Бүйрек тас ауруын – уролитиаз деп атайды. Бүйрек тастары көптеген жағдайда операция жасауды талап ететін сырқат.
Химиялық құрамы бойынша: бейорганикалық: кальций оксалаттары, кальций фосфаттары, ураттар, магний фосфаты. Органикалық: цистинді, ксантинді.
Клиникалық көрінісі: Бел аймағында сыздап, катты ауырсыну болады.
Бүйрек шаншуы аяқ астынан және физикалық жүктемеден кейін жиі кездеседі немесе сұйық көп қабылдағанда. Ол кезде: құсу, жүрек айну, жиі, аз мөлшерде зәрдің бөлінуі. Бүйрек шаншуында зәрдің түсі – қызыл. Іштің төменгі бөлігінің ауруы – тастың қуықта болуы.