|
Тақырыбы: Тұрақты электр тогы Сабақтың мақсаты
|
Дата | 04.08.2017 | өлшемі | 11,74 Kb. | | #22744 |
| Тақырыбы: Сабақтың мақсаты: - Тұрақты электр тогы тарауын қайталай отырып, тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау, толықтыру, бекіту.
- Алған білімдерін практикада қолдана білу және есеп шығарғанда оны пайдалана білуге баулу.
- Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.Экономикалық, экологиялық тәрбиеге көңіл бөлу.
Сабақтың түрі: - Тарау бойынша алған білімдерін талдап қорыту және жүйеге келтіру сабағы.
- Дәстүрлі, аралас сабақ
Сабақтың әдісі: - Жеке, жұп, топ, ұжыммен жұмыс
- Сұрақ-жауап
- Формула құрастыру
- Есептер шешу
- Графикалық тест
- Практикалық жұмыс
Көрнекілігі: - Есептер жазылған үлестірмелі қағаздар
- Схемалар
- Электр құралдары
- Слайдтар
- Үлестірмелі дидактикалық материалдар
- Портреттер
- Бағалау бетшесі
Пәнаралық байланыс: Сабақтың құрылымы: - Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа мақсат қою, журналмен жұмыс
- Тірек білімдерін актуальдау, сабақты өткізуге дайындық.
- Топпен жұмыс
- Топты бағалау
- Сабақты қортындылау, бекіту
- Үй жұмысы
Сабақтың барысы: - 1. Ұйымдастыру
- Топ мүшелері мен жетекшілерін сайлап, таныстыру.
- А-тобы: “ Ток күші ”
- Б-тобы: “Кернеу”
Ток күші тобына: -
- 1. Электр тогы дегеніміз не?
- 2. Ток күші дегеніміз не?
- 3. Ток күшінің өлшем бірлігі, формуласы
- 4. Ток күшін өлшейтін құрал
- 5. Неше ампер ток адам өміріне қауіпті?
Кернеу тобына: - 1. Кернеу дегеніміз не?
- 2. Кернеудің формуласы, өлшем бірлігі.
- 3. Жарықтандыру желісінде қандай кернеу пайдаланылады?
- 4. Кернеуді өлшейтін құрал тізбекке қалай жалғанады?
- 5. Тізбекті параллель қосудың тізбектей қосудан айырмашылығы қандай?
- Ойланайық азырақ
- Уақытыңды үнемдеп.
- Кім шығады кәнекей,
- Жауабын "Мен білем" деп.
- 4.Есептер шығара аламыз ба?
- Жібермейміз біз есе,
- Ғалым болып өсеміз
- Көзді ашып жұмғанша
- Есепті біз шешеміз.
- 1-есеп.
- Электрбұрғы орамының кедергісі 20 Ом Электрбұрғы 19 А ток
- күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?
- 2-есеп.
- Құлсары мұнай мұнарасын қосалқы станциямен қосатын электр
- сымында кернеу 380 В болғанда одан 12 А ток күші өтсе,онда
- сымдағы кедергінің қандай болатынын есептеңдер.
- 3-есеп .
- Өткізгіш ұштарындағы кернеу 8 В, кедергі 2 Ом болса,
- ток күші неге тең?
- 4-есеп
- 150 кернеуге есептеліп жасалған вольтметр арқылы өтетін токтың
- күші 0,01 А болса, ол вольтметрдің кедергісі қандай?
- 5-есеп
- Электр шамының спиралындағы ток күші 0,7 А, шамның кедергісі
- 310 Ом. Шамның қандай кернеумен жанатынын анықтаңдар.
- 6-есеп .
- Электр тізбегіндегі ток күші 1,4 А Тізбектің көлденең қимасы
- арқылы 10 мин ішінде қандай электр заряды өтеді?
- 7-есеп. .
- Тізбектегі ток күші 0,5 А, двигатель клеммаларындағы кернеу
-
- 12 В болса, электр тогы 30 мин ішінде электрқозғалтқышта қандай
- жұмыс атқарады?
- 8-есеп
- Ұзындығы 80 см, көлденең қимасының ауданы 0,2 мм2 алюминий
- сымнан жасалған өткізгіштің кедергісін тап. (ρа =2,7*10-8 Ом*м)
- 9-есеп
- Ток күші 5 А болғанда кедергісі 20 Ом сым спиральды 30 мин
- қыздырғанда қанша жылу бөлініп шығады?
- 10-есеп
- Ұзындығы 400 см, көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2
- никелин сымнан жасалған өткізгіштің кедергісін тап.
- (ρн =4,2*10-7 Ом*м)
- 11-есеп
- Кедергілері 10 және 15 Ом екі өткізгіш параллель
- қосылған және 12 В кернеуге тіркелген. Әрбір өткізгіштегі
- ток күшін анықтаңдар.
- 12-есеп
- Қимасының ауданы 3 мм2 никелин сымнан 20 Омдық реостат
- жасау керек Сонда сымның ұзындығы қандай болу керек? .
- (ρн =4,2*10-7 Ом*м)
- Графикалық тест жауаптары:
- Тізбек құрастыра білеміз бе?
Сабақты бекіту: - Сабақты бекіту:
- Қазақстандағы электр энергиясын өндіретін аймақтар туралы не білесіңдер?
- Электр энегиясын үнемді пайдалану жөнінде не айтасыңдар?
Үйге тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|