Тақырыбы: «Тәрбие жұмысында мектептегі медициналық кабинеттің алатын орны»



Дата21.07.2020
өлшемі13,83 Kb.

Тақырыбы: «Тәрбие жұмысында мектептегі медициналық кабинеттің алатын орны»
Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек?
Өмір салты дегеніміз не? Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және
биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану; физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету; дұрыс жыныстық тәрбие алу; зиянды әдеттерден аулақ болу.
Біздің мектебіміз дәрігерлік емдеу бөліміне арналған 1 кабинетті медициналық қүрал- жабдықтармен толыққанды қамтылған,

- Мектептегі 792 оқушыны алдын - ала медициналық тексеруден толығымен өткізіп, оның ішінде денсаулықтары бойынша ауру нышандары белгілі болған оқушылар дәрігерлік қараудан өтіп, емдерін алуда;

- Туберкулез ауруына қарсы алдын-ала бақылау жүйесіндегі егу шараларын (МАНТУ) толық жасады, соның ішінде ауру нышаны байқалған балалар дәрігерлік қараудан өтіп 90 тәуліктің дәрісін қабылдап, есептен шықты;

- Дене шынықтыру пәнінен босатылған оқушылардың денсаулығына байланысты анықтама қағаздарын жүйелеп, бірізділікке келтірді;

- Педагогикалық мамандар мен кіші қызметкерлер медициналық тексеруден өткізіліп, олардың кітапшалары толықтай медициналық талаптарға сай жүргізілді;

Жаңа оқу жылына арналған оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, аурудың алдын алу мақсатында жүргізілетін іс шаралар жоспары жасалды.

Атап айтсақ «Денсаулық фестивалі», «Жеке бас тазалығы», «Жол көлік жарақаттануының алдын алу», «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі», «ЖИТС-ің жұғу көздері және жұғу жолдары», «Вирусты гепатиттің алдын алу», «Мұны әр қыз білуі тиіс», «Жедел ішек ауруларын, сары ауруды жұқтырмаудың жолдары» т.б. тақырыптарда оқушыларға лекция, семинар, әңгіме, аурудың түрлеріне байланысты диктант сабақтары жүргізіліп тұрады;

- Ай сайын санбюллетен шығарылады;



- Асханадағы тағам мәзірінің медициналық талаптарға сай қадағалануы, ондағы қызметкерлердің де құжаттары жүйеленген, көп жерлерде мектеп асханасынан оқушылар уланып жатыр, осы уақытқа дейін тамақтан улану фактілері тіркелген жоқ.
Адамның ең басты байлығы амандығы мен денсаулығы екенін айта келе сол денсаулықты сақтауды, дұрыс тамақтану мен өзіне өзі қамқорлық жасау туралы жасөспірімге педагогикалық негізде жүйелі білім беріп, ақпараттармен қамтамасыз етіп отырсақ, жас ұрпағымыз білімді, жан жақты хабардар болып өседі.
Каталог: uploads -> doc -> 1185
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1185 -> «На севере Европы»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет