіміз құлашын кеңге созып барады. Бұл орайда қоғамдық пікір оң сипатта деуге болады. Үкімет бағытын, бағдарламасын түсіністікпен қабылдаған ресейліктер сөзден іске көшкен. Бізде де уран өндірісін, атом өнеркәсібін дамыту саласында бірқатар үкіметтік бағдарламалар әзірленіп, бірқатар іс-жобалар жүзеге асырылып келеді. Десек те мына бір жәйтке назар аудару керек. Еліміз көлемінде энергия тұтыну қарқынының үрдісі жыл сайын 5-тен 6 пайызға өсуде. Бұл құбылыс республикамыздың оңтүстік және батыс өңірлерінде сезіле бастады. Үстіміздегі жылдың басында Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев осы үрдісті болдырмау жөнінен кешенді шаралар қабылдау туралы тапсырма берген еді. Үкімет бұл бағыттағы жұмысты ширата түсті. Дегенмен, сарапшылардың болжамдары бойынша, энергияға деген тапшылық қазіргі өсуі қарқынының қасында 2009 жылы 3 млрд. киловат-сағатты құрауы мүмкін. Сондықтан да энергия қуатына тапшылықты жоюда бірқатар істер тындырылды. Атап айтқанда, Солтүстік-Оңтүстік екінші электр тарату желісінің құрылысы, Астана қаласында екінші кезектегі ТЭЦ-2, Солтүстік-Қазақстан-Ақтөбе облыстары өңіраралық желісі, Мойнақ ГЭС-і, Қандыағаш ГТЭС-і және басқа да жобалар іске асырылуда. Біз келешекте атом өндірісін дамытуға да зор көңіл бөлуіміз керек. Энергияға деген тапшылықты ойлағанда есімізге атом электр стансаларын салу жобасы түсе береді. Бұл да оңай іс емес. Дегенмен, уақыт көшіне ілесу үшін атом электр стансаларын салудан қашқақтаудың қажеті жоқ-ау, тегінде. Әлемді аузына қаратып отырған алпауыт мемлекеттер бүгінгі таңда АЭС-тер арқылы экономикасын көтеріп, басым бөлігін жауып отыр. Мысалы, Францияда 22 атом электр стансасы жұмыс істейді. Елдегі электр жүйесінің 70 пайызын осы АЭС-тер қамтамасыз етіп отыр.

Францияда 58 млн. адам өмір сүреді. Елімізде 58 атом реакторы бар. Сонда бір миллион адамға бір реактордан келіп тұр емес пе! Жер көлемі 551 мың шаршы километр болатын, ал алғашқы атом объектілерін 60-шы жылдары, ал 70-ші жылдардан бастап ядролық қалдықтарды өңдеу мәселесін қолға алған Францияда атом реакторы, осыншама 22 атом электр стансасы жұмыс істеп жатқанда, бес бірдей Франция сыйып кететін ұлан-ғайыр жерімізге атом электр стансасын салу жобасының келешегі зор болғаны ғой. Егер АЭС-тер тиімсіз болған болса, Франция тәрізді дамыған ел соншама атом электр стансаларын, игерілген ядролық отынды өңдеу жөніндегі радиохимиялық зауытты салып қайтеді?!


Кезінде ядролық соққыдан Нагасаки мен Хиросима деген екі бірдей қаласынан айрылып, қаншама адам мерт болған қайғылы оқиғаны бастан кешкен Жапония игерілген ядролық отынды өңдеу жөніндегі радиохимиялық зауытты өз жерінде салуға тастай бекініп отырған көрінеді. Таңғаларлық әрі үлгі аларлық-ақ жәйт! Бұның сыртында көптеген жұмыстар компьютермен атқарылады. Үкімет кеңесінде күн сайын айтылып жататын жаңа технология деген сөздің шын мәніндегі мағынасын осында тереңірек түсінуге болады. Оның негізгі тұтынушылары АЭС-терді пайдаланушы — Франция, Германия, Бельгия, Австралия, Голландия, Швеция және Жапония елдерінің энергетикалық компаниялары.Экологиялық қауіпсіздікті сақтау, мемлекет және халықаралық ұйымдар тарапынан бақылау жасау мәселелеріне назар аудару керек. Экологиялық мәселе және радиохимиялық зауыттың қоршаған ортаға әсері, яғни зауыттың барлық өнеркәсіптік қалдығы Еуро-атом мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) тарапынан толық қадағаланып отырылуы керек. Бұл тұрғыда тәуелсіз сараптама да жасалынады. Қалдықтардың барлық өлшемдері шамаланған мөлшер шегінен едәуір төмен қалпында сақталып, арнаулы жерлерге жинақталуы крек. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында зауыт қызметкерлері тыңғылықты тексерістен өтіп, экологиялық бақылау жүргізіліп тұруы керек. Тағы бір айта кететін жәйт, зауыт жұмысшылары мен мердігерлердің бәрі де, тіпті жақын аудандарды мекендейтін тұрғындар да бақылауға алған жөн. Қоршаған ортаны қорғау ережелерін көзінің қарашығындай сақтауға дағдылану және оның талаптарын әскери анттай бұлжытпай орындағанда ғана табиғат – ананы сақтай аламыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет