АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР
Баяндамаға қойылатын талаптар:
Баяндама мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса А4 форматында 4 беттен аспайтын) WORD редакторында,Times New Roman шрифтімен терілу қажет (шрифт өлшемі – 11 пт ), жоғарғы, оң жақ және төменгі жиегі - 2см, сол жақ жиегі - 3см, азат жолы -1см, жоларалық қашықтық -1см.
Мақала төмендегідей тәртіппен орналасады:
Бірінші жолда сол жақ шетіне ӘОЖ (Әмбебап ондық жіктеу) көрсетіледі, бір жол тастап бас әріптермен ортада мақала тақырыбы (қою әріппен), одан төмен 1 жол қалдырылып авторлардың аты – жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, қызметі, бір жол төмен – қызмет орны мен оның орналасқан мекен жайы беріледі. Бір жол қалдырып,келесі жолда курсивпен - орыс тіліндегі мақалалар үшін қазақша және ағылшынша, қазақ тіліндегі мақалалар үшін орысша және ағылшынша және ағылшын тіліндегі мақалалар үшін қазақша, орысша түйіндемелер келтіріледі. Одан бір қатар төмен кілтті сөздер (15-20 сөз) беріледі.
Жаңа жолдан мақалалың негізгі мәтіні басталады. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін беріледі. Мақала мәтіні түзетілмей, түп нұсқа болып саналады. Ғылыми-тәжірибелік конгресс еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Редакция мақаланы өңдеумен айналыспайды. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін мақалалар жарияланбайды, қаралмайды және қайтарылмайды.
Мақала мәтінінің көлемі А4 форматында 3-4 бетте жазылады.
Әдебиеттерге жасалған сілтемелер тік жақшамен [1,15 б] көрсетіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 11 шрифтімен міндетті түрде ғылыми еңбектерді түзу бойынша талапқа сай жазылады: мысалы, (1. Кәкішұлы Т.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002-235б).
Математикалық формулалар Microsoft Eguation (әр формула – бір обьект) бойынша теріледі.
Мақала мазмұнындағы мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығына авторлардың өздері жауап береді.
Мақала қолжазбасын (электронды немесе қағаз түрінде) мына мекенжайға жіберуге болады: 160000, Шымкент қаласы, Төле би көшесі 32, Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі (107 каб) тел: +8702-337-22-22 (87252-95-23-09) E-mail: nauka.kipudn@mail.ru немесе info@kipudn.kz Жауапты: Жанпейс А.
Достарыңызбен бөлісу: |