Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белгілі бір қызмет атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал рөлдік жүйе дегеніміз-адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдерді бойына сіңіріп,игеріп, меңгеру тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты.
Әлеуметтік рөлдердің мысалы ретінде адамдардың мамандыққа байланысты рөлін айтуға болады. Әлеуметтік рөлдерді игеріп, меңгеруде адам әлеуметтік тәртіп стандарттарын игеріп, меңгеруді, өзін өзі бағалап, бақылауды іске асырады.