Тақырыбы:Ұлы Жеңіс жасасың ! Сабақтың мақсаты



бет1/5
Дата01.12.2016
өлшемі1 Mb.
#2978
  1   2   3   4   5
Тақырыбы:Ұлы Жеңіс жасасың !

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Балаларға адамгершілікке Отанын сүюге, оны қорғай баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру.


Сабақтың  түрі:  Жаңа  білімді  меңгерту.
Сабақтың әдісі:          әңгімелеу, сұрақ –жауап,

                                    Слайд көрсету.

Пәнаралық байланыс:Тарих

 Көрнекілігі: Суреттер,сызбалар, альбом.карта

 

Сабақтың  жүрісі:                І. Ұйымдастыру  кезеңі.

Сабағымыздың эпиграфы: « Ешкім де,ешқашан да ұмытылмайды»

Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық


Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.




Бүгінгі тақырып

жйында не білемін



Бүгінгі сабақта не білдім

Не білгін келеді?









ІІ.Жаңа сабақты меңгертуге дайындық – «Ой түрткі салу»

Соғыс – деген сөзді қалай түсінесіздер?

№1 Бейнебаян көрсету. Соғыс жайлы ( Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! 1941 жыл 22 маусым таңғы сағат 04.00.Таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді.Халқымыз адам айтқысыз қиын қыстау кезеңге құштар болды.Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді)(Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәніменОтанын қорғады.Әрбір ауыл,әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды.Қан ішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

Бала: Соғыс жалмап аға- іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырапты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.)

Әр елдің өз тарихы бар . Тарихта адамзат баласының басынан көптеген оқиғалар өтті.Бірақ ел тарихындағы Ұлы Отан соғысының беттері ерекше.Бүгінгі сабақта біз Ұлы Отан соғысының тарихымен танысамыз.Ұлы Отан соғысы тарихтағы ең қайғылы оқиға болып табылады.Ал осы соғыс қалай және кімннің кесіңрінен басталған екен?Ол үшін біз тарихымызға көңіл бөлеміз.

Тақтада тұрған «Фашизм», «Барбаросса», «Үш бағыт» сіздерге таңыспа?



1933жылы 30 желтоқсанда Германияның рейхсканцлер болып Гитлер сайланды.Ол бірден дүниежүзілік соғысқа дайындалды. Гитлердің негізгі мақсаты бүкіл әлемді жаулап алу.

Фашизм” –дегеніміз “диктаторлық” билік белгісі.

Ең алғаш фашизм 1919 жылы Италияда пайда болған.Оның негізін қалаған Бенито Муссолини болды.Ол Гитлердің жақын жақтасы болған.Германиядағы фашизмнің негізін қалаған Адольф Гитлер .

КСРО –ны жаулап алу жоспары “Барбаросса” деп аталды. Ол жоспар бойынша Гитлер КСРО-ны 3-4 айда жаулап аламын деп есептеді.



Бірақ соғыс 1418 күнге созылды.

КСРО-  Еуропада 1922 жылдан 1991 жылға дейiн және Азияда өмір сүрген мемлекет. КСРО Еуразияның 1/6 бөлiгiнде орналасты.

Бірннеше елдер,ұлттар қатары.

Жалпы соғыс 5 жыл болды.Сол 5 жылдың ішінде қаң төккен , үйсіз,күйсіз халған елдердің бірілері :

Мазмұны


  1. Соғыстың 1-кезеңі(1939 ж. 1 қыркүйек -1941 ж. 21 маусым)( Польша,Эстония, Латвия,Санк-Петербург,Финляндия)

  2. Соғыстың екінші кезеңі ( 1941 жыл 22 маусым – 1942 жыл 18 қараша)(мәскеу,Филипин…..)

  3. Соғыстың үшінші кезеңі ( 1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл желтоқсан) (Сталинград, Атлант ,Курск шайқасы

  4. Соғыстың төртінші кезеңі ( 1944 жыл 1 қаңтар – 1945 жыл мамыр ) (Румыния)

  5. Соғыстың бесінші кезеңі (1945 жыл 9 мамыр – 2 қыркүйек ) (Жапония)

Екінші Дүниежүзілік соғыс салдары

Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға үшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын шықты. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, БатысЕуропа елдерінде демократияныңорнауына жол ашылды. Фашизмді талқандауда шешуші рөлді КСРО құрамындағы халықтар атқарды

 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхоростта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды.

Жалпы соғысқа қатысқан Қазақстандық ардагерлер саны 1 млн 200 мың. Соғыста қаза болғандар саны 603 мың.

Қазіргі таңда біздің елімізде 14 мыңға жуық Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Жыл сайын олардың саны азайып келеді. Ауған соғысына қазақ жерінен 22,5 мың жауынгер аттанды. Қазіргі кезде ауған ардагерлері 18-19 мыңдай ғана.

ҚАЗАҚСТАН БАТЫРЛАРЫ: (Бейнебаянмен бірге оқылады)

500-ге жуық Қазақстандық «Кеңес Одағының батыры» атағын алды.


  1. Қараған шағында авиация генерал –майоры, екі мәрте Кеңес Одағының батыры ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВ . 10 қарашада 2014жылы 93 жасында қайтыс болды.

Аты аңызға айналған ұшқыш шабуылшы «Қазақ сұңқары» Әуе барлаушысы.Жауынгерлік ұшу сапары 305рет.

  1. Қазақстандық батыр ұшқыштары:

Леонид Беда Игнатьевив генерал лейтенант

Иван Павлов Ульянович командир,истребитель



Сергей Луганский Данилович - авиациондық полктың командирі

  1. Кеңес Одағы батыры атағын алған Қазақстандықтан Сұлтан Баймағамбетов Біржанович –пулеметші  жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, қаза тапты

  2. 1943 жылы 25 шілде Ленинград қоршауын бұзып Синявин Шоқысы

Мәлік Ғабдулин –батыр –панфиловшысы,жазушы,ақын.

  1. Бір шайқаста оның ротасы неміс гарнизонына шабуыл жасады.Сонжа жаудың саны 4 есе көп болды.Төлеген Тоқтаров-Батыр- гвардия жауынгері

  2. Қасым Қайсенов — Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғы­сының ержүрек батыры, әйгілі пар­тизанқозғалысын ұйымдастыруға қатысқан, көзі тірісінде аты аңыз­ға ай­налған халқымыздың қайта­лан­бас біртуар даңқты перзенті

  3. Қыздар арасынан шыққан Кеңес Одағының батыры айырықша мақтанышымыз

Мәншүк Маметова-пулеметші.Кеңес Одағының батыры атанған тұңғыш қазақ қызы.

  1. Ауыр жараланса да, өлімге бас тігіп , жалғыз өзі фашистердің шабуылын тойтарды.5 сағат бойы оқ жаудырып қаруластарын қорғады 21 жасында қаза тапты.Алия Молдағұлова-мерген .78 әскердің көзін жойды.

  2. Жаралансада , қоян-қолтық ұрысқа түсті 19 жасында қаза тапты.Хиуаз Доспанова Қайырқызы қазақтан шыққан жалғыз ұшқыш қызы.300рет жауынгерлік ұшу сапарына шықты теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанғы бар еді.Фашистер аузында «түнгі мыстан» деп атанған.

  3. Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев отрядтағы жауынгер григорий Булатовпен бірге жауынгерлік қызыл туды Рейстағқа бірінші болып тікті.1945 жылы 30сәуір.

Сіздер жасаған ерлік мәңгі біздің жадымызда.

Балалар біз батырларымыз жайлы сонау 1-ші сыныптан бастап оқып келеміз.Ал сендер осы біздің батырларымыз жайлы өлең тақпақ білесіздер ме?



1-оқушы:

Алияны бұл күнде ,

Барлық бала біледі.

Алия атты көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

2-оқушы

Мәншүк апай батыр қыз ,

Ардақтаймыз атын біз.

Ұқсап мәншүк апайға

Өсіп келе жатырмыз.

3-оқушы

Қайтпаған жауыннан,



Қаһарман Бауыржан

Қан ішер фашисті,

Қырды ол мыңдаған,


Ерлігі әрқашан,есімде сақталады.

Ұрпағы ұмытпайды,өмірінен үлгі алады.

-Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады.Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды.Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ.Бала әкесін күте берді.

4-оқушы


Жеңіс келді далама.

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп

Елдегі көп бплпға

-Дүние жүзі халқы бостандық алды.Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті.Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты.Зұлымдылық басқыншылық тізе бүкті.Бірлік,Ерлік достығы нығая түсті.

5-оқушы


Арылтып жаудан жерінді

Табанға шаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді

Оралды ерлер көңілді.

Тәрбиеші:

-Десеңдер бұл қай күн .(9-шы мамыр.)Олай болса балалар,Жеңіс туралы тақпақ айтайықшы.

6-оқушы:

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік

Жеңіс келді алақай,

Ұмытылмас мәңгілік.

7-оқушы: Жүйрік озар әйгілі

Күні бүгін бәйгенің

Ура , Ура балалар!

Тоғызыншы мамыр күн.

КӨРІНІС:

Командир сарыбаздарды қатарға тұруға шақырады!

Комардир:- рота сапқа тұр?

(Қатардағы жауынгер сапқа тез тұра қалады .)

Командир: - Бауыржан Момышович саптан шық,Бауыржан Момышович саптан шық

Бауыржан Момышович саптан шық.

-Мен сізге айтып тұрмын!

(Бауыржан саптан шығып )Бауыржан:

-Командир аға мен Бауыржан Момышович емеспін!Аты жөнімді дұрыс айтуыңыз сұраймын. Мен Бауыржан Момышұлымын.

-Жақсы Бауыржан Момышұлы .Сенің өжеттігіңе қайранмын.Жарайсың!Артынан ерген қазақ бауырларың дәл сендей батыл да өжет, қайсарлы болсын бауырым!

Сізді Бауыржан Момышұлы генерал шақырып жатыр!

Бауыржын: - Мен Бауыржанмын Момышұлы.

Алланның ғана болам сүйген құлы,

Евич пен Овичтарды елемеймін .

Қазақпын мен тек қазақ ұлы.

(Бас иіп ортадан шығып кетеді.)

- Ал балалар сендер бұл көріністен не түйдіңдер өздеріне ?

(Бауыржанның майданда да басқа ұлтқа елемейтінің , өзінің қазақ ұлтына деген сүйіспеншілігін мол екенің байқауға болады)

- Ендеше біздің де Өзіміздің ұлтымызға , Отанымызға деген сүйіспеншілігіміз мол болсын!


-Ал енді балалар біраз бүгін алған білімізді ортаға сала отырып кім мықты екенін білейік!

Алдарыңызда тұрған ұяшықты таңдаймыз.І-ші топтан бастайық.Дұрыс жауап бергендерге гүл сыйлаймыз.

Жұмбақтар:


Мені жаксы түсінетін адам,
Сырымменен бөлісетін адам,
Жақын туысым болмасада
Құпиямды сенетін адам.
(Дос)

Қиындықта тастамайтын,


Жамандықтан аластайтын,
Ұстанғаны ізгі ниет,
Бұл қандай қасиет?
(Достық)


Ыстық дейді оны оттан,

Патриот оны ұнатқан.

Оңбайды бұл өмірде,

Адам оны жоғалтқан.

(Отан)
Бұл заттың үлкен екен мәнісі тым,

Күн түсіп және одан шығар түтін.

Ел таңбадан орнықты орын алған,

Мақтаныш ол, қуанар елім, ұлтым. –

( шаңырақ)


Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,

Әдемі мекен екен, жанға жайлы.

Тентектік істеп қойсаң, әке-шешең,

Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (киіз үй)(Жарығы мол боп санаңның, Шешуін тапсаң жарадың. Киіз үйі қазақтың, Есіңде жүрсін, қарағым -)


Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты...,
Ойлап тап, көтерген алыпты. –(Жер)
Кім тапқыр ? бөлімі (көп нүктенің орнына керекті сөзді қой)

Мақал-мәтел

1. Елінен безген ер болмас,

Көлінен безген қаз болмас.

2. Отан үшін күрес,

Ерге тиген үлес.



  1. Отанды сүю – от басынан басталады.

4. Доспен дос болғанша шаттаң,

Дұшпанмен дос болғаннан сақтан



  1. Дос жылатып айтады,

Дұшпан күліп айтады.

6. Отан елдің анасы,



Ел – ердің анасы.

Дұшпанға қарсы әсер

Достық болған жерде

Сыйластық сүйіспеншілік Қуаныш Тыныштық Мейірімділік

Балалар бүгінгі сабақ барысында естіген жылы , суық сөздерді алдарыңыздағы қағаздарға жазуларыңыздарды сұраймын.

Жазып болсақ , суық сөздер жазылған жағын бөліп алып , қиыршықтаржыртайық та,мына қоқыс жәшігіне салайық.Енді бұндай суық сөздерді өмірімізде естімейтін болайық.Ал жылы сөздер жазылған қағазымызды жанымызда отырғанға сыйлайық.

Жылы сөздер

Суық сөздер

Достық ,Сыйластық,тыныштық...

Дұшпан, соғыс....

Соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық.

Бекіту:


  1. Ұлы Отан соғыс қай жылы басталды? 1941

  2. Ұлы Отан соғысын кім бастады? Фашист Гитлер

  3. Соғысқа қатысқан ардагерлердің саны? 1млн 200 адамдар шамасында

  4. Қандай батырларды білесіз?

  5. Соғыс болу заңдылық деп ойлайсыз ба? Әлде кездейсоқтық па?



Бүгінгі тақырып

жйында не білемін



Бүгінгі сабақта не білдім

Не білгім келеді?










Қорытынды:

Екі жұлдыз, бір тілек.

Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыратын өз жеріміздің патриоттары болайық. 

«Бір тамшы ой!»



Ей, адамзат!

Өмір керек соған да,

Маған да, саған да,

Есіңде сақта, осыны

Ұста жадыңда.

Жас өмірің ерте солсын демесең,

Кісілерден бөлек жүргін алшақта.

Пешенеге жазылған ғұмырыңның.

Тамырына ұрпағым, балта шаппа!
Назарларыңызға рахмет!






Каталог: uploads -> doc -> 1013
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1013 -> Қожа Ахмет Яссауидің 850жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы, Олжас Омарұлы Сүлейменовтың 80жылдығы, Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы
1013 -> Сабақтың тақырыбы: «Салт-дәстүр»
1013 -> Өмірбаяны жайлы кеңірек мағлұмат беру. Сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет