Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі



Дата08.07.2018
өлшемі28,7 Kb.
#48351

 Күні 12.01.17 ж



Сыныбы 9«Г»

Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан

Мақсаты:

а) білімділігі: оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды, әр –түрлі жөтел, асқазан тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру.

ә) тәрбиілігі: жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге баулу.

б) дамытушылығы: қоғамдық ілгерлі дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың сапасы мен өмірлік уландыратын ауыр кеселдің бірі – маскүнемдік, араққұмарлық екенін ұғындыру.

Әдісі: баяндау,ой-бөліс.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер

Тәрбие сағатының барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мемлекеттік гимн орындалады



ІІ.Тәрбие сағатын меңгерту

Кіріспе сөз

Мұғалім: Бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырған темекі, арақ, есірткі ауруларына қарсы ұйымдастырылған «Зиянды әдеттерден сақтан» тақырыбындағы тәрбие сағатын өткіземіз.Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту.

Шығыстың әйгілі данышпаны Әл-Фараби «Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ?

Келесі сөзді қонағымыз мектебіміздің медбикесі Өмірзақова Гүлназ Ермекбайқызына береміз.

«Анашаның, темекінің,алкогольді ішімдіктің» зияны туралы айтып берсеңіз және болашақта мұндай індетке мойынсынбауға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

Анашаның Қазақстанда және басқа елдерге таралғаны баршамызға мәлім. Анашаның тарихы – бұдан 15 жыл бұрын адам баласы анашаны білген. ХХ-ХХІ ғасырда қатерлі, улы өсімдіктерді аузына салып шайнап көрген, темекі түрінде тартқан. Анашаны қолданған адам мидағы есте сақтау қабілеті тежеледі, соның салдарынан адамның  тез көріксізденуі. Ағзаның дамуы тоқталады.

Мыс: осы темекі тартып,ішімдік ішкен адамдардың нерв жүйесінің қызметі бұзылады.Темекі зардабынан стенокардия ауруы пайда болады.Стенокардия ауруымен ауырған адамның қан тамырларында кеудені ауыртатын әлсіздік пен өлім қатерін туғызатын түйілулер пайда болады.

Темекі түтінінде никотин,иіс газы,көгерткіш қышқыл және басқа да зиянды заттар болады. Бұл заттардың барлығы адам ағзасына кері әсерін тигізеді.Әр түрлі тері аурулары,жөтел,асқазан аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен болады.

Міне, балалар,біздер көптеген жаман әдеттерден сақтану керек деп ,осы әдеттерге үйір балалар есейе келе өкінішке ұшырайтынын қазіргі кездегі осы зиянды әдеттердің,нашақорлықтың бар екенін де білеміз, осы нашақорлар арасында адамдардың көңілін қатты алаңдатып отырған СПИД ауруының вирустары да кездеседі.

СПИД- әр (түрлі) әрпі бір ұғымды білдіретін күрделі сөйлем.Бұл сөздің қазақша мағынасы-иммунитетке тосқауыл табу қиын,зәру деген мағынаны білдіреді.

СПИД- ауруын қоздырушы өте кішкене денешіктер, вирустар.Олар қарапайым жасушалардан да кішкентай болады.

СПИД- ауруының қауіптісі сол-ол адамның жанды жеріне үймелейді.Жанды жері деп отырғанымыз жыныс мүшелері,омырауы,жүрек,бауыр,бүйрек сияқты мүшелер, СПИД кеселінен адам өзі ғана зардап шегіп қоймай ,басқа адамдарға да зиян туғызады.Вирустар үймелеген жерді емдеуге ұзақ уақыт кетеді. Себебі,ол бірден айқын білініп қоймайды. Ол басқа ауруларды өзінен серіктес етіп басталатын апат аурулары.

СПИД- ауруы адамға қалай жұғады және қалай сақтану керек? Қазіргі медицина ғылымының зерттеуі бойынша СПИД ауруымен ауырған адам екінші біреуге қан және жыныс мүшелері арқылы жұғады. СПИД вирусы анасынан жас нәрестеге қан арқылы беріледі.Осындай ауруға шалдығатындардың көпшілігі қан құйғанда,ине шаншығанда, ине дұрыс қайнамағаннан ине арқылы жұғады.Соған орай медицинада бір рет қана шаншылатын ине қолданылады.Бұл инелер екінші рет ауруларға пайдаланбайды. СПИД ауруымен ауырмау үшін адамдар саналы түрде тәртіп сақтау керек.Әрбір адамның төсек орны,тіс жуғышы , сабыны ,сүлгісі,іш киімдері,тырнақ,сақал,шаш,сақал-мұрт алатын құралдарын жеке дербес ұстау керек.Осы айтылған кеңестерді көңілге түйген адам осы аурудан аулақ болады. СПИД ауруымен ауырған адам бірден айыға қоймайды.

СПИД-хирургтарға ,тіс дәрігерлеріне,зертханада қолдарында және басқа мүшелерінде кездесетін жарақаттар арқылы жұғуы мүмкін.Егер осындай жарақатқа вирустар түссе,адамдар СПИД ауруына шалдығады.Сондықтан медицина қызметкерлері тәртіптерді қатаң сақтауы тиіс.

- Темекінің толып жатқан зияны ішімдіктің ағзаға, жүйке-жүйесіне көптеген зиянды жақтарын біле тұра жасөспірімдердің алкоголь мен темекіге әуестігі өте жоғары. Себебі бізде балалар бір-біріне еліктеушілігі, бір-бірінен қалыспаушылық салдарынан болып отыр. Оның зияны өте көп. Тыныс жолдарын улап, өкпе аурулары, қатерлі ісік аурулары, нерв ауруларына көптеп шалынады. Темекі түтінінде қорғасын мен никотин өте көп. Арақ ішкен адамда алкоголь зардабы 21 күнге дейін созылады екен.Этиль спирті сырада 5-7%6 шарапта 15-20%, ликер мен коньякта 40-50%-ға дейін, арақ пен вискиде 60-70% бар екен. Ал этил аса зиянды химиялық қоспа.

«Маскүнем барын сатып ішеді, болмаса арын сатып ішеді.»

Арақ ішу үлгерім мен тәртіптің бұзылуының кепілі. Бір зерттеуші түскі тамақ кезінде балаларына жүз грамм жүзім шарабын беріп, сонда балалары көңілденіп, көп сөйлеп, тез қимылдаған, біраз уақыттан кейін керісінше олар шаршап, ұйқы басып, жазулары бұзылып, есептен көп қате жіберген. Бала кезінде адам ағзасын алкоголь тез уландырып, аз уақыт ішінде маскүнемге айналдырған

Нашақор адамның өмірі қысқа болады. Нашақорлардың ең төменгі жасы 9-да екен.



ІІІ бөлім. Ой-бөліс

Жастар арасында наша пайдалану туралы оқушыларды сөзге тартып көрелік.

-Өзіңнің қаладағы дос-жарандарыңмен, құрдастарынмен бір кеште отырсың делік. Саған жан досың нашаны шегіп көруге ұсыныс жасады.Сіздің әрекетіңіз қалай болмақ?

Ежелгі Мысырда арақты құлдар ғана ішкен екен.

-Арақ пен темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратыннын біле тұра неге адамдар арақ ішіп темекіні неге шегеді деп ойлайсыз?

- Темекі түтіні адам ағзасына зиян. Оны мынандай мысалдармен дәлелдеуге болады. Дүниежүзінде шылым шегуден жыл сайын 2,5 млн адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Шылым шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20-25 мың рет артық соғады. Шылым шекпейтін оқушыларда 100м жүгінгеннен кейін тамырдың соғуы 120-130 болса, шегетіндерде 180 болады. Шылым шегетіндер жүрек ауруынан 12-13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Олардың 80%-ы өкпе ауруына шалдығады.

- Байырғы Қытай императорларға маскүнемдікке басұрғандарды өлім жазасына кескен екен.

- Ежелгі Римде 30-ға толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салынған екен.

Адам үнемі шылым тартуға әуес болады. Осы тақырып турасында өздеріңмен ойбөлісейік.

Осы орайда айта керерлік жайт шылым шеккеннен кейін 2-3 минутта никотин қан арқылы миға жетіп, мидың ішкі жасаушаларына енеді де, біраз уақыттан кейін мидын белсенділігін төмендетеді.Себебі никотин мидағы қан тамырларын тарылтады да, миға қоректенген заттар мен оттегінін келуін азайтады. Әсіресе шылым шегуден жасөспірімдердің жүйке-жүйесін тез бұзады.Никотин өсімдіктен алынатын у. Таза күйінде никотин түссіз, жағымсыз, иісі және дәмі бар майлы сұйықтық. Суда, спиртте, эфирде тез ериді, адамға бір тамшы никотин берсе саспай қатады екен. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесі 1 литр шамасында смола жинайды екен.

Қазіргі кезде шетел сериалдарын қарап отырсақ, үстелдің үстінде тамаққа қоса шарапта тұрады. Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымы бұзу үшін бір дана темекі жетіп жатыр. Бүкіл дүниежүзінде 1 млрд адам темекі тартады. Темекі зардабынан күнінен 10 мың немесе жылына 3,5 млн адам қайтыс болады. Қазақстан Республикасында 3,2 млн, яғни 33% адам темекі тартады. Соңғы 3-4 жылда темекі тартқандар саны 7,8% төмендеген.

Ішімдік адам өмірін 10-15 жылға қысқартады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ресми тіркелген нашақорлардың саны – 40505, тіркелгені қаншама. Олардың 1927 кәмелетке толмағандар болса, 4420 әйелдер.

ІV бөлім Қорытынды

Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі заттар тәркіленеді, оны өздеріңізде көгілдір экраннан көріп жүрсіздер.

Ішімдікке, темекі тартуға, нашақорлыққа әуестенушілер осы зиянды заттардың адам өміріне, қаншалықты қауіп төңдіретінін біле ме? Аты жаман індетке апаратын тура жол осы маскүнемдік, нашақорлық екенін түсінген болармыз деп ойлаймын. Құрметті қонақтар қорытынды пікірлеріңізді тыңдайық.

Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз екен. Тәлім тәрбие жолында қажет болса үзіп берер шәкірттеріме тілерім толқынға салған арақ, темекі, нашақорлықтан жас жандарыңызды аулық ұстаңыздар. Салауатты өмір салтын жандарыңызға жан серік етіңіздер.

Уақытыңызды бос әуреге жұмсап, өмірдің қызығын көріп өз еншіңізді алудан...

«Кеш қалмаңыз».



Келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар.


Қармақшы аудандық білім бөлімінің

« 274 ОРТА МЕКТЕБІ»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


ТӘРБИЕ САҒАТЫ

«Зиянды әдеттен сақтан»

Сынып жетекшісі: Нурбаева С.С.

Байқоңыр, 2017
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет