Тақырып №1. Жас отбасы және оның міндеттерімен ерекшеліктері. Мақсаты



Дата05.12.2016
өлшемі63,2 Kb.
#3213
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

«Отбасы педагогикасы және психологиясы»

пәні бойынша студенттердің өздік жұмысын орындауға

арналған әдістемелік нұсқау

Семей 2015 ж

5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының 2-ші курс студенттері үшін оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау құрастырылды.

Құрастырғандар: Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Дакина Г.Т, оқытушы Еркинтаева Д.У

Тақырып №1. Жас отбасы және оның міндеттерімен ерекшеліктері.

Мақсаты: Талдау мәселелерін негіздеу және тұжырымдау. Зерттеудің нысаны мен пәнін, мақсатын анықтау. Негізгі ұғымдарды қисынды талдау. Жұмыс болжамдарын ұсыну. Зерттеудің стратегиялы жоспарын жасау. Алғашқы мәліметтерді жинау және өңдеу.

Негізгі сұрақтары:

Адамның қоғам және отбасымен қарым- қатынасы туралы ақпараттарға талдау жасау.



Тапсырма: Аталған тақырып бойынша студенттер әдебиетті пайдалана отырып бағдарламаны кесте түрінде дайындайды.

Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау: Студенттер тақырыпқа байланысты негізгі және қосымша мәселелерді анықтайды, оны түсініп жазып алады, болашақта нақты нұсқасын ұсынады.

Сабақтың өтілу формасы: Kесте талдау.

Тапсырманы орындау мерзімі және студенттердің білімін бағалау: қыркүйек 4-апта, 10 ұпай.
Тақырып №2 Адам, қоғам және отбасы. Адамның қоғам және отбасымен қарым- қатынасы.

Мақсаты: Адам,қоғам және отбасы арасындағы түрлі жағдаятты талдау. Зерттеудің жағдаяттық әдісінің мәні. Отбасылық қарым-қатынасты зерттеудің ерекшеліктері.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Ғылыми мақалалармен танысу, талдау.


Тапсырма: Ғылыми мақала әзірлеу қажет.


Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау: Айтылмаш тақырып бойынша ғылыми әдебиетті пайдалана отырып, студенттер қойылған сұрақтарға жауап береді,тақырып бойынша түйгенін конспект түрінде жасайды және дағдыларын пайдалана отырып дәрісхана алдында сөз сөйлейді, ғылыми мақала әзірлейді.

Сабақтың өтілу формасы: Ғылыми мақала.

Тапсырманың және студенттің білімінің сарапшылығының орындалуының мерзімдері: Қазан 3 апта, 10 ұпай.

Тақырып №3 «М.Боуэнның отбасы теориясының құрылысы».

Мақсаты: Отбасы теориясының құрылысы мәселесі. Отбасына байланысты шетелдік саяси теориялары. Отандық және шетелдік тұжырымдар айырмашылықтары.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. «М.Боуэнның отбасы теориясының құрылысы» туралы танысып, талдау жасау.



Тапсырма: Әдебиетті оқып отырып студенттер сызба әзірлейді.

Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау: Айтылмыш тапсырманың дайындығында студенттер психологиялық-педагогикалық әдебиетті зерттейді, құрылған сұрақтарға жауап береді, материалды тексеру үшін оқытушыға көрсетеді.

Сабақтың өтілу формасы: Cызба.

Тапсырманың және студенттің білімінің сарапшылығының орындалуының мерзімдері: қазан 4-апта, 10 ұпай.
Тақырып №4 Отбасындағы қатынастарды дамытуға арналған коррекциялық бағдарлама.

Мақсаты: Психологтың отбасылық қатынастарды диагностикалау жұмыс мазмұнымен танысу.

Қарастырылатын сұрақтар:

Коррекциялық бағдарлама әзірлеу.



Тапсырма: Сабаққа керекті материал дайындау.

Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау: Студенттерге сабақ барысында берілген тапсырма бойынша ауызша хабарлама дайындау керек, әдеби кітаптарды қолдана отырып тақырыпты ашатын сұрақтар дайындау.

Сабақтың өтілу формасы: коррекциялық бағдарлама.

Тапсырманың және студенттің білімінің сарапшылығының орындалуының мерзімдері: қараша 3 апта, 10 ұпай.
Тақырып №5 Отбасы психотерапиясы.

Мақсаты: Студенттер білім беру мекемелеріндегі практикалық психологтардың отбасы психотерапиясы жұмыс бағыттарымен таныстыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

Психотерапияның жалпы бағыттары.

Психотерапия үрдісінің кезеңдері. Психотерапия теориялары және факторлары

Тапсырма: Слайд.

Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау: Айтылмыш тапсырманың дайындығында студенттер психологиялық-педагогикалық әдебиетті зерттейді, құрулы сұрақтарға жауап береді, материалды тексеріу үшін оқытушыға көрсетеді.

Сабақтың өтілу формасы: слайд

Тапсырманың және студенттің білімінің сарапшылығының орындалуының мерзімдері: қараша 4 апта, 10 ұпай.
Тақырып №6 Отбасы жетістіктері.

Мақсаты: Студенттер бір отбасына немесе өз атбасыларына психологиялық мінездеме береді.

Қарастырылатын сұрақтар:

Таңдау бойынша бір отбасының немесе өзінің отбасы өмірбаяны мен жетістіктері туралы презентация.



Тапсырма: Тақырыпқа байланыста презентация жасайды..

Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау: Ғылыми әдебиеттерді пайдалана отырып,студенттер қойылған сұрақтарға жазбаша жауап дайындайды.

Сабақтың өтілу формасы: презентация

Тапсырманың және студенттің білімінің сарапшылығының орындалуының мерзімдері: желтоқсан 1 апта, 10 ұпай.
Тақырып №7 Ажырасудың бала психологиясына әсері.

Мақсаты: Студенттер балалар психикасына ажырасудың әсерімен танысады.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Тақырып бойынша сауалнама әзірлеу



Тапсырма: Сабаққа тақырып бойынша материал әзірлеу.

Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау: айтылмыш тапсырманың орындалуында студенттер ізденіс жасайды, сабақ түсіндіру үшін материал дайындайды, сабақ түсіндіреді.

Сабақтың өтілу формасы: сауалнама

Тапсырманың және студенттің білімінің сарапшылығының орындалуының мерзімдері: желтоқсан 2 апта, 7,5 ұпай.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет