Тақырып № Психология ғылымы мен практикасының пәні, салалары және міндеттері Сабақ мақсаты



бет29/37
Дата28.04.2020
өлшемі156,33 Kb.
#65082
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Эйдетикалық бейнелер (гр. eidos — түр, пішін, қалып) — айқын және тұрақты болатын ойша бейнелер. Эйдетикалық бейнелердің ерекшелігі — бұрын қабылданған заттар мен құбылыстар объекті көзден таса жағдайда да елестеп тұрады. Эйдетикалық бейнелер ересек адамдарға қарағанда (мың адамнан бір адамда, кейбір деректерде бір млн. адамнан бір адамда) балаларда (жүз баланың бесеуі) жиі кездеседі. Эйдетикалық ес — адамның көру есінің түрі, көрген бейнелерді қиналмай, нақты әрі қатесіз еске түсу қабілетімен байланысты.

Түс көру – қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін “күзетші пункт” деп атайды. Күзетші үс көру – қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін “күзетші пункт” деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері (бейнелі ойдың ісін басқаратын оң жақ ми сыңарында) қайта “тіріледі”. Түсте ақылға сыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі. Осы түстерде алған әсерлердің болып көрмеген қиысулары ретінде түсіндірген И.М. Сеченов адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалардың есепсіз көп фактілері себеп болады деп білді. Адамның дене мүшелеріндегі жайсыздық та әр түрлі түс көруге себеп болады. Түс көруді зерттеу бейсаналылықты танудың жолы, адамның жан жүйесін түсінуге ықпал етеді деп білген психоаналитиктер түс көруді физиологиялық, соматикалық емес, психологикалық құбылыс деп білді. З.Фрейд түс көрудің айқын мазмұнымен қатар тылсым астары да бар, сондықтан түс адамның бейсаналық деңгейіндегі ойларының символдық бейнесі деп білді. К.Юнг бойынша түс көру адам санасынан тыс, оның рухани дүниесіндегі сана мен бейсаналықтың арасын байланыстыратын, болашақты болжайтын транценденталды құбылыс деп санады. Адамның психикалық өмірі бейсаналықтың тереңінен тамыр алады, санамыз болса жанның орасан зор бейсаналық әлемінің аз ғана бөлігін бейнелейді. Түсте сана ұлғайып, кеңістіктік-уақыттық шектер жойылады, адам өзін басқа уақытта, кеңістікте, әлемде, мүлдем басқа күйде сезіне алады. Қазақ дәстүрлі қоғамында да түс көруге бей-жай қарамағанын, мән беріп, мағынасын жорығанын ауыз әдебиеті мұраларынан, ырымдар мен жоралардан көруге болады. Түс көру адамның ырқынан тыс болғандықтан оны көрудің мағынасынан гөрі түсті жоруға көбірек көңіл бөлген. Түсті әрдайым жақсылыққа жорып, “Түс – балқыған қорғасын” оны жақсылыққа жорысаң – жақсы ниет қабыл болып жақсылыққа айналады, жамандыққа жорысаң – жамандыққа айналуы мүмкін деген ұғым бар. Түсті рухани әлемнің хабаршысы ретінде қабылдау діни танымға жат емес. Түс көруде рухани адамға аян берілетіні, ғайыптан болашақтан хабар берілетіні жайлы көптеген аңыз әңгімелер бар. Құранда аты аталатын Жүсіп пайғамбардың (ғ.с.) түсінде аян алуы мен түс жору ғылымын иеленуі Құдайдың құдіреті деп сенеді. Түс көру мен оны жору діни және рухани танымға жат емес, адамның рухани өміріндегі, психологикалық халіндегі маңызды құбылыс.

  1. Теориялық және схемалық елест

Елестер және қиял өткен мен мүмкін деген болашақ бейнесі ретінде. Елестердің эмпирикалық симаттамалары: жалпылылық, бұлыңғырлық, толымсыз, панорамдылық. Елестердің сезімдік-заттық сипаты. Көру, есту, сипап сезу, иіс сезу елестері және басқа да модальдылықтар. Дәйекті, бірізділікті бейнелер. Эйдетикалық бейнелер және түс көру. Теориялық және схемалық елестер. Елестегі кеңістік пен уақыттың шағылысуы. Тануға елестің қатысуы. Сенсорлық және перцептивті эталондар. Ойлау міндеттерін шешудегі елестің рөлі. Тұлғаның ішкі өмір динамикасындағы елес. Естеліктер, армандар және қиялдар.

  1. Қиял туралы түсінік.

Қиял түрлері мен функциясы.

Елестер мен қиялды зерттеу әдістері.

Қиял туралы түсінік. Қиял түрлері мен функциясы. Жаңа бейнелерді құру механизмдері. Елестер мен қиялды зерттеу әдістері. Творчестволық іс-әрекет психологиясы. Қиял мәселені шешу жағдайында бейне құру процесі ретінде. Мәселелік жағдайда, мінез-құлық бағдарламасын құрудағы, еңбек іс-әрекетін шешудегі, өмір жолындағы өмірлік шешім табудағы қиялдың рөлі. Творчество ойлау мен қиялдың синтезінің нәтижесі ретінде. Творчестволық іс- әрекет түрлері және олардың ерекшеліктері. Продуктивті және латералды ойлау. Творчестволық ойлаудың ерекшеліктері. Іс-әрекеттің 49 қосалқы өнімі креативтіліктің негізі ретінде (Я.А. Пономарев). Творчествоның диалогты құрылымы. Креативтілік псевдоиндивидуалды ойлау іс-әрекетінің нәтижесі ретінде (С.М. Жақыпов).
Тапсырма:

Қиял дегеніміз-қоршаушы өмірдегі заттар мен қүбылыстардың, әр түрлі адамның алына қойған мақсатына сәйкес, өңделе отыра, жаңа бейнелердің жасалыну жолдарын айтамыз.


Қиял шындықты бейнелеудің өзіндік формасы ретінде:

  • тікелей қабылдағандарды ойша талқылайды;

  • болашықққа әсерлендіруге мүмкіндік береді;

  • бұрын болғандарды «әрлендіреді»

Қиял түрлері




         

   Ырықсыз Ырықты
Қиялдың ең жоғарғы түрі- жасампаздық қиял
Шығармашылық қиялдың жасалу жолдары:

1.      Шығармашылық идеяның туындауы.

2.      Ой түйіндеу. 

3.      Ойды іске асыру.

Ғалым Б.Зальцермен шығармашылық қиялдың төрт кезеңін бөліп ұсынады:

1. Дайындық – идеяның пайда болуы;

2. Ой жетілуі – қойылған проблемаға орай білімдердің жинақталуы, жетіспеген деректерді іздеу, топтау;

3.Аян болу – діттелген нәтижені сезіммен қауып түсу;

4. Тексеру

Б.С.Алякринский шығармашылық қиялдың біртұтас теориясын нақтылап, бұл процестін бес деңгейін айырады:

1. Нақты нысана байланысты бір сұрақ төңірегіндегі мәселені шешу;

2. Сұрақ бір мәселе төңірегінде, бірақ нысан өзгертілген, шешімі көп вариантты;

3. Нысан күрделі өзгеріске түседі, осыған байланысты дұрыс шешім жүздеген қателіктердің арасынан табылу қажет, қосымша білімдерді қажет етеді.

4. Нысан түгелдей өзгереді. Проблема шешімі терең ғылымдық дайындықты талап етеді әрі сирек кездесетін құбылыстар арасынан іздестіріледі;

5. Нысанды қамтыған бүкіл жүйе өзгеріске түседі: шешім іздеу барысындағы тәуекел мен қателіктер саны шексіз.

Қиялдың образдары бір-бірінен айқындығы мен шындыққа орайластығы жағынан екіге бөлінеді

Ырықсыз

Ырықты
Армандеп -болашаққа келешекке бағытталған қиялды айтамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет