21
Мәтін авторы
біз, еліміз, жеріміз, біздің қағидатымыз, беделіміз
деген сөздер мен сөз тіркестері
арқылы оқырман қауымын өзімсініп, айтылғандардың барлығының халыққа ортақ екендігін көрсетуге
тырысқан.
Абырой-беделді алға тарту тактикасы – қазақ халқы бұрыннан қолданатын тиiмдi әдiс. «Өнер алды
қызыл тiл» деп шешендiктiң мәнi мен мағынасын ертеден терең түсiнген халықтың бiрi – қазақ халқы өз
ойын ашық жеткiзiп, тыңдаушысына әсер ету үшiн ұлы, ойшыл, бiлiмдар адамдардың, ғалымдардың, ел
сыйлаған қариялардың, шешендердiң сөздерiн алға тартып, олардың абырой-беделiне арқа сүйей отырып,
түпкi мақсатына қол жеткiзген.
Мысалы:
Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде «Бірлік – ақылға бірлік» дегенін білесіздер.
Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз.
Тілдің лексикалық қазынасындағы сөздердің мағынасын, прагматикалық мақсатын айқындап әрі
қолданысқа дұрыс енгізу мәселесі стилистика ғылымымен тығыз байланыста болады.
Безендіруші стилистика сөз образына арналады. "Образдылық", "бейнелілік", "көркемдік" - өте
күрделі стилистикалық категория. "Образ" терминінің астарында семантикалық ерекшелік пен прагмати-
калық мақсат, стилистикалық әсер қатар үйлесіп айтылады. Сөздің образдылыққа енуі өзінің тура мағына-
сынан ауыспалы мағыналарға ойысуы, сөздің образды мағынаға ие болуы өзінің алғашқы номинативті
мағынасының қызметін жоғалтып, ерекше бояуға енуі болып табылады, ал экспрессивтілік бояу стилис-
тикалық әсер береді, автордың сөзі прагматикалық мақсатын айқын танытып отырады. Ал эпитетті сөздер
автордың айтайын деген идеясын бейнелілік дәрежеде көтеру мақсатын білдіріп қана қоймайды, суреттеп
отырған оқиға құбылыстың жағымды жақтарын, автордың көзқарасын, қоғамға көзқарасын әртүрлі
мақсатта қолданылады. Мысалы, мақалада қолданылған эпитеттер:
сындарлы өтініш-тілектерін, тұрақ-
ты диалог, қазіргі геосаяси ахуал, бейбіт акциялар, белсенді азаматтық қоғам, қайғылы оқиғалар, ұлт-
тық компания, жаңа жоба және т.б.
Мәтінде прагматикалық функция атқаратын тілдік құралдардың бірі - бағалауыш лексика. Бағалауыш
лексика қазақ тіліндегі мол лексикалық қордың қолданбалылық қасиетін ашады. Бағалауыш сөздерде
субъектінің объектіге деген эмотивтік қатынасы анық байқалады. Бағалаушы субъект үш түрлі қызмет
атқарады:
1) бағалап отырған затты тану
2) өз тарапынан баға бере алуы
3) прагматикалық әрекетпен байланысты эмотивтік қызмет [4, 85].
Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне
құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.
Осы мақсатпен біз белгілі қоғам өкілдерін қамтитын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрдық. Бұл
кеңес ротациялық тәртіппен жұмыс істейді.
Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол
берілмейді.
Жолдауда перформативті етістікті сөйлемдердің кездесуі оның прагматикалық сипатын айқындауға
мүмкіндік береді. Мысалы:
Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын!
Баршаңызға амандық, табыс тілеймін!
Жолдаудың тақырыбы айтып тұрғандай, еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің алдағы уақыттағы
негізі халық пен мемлекеттік аппарат арасындағы диалогтің орнауы болмақ. Осы орайда, Жолдауда
Президент «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыру бәрімізге ортақ міндет»
деп өзінің ұстанымын нақты көрсетіп өтті.
Жолдаудағы азаматтық қоғамға қолдау көрсету, мемлекеттік міндеттерді шешуде азаматтық қо-
ғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану, қоғамды толғандырған мәселелерді азаматтық диалог аясында
шешу туралы бастама халыққа қарай жасалған жаңаша бетбұрысты білдіреді. Сонымен қатар Президент
Жолдауында қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару, адам құқық-
тарын қорғау мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болуы керек екендігі атап көр-
сетілген. Бұл бастамалардың азаматтық қоғам тарапынан қолдау табатындығына еш күмән жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: