Тақырыбы:Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі Мақсаты: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи отырып,



Дата11.11.2016
өлшемі44,02 Kb.
#1496
Ақтөбе облысы Хромтау қаласы

№6 Хромтау гтимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Кысыраова Шынар Андебековна


Тақырыбы:Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі

Мақсаты: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи отырып, «Туған жер» өлеңінің идеясын анықтау,

мазмұнын ашу.


Оқыту нәтижесі:
1. Ақын өмірі мен туып өскен жері туралы мәлімет алады, «Туған жер»

өлеңінің тақырыбын, идеясын ашады.


2. Бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.

3. Өздері білетін мәліметтермен бөлісіп үйренеді.

4. Туған жерге деген сүйіспеншілігі артады.
Әдіс-тәсілдер: Жұптық , топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс

Ресурстар:Бейнежазбалар (Туған жер және «Туған жер» өлеңі), слайд, постер, стикер,

Барысы:

1. Психолоиялық тренинг.

Балалар, бір - бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен сәлемдеседі. Мұғалім:- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бір - біріміздің қолымызды ұстағанда нені сеземіз? - Жылылықты сеземіз.

- Бір біріңе күлімдеп қараңдаршы, жүздеріңнен нені байқап тұрсыңдар?

- Жақсы көңіл күйді қуанышты көріп тұрмыз. Қазір бәріміз бірге мына өлең шумағын айтып шығайық:

Кел, балалар, күлейік,

Көңілденіп жүрейік.

Балдырғанбыз демейік,

Өмір сырын білейік.

- Жарайсыңдар балалар. Бәріңнің көңіл күйлерің жақсы екенін сезіп тұрмын. «Жақсы сөз жанға қуат береді»деген осы

2.Топтастыру. Ендеше мына қиықшаларды алып оқып, жинақтай қойыңдар. Нені байқадыңдар (Мақал-мәтелдер арқылы)
3. Бейнежазба қарау. (Туған жер туралы)

4. Ассосация. Туған жер сөзіне ассоцияция жасау
5. ҮҮБ түртіп алу әдісі. Қасым Аманжолов туралы не білесіңдер?

Олардың білімін толықтыру үшін бейнежазба қарайды.

Қ. Аманжолов 1911ж Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 1955 ж. 17 қаңтарда Алматыда қайтыс болды. Қасым жастайынан жетім қалып, Семейдегі балалар үйінде тәрбиеленген. Сонда бастауыш білім алған. Семейдегі мал дәрігерлік техникумын бітірген. Кейін Орал педагогикалық институтында білім алды. Ұлы Отан соғысына қатысып, жаудан елін қорғаған жауынгер.
6. Мәтінмен жұмыс. Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі
а)Оқушыларға өлеңді жеке мәнерлеп оқыту

ә) Жұптық оқыту (Сұрақ-жауап)


в) Әр шумақты әр топқа мәнерлеп оқыта отырып, ондағы негізгі ойды табу.
1. Кең даланы қанша шарласа да шаршамайтыны
2. Туған жер алтын бесігің, Осындай туған жердің қадірін білмесем, кешіре гөр!- деп


кешірім өтінуі.
3. Мақтаныш сезімі
4. Туған жердің байлығы, жомарттығы.
г)Өлеңнің шумақтарын өздерімен бірлесе отырып мазмұнын ашу

1. «Туған жер» өлеңінің тақырыбы - сүйікті Отанымыз жайлы.


2. Идеясы-туған жерге деген сүйіспеншілік.
3. Басты кейіпкері-ақын және жер.
4. - Қ.Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі қандай өлеңге жатады?

- Лирикалық өлеңге жатады.



Лирика дегеніміз ақынның сезімін, көңіл-күйін, қуанышы мен сүйінішін, арман-аңсарын, өмірге деген көзқарасын ішкі толғанысын, дүниетанымын сыр қып шертетін өлең екенін есіне салу.
Қасым Аманжолвотың сазгер екенін естеріне сала отырып «Туған жер» өлеңін әнімен тыңдату.

Топтастырудағы жұмысты толықыру.


4.Топпен жұмыс.

1-топ. Туған жер туралы мақал-мәтелдер айту.

2-топ. Өлеңдегі теңеу сөздерді табу.

Теңеу дегеніміз не? Теңеу дегеніміз затты немесе құбылысты екінші зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.

Ұқсайсың жас балаға-теңеу
Өзіңдей байтақ едім, кең едім-теңеу

3-топ. Туған жер туралы сурет салу.

4-топ. 5 жолды өлең құрастыру

Әр топ презентация қорғайды.



Өмірмен байланыс
1. Ал, балалар сендердің туған жерлерің қалай аталады?

2.Сендердің туған жерге деген сезімдерің қандай?


3.Ауылдарыңда өздерің мақтан ететіндей жерлер бар ма?
4.Саған туған жерің несімен ыстық ?

5. Ой толғау. «Туған жер-топырағы» атты эссе жазу. (Автор орындығы)

 

6. Түйінді идея: Өлеңнің негізгі түйіні, бұл өлең арқылы әр адам өзінің туған жерге деген сүйіспеншілігін білдіріп, туған жердің ыстық, қымбат екенін біліп, оны аялап, қадіріне жетуге тырысады.
1) Қасым Аманжолов-ғажап ақын. Ол жазған өлеңдерді сүйіп, қастерлеп оқыңыздар!

(Мұқтар Әуезов)

2) Отанын сүйсе, осы Қасым ағадай сүйсін! Не деген патриот! Бір басына азаматтық, патриоттық, ақындық, композиторлық, домбырашылық өнердің сыйып тұрғанына таң қаласын.  (Қасым Қайсенов )



7. Бағалау. Әр топтың, әр баланың қанша үлес қосқанын санау арқылы топпен жеке оқушыны бағалау.

Кері байланыс. (Ағаш суретіне сикерлер арқылы өз тілектері мен ұсыныстарын жапсырады)

8. Үйге тапсырма беру.
1. Өлеңді жаттап, әнін үйреніп келу.

2. «Туған ауылым» тақырыбына әңгіме жазып келу немесе өлең құрастыру.



Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет