Тақырыбы: «Тұрақты электр тогы» тақырыбына есептер шығару
Өткізу түрі:«Биоинтернет» картасы, БжС технологиясы.
Мақсаты:.
Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты, Джоуль-Ленц заңы ,Ом заңы анықтамаларын, кедергі,кернеу физикалық шамаларды есептеуде қолдана білуге дағдылану.
*_Өткен тақырып бойынша 63% -ға жеткен оқушылардың білім мен біліктілігін сөйлеу арқылы нақты бекіту. Балаларды бірыңғай ақпараттық кеңістік –ұжымдық парасаттылыққа кіріктіру. Сабақта, «оқы да - тоқы» ұстанымын жүзеге асыра отырып, оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Міндеті: технологиялық карталардың регламентінің орындалуы.
Күтілетін нәтиже: алға қойылған мақсатқа жету. 2 тип іс-әрекет амалы мен білімді бекіту бойынша оқу сабағы: мотивация > жетекші білім мен іс-әрекет амалдарын өзектендіру > стандарттық және өзгермелі жағдаяттарда білімді қолдану үлгілерін құру > білімді өз бетінше қолдану > бақылау және өздік бақылау > түзету > талдау.
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
мотивация
|
Күнтізбелік жоспар бойынша тақырыптарға қалған уақыт көрсетіледі. Оқушылардың мотивациясы сыныптың бір топ ретінде болуы: Сыныптық-топ «Биоинтернет» және «Жаттықтырғыш» карталар бойынша максималды қысқа уақыт аралығында жоғары нәтижемен өтуі қажет. Мұғалім тақырыптарды оқыту барысында уақытты үнемдеуді болжайды және «Логика», «Көшбасшы», «КТС» карталарындағы жұмыс түрлерін пайдалануға мүмкіндік жасайды.«Биоинтернет»картасы бойынша оқушылардың жұмыс жүргізу мотивациясы : 1.Терезенің сыртында сиқырлы өмір, өмірде табысты болу үшін сабақта табысты болу керек. 2.Орындадың + түсіндіре білдің = менгердің. 3.Білімді болу - өз ойыңды нақты жеткізу және сұрақ қоя білу біліктілігің. 4.Үйренгің келсе – үйрет, оқыт. 5.Топтық рух: сенде мүмкіндік бар, басқаларға көмектесе отырып өзіңе көмектесу.
|
Тақтаның жоғарғы оң жағына 63% нормасының саны қойылады. №1.кесте ООМ бойынша жұмыс
барысын түсіндіру. Ойлау қабілетінің дамуына, табыс
ты болуға ынталандыру. Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі
|
2
|
Жетекші білімдері мен іс-әрекет тәсілдерін өзектілендіру
|
Егер «Алгоритм» картасы бойынша жұмыс жүргізілгеннен 48 сағаттан артық уақыт өтсе, онда ОӘЖА бойынша қысқаша тақырыпты қайталауға рұқсат етіледі. Оқушылар тақырып бойынша сұрақ қою керек.
ТКШ..Кернеуі 5 В, ток күші 0,01 А қозғалмайтын өткізгіште 20 минутта бөлініп шығатын жылу мөлшері
.АКШ.Кедергісі 6 Ом ,ұзындығы 3 м және көлденең қимасының ауданы 0,25 мм2 константин сымының меншікті кедергісі неге тең.?
ЖКШ.Кернеуі 12 В .ұзындығы 200 м ,қимасы 0,5 мм2 мыс сымынан өтетін ток күшін есептеңдер(
|
Қайталау ұзаққа созылмауы тиіс. Оқушыларды жұмыс жүргізуге тақтаға шығаруға болмайды.
|
3
|
1 цикл.
Стандартты
және өзгермелі
жағдаятта білімді қолдану үлгісін құрау
|
Сынып үш тапсырма алады ТКШ – АКШ – ЖКШ екі нұсқа бойынша Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. 1.Мұғалім дұрыс жауаптарды тақтадан көрсетеді.Тақтаға барлық тапсырмаларды дұрыс орындаған балалар шығады және әр оқушыны мұғалім тексереді - бұлар «Альфа»тобы.2.Тақтаға екі тапсырманы дұрыс орындаған балалар шығады.Оларды «Альфа» тобындағы оқушылар тек середі.3.Бір тапсырма немесе барлық тапсырмасы дұрыс орындалмаған оқушылар үшінші қатарға отырады, бұлар «Гамма» тобы, ал екі тапсырманы дұрыс орындаған, тексеруден өткен оқушылар екінші қатарға отырады – бұлар «Бета» тобы,«Альфа» тобының балалары бірінші қатарға отырады. 4 оқушы шығарылады.
ТКШ
|
Жауабы
|
АКШ
|
жауабы
|
ЖКШ
|
жауабы
|
911.Шамның қылы арқылы өтетін ток күші 2 А. Шамдағы кернеу 10 В, ол шам қылының кедергісі ...
|
|
688. Кедергісі R = 5 Ом өткізгіштен t = 1,5 мин уақытта q = 45 Кл электр өтеді. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу.
|
.
|
2121.Жүкшығырын айналдыратын электр қозғалтқышы 9120 Тең жұмыс атқарады.4 А ток күшіне 24 Кл заряд өткендегі электроматордың қуатын тап.
|
2;3
|
|
|
|
|
|
3
|
|
Жұмыстың аяқталуы 5+30 формуласы бойынша Тапсырманы орындау бойынша сыныпты үш топқа бөлу .
Альфа: ТКШ-АКШ-ЖКШ
Бета: акш-ткш Гамма: ткш немесе барлық тапсырма дұрыс орындалмады
Альфа:-4
Бета:-5
Гамма:-8
|
4
|
Білімді өз
бетінше
қолдану
|
Орындалған жұмыстар бойынша қатемен жұмыс. «Альфа» тобының сарапшылары ООМ толтырады және «Бета» тобымен жұмыс жасайды. Мұғалім ООМ «Альфа» тобындағы оқушылардың санын белгілейді және келесі ереже бойынша, егер «Альфа» тобында; 1 оқушы болса, сарапшылар тобын күшейту үшін «Бета» тобынан кезекпен қатемен жұмыс үшін тақтаға 5 оқушы шығады; 2 оқушы болса
4 оқушы шығарылады; 3 оқушы болса 3 оқушы шығарылады; 4 оқушы болса 2 оқушы шығарылады;
5 және одан жоғары болса 1 оқушы шығарылады; ОӘЖА бойынша барлық шешімдер терминдер, түсініктер, ережелер және формулалар қатаң түрінде қайталанып шығады. Мұғалім бүкіл сыныпқа сарапшы мен оқушы жұмысының үлгісін көрсетеді. Мұғалім 3 сызба негізінде сарапшы мен жаттықтыру шыларға оқушылармен жұмыс жүргізу ережесін көрсетеді.
|
Мұғалім эксперттерді дайын дау жұмысыңың өзіндік стратегиясын құрады. Тақтаның алдында тек қана «Бета» тобының оқушылары жұмыс жүргізеді. Әр қайсысы тақта алдын дағы жұмыстан кейін ООМ өзінің ұйяшығынаплюс алады және жат тықтырғыш болу құқына ие болады. «Альфа» тобына ол кірмейді.
|
5
|
Бақылау және
өзіндік
бақылау
|
Мұғалім өзі ООМ белгі арқылы «Альфа» тобындағы сарапшы - оқушыларға және Бета тобынан жіберілген жаттықтырушыларға қозғалу маршрутын көрсетеді. Ешбір оқушы жұмыссыз отырмайды, сарапшылар қасына келмеген жағдайда да өз бетінше ОӘЖА сызбасы бойынша ауызша айтып үйренеді. Мұғалім белгі бергеннен кейін балалар бір бірімен жұмыс жасай бастайды. Мұғалім сарапшылар жұмыстарын бақылайды «Гамма» тобының жұмысына зер салмайды. Барлығы «Сарапшы жұмысы» сызбасы бойынша жұмыс жасайды. «Биоинтернет» картасындағы 2 суретте көрсетілген.
|
Жұмыстың аяқталғаны ООМ ұяшық тарының толтырылуы бойынша анықталады. Сынақ тапсырған дар сарапшыларды есептемегенде 63%-дан кем болмауы тиіс.
|
6
|
Түзету
|
Жұмыс аяқталғаннан кейін мұғалім әр бір сарапшының және жаттықтырушының жұмысын ұқыпты талдау жасайды, олар оқушылардың қандай қателер жібергенін сауатты, нақты түсіндіру керек. Сарапшылар жұмысының қателері мен жетістіктеріін көріп отыру үшін оқушылардан сұрап отыру маңызды. Мұғалім сарапшылар жұмысы туралы өзінің көз қарасын да білдіріп отырады.
|
Мұғалімнің негізгі мақсаты «Биоин тернет» картасын дағы өзінің көмек шілерін сарапшы ларды дайындау, осыны есте сақтау керек. Оларсыз жоғары нәтижеге жету мүмкін емес.
|
7
|
Ой толғау
|
Сынып үш тапсырма алады ТКШ – АКШ – ЖКШ екі нұсқа бойынша Жұмыс аяқталғаннан соң
оқушылар дәптерлерін алмастырмайды, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі
ТКШ
|
жауабы
|
АКШ
|
жауабы
|
ЖКШ
|
жауабы
|
910.Кернеуі 220 В желіге қосылған электр плитасының спиралінің кедергісі 55 Ом, спиральдегі ток күші
|
|
686. I = 10 А ток t = 10 мин уақытта тасымалдайтын заряд
|
|
674.Қыздырғыш элементі 38,7 Ом ,кернеуі 220 В желіге қосылған электр шәйнегінен 1 секундта бөлінетін жылу мөлшері,қуаты неге тең? (1,25 кДж)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5+30 уақыты тек қана
«Бета» және «Гамма»
топтарына
Альфа:-5
Бета:-4
Гамма:-8
|
8
|
2 цикл.
|
Бақылау аяқталғаннан кейін, кезең толығымен қайталанады. Кезең саны шектелмейді.
Егер 63%, нәтиже алынса «Жаттықтырғыш» картасына көшуге рұқсат етіледі.
|
Мұғалім қобалжымау керек. Ең маңыздысы балалардың пәндік тілді сауатты менгеруі.
|
9
|
Бағалау
|
Баға деңгей бойынша қойылады. Альфа – 5 ұпай, Бета -4 ұпай, Гамма–3 ұпай.
Егер оқушы «Альфадан «Бетаға» көшсе және қайталанса ол 4 деген баға алады. Егер «Бетадан «Гаммаға» көшсе және тағыда қайта орнына барса 3. деген баға алады. 2 деген баға қойылмайды. Барлық балалар көп жұмыс жүргізеді, сондықтан нашар бағаға лайық болмайды.
|
Мұғалім көшбасшыларының
ұмтылысын және сынып топтың жұмысының сапасын белгілеп отырады.
|
10
|
Үй тапсырмасы
|
1. «Альфа» тобына ЖКШ бойынша 10 тапсырмадан кем емес тапсырма беріледі.
2. «Бета» тобына АКШ бойынша 10 тапсырмадан кем емес және 5 тапсырма ЖКШ бойынша.
3. «Гамма» тобына 10 тапсырмадан кем емес ТКШ бойынша және 5 тапсырма АКШ бойынша.
4. 6 сарапшы ЖКШ бойынша үйге 30 тапсырма алады, мұғалімге «Жаттықтырғыш»
картасымен жұмыс жүргізуге көмекші болу үшін.
|
Мұғалім «Альфа» тобының басқаларына «Бета» және «Гамма» тобының оқушылар ының үй тапсырмасының
орындалуын қадағалауды тапсырады.
|
Альфа:-5, Бета:-4, Гамма:-8, сапа-53-ға орындалды.
Тұрақты ток заңдарына есептер шығару. (Жаттықтырушы)
ТКШ есептері.
*927.Кернеуі 5 В, ток күші 0,01 А қозғалмайтын өткізгіште 20 минутта бөлініп шығатын жылу мөлшері
*911.Шамның қылы арқылы өтетін ток күші 2 А. Шамдағы кернеу 10 В, ол шам қылының кедергісі ... 910.Кернеуі 220 В желіге қосылған электр плитасының спиралінің кедергісі 55 Ом, спиральдегі ток күші 547.4.Кедергісі 12 кОм вольтметр 220 В кернеуді көрсетіп тұр.Одан өтетін ток күші неге тең? 5125.Ұзындығы 100 м ,қимасы 2 мм2 мыс сымының кедергісі неге тең?
6.Кедергісі 30 Ом электр шәйнегінің спиралі кернеуі 120 В электр желісіне қосылған.Шәйнектің спираліндегі ток күшін анықта
АКШ есептері
*1.511.Кедергісі 6 Ом ,ұзындығы 3 м және көлденең қимасының ауданы 0,25 мм2 константин сымының меншікті кедергісі неге тең.? *688. Кедергісі R = 5 Ом өткізгіштен t = 1,5 мин уақытта q = 45 Кл электр өтеді. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу.686. I = 10 А ток t = 10 мин уақытта тасымалдайтын заряд. 700.Электр пешінің қуаты 600 Вт. Пеш 5 мин жұмыс істегенде жұмсалатын энергия 702. Шамда көрсетілген ток күші 0,25 А және кернеуі 6 В. Шамның қуаты.
ЖКШ есептері
*2121.Жүкшығырын айналдыратын электр қозғалтқышы 9120 Дж-ге тең жұмыс атқарады.4 А ток күшіне 24 Кл заряд өткендегі электроматордың қуатын.
*674.Қыздырғыш элементі 38,7 Ом ,кернеуі 220 В желіге қосылған электр шәйнегінен 1 секундта бөлінетін жылу мөлшері,қуаты неге тең?
549.Кернеуі 12 В .ұзындығы 200 м ,қимасы 0,5 мм2 мыс сымыцнан өтетін ток күшін есептеңдер
192.Ұзындығы 20 м болатын ұзартқыш диаметрі 1,2 мм мыс сымнан жасалған Ұзартқыштың кедергісі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |