112
Тілдегі теңеулердің танымдық қызметі ерекше, әрі логикалық тұрғыдан қарапайым және тілде
белсенді қолданылатын теңестіру тәсілі. Рухани әлемді танудың қисынды құралы бола отырып, теңеу көп
қырлы, танымдық мазмұны күшті тілдік құбылыс. «Теңеу психологияда ойлау процесінің бір түрі,
философияда – ғалам бейнесін танудағы күшті құрал» [4,148]. Теңеулердің танымдық табиғатын түсіну
үшін оларды рухани тілдік аспектіде қарастыру арқылы адамның абстрактілі ойлау жүйесін дамытудың
көрінісін айқындауға болады. Ал лингвистикада аталған абстрактілі ойдың тілдік қолданыстағы көрінісі
қарастырылады. Теңеу – өзара салыстыруға тірек болған нысанның бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-
экспрессивтік сапасын күшейтетін көркем-танымдық тетік. Тілдегі теңеулер
басқа да тілтанымдық
элементтер секілді адамның рухани танымдық мүмкіндігі мен тілдік қабілетін ұштастыратын
лингвокогнитивтік категория.
Халықтың дүниетанымы өмірге және қоршаған ортаға деген көзқарасы, салт-дәстүрі, көңіл-күйі
тілдегі теңеулерден көрініс табады. Тілдегі теңеулер жекелеген өмірдегі заттар мен құбылыстарға нақты
баға беретін, заманалар бойы атадан балаға өміршеңдік қызметі (аккумулятивтік) арқылы беріліп
отыратын, әр ұлт пен жекелеген тілдік тұлғаларының рухани әлемінен қызықты деректерді беретін
танымдық элемент. Тілдегі теңеулердің ішкі танымдық мазмұнын анықтауда бастапқы теңеуге тірек
болған зат пен құбылыстың түп төркініне зер салып, сол арқылы өзара салыстырудан туған бірліктің түп
көзін тауып, өзіндік ерекшеліктерін ажырату арқылы олардың мәні мен мазмұнын ашуға болады.
Теңеулердің танымдық мағынасы олардың ішкі мағыналық құрылымында жатқан тілдік бейне арқылы
сипатталады. Мысалы, «Қалың қара қастың астынан көзі шырадай жанып тұр» [5,53]. Осы мысалдағы -
дай жұрнағының түбір зат есімге тіркесуі арқылы жасалған көзі шырадай жану тіркесі –
шырақтай
мөлдіреген, сұлулыққа толы қыз жанарын суреттеуде әдемі қолданыс тапқан тұрақты теңеулердің
қатарына жатады. Көзі шырадай жанып тұр деген тұрақты теңеудің мағынасының ішкі формасы айқын,
яғни оның мағынасы ішкі формасы арқылы қатталып қалыптасқан. Қазақта көзі шырадай жану, көзі
тұнып тұру – сұлулықтың эталоны. Яғни, рухани таным-түсінік, ұлттық ой-сана мен тілдік мәдениет,
тілдік таным бір-бірімен тығыз байланысты.
Қазақ тіліндегі теңеулердің танымдық сипатына тоқтала отырып, лексика-грамматикалық сипатының
да сан алуандығын айта кетелік. Көбінесе шығармаларда теңеу жасаудың қазақ тілінде бар тәсілдерінің де
бәрі бірдей кездеседі. Олар: Синтетикалық тәсіл, аналитикалық тәсіл, синтаксистік тәсіл, аралас тәсіл.
Теңеу жасаудың синтетикалық тәсіліне үш тұлға қатысады: 1.-дай/-дей; -тай/-тей; 2.-ша/-ше; 3. –нан/-
нен; -дан/-ден; -тан/-тен шығыс септік жалғауы.
Осылардың ішінде Т.Ахметжан шығармаларында ең жиі қолданылатын -дай/-дей; -тай/-тей жұрнағы
болып табылады. Жазушы шығармаларынан жаппай терілген теңеулердің 70%-н -дай/-дей; -тай/-тей
жұрнағы арқылы жасалғандар құрайды.
Жалпы қазақ тіл білімінде, түркітануда -дай/-дей; -тай/-тей жұрнағы шығу төркіні, қызметі туралы
әртүрлі пікірлер бар. Ғ.Мұсабаев: «...ескі түрік әдебиетінің нұсқаларында: -тақ/-тек; -даг/-дег жұрнақтары
Рабғузидің «Қисса-сул-әнбия» деген атақты еңбегінде осы күнгі -дай/-дей; -тай/-тей жұрнақтары орнына
қолданылғаны да айқын» [6] деген пікір білдіреді. Белгілі түркітанушы, профессор Н.К. Дмитриев те осы
пікірді қуаттайды [7]. Бұл жұрнақтың этимологиясы жайында, әсіресе ғалым Қ.Жұбанов пікір айтып [8],
жұрнақтың тег толық мағыналы сөзінің грамматикасы негізінде қалыптасқанын
тарихи деректермен
дәлелдеп, салыстыру, теңеу жұрнағы деп атайды.
«Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығының авторлары: «...-дай жұрнағы жалғанған сөздер сөйлем
ішінде екінші бір затты анықтай отырып, семантикалық жағынан анықтап тұрған затты өзі жалғанып
тұрған басқа бір затқа салыстыру, ұқсату мағынасын көрсетеді. Бұл жағынан шырай тұлғасына ұқсас.
Бірақ осы жұрнақ
арқылы жасалған сын есімдер, қатыстық сын есім, яғни туынды түбір, демек, бұл
қосымша форма тудырушы емес, сөз тудырушы болғандықтан, бұл форма шырай түрі бола алмайды;
бірақ салыстырмалы шырай мәніне жақындайтын жері бар» [9,77], - деп сөз тудырушы жұрнаққа
жатқызғанымен де, пікірлері екіұшты болып шыққан. Ғалым Ә.Төлеуов те –дай/-дей есімдер мен кейбір
етістікке қосылып, ұқсату, салыстыру мағынасын білдіретін сөз тудырады деген ой айтады [10,42].
Ы.Маманов -дай/-дей; -тай/-тей жұрнағын сөз тудырушы емес, функциялық форма қатарында қарайды.
[11,28].
Қалай дегенде де, -дай/-дей; -тай/-тей жұрнағының тілдік табиғаты күрделі. Оны сөз тудырушы
немесе сөз түрлендіруші деп біржақты қарауға болмайды. Бұл жұрнақтың теңеу жасаудағы қызметіне
келетін болсақ, -дай/-дей; -тай/-тей жұрнағы көбінесе зат есімдерге жалғанып, теңеу жасауға қатысады.
Т.Ахметжан шығармаларында да зат есімдерге неғұрлым көп жалғанған. Мысалы, «Жігіттің тоқтап
қалған жүрегі қайта соқты; ай нұрына шағылысып ақ атластай жылтылдаған сұлудың дымқыл денесі
жігіттің қойнына енді де,..» [12,88]; «Енді қыздың ұлпа денесін су көтеріп, одан сайын қауырсындай жеп-
113
жеңіл боп кетті; сұлу әлі көзін ашқан жоқ» [12,86]. Сөйлемдерде -дай/-дей; -тай/-тей жұрнағы қауырсын,
атлас деректі зат есімдерінің негіздеріне тікелей жалғанып тұр. Әрі теңелген зат – дене де деректі зат есім
болып келген. Қаламгер бірінші сөйлемдегі қыздың дымқыл денесін жылтылдаған атласқа теңейді.
Жазушы қыз денесі мен әдемі атластың сыртқы көрінісіндегі ортақ белгілерді дәл танып, суреттегенде көз
алдымызға екі көріністі де қатар елестетіп өтті. Екінші сөйлемде жаңағы атластай жылтылдаған денені
жеп-жеңіл қауырсынмен салыстыруда сыртқы көрінісіндегі ұқсастық қана емес, қимыл-қозғалысындағы
жеңілдік пен қыз бойындағы нәзіктікті де сезіп тұрғандай боламыз. Жазушы қолданысында
Достарыңызбен бөлісу: